Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері



жүктеу 165,31 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі165,31 Kb.
#14755


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы «1» 03 № 91

және Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрінің

2010 жылғы «11» 03 № 102

бірлескен бұйрығымен

бекітілген

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі білім беруді басқару органдарын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарын тексеруді жоспарлау мақсатында тәуекел дәрежелеріне бөлу үшін әзірленді.

2. Осы Критерийлерде төмендегі ұғымдар қолданылады:

1) тәуекел – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға (бұдан әрі – жетім балалар) отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға, әлеуметтік жәрдемақылар, білім, арнаулы әлеуметтік қызметтер, тұрғын үй алуға, жетім балаларға арналған ұйымдарда тұруға, тәрбиеленуге және жан-жақты дамуына кедергі келтіретін жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі;

2) бақылау субъектілері – жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар.

3. Жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында тәуекел дәрежелеріне бөлу жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары үшін критерийлердің (1-қосымша) және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар үшін критерийлердің негізінде (2-қосымша), аталған критерийлерде көрсетілген балдардың жиынтық сомасын ескере отырып жүргізіледі.

Бұл ретте, жетім балалардың құқықтарын қорғау қызметін жүргізетін ұйымдар тәуекел дәрежесі бойынша төмендегідей бөлінеді:

1) 10-нан 40 балға дейін – тәуекел дәрежесі жоғары;

2) 41-ден 70 балға дейін – тәуекел дәрежесі орташа;

3) 71-ден 100 балға дейін – тәуекел дәрежесі төмен.

4. Жоспардан тыс тексерулер кезінде ұйымдарда олқылықтар анықталған кезде, олқылықтар критерийлеріне сәйкес аталған ұйым жоғары немесе орта тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

5. Әрбір ұйымға бақылау ісі жүргізіледі, онда тексеруді белгілеу туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, негізгі қызметтің көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтер тігіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған

балалардың құқықтары мен

мүдделерін қорғау саласында

тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлеріне

1-қосымша




Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді

басқару органдары үшін критерийлер





Тәуекелді бағалау үшін критерийдің атауы


Көрсеткіштің жалпы үлесі (баллмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер



1.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ұйымдастыру

15

Тексерілетін елді мекендегі жалпы балалар санынан жетім балалардың 1%-дан жоғары анықталуы – 15 балл

1%-дан төмен анықтау – 7,5 балл

анықтаудың болмауы – 0 балл


2.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды ұйымдастыру

25

Отбасына 70%-дан жоғары орналастыру – 25 балл

отбасы үлігісіндегі мекемелерге 20%-дан жоғары орналастыру – 12,5 балл

мекемелерге 30%-дан жоғары орналастыру – 0,02 балл


3.

Жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың (алғашқы, өңірлік) есебін жүргізу, есепке қою үшін балалар туралы құжаттар ресімдеу, есепке қою үшін мәліметтер жіберу бойынша жұмыс

20

Уақтылы – 20 балл

мерзімдердің бұзылуы – 10 балл

есептің болмауы – 0 балл


4.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйді бекіту, сақтау және қайтару

20

40%-дан жоғары орындау – 20 балл

40%-дан төмен орындау – 10 балл

жоқ – 0 балл


5.

Жетім балалар туралы мәліметтерді есепке (алғашқы, өңірлік, орталықтандырылған) қою үшін мәліметтер жіберу

20

Уақтылы – 20 балл

мерзімдердің бұзылуы

(20 күннен 30 күнге дейін) – 10 балл

есептің болмауы (30 күннен көп) – 0 балл


Жетім балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған

балалардың құқықтары мен

мүдделерін қорғау саласында

тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлеріне

2-қосымша



Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларға арналған ұйымдар үшін критерийлер




Тәуекелді бағалау үшін критерийдің атауы


Көрсеткіштің жалпы үлесі (баллмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер



1

Тәрбиеленушілердің мәртебесін анықтау (тәрбиеленушіге одан әрі жәрдемақылар мен жеңілдіктер ресімдеу үшін ата-аналарын іздеу, ата-аналық құқықтарынан айыру, құқықтарын шектеу, оларды хабарсыз кетті, қайтыс болды деп тану)

18

80%-дан жоғары анықтау – 18 балл

20-80% анықтау – 7,5 балл

20%-дан төмен анықтау – 0,02 балл


2

Тәрбиеленушіге тұрғын үйді бекіту, сақтау және қайтару бойынша жұмыс

10

40%-дан жоғары бекіту – 10 балл

40%-дан төмен бекіту – 5 балл

жоқ – 0 балл


3

Баланы отбасына орналастыру (қорғаншылық, (қамқоршылық), патронат, бала асырап алу)

20

40%-дан жоғары орналастыру – 20 балл

40%-дан төмен орналастыру – 7,5 балл

жоқ – 0 балл


4

Тәрбиеленушілердің жеке істерін жүргізу (туу туралы куәлікті, жеке куәлікті, ӘЖК, СТН, жеке есеп-шоттарын, медициналық карталарды және т.б. ресімдеу)

10

40%-дан жоғары орындау – 10 балл

40%-дан төмен орындау – 4 балл

жоқ – 0 балл


5

Тәрбиеленушіні асырап-бағу үшін шығыстар

7

Қаражатты тиімді пайдалану – 7 балл

тиімсіз пайдалану – 0 балл



6

Ұйымның материалдық-техникалық базасы



5

Жаңа – 5 балл

ескірген, бірақ жұмыс істейді – 3,5 балл

ескірген – 0,01 балл


7

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (құқық бұзушылықтың алдын алу, қосымша білім беру бойынша жұмыс және т.б.)

10

Қамтылуы 80%-дан астам – 10 балл

қамтылуы 20-80% – 5 балл

қамтылуы 20%-дан төмен – 0,01 балл


8

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыс

10

Көпбейінділік – 10 балл

жеткіліксіз – 5 балл

жоқ – 0 балл


9

Асырап алынуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа беруге жататын балалар туралы мәліметтер ұсыну

10

Уақтылығы 80%-дан жоғары – 10 балл

уақтылы емес – 5 балл

жоқ – 0 балл

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы «1» 03 № 91

және Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрінің

2010 жылғы «11» 03 № 102

бірлескен бұйрығымен

бекітілген

Нысан
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағы
1. Тексеруді белгілеген орган: __________________________________________

2. Бақылау субъектісінің атауы: _________________________________________

____________________________________________________________________

3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны, электронды мекенжайы): ______________________________________________

____________________________________________________________________

4. СТН (БСН) ___________________________________________________



5. Тексеруді белгілеу туралы акті 20__ жылғы «___» _________ № ____




Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1

Тәрбиеленушілердің жеке істерінде қажетті құжаттардың болуы













2

Баланың жинақ ақшаларының, жинақ ақшаларының шығысын және жинақталуын растайтын құжаттардың болуы













3

Баланың мәртебесін анықтау жөніндегі жұмыстың жүргізілуі (тәрбиеленушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттардың болуы)













4

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу (тәрбиеленушілердің тұрғын үйлерін бекіту және сақтау, тұрғын үймен қамтамасыз ету)













5

Ұйымдардың тәрбиеленушілеріне мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылар төлеу жұмысын жүргізу













6

Тәрбиеленушілерді оқыту мәселесі бойынша мектептермен өзара әрекеттесу













7

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тиімді тамақтанумен, киім-кешекпен және аяқ киіммен, жұмсақ, қатты мүкәммалмен қамтамасыз ету













8

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім беру ұйымдарын бітірушілерді еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету













9

Тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру













10

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың демалуын және сауығуын ұйымдастыру













11

Ұйымның кадрлық құрамы, кадрлармен қамтамасыз етілуі. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру













12

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, профилактикалық шаралардың жүргізілуі













13

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жарақтандырылуы және жабдықталуы













Ескертпе: О – олқылықтар бар

ОЖ – олқылықтар жоқ

ҚО – қайталанған олқылық

ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды


Лауазымды тұлға:

________________________ 20__ жылғы «_____»________

(Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:

_______________________ 20__ жылғы «_____»________

(Т.А.Ә.)


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2010 жылғы «1» 03 № 91

және Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрінің

2010 жылғы «11» 03 № 102

бірлескен бұйрығымен

бекітілген

Нысан
Білім беруді басқару органдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағы


1. Тексеруді белгілеген орган: __________________________________________

2. Бақылау субъектісінің атауы: _________________________________________

____________________________________________________________________

3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны, электронды мекенжайы): ______________________________________________

____________________________________________________________________

4. СТН (БСН) ___________________________________________________



5. Тексеруді белгілеу туралы акті 20__ жылғы «___» _________ № ____




Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алғашқы және өңірлік есепке қоюдың болуы













2

Бала мәртебесін растайтын құжаттардың (баланың суреті бар сауалнамасы; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; баланы балалар мекемесіне белгілеу туралы әкімдіктің қаулысы; ата-аналарды, туыстарды іздестіру жөніндегі сұраулар; сауалнамаларда көрсетілген мекенжайларға бару туралы актілер; ата-аналардың жоқтығын растайтын құжаттар (ата-аналық құқығынан айыру туралы сот шешiмі, № 4 нысандағы анықтама, қайтыс болуы туралы куәлік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор әзірлеген тастанды немесе әдейі тасталған балаға актілер, ата-аналардың баланы асырап алуға келісетіндігі туралы нотариалды расталған өтініші, есім беру туралы акті, егер денсаулық сақтау қызметкерлерімен жасалса) болуы













3

Патронат тәрбиесіндегі, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балаларды есепке қою (жеке істерге ресімделген), (жергілікті атқарушы органдардың қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу туралы шешімінің, патронатқа беру туралы шарттың, туу туралы куәліктің, денсаулық жағдайы туралы медициналық құжаттардың, білімі туралы құжаттардың, қамқоршылар есептерінің болуы )













4

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының қорғаншылықта, патронатта тәрбиеленіп жатқан балаларға бару туралы таңбасы бар журналды жүргізу













5

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының қазақстандық азаматтар отбасыларында тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баруы туралы актілердің болуы













6

Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыларды төлеу мәселесі жөніндегі істердің жай-күйі; тұрғын үй алаңының сақталуы, жеңілдікті кезекте тұруы, жәрдемақы алу үшін ата-аналарды хабарсыз кетті деп танылуы, тұрғын үйді қайтару жөніндегі шағымдардың саны













7

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың демалуын және сауығуын ұйымдастыру, еңбекке орналастыру













8

Балаларды қазақстандық және шетел азаматтарының асырап алуы жөніндегі істердің жай-күйі; (сот шешімдерінің, тізімдердің болуы, олардың бала асырап алудан кейінгі есеп берулерді ұсыну жөніндегі есеп берулермен, деректер банкімен сәйкес келуі)













9

Бала асырап алушы, қамқоршы, патронат тәрбиеші болуға үмітркерлерді есепке қою; шетелдік азаматтарды есепке алу журналы, бала асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілігі













Ескертпе: О – олқылықтар бар

ОЖ – олқылықтар жоқ

ҚО – қайталанған олқылық

ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды


Лауазымды тұлға:

________________________ 20__ жылғы «_____»________

(Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:



_______________________ 20__ жылғы «_____»________

(Т.А.Ә.)
жүктеу 165,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау