Бұл үшін ХҚКО-ға бару немесе ҰКО-ның арнайы қызметшісіне, операторына жеке куәлікке ЭЦҚ жазуға өтініш білдіру қажет. Бұл қызмет көрсетілетін ХҚКО-лардың тізімін осы жерде қарауға болады.
Оператор сіздің жеке куәлігіңіздің чипын тексереді және оған жаңа ЭЦҚ жазады, ол сізден PIN-код ойлап табуды және оны арнайы пернетақтаның көмегімен енгізуді сұрайды. Банктік карточкалардың коды секілді ЭЦҚ PIN-коды да 4 цифрдан тұрады. ЭЦҚ жазуға 5-10 минут уақыт жұмсалады.
Қазіргі кезде стационарлық компьютерде немесе ноутбукте ЭЦҚ жазылған жеке куәлікті пайдалану үшін арнайы қондырғы – смарт-карталарға арналған картридер (smart card reader) сатып алу қажет.
Картридер – оқу/жазу үшін пайдаланылатын қондырғы, ол смарт-карталармен ақпарат алмастыруға арналған болып келеді. Ол ақпаратты беру немесе ақпаратты жазуүшін негізгі автономдық модуль болып табылады.
ҚР барлық облыс орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға болады, бұл үшін ХҚКО-ға бару немесе egov.kz порталына кіру қажет емес, бұл жерде ҚҚО-ға кіріктірілген картридердің көмегімен жеке куәлікті пайдалана отырып, Қоғамдық қолжетімдік орны деп аталатын қондырғыға жүгіну жеткілікті болып келеді.
Электрондық қызметтерді алу
Картридерді компьютерге қосу үшін оны компьютердің немесе ноутбуктің USB-ажыратқышына қосу қажет. Бұдан кейін оған бағдарламалық қамтамасыз етуді (драйвер) орнату қажет. Орнатылатын дискі картридермен бірге берілуі тиіс.
Орнатылған қондырғылардың тізімінде картридердің болуын қондырғылардың диспетчері арқылы білуге болады.
Порталдың қызметтерін алмай тұрып, электрондық қызметтермен қалыпты жұмыс істеу үшін компьютерде Java БҚ орнатылғанына көз жеткізу қажет.
Ескерту. Жеке куәлікке жазылған тіркеу сертификаты порталға сертификат бойынша кіруге арналған болып келмейді. Ол тек сұранымдарға қол қою үшін қызмет етеді.
Жеке куәлікті картридерге қоямыз және www.egov.kz порталын ашамыз.
Авторланып, қызметтерді алуды бастаймыз. Мысал ретінде зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы алып көрейік.
«Сұранымды жіберу» түймешесін басқаннан кейін сертификат таңдалмады деп көрсетілген терезе ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |