Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



жүктеу 0,72 Mb.
бет55/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

21. Күрделі сөздердің ерекшеліктері

Сөздер грамматикалық тұрғыдан құрамына қарай дара және күрделі сөздерге бөлінеді . Бұл турасында С. Исаев: « Сөздер құ рамы жағынан дара және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді . Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейміз . Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді . Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер ( бүгін , жаздыгүні , алғысөз ) , қос сөздер ( үлкен - кіші , аяқ - табақ ) , қысқарған сөздер ( АҚШ , БҰҰ ) , тіркесті сөздер ( қара торғай , қара көк ) болып бөлінеді . Сөйтіп , күрделі сөздер , бір жағынан , сөз тудырудың белгілі бір жолдары ( біріктіру , қосарлау , тіркестіру ) арқылы жасалған жаңа сөздер болса , екінші жағынан , күрделі түбір , сөйтіп , түбірдің бір түрі болып табылады » ( Исаев С. Қазақ тілі . - Алматы , 1998 ) .

Басқа ғалымдарда кездеспейтін тіркесті сөздер терминін ұсынған С. Исаев , мұндай сөздердің екі я одан да көп сөздердің тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөзге жататынын , мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болса да , бөлек жазылатынын ескертеді . Мысалы , боз торғай , сөз таптары , қара торы , т.б. Соңғы жылдары күрделі атаулардың құрылымдық жүйесі уәждеме , сөзжасамдық уәжділік теориясы тұрғысынан қарасты рылады .

Б. Қасым күрделі сөз тұтастылыққа құрылған бір атау ретінде қызмет етеді , ал әрбір атау пайда болған кезде бір құбылысқа уәжделіп барып жасалады деп санайды . Оларды біріккен , кіріккен атаулар , қосарлы атаулар , қысқарған зат атаулары ( қысқарымдар ) , тіркесті зат атаулары деген түрге бөледі . Оларға құрылымдық , мағыналық тұтастық тән деп санайды . Жаңа заттар мен құбылыстардың мазмұнын бұрын нан белгілі дара сөздер жеткізе алмайтын жағдайда күрделі сөздердің мүмкіндігі мол екенін ескертеді және олардың тұрақты тіркестерден ерекше екенін , табиғаты жағынан тіркестерден сөзге жақындығын ай тады ( Қасым Б. Қазақ тiлiндегi заттын күрделі атауларының теориялык негізі . - Алматы , 2002 ) .

ХХ ғасырдың басында қазақ ғалымдары күрделі сөздер ту ралы ішінара өз пікірлерін білдіре бастады . А. Байтұрсынов сөз тұлғаларын түбір сөз , туынды сөз , қос сөз , қосалқы сөз , қосымшалар деп бөлді ( Тіл тағылымы . – Алматы , 1991 ) . -

Қ . Жұбанов түбір сөз , қосымшалы сөз , кіріккен сөз , қиюлы сөз , қосар сөз , қосалқылы сөздердің ішінде күрделі деп арнайы атамағанмен , кіріккен сөздер мен қиюлы сөздерді , қос сөздер ді күрделі сөздерге жатқызады ( Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . - Алматы , 1999 ) . Қорыта айтқанда , күрделі сөздерді бірбүтін тілдік бірлік ре тінде танудың үш түрлі критерийі бар , олар : семантикалық , морфологиялық және синтаксистік тұтастық . Күрделі сөздердің дара сөздерден синонимі болмайды . Мысалы , бозторғай - торғайдың аты , оны дара сөзбен басқаша атау мүмкін емес . Ал қас пен көздің арасында фразеологиялық тіркесінің дара сөзден синонимі бар , ол – тез , жылдам . Қас пен көздің арасында фразеологиялық сөз тіркесі тез , жылдам сөздерінің эквивалент болып тұр . Фразеологиялық сөз тіркестері түрленгенде әр сыңары же ке - жеке , әрқалай түрленсе , күрделі сөздер тұтастығын сақтап өзгереді : салы суға кету - салың суға кетіп , салысы суға кетті , са лым суға кетті ; тасбақа - тасбақаға , тасбақамен , тасбақаның ( тастың бақаның емес ) , т.б.

Күрделі сөздер әрқилы жолмен жасалады . Көптеген күрделі сөздер о бастағы тұлғаларын өзгертіп , әрі дыбыстық , әрі мағы налық жақтан қатты өзгеріске ұшырауы мүмкін . Осындай өзге рістердің нәтижесінде мұндай сөздер бір - біріне кірігіп , ықшам далады : биыл — бұл йыл ( жыл ) , сексен – он , ашудас — ашу тас , т.б. Байқалып тұрғандай , бұлар бір ғана екпінмен айтылып , қатты өзгерген , бұлардың бір кездерде же ке - дара сөздер болғанын тек этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болатын дәрежеге жеткен . Мұндай сөздерді А. Ысқақов кіріккен сөздер , түркологтар біріккен сөздер дейді . Ал К. Аханов кіріккен сөздердің қазіргі кезде кәдімгі жалаң сөз дерден еш айырмасы жоқ деп біледі ( Аханов , 1980 , 86 - б . ) . Бұлай ша түрлі атаулармен айту фонетикалық өзгерістерге ұшырамай айтылатын сөздерді біріккен ( « слитные слова » ) сөздер қатарына жатқызады . Құрамындағы компоненттері мағыналық және ды быстық өзгерістерге катты ұшырамай тұтасқан сөздер біріккен сөздер , ал мағыналык жактан бейлексикаланған , дыбыстық жақ тан да катты өзгерген сөздер кіріккен сөздер деп саналады . Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бойынша бөлек жазылып жүрген тоқ ішек , ащы ішек , су жылан , оқ жылан , бес атар , бет ашар , боз қырау , ит аяқ , көк жөтел , қонақ асы , тоқпан жілік , кәрі жілік , ортан жілік , құлақ бау , тау ешкі сөздерін К. Аханов күрделі сөздер қатарына жаткызады , оларға синтаксистік тіркес деп қарамайды. Бұдан шығатын қорытынды біреу : ол – сөздердің графикалық белгісіне , яғни жазылуына қарап күрделі сөздерге жатқызуға болмайды . Күрделі сөздер әртүрлі сөз табына тән . Мысалы , күрделі сын есімдер қызыл ала , көк ала , қара көк , қара сұр немесе шоқша сақалды , кең маңдайлы ( сын + сын ) ; қасқыр ішікті , түлкі тымақ ты ( зат есім + сын есім ) ; күрделі сан есімдер он бес , жиырма бес , бір мың тоғыз жүз , т.б. және күрделі зат есімдер қайын ене , асық жілік , уық бау , жел бау , т.б. , сондай - ақ күрделі етістіктер кіріп шық , сатып ал , айтып кел , ала кел , қызмет қыл , жәрдем ет , са быр ет , ән сал , көз сал , т.б.


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау