Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНУҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР



жүктеу 0,72 Mb.
бет43/133
Дата13.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#38526
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   133
емтихан сұрақтары (1) (Автосохраненный)

16. ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК ҚОСЫМШАСЫН ТАНУҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРТАЛАСТАР

Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәтижесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан жеке қолданылмайды, әрі тұлға жағынан тұрақсыз. Олардың тұлға жағынан тұрақсыз болуы, қазақ тіліндегі сингармонизм және үндестік заңдылығына байланысты тек қана жуан не жіңішке түрде ғана емес, бірде қатаңнан, бірде ұяңнан не үндіден басталуынан. Жалғаулар тұлға-тұрпаты шексіз деуге болмайды. Мысалы, барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ғе, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е түрінде келуі түбір тұлғаның соңғы дыбыстарына, сингармонизм заңына байланысты. Мұнан басқа қай жалғаулар болмасын басқа варианттары болмайды. Жалғаулар жұрнақ секілді сөздің лексикалық мағыналарын өзгерте алмағанымен, оның жалғану аясы кең. Мәселен, жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш болатын бүкіл сөз таптарына жалғанып, сөздерді түрлендіре алады.

Сонда жалғаулар сөздерді байланыстыру жолында өзгертіп, түрлендіретін, грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып табылады. Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып, сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.

Сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстырып тұратын қосымша жалғау деп аталады. Жалғаулар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, соңғы дыбыстың қатаң, ұяң, үнді дауыссыз екендігіне қарай үндесіп жалғанады. Мысалы: бала+ңа, адам+ды, кесе+ге, ұшақ+тан.

Қазақ тілінде 3 түрлі жалғау бар. Олар: тәуелдік, септік және жіктік жалғаулары. Зат есім тәуелденеді, септеледі. Тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: Сен Асқардың баласысың. Оны мақтан етуің керек! Дегенмен кейде адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Сен мөлдір бұлақ-сың, мен асқар тау-мын.

Тәуелдік жалғау

Заттың біреуге не басқа затқа меншікті, тәуелді екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталады.

Тәуелдік жалғау үш жақта қолданылады. Жақ адаммен қатысты болып, бірінші жақ сөйлеушіні, екінші жақ тыңдаушыны, үшінші жақ бөгде адамды білдіреді. Тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары үнемі адамға қатысты айтылады да ІІІ жағы адамға да, затқа да қатысты қолданыла береді. Мысалы: менің кітабым, сенің қаламың, оның дәптері, судың ағысы, өзеннің арнасы, т.с.с. Сондықтан ІІІ жақтың мағынасы кең болады.

Зат есімнің тәуелдік жалғауын қабылдауы зат есімнің тәуелденуі деп аталады. Тәуелдеу оңаша (анайы) тәуелдеу және ортақ (сыпайы) тәуелдеу болып екіге бөлінеді.

Заттың бір ғана адамға не затқа тәуелді, меншікті екенін білдіретін анайы түрдегі тәуелдеу оңаша тәуелдеу деп аталады. Заттың бірнеше адамға не затқа меншікті екенін білдіретін сыпайы түрдегі тәуелдеу ортақ тәуелдеу деп аталады. Яғни оңаша тәуелдеу анайы түрмен, ортақ тәуелдеу сыпайы түрмен беріледі.

Оңаша тәуелдеу

Жекеше:


І жақ атам, отауым, егеуім

ІІ жақ атаң, отауың, егеуің

ІІІ жақ атасы, отауы, егеуі

Көпше:


І жақ аталарым, отауларым, егеулерім

ІІ жақ аталарың, отауларың, егеулерің

ІІІ жақ аталары, отаулары, егеулері

Ортақ тәуелдеу

Жекеше:

І жақ атамыз, отауымыз, егеуіміз

ІІ жақ атаңыз, отауыңыз, егеуіңіз

ІІІ жақ атасы, отауы, егеуі

Көпше:

І жақ аталарымыз, отауларымыз, егеулеріміз



ІІ жақ аталарыңыз, отауларыңыз, егеулеріңіз

ІІІ жақ аталары, отаулары, егеулері

Ескерту. Тәуелдік жалғауын қолданудағы ерекшеліктер:

1) тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысқан ілік септіктегі сөздің қосымшасы кейде түсіп қалады. Мысалы: аудан әкімі, мектеп бастығы;

2) біздің, сіздің, өзіміздің деген есімдіктерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы кейде түсіп те қолданылады. Мысалы: біздің жайлау, сіздің қалам, өзіміздің бала;

3) тәуелдеу мағынасы кейде жіктеу, сілтеу есімдіктеріне, зат есімдерге -нікі,-дікі,-тікі жұрнақтары тіркелу арқылы жасалады. Мұндайда олар сингәрмөнизм заңына бағынбай жалғана береді әрі меншіктелуші сөз меншіктенуші сөзден бұрын тұрады. Мысалы: кітап Серіктікі, қарындаш Ақандікі.

4) тәуелдік жалғауы затсымақтанған (субстансивтенген) басқа сөз табына да жалғана берді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады;

5) бірқатар зат есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буынындағы қысаң дауысты дыбыс ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: халық – халқым, орын – орным, көрік – көркі, ерік – еркі, т.с.с.

Жіктік жалғау

Жіктік жалғауы да өзге қосымшалар сияқты сөздерді өзара байланыстыруда дәнекерлік рол атқарады. Зат есімге жіктік жалғауының үш жақта, жекеше, көпше түрде жалғануы зат есімнің жіктелуі делінеді. Баяндауыш қызметінде жұмсалған зат есімдер жіктеліп қолданылады. Әдетте I, II жақта адамға қатысты зат есімдер ғана жіктелсе, III жақта мұндай шектеме болмайды. Зат есімдер анайы және сыпайы түрде жіктеледі.

Анайы жіктеу

Жекеше:


І жақ баламын, қонақпын, кісімін,

ІІ жақ баласың, қонақсың, кісісің

ІІІ жақ бала, қонақ, кісі

Көпше:


І жақ жоқ

ІІ жақ балаларсың, қонақтарсың, кісілерсің

ІІІ жақ балалар, қонақтар, кісілер

Сыпайы жіктеу

Жекеше:

І жақ баламыз, қонақпыз, кісіміз

ІІ жақ баласыз, қонақсыз, кісісіз

ІІІ жақ бала, қонақ, кісі

Көпше:

І жақ балалармыз, қонақтармыз, кісілерміз

ІІ жақ балаларсыз, қонақтарсыз, кісілерсіз

ІІІ жақ балалар, қонақтар, кісілер

Жіктік жалғаулары үндестік заңына сәйкес жалғанады. Жіктелген зат есімге септік жалғауы жалғанбайды. Сол сияқты септелген сөздің бәрі жіктеле бермейді. Тек жатыс, шығыс септік қосымшалары жалғанған сөздер ғана жіктеледі. Мысалы: Сен үйдесің бе? Мен қаладанмын. Жіктелетін есім сөздің болымсыздық мағынасы сол сөзге емес сөзі тіркеліп, жіктік жалғауы жалғану арқылы білдіріледі. Мысалы: Мен малшы емеспін.

Көптік жалғаулар

Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалына береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян, шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т.б.; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар, әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б. құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т.б. Мысалы: Бүркіт - негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: «Жұлдыз», «Жалын», «Замандас» т.б.; адамның жас ерекшеліктері, түрлі ішкі құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жайлардың т.б. атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік, жалқаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т.б., қысқасы, көптік категорияға байланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете береді, біз оның қайсыбіреулерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті қолданылып жүрген құрал-жабдықтардың, құрылыс материалдарының жекелеген атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес, әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.

Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп қараған жөн болады», - дейді А.Ысқақов («Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 1974, 41-б.) Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң т.б.

Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы зат есімнің жекелік

және көптік түрін көрсетеді: Зат есімде екі айырым бар: 1) жекелік, 2)

көптік.


Жекелік айырыс нәрсенің жеке күйіндегі есімнің түрі, мәселен: ата,

дене, омырау, белбеу, ой, сырнай, керней, ашу, шыны, қаз, құнан, аяқ,

шелек.

Көптік айырыс: нәрсенің көп күйіндегі есімнің түрі, мәселен: аталар,



денелер, омыраулар, белбеулер, ойлар, сырнайлар, кернейлер, ашулар,

шынылар, қаздар, құнандар, аяқтар, шелектер (жети екжузбур). Ғалымның

мұндағы жекелік, көптік айрыс деген терминін қазіргі қолданыстағы

жекеше, көпше түр деп түсінеміз және көпше түрдің (-лар, -лер, -дар,

-дер, -тар, -тер) жұрнақтары арқылы берілетіндігін аңғарамыз[6,201].

Зат есімнің жекелік - көптік мағына ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы

оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда

(1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп

Берілген.

А.Ысқақовтың оқулығында көптік

мағына талданған. Ғалымның пікірінше, Сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп,

түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін

морфологиялық формалар жалғаулар дей келе, қазақ тілінде көптік жалғау,

тәуелдік жалғау, септік, жіктік жалғау деп төрт түрін көрсетеді. Тілімізде

көптік категориясы да, көптік жалғау категориясыда бар. Ал осы екеуі бір де

емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым

жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы - одан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым.

Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық

тәсіл арқылы да, морфлогиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.

Сөз атауының қай-қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды

білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қағаз деген әрбір сөз саралауға

(даралауға) болатын біртектес заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымның

сипатын (атын) білдіріп тұр. Осындай мағынасы жалпылама ұғымды білдіретін

сөздердің өздеріде біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша

формаларсыз-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар.

Мұндай сөздерге жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін заттардың аттары

(сү, сүт, сорпа, қымыз, тұз, ұн, жарма, жүн т.б.), ру, халық, ұлт, украин


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау