Ауданда 2 баспасөз БАҚ тіркелді және басылып шығарылады («Абай-Ақиқат», «Воскресения день») және «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Абай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ресми веб-сайттары және «Абай Ақиқат» аудандық газетінің сайты. Азаматтардың әлеуметтік нық сенімін мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2011 жылы 6 млн. 816 мың теңге, 2012 жылы 7 млн. 642 мың теңге, 2013 жылы 10 млн. 645 мың теңге, 2014 жылы 9 млн. 845 мың теңге, 2015 жылы 10 млн. 702 мың теңге бөлінді. БАҚ тұрақты мониторингі жүргізілуде.
Сонымен бірге, Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған ішкі саясат саласындағы жаңа міндеттері ішкі саясат саласында жұмыстарды ұйымдастыруда жаңа көзқарастарды, қоғамдық-саяси жағдай мониторингінің негізгі параметрлерін қайта қарауды талап етеді.
Бұл үшін әлеуметтік шиеленісу ошағының алдын алу, анықтау және жою бойынша жұмыстарды күшейтуге жұмыстар жүргізілуде, қоғамдық-саяси, этникааралық және конфессияаралық жағдайларғамониторинг жүргізіледі. Жұмыстар азаматтық сектормен жергілікті орган билігінің ынтымақтастығына бағытталды.
Актуалды мәселелер:
Ішкі және жастар саясаты саласының аумақтарды дамыту көрсеткіштеріне қол жеткізуге келесі ықтималадр әсер етеді:
Мемлекеттік жастар саясатына және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыруға бюджеттік шығындарды қысқарту. Осы жағдайда ҮЕҰ қызыметін қамтамасыз етуге азаматтық қоғамды дамыту, қазақстандық патриотизм негіздерін дамытуға бағытталған шаралар көлемді қаржыландыруды талап етеіді, сонымен қатар олар белгісіз мерзімге тоқталыуы мүмкін.
Осы тенденцияларды жастар арасындағы түйінді мәселелермен байланыстыра отырып қарау керек, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жас семьяларды үймен қамтамасыз ету, жастардың бос уақыттырн ұйымдастыру , азаматтық қоғамның, ақпараттық жүйені дамыту мәселелері.
Кен өндіру өнеркәсібінің жұмысшылары және жұмыс берушінің арасында еңбек мәселесі бойынша дау-таластарды шешуде қанағаттанбаушылық кеншілердің арасында қарсылық туғызу мүмкіндігі бар, бұл саяси аппозиция күштерінің таратуының базасы және негізі болып келуі мүмкін.
Жастар саясатын іске асыру
Қазіргі таңда Қзақастан Республикасында әлеуметтік жастардан басқа жастарды барлық жақтан дамыту және қалыптастыруға білімді, денсаулық сақтауды дамыту, жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларна бағытталды.
Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына мемлекетте ерекше көңіл жастарды жұмыспен қамтуға бөлінеді.
Ауданда 13626 жас адамдар тұрады, ол ауданның жалпы халқының санынан 26% құрайды. Деректері барлар бойынша 5899 немесе 43% уақытша немесе тұрақты жұмыссыздар. Осыған байланысты жұмыспен қамту органдары осы санаттағы азаматтармен мақсатқа бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Қарастырылды: одан әрі жұмысқа орналастырумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жастарды кәсіптік оқыту және қайта оқыту, оларды әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жіберу, жеке істерін ашуға материалдық көмек көрсету.
Сонымен қатар мемлекет «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жұмыс істеу үшін келген әлеуметтік саланың жас мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді. Білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы төленеді және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелер беріледі.
Біздің қоғамның әлеуметтік-әлсіз мүшелеріне мемлекет тарапынан ерекше көңілді қажет етеді. 14 жастан 29 жасқа дейінгі мүгедектер мемлекеттің қаржылық қолдау шараларын алады, 662 жас адамдар асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы алады.мүмкіндігі шектеулі балаларға үйлерінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсетеді. Балалар үйін бітірушілерге жұмысқа орналасуда және кезектен тыс тұрғын үй беруге көмек көрсетіледі.
Мемлекеттік саясатты іске асыру пәрменді әдістерінен бірібүгінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарды қолдау болып танылады. Жылсайын аудандық бюджеттен НПО әлеуметтік жобаларын іске асыруға іске асыруға қаражат бөлінеді.барлық іске асырылған жобалардың санынан үшінші бөлігі жастар саясатын іске асыруға тура келеді.
Жүргізілген ішкі саясаттың маңызды міндеттерінен бірі жастар арасында діни экстрмизмның алдын алу тақырыбы болып табылады. Тәжірибесі және білімі жоқ жастар іріткі күштердің әсер етуімен тәуекелге душар етеді және құқыққа қарсы әрекетке арандатуы мүмкін. Алдын алу тақырыбындасеминарлар өткізілуде, соның ішінде діни ілім және діни қауымдардың қатысуымен әңгімелесулер, дөңгелек үстелдер, жастармен кездесулер өтеді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу кезіндегі көзқарасты қалыптастыру үшін жас ағынның патриоттық және азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеуге маңызыд орын бөлінуде. Жастарды патриоттық тәрбие және азаматтық қалыптастыру рухани-адамгершілік тәрбиелеуді, әскери-тарихи дайындықты, тіршілік қызметінің негізгі қауіпсіздігі бойынша дайындық, қолданбалы жеке дайындық,әскери қызметтің негізі бойынша дайындықты, әскери техникалық және әлеуметтік дайындықты өзіне енгізеді.жылсайын аудандық ауыл жастарының Форумы өтеді, жас адамдардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағытталған әскери-патриоттық ойындар және басқа да іс шаралар өткізіледі. Патриоттық тәрбие бойынша көлемді жұмыс білім ұйымдарымен жүргізіледі. «Жас Ұлан» және «Жасқыран» ұйымдары маңызды рол ойнайды, онда біздің ауданның 2178 оқушылары қабылданды. Әскери-патриоттық ойын «Ұлан» жыл сайын өткізіледі. Ауданда жастарды тартумен әскерге шақырылушыларды Армияға салтанатты шығарып салу ұлттық ұйымдасқандық болды. Кеңес ардагерлері және ауған соғысының ардагерлері жұмыс жүргізеді. Рухани-адамгершілік тәрбиелеуді мәдени мекемелер және ұлттық мәдени орталықтар өткізеді. Жұмыстар мемлекеттік тілді дамыту бойынша жүргізіледі. Мектептен тыс ұйымдар жас таланттардың дамуына мүмкіндік береді және қолдайды.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттауға және дамытуға көңіл бөлінеді. 106 спорт құрылғылары жұмыс істейді. Абай ауданының командалары жылсайын облыстық спартакиадаларда сыйлы орындарды алады, аудандық шараларға белсенді қатысады.
Жастар саясаты және азаматтарды патриоттық тәрбиелеу бойынша аудандық Кеңесі жұмыс істейді, олардың міндеті Қазақстан Республикасының 2020 дейінгі «Қазақстан 2020:нұрлы жол» мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасын және жастар саясаты саласындағы аумақтық бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметтерді үйлестіру болып табылады.
2013 жылы жастар Орталығымен келесі іс шаралар өткізілді: КВН ойындарын насихаттау және жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында Абай ауданы колледжінің студенттерінің арасында КВН ойындар конкурсы ұйымдастырылды, Отан Қорғаушылар Күні мерекесіне орай Топар к. пейнтбол қаруымен дәлдікке оқ ату бойынша кент мектептерінің оқушыларының арасында жарыстар, сондай-ақ «сарбаз» Пейнтбол бойынша турнир өткізілді. Турнирге 4 командалар қатысты: соның ішінде 2 команда Абай Құнанбаев ат. мектеп-гимназиясынан және Топар ауыл шаруашылық колледжінен, П.П.Корниенко ат. орта мектебінен командалар, Ұлы Жеңіс Күніне орай жастар дискотекасы өткізілді, Абай қ. би балы үлгісінде Астана күніне орай көше биі байқауы өтті.
2014 жылы «Ардағым – Ардагерім!» акциясы барысында 102 ҰОС ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барылды, олардан 84 ардагерлерге аулаларын қардан тазарту, тқрмыстық көмек түрінде көмек көрсетілді. Акцияға 200 астам адамдар қатысты (колледж, мектеп оқушылары мен жастар).
Құнды сыйлықтар тапсырумен ООО студенттері арасында КВН ойындары ұйымдастырылды. Қолөнер істері шеберлерін мақтаумен «Очумелые ручки» өнер көрмесі өткізілді. «Алтын сақа» асық ойындары бойынша турнир ұйымдастырылды және өткізілді, «Абай ауданы әкімінің кубогі» шағын футбол бойынша турнир өтті. Конурстар өткізу және сыйлықтар берумен «Жастар күніне» орай мерекелік ойын-сайық іс шаралары өткізілді. Өткізілген іс шаралар бойынша .аймақтық БАҚ мақалалар ұйымдастырылды.
Отаншылдықты тәрбиелеу мақсатында жалпы 3200 астам адамды қамтумен 70 астам іс шаралар өткізілді. «Георгиевская ленточка» атауымен акция. Акция барысында 200 дана санында георгиев ленталары берілді. Мемлекеттік рәміздер біліміне және спорт мекебінің тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Республикасының әнұранын жақсы орындауға байқау өткізілді. Ағымдағы жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай Орталықпен отаншылдық іс шаралар кешені өткізілді: Абай ауданы колледжінің 70 жақын студенттерінің қатысуымен флеш-моб.
авто и вело жарысы;
автобустарда және қала көшелерінде акциялар;
бағдаршамға акциялар;
спорт эстафетасы.
2015 жылы өсіп келе жатқан буынды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында келесідей іс шаралар ұйымдастырылды: Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Факел Победы» эстафетасы. ҚР Мемлекеттік рәміздер Күнін мерекелеуге орай отаншылдық іс шаралар кешені өткізлді: авто жарыс, вело жарыс, адамдардың қатысуымен жүргіншілер акциясы. ҰОС ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне, қарт адамдарға көмек көрсету бойынша «Ардағым – Ардагерім!» акциясы тұрақты түрде өткізіледі.
Жастар орталығымен санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша іс шараларға тұрғындарды тару жөнінде экологиялық акциялар мен үгіттеу компаниялары өткізіледі. Есептік кезеңге ауданның жастары 700 жақын көшеттер отырғызды. Жастарды қамту 800 астам адамды құрады.
Орталықпен «Жақсылық жасауға асық!» қайырымдылық акциясы аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек ретінде тұрақты негізде өткізіледі. Сонымен қатар, Топар к. жас кәсіпкерлерінің бастауы бойынша Саран қаласында және Осакаровка ауданында «Болашақ үшін» акциясы өткізілді. Акция барысында 3 балалар бақшасына барылды.
Жастардың денсаулығын нығайту үшін 1500 астам адамдарды қамтумен 30 астам іс шаралар өткізілді. Өткізілді: «Абай ауданы әкімінің кубогі» шағын футболы бойынша 2 аудандық турнирі. Турнирге Абай ауданынан барлығы 14 команда қатысты. Страйкбол бойынша турнир өтті, оған Топар к. жастары мен колледж студенттері қатысты. Ұлттық спорт ойындарын дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізілуде – Астана Күніне орай «Алтын Сақа» асық ойыны ұлттық аудандық ойын болды. Топар кентінде Street Work Out қозғалыс қатысушылары арасында турнир өтті. Топар кентінде екінші жыл Топар, Южный, Көксу а. Командаларының арасында футбол бойынша Премьер-Лига өтті.
Аудан жастарының арасында отаншылдыққа тәрбиелеу және шығармашылығын ашу шеңберінде «Үкілі домбыра» күй тартысы өтті, жас әншінің «Мен өз тілімді білемін» атты ән кеші өтті. Абай қаласында театр үйірмесі құрылды, ол 19 адамнан тұрады. Үйірме режиссерға жүктелген, сонымен қатар декораторы да бар. Айтыс клубы құрылды, онда бүгінгі күнде 12 жас айтыскерлер бар. Жылсайын аудан жастарының шығармашылық Байқауы өткізіледі.
Абай ауданының ауылдарында діни экстремизмді болдырмау бойынша алдын алу шеңберінде жастармен 9 кездесулер өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жоба іске асырылды. Жас ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері үшңн жалпы 600 мың теңге сомаға жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды қамтамасыз ету бойынша оқу семинарлары өткізілді. Осы аптада діни келісім Күніне орай іс шаралар жоспарлануда .
Жастармен жұмыс істеу орталығымен ауданның ауылдар және кенттерінің жастар саясаты бойынша мамандар қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстар тұрақты (бұл хаттарды тарату, ұсыныстар мен ережелер). Ауданның ауылдар мен кенттерінде жастардың қатысуымен өткен іс шаралар мониторингі өткізіледі.
Сонымен, Абай ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында отаншылдық акциялары мен іс шараларына қатысу және белсенді қызметтерге тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2013 жылы 5 мыңнан астам адамдарды қамтумен 221 іс шаралар өткізілді. 2014 жылы жастар арасында 260 іс шаралар өтті, оған 50 % астам жастар қатысты, ол 2013 жыл деңгейіне 15% жоғары. 2015 жылы 293 іс шаралар өткізілді, 6 мыңнан астам адамдар ұатысты, ол 2014 жыл деңгейінен 13% жоғары.
Аумақтың жастар саясатын дамытудың SWOT-талдауы
Күшті тарапы | | ерекше географиялық потенциалдың болуы, әр округтерден ерікті адамдардың болуы, ұжымның ұйымшылдығы, жастарды қолдау, даму жоспары | елді мекендердің алыста орналасуы, іс шараларға жастардың аз қатысуы, бірыңғай еріктілер қозғалысының жоқ болуы, | Мүмкіндік | Қатерлер | барлық қызығушы органдарды тарту, аймақтық БАҚ ресурсы, еріктілер қозғалысын құру, АНТ жолымен жастардың белсенділігін арттыру | Қатысушылар деңгейінің төмендігі, Кадрлардың жеткіліксіздігі |
Достарыңызбен бөлісу: |