ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыстың негізі болған GSM хабар алмасу технологиясының ерекшеліктері және сымсыз-жылжымалы байланыс өнімдері мен жетістіктерін байланыс саласынан басқа қоғам өмірінің салаларында пайдалану мәселесі. Оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында GSM технологияларға негізделген құрылғылар мен өнімдердің кеңінен қолданыс табуы да аса қызықты мәселе.
Ең алғашқы байланыс құралдарынан қазіргі кезде кеңінен қолданыс тауып жүрген аса мобильді және кең ауқымды жүйелерге дейінгі даму сатысын білу әрбір маман үшін аса маңызды. Бұл жерде жүйенің ұйымдастырылу ерекшеліктері мен негіздері де маңызды роль атқарады. Даму сатыларымен толық танысқан тұтынушы ғана өзі пайдаланатын “құрылғының” қаншалықты ыңғайлы және жан-жақты дамытылғанына көз жеткізе алады. Аналогты байланыс жүйелерінен сандық желілерге ауысу шамамен жиырма жылдық еңбек нәтижесі. Бұған қарамастан ол желілер қолданысқа мейлінше тез еніп, аз уақыт ішінде кең қолданыс тауып отырды. Жылжымалы байланыс желілері абоненттердің байланыс қызметтеріне қажеттіліктерін максимал қамтамасыз ету үшін ойлап табылды. Сондықтан радиотелефон, пейджер т.с.с. құралдар абырой символдарынан аз уақыт ішінде жұмыс үшін қажетті құралдарға айналды.
Мобильді байланыс жүйелерінің артықшылықтары:
Байланыс сеансы кезінде абонентті қатаң анықталған орында болу міндеттемесін жоққа шығарады, бұл жер бетілік немесе спутниктік желінің әсер ету аумағының кез келген нүктесінде байланыс қызметін ашуға жол ашады.
Жұмыс жасайтын кез-келген жылжымалы байланыс стандарт желісіне қосылуға мүмкіндік беретін интерфейсі бар кіші габаритті әмбебап абоненттік терминалдардың (телефон тұтқасы секілді) ойлап табылуы.
ITU-T (CCITT) анықтаулары бойынша телекоммуникациялық сервистер тіректік сервистер (bearer services), телесервистер (teleservices) және қосымша сервистер (supplementary servieces) болып бөліне алады. GSM қолдау көрсететін негізгі телесервис – телефония болып табылады.
Берілгендерді жеткізу бағытында бірнеше қызметтер ұсынылады. GSM пайдаланушылары POTS (Plain old Telephone Service), ISDN, Packet Switched Public Data Network (пакеттерді коммутациялау желісі) және Circuit Switched Public Data Network (каналдарды коммутациялау желісі) пайдаланушыларымен әртүрлі хаттамалар бойынша (х.25 немесе х.32 хаттамалары) берілгендермен алмаса (9600 кб/с дейін) алады. Факсимильді сервистерді пайдалану үшін факс-адаптер (fax-adapter) талап етіледі. GSM ұсынатын бірегей мүкіндік (аналогты жүйелерде жоқ) қысқа хабарламаларды (Short Message Service-SMS) жіберу. Әріптер мен сандар тізбегінен тұратын қысқа (160 байтқа дейін) хабарламаларды жіберуге арналған екі жаққа бағытталған қызмет. Хабарламалар «сақта-және-жібер» принципі бойынша жіберіледі. Абонент-абоненттен типті қысқа хабарламалар желінің басқа абонентіне немесе желінің өзіне (қысқа хабарламалар сервисіне) жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар кең ауқымды хабарламалар (cell-broad coast барлық ұяшық/сотаға арналған) да болуы мүмкін, олар трафиктің өзгеруі немесе жаңалықтар секілді ақпаратты тарату үшін пайдаланылады.
GSM ұсынатын қосымша сервистер телесервитер мен тіректік сервистерге негізделеді. Оларға қоңырауларды қайта адрестеудің (бағыттау) бірнеше нұсқасы, кіріс және шығыс қоңырауларға тыйым салу секілді қызметтер жатады.
GSM стандарты 9,6 кбит/с жылдамдықпен берілгендерді жеткізудің мөлдір (ашық, transparent) және мөлдір емес (ашық емес, nontransparent) қызметтерін ұсынады, мұнда қате ықтималдылығы (Bit Error Rate, BER) 10-2 және 10-8 сәйкесті болуы мүмкін. Берілгендерді жеткізу жағдайында сыйымдылықты арттыру, ең бастысы аз сыйымдылықты радиоканалдарды пайдалану эффективтілігін арттырумен сипатталады.
GSM желісінің берілгендер каналының дамуында ең маңыздысы берілгендерді жеткізу жылдамдығын арттыру. 90-жылдардың өзінде жаңа қосымшаларға қойылатын негізгі талаптардың бірі берілгендерді жеткізудің жоғары жылдамддығын қамтамасыз ету екендігі белгілі болды. Жоғары жылдамдыққа бағытталу қарапайым телефон желілері мен берілгендерді жеткізу желілерінде маңызды орынға шықты.
“GSM хабар алмасу технологиясының ерекшеліктері” тақырыбындағы диплом жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытынды және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде жалпы байланыс технологиясының дамуы мен GSM технологиясының негізгі ерекшеліктері сөз болады.
1-тарауда ұялы байланысты ұйымдастырудың жалпы принциптері, ұялы байланыстың даму тарихы, мобильді байланыс жүйелерінің классификациясы туралы толыққанды мағлұмат берілген.
2-тарауда GSM хабар алмасу хаттама эволюциясы, GSM ұсынатын қызметтер, желі архитектурасы, GSM стандарты ақпарат жеткізу жылдамдығын көтеру тәсілдері, GSM стандартты ұялы телефондардың жұмыс принципі және GSM – сигнализация немесе мобильді технологиялар – қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында пайдалану мәселелері талқыланған.
Қосымшада Қазақстан Республикасы көлемінде ұялы байланыс қызметінің дамуына шолу жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |