Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



жүктеу 0,72 Mb.
бет78/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

43.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қазақ тіліндегі сын есімдер ғаламның тілдік бейнесінде «сапа» белгісін білдіреді. Сын есімдерде белгілі бір зат туралы ақпарат берілумен қатар оның өзіндік белгісін, ерекшелігін де көрсетеді. Қ.Жұбанов сын есімді былайша сипаттайды: «Сын есім деген заттың не істің сыпат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш болғанда анықталушысы мен өзінің арасына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сан есім анықтауышты еркін салатын түбір...».

А. Байтұрсынұлы «Нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім дейміз» деген анықтама беріп, сын екі түрлі болатынын айтады:

1. Тек сыны. Нәрсенің тегін көрсетеді. Мысалы: ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, мақта жіп, жез құман, қағаз ақша, т.б.

2. Сыр сыны. Нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді. Мысалы: биік, аласа, жуан, жіңішке, шорқақ, ұста, ақ, қара, кеще, тентек, жуас, шодыр, момын, қу, сұм, аңқау, т.б.

А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» павлодар 2010:

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр, т.б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар, т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиеттерін білдіретін сөздерді атаймыз.

Сапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйытқысы есебінде қызмет етеді. Себебі жалпы сын есімге тән негізгі категориялық ерекшеліктер мен сипаттардың бәрі де сапалық сындардың бойында болады.

Сапалық сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар:

1. Сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады;

2. Оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жамалады;

3. Олар аттрибуттық семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады.

Сапалық сын есімдерге -рақ, -рек, -ырақ, ірек, -лау, -дау, -тау (сарырақ, сарылау, жақсырақ, жақсылау, үлкенірек, үлкендеу) жұрнақтары талғамай жалғана беруімен қатар, белгінің жетімсіздігін я бәсеңдігін білдіретін -ғыш, -шыл, -ша, -ң, -аң,ең тәрізді жұрнақтар да жалғанады (сарғыш, ақшыл, сұрша, қуаң); сондай-ақ, сапалық сындарға күшейткіш үстеме буын да үстеле береді (ап-анық, түп-түзу, күп-күрең).

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді.

Қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен байланысты. осы себептен қатыстық сындардың мағыналары өздерінің төркіндес сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш – атаның борышы, ауылдағы адам – ауылда тұратын адам.




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау