Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ



жүктеу 0,72 Mb.
бет77/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

42. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ

Тіл білімінде бүгінгі таңда сын есім, олардың заттану жолдары туралы мәселеге ғылыми тұрғыдан көп көңіл бөлініп, айтарлықтай жолға қойылды деуге болады. Бір алуан ғалымдар бұл мәселенің теориялық жағын мұқият қадағаласа, бір алуан ғалымдар сын есімнің лексика-семантикасын зерттеп, оның маңызын, қажеттілігін айтады.

Профессор С. Аманжолов сын есімдер сын-сипатын, белгісін, бейнесін, көркін, көлемін, қасиетін т.б. білдіреді де, зат есімдердің қанша, қандай сыры, белгісі барлығында ғана емес, зат есімдердің әрбір тобына лайық сынның болатындай екенін анықтайды.

Қазақ тіл білімінде зерттеуді керек ететін көп мәселелердің бірі – сөз таптарының трансформациялау процесі. Соңғы жылдарда осы мәселе түркологияда да, қазақ тіл білімінде де арнайы тақырып етіліп, тексеріле бастады. Алайда, бұл салада түйіні шешілмеген уәж аз емес. Соның бірі – сын есімнің субстантивтену жолдары.

Профессор К. Аханов: «Сөз таптарының бір-біріне ауысу процесін түрлі тілдерден байқауға болады, субстантивтену, адъективтену, прономиалдану, адвербиалдану құбылыстары сөздердің лексикалық мағыналары мен грамматикалық мағыналарының өзгеруі нәтижесінде іске асады да, аталған құбылыстар бір сөз табының басқа сөз таптары зат есімге, адъективтену құбылысы бойынша – сын есімге, прономиналдану құбылысы бойынша – үстеуге, вербалдану құбылысы бойынша – етістікке ауысуын айтамыз.

Мақтым Шәбжантайқызы: «Сын есім басқа сөз таптарынан өзінің семантикалық жағынан ерекшеленеді, сын есімге заттанған мағынада септік, көптік, тәуелдік жалғауы жалғанады, сөйтіп кейде зат есім мағынасында келсе, кейде үстеудің қимылдық сынын білдіреді, бірақ сол басқа заттық, үстеулік қызметті атқарып тұрса да сын есімдік қасиетін жоймайды»,- деген.

С. М. Исаев: «Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқарады».

Өзінің табиғатына, лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарағанда, сын есімнің заттың қасиетін, белгісін, сапасын білдіретіні мәлім. Сондықтан да, сын болатын сөздер зат есім болатын сөздермен тіркеседі. Сын есім мен зат есім қатар тұрғанда сөз таптарының бұл екеуі айқын ажыраталады. Тілімізде кей реттерде сын есім өзі анықтайтын зат есімсіз де қолданыла береді. Мұндайда белгілі дәрежеде заттық қасиетті білдіруге икемді болады да, зат есімдерше түрлене береді: септеледі, көптеледі, тәуелденеді т.с.с. Міне, осылайша сын есімнің зат есімге тән қасиетті өз бойына жинап, зат есімше өзгеруін сын есімнің субстантивтенуі деп атайды. Субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі, әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі. Жіптің ұзыны жақсы, сөздің қысқасы жақсы. Кішкентайдың да кішісі бар. Үйірсек үйірін табар. Сүзегенніңмүйізін қаққан-сауап. Батылжеңеді, қорқақ өледі.

Сөйтіп, ұзын, қысқа, кіші, сүзеген, батыл, қорқақ сын есімдері субстантивтеніп тұр.

Сын есім субстантивтер саладағы көрінісіне сай екі топқа бөлінеді:

1. Ізсіз субстантивтер; 2. Ізі бар субстантивтер.

Ізсіз субстантивтер сөйлеу ситуациясымен бірге туып, сол ситуациясының кетуімен бірге өтеді.

Ізі бар субстантивтер денотат сөздің потенциялық күйі ретінде адам санасында сақталуы тұрады. Сын есімдердің субстантивтенуі негізінен олардың синтаксистік қызметі арқылы жүзеге асады.

Субстантивтендіру – синтаксистік құбылыс. Сын есімдердің заттануы, зат есімдік катерогиялық сипатқа ие болуы синтаксистік ситуацияларға сүйеніп жүзеге асады.

Мысалдар:

1.Қуғыншылар да, жобасына қарағанда, жолай кездесіп қызық қуған жүргіншілер емес, әдейі сайланып шыққан аңшылар сияқты. (қызық сын есімі сөз тудыру мақсатында заттанып қолданылған).

2.Біршек қазір көгілдір мұзды айдын көлдерден, шоқ-шоқ қызылдан, үстінен қалың қар жүрген сай-жыра, қара сулардан талайынан айналып өтіп, ирелеңдей берді. (қызыл сын есіміне шығыс септіктің -дан қосымшасы жалғануы арқылы, ол заттанып тұр).

3.Кері атты ағып өтіп, басын қайта бұрғанша қалың омбы қарлы қызылдың ішіне қалай қойып кеткенін де аңғармай қалды. (қызыл деген сын есімге ілік септігінің -дың қосымшасы жалғану арқылы заттанып тұр).

4.Әнге, сөзге құмарлық жастық көңілге ынтықтық, жақсыға, сұлуға, құмартарлық – нағыз жігіттіктің белгісі... (жақсы, сұлу сөздеріне барыс септігінің -ға қосымшасы жалғану мақсатында заттанып тұр).

Сын есім-семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер.




жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау