Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану


GSM – сигнализация немесе мобильді технологиялар - қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында



жүктеу 0,62 Mb.
бет21/24
Дата13.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#40605
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
GSM дипл гот

2.5 GSM – сигнализация немесе мобильді технологиялар - қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында

GSM-сигнализация көп жылдар бойы автокөліктерді қорғау үшін белсенді қолданылып келген радиопейджердің жетілдірілген моделі. Радиожібергіштің жабу зонасы машинадан алыс емес шамамен радиусы 200-300 метр территорияда ғана әсер ететін, бұл көп жағдайларрда тиімсіз болды.


GSM ұялы желісінің сандық архитектурасы аналогты құрылғылар үшін мүмкін емес болып келген түрлі функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді. Әрекет ету радиусын ұялы оператордың жұмыс жасау зонасына дейін кеңейту тек автокөлік емес, яхта, катер, коттедж, саяжай, гараж секілді көзге көрінбейтін қашықтықта орналасқан обьектілерді де бақылауға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында GSM негізінде хабарлама жеткізу негізі 2002 жылы қаланды. “Мотор Шоу 2002” халықаралық көрмеде “Альтоника” компаниясы REEF GSM – 1000 перспективті жұмысын демонстрациялады. REEF GSM – 1000 жүйесі автосигнализацияның бірнеше түрімен бірігіп жұмыс жасай алды және ұялы байланыс операторының әрекет ету облысында дабыл туралы SMS – хабарлама жіберу мүмкіндігін берді. Қазіргі таңдағы қолданыстағы модельдермен салыстырғанда, бұл жүйенің атқаратын қызметі өте аз болды, соған қарамастан GSM-ді қолдауы үлкен серпіліс алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларының технологияларының дамуында жаңа бағыттың туындауына себепкер болды.
GSM-сигнализация кірістірілген GSM-модуль (немесе ұялы телефон) мен сигнализация жүйесінің жұмысын синхрондайтын микроконтроллер басқаруымен жұмыс жасайтын аналогты-сандық құрылғы. Жүйенің дұрыс және ақаусыз жұмыс жасауы үшін арнайы баптаулар қажет:

  • SIM-картаны программалау - кез-келген GSM стандартты ұялы телефон немесе компьютерлік бағдарлама көмегімен жүргізіледі. SIM-картаның жазба кітапшасының параметрлерін программалау мен телефон номерлер базасын жасау, қауіпсіздік жүйесін эксплуатациялау және аппараттың нақты моделінің инструкцяисына (ережесіне) сай ретпен жүзеге асады.

  • Контроллер мен мобильді телефонды байланыстыру – гарнитура сымы арқылы жүргізіледі. Контроллер SIM-карта жадысының нақты қай ұяшықтарын оқу керегін білу үшін өндіруші оны арнайы программаның көмегімен программалайды. Дәл осы әрекет GSM – модульмен де жасалады.

  • Абоненттік GSM – терминал көзге түспейтін,базалық станциядан сигнал қабылдау деңгейі ең жоғары жерге орналастырылады. Блокты импульстік кедергі көздері жанында, экрандық металл элементтер айналасында, қозғалмалы бөліктер қасына және ылғалдылығы жоғары жерлерге орнатуға тыйым салынады.

  • Номерді пайдалану қызмет құны қарапайым әдіспен жүргізіледі. Ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін кейбір GSM – операторлар есептерді біріктіру қызметін ұсынады.

GSM-сигнализация қорғалатын обьект иесіне хабарлама беру үшін дыбыстық қоңырау немесе SMS – хабарлама жіберу әдістерінің бірін пайдаланады. Ал кейбір жүйелерде SMS жіберуді дыбыстық хабарламамен дубльдейді, яғни жоғарыда аталған екі әдісті біріктіреді. Бұл өте қолайлы, себебі жеке-жеке алғанда әр әдістің өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Кез-келген қауәпсіздік жүйесінің негізгі қасиеті - әрекет ету жылдамдығы болып табылады. Қарастырылып отырған жағдайда қорғалатын обьектке төнген қауәп туралы оның иесіне хабарлау. Сапалы байланыс және ұялы операторда бос каналдар бар жағдайда сигнализация ойнауымен хабарлама сигналының абонентке түсуі арасындағы уақыт 10-20 секундты құрайды. Бұл уақыт қауіп төндірушілердің ойларын жүзеге асыруға жеткіліксіз болғанымен, пайдаланушы (обьект иесі) хабарламаны байкамай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда тікелей қоңырау шалу артықшылығы бірден байқалады, қоңырау тұтқаны көтергенге дейін қайта-қайта соғыла береді. Алайда егер абонент номері блокта немесе желі әрекет ету аумағынан тыс жерде немесе өшірулі болса тікелей қоңырау шалу артықшылығы сол заматта-ақ кемшілікке айналады. Ал жіберілген SMS хабарламалар байланыс дұрысталысымен-ақ абонент номеріне түседі. Сонымен қатар байланыс үзілісі кезінде бірнеше дабыл сигналы болса, пайдаланушы оның соңғысынан бастап алады. Тікелей қоңырау шалу абонент номері бос емес болған жағдайда да тиімсіз. GSM-сигнализация қоңырау шалуды тоқтатпағанымен өткізілген минуттар аса маңызды болуы мүмкін. Ұялы операторлардағы билинг жүйесі сөйлесу уақытында хабарламаларды алу және жіберуге мүмкіндік береді.
Дубльденген хабарлама жіберудің бір кемшілігі – ұялы оператор қызметтерінің құнының артуы.
GSM стандарты негізіндегі алғашқы қауіпсіздік жүйелері бір жақты және аппараттық байланыс каналдарының барлық мүмкіндіктерін пайдалана аламайтын. Ал қазіргі GSM-сигнализация модельдері алыстан басқару функциясын қамтамасыз ете алады. Бұл қорғалатын обьект иесіне хабарлама алып ғана қоймай, штаттан тыс (өрескел) жағдай туындағанда жүйе жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.
Кез-келген ұялы телефон көмегімен пайдаланушы жүйенің орындаушы құрылғыларын қашықтықтан басқару мүмкіндігін алады:

  • Сигнализацияны қосу немесе өшіру;

  • Автокөлік қозғалтқышын қосу немесе өшіру;

  • Автономды сиренаны қосу;

  • Есік құлыптарын блокка қою;

  • Фарлар және апаттық шамдарды қосу;

Мұны жүзеге асыру үшін ұялы телефон пернетақтасынан арнайы команданы теру немесе басқарушы SMS хабарлама жіберу керек. Қауіпсіздік жүйелерінің кейбір модельдері команданы тек ұялы телефоннан емес, тондық теру режимі бар қарапайым қалалық (стационар) телефоннан да қабылдай алады. Әрбір модель үшін басқарушы командалар тізімі жасалған.
Телефонды ұрлатып алған жағдайда дабыл хабарламасы жіберілетін номерді қашықтықтан қайта программалауға, құрылғыға қол жеткізу паролін өзгертуге, қауіпсіздік жүйесін өшіріп тастауға болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе GSM-сигнализацияның төмендегідей қызметтерін анықтауға болады:

  • Мобильді обьектілер ( автокөлік, мотоцикл, микроавтобус т.с.с. орын ауыстыруға қабілетті заттар) күйін қашықтықтан бақылау;

  • Стационар обьектілерді (жекеменшік офистер, пәтер, коттедж, магазин т.с.с. жылжымайтын мүлік) қашықтықтан бақылау;

  • Дабыл сигналдарын обьект иесінің ұялы телефонына және/немесе Орталықтандырылған күзет бөлімшесі (ОКБ) операторына оперативті жеткізу. Дабыл хабарламасында обьектінің бұзылған (ақау алған) параметрлері (есік, терезе т.с.с.) көрсетілкуі керек;

  • Мобильді обьект иесі немесе стационар обьект тұрғындарына тұтқиылдан шабуыл жасалған жағдайда ОКБ-нің операторына дабыл сигналдарын (дабыл батырмасы) оперативті жеткізу;

  • Күзет нысаны болып табылатын обьектке нұқсан келтірудің алдын-алу және обьект параметрлерін басқару мақсатында мобильді немесе стационар обьектке ОКБ немесе ұялы иесінен басқару командаларын жеткізу.

  • GSM-сигнализация артықшылықтары:

  • Мобильді немесе стационар обьектілер күйін ұялы телефон арқылы кез-келген уақытта, кез-келген жерде және обьекттен кез-келген қашықтықта (GSM желі әрекет ету аумағы аясында) бақылауды жүзеге асыру;

  • Күзеттік сигнализация бұзылғанда күзету нысаны болып табылатын обьекттегі жағдайды тыңдау мүмкіндігі (прослушка);

  • Сымсыз байланыс жүйелерін пайдалану есебінен күзет сигнализациясын жылдам орнату және пайдалану (1-3 тәулік ішінде);

  • Мобильді обьект күйін қашықтықтан басқару (қозғалтқышты құлыптап қою, дыбыстық және жарық сигнализациясын қосу немесе өшіру, қозғалтқышты немесе салонды қыздыру немесе салқындату режимін қосу немесе өшіру);

  • Стационар обьекттегі орындаушы құрылғыларды қашықтықтан басқару (жарықтандыруды, жылыту жүйесін, кондиционерді, саунаны қосу, бақшаны суару немесе бассейнді толтыру үшін электрлік насосты қосу немесе өшіру);


2.15-сурет. GSM-сигнализация жұмыс принципі

Қорғалатын обьекттің таса жеріне GSM-пейджер (арнайы контроллер және қарапайым ұялы телефон немесе мамандандырылған GSM-модуль) орнатылады. Микроконтоллер кірістеріне түрлі бақыылау датчиктері (есік, терезе, қозғалыс, қысым т.с.с.) қосылады.


Микроконтроллер шығыстарына орындаушы құрылғылар – апаттық дыбыс немесе жарық сигнализациясын қосу, бөгде жолмен оталдыру кезінде қозғалтқышты блокқа қою (екіконтурлық иммобилайзер) т.с.с. қосылады.
Мұндай сигнализация орнатылған жағдайда автокөлік иесі қай жерде болмасын қорғалатын обеькт күйін бақылай алады және обьектке рұқсат етілмеген ену жағдайы орын алғанда міндетті түрде “дабыл сигналын” алады.
Автокөлікке рұқсат етілмеген ену орын алғанда GSM-пейджер “дабыл сигналын” бір мезетте үш ұялы телефонға: обьек иесінің абоненттік номеріне, обьект иесінің сенімді тұлғасына және диспетчерлік бақылау пункті операторына санаулы секундтарда жібереді.
GSM-пейджердің атап көрсететін маңызды ерекшелігі өз-өзін диагностикалауға қабілеттілігі. Ол өзіндік қореқтену кернеуі мен автокөлік аккумуляторы кернеуінің критикалық деңгейге дейін бақылай алады және сәйкесті хабарлама автокөлік иесіне жібереді.
“Дабыл сигналын” алғаннан кейін оператор немесе обьект иесі ұялы телефонды пайдалану арқылы қашықтықтан қозғалтқыш жұмысын, есік құылптарын болктау, дыбыстық және жарық сигнализацияны қосу секілді мүмкіндікке ие болады. Сонымен қатар GSM-сигнализация төтенше жағдайлада (автокөлікті ұрлау немесе көлік иесіне шабуыл) машинаның тұрған орнын белгілі бір дәлдікпен локальдауға мүмкіндік береді. Бұл іздеу жұмыстарын жеңілдетеді. “Автосалонды тыңдау” және дауыс зорайтқыш арқылы байланыс орнату секілді қосымша опцияларды да пайдалануға болады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары криминалдық жағдайдың ушығуына байланысты стационар және жылжымалы обьектілерді қорғау (күзету) қызметтеріне сұраныс өсіп отыр. Өкінішке орай Республика көлемінде ұсынылатын қызмет сапасы мен мүмкіндіктері, көптеген клиенттердің сұранысына жауап бере алмай отыр. Оған себеп техникалық қамсыздандырылудың төмен болуы және берілгендерді жіберуге арналған оңтайлы (қол жетімді) каналдардың болмауы, ұсынылатын қызмет сапасы мен құнының сай болмауы, ұсынылатын техниканың қазіргі заманғы техника дамуының деңгейіне сай келмеуі.
Осы тұста Қазақстан Респубикасы көлеміндегі күзет және қауіпсіздікті қамтамасыз ету нарығының жетекші компаниясы “Аргус Контакт” GSM-сигнализацияны кең көлемде ұсынады. GSM-сигнализацияны сатып ала отырып, өз жеке меншігіңізді GSM желі әрекет ететін кез-келген жерінен қашықтықтан басқару мүмкіндігіне ие боласыз.



2.16-сурет. REEF GSM-2000 модель 10



2.17-сурет. Мамандандырылған өндірістік GSM-модуль (REEF GSM серияларында пайдаланылады)

“Аргус Контакт” компаниясы GSM-сигнализацияның бірнеше түрін ұсынады. Олар тұтынушылардың түрлі талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. GSM-сигнализация типтері:



  • GSM-пейджер Р1, қарапайым күзеттік сигнализация:

  • GSM-пейджер Р10, көпфункционалды күзет сигнализациясы;

  • GSM-пейджер Р16 profi, басқарудың қосымша функциялары бар, көпфункционалды күзеттік сигнализация;

  • GSM-пейджер Р20 profi, мобильді және стационар обьектілерге арналған электронды қауіпсіздік жүйесі.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау