74
Әдетте, жүйелік аумағында жүктелетін вирус бар компьютер іске
қосылғанда оның магниттік тасушыдан жұғу басталады. Мысалы, компьютерді
иілгіш дискіден іске қосқанда вирус алдымен жедел жадыға, содан соң қатты
дискінің жүктеме секторына барады, одан ары қарай компьютердің өзі, вирусты
ары қарай тарату көзі болады.
Макровирустар. Вирустың бұл түрі макрокоманданы орындауға арналған
құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы,
мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының
құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе,
онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нәтижесі арқылы
болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей қалпына келтіруі қиын бүлдіруге дейін
апара алады.
6.2 Компьютерлік вирустардан қорғау әдістері. Антивирус қорғау
құралдары.
Дәріс конспектілері:
Компьютерлік жүйенің қауіпсіздену қаупі – бұл потенциалды мүмкін болу
жағдайы, жүйенің өзінде кездейсоқ болуы мүмкін, сондай-ақ бұл жерде
сақталған ақпаратта. Айта кететін жағдай қауіп – бұл өте қауіпті, бір кездерде
орындалуы мүмкін.
Компьютерлік жүйенің бұзылуы – қауіпке әкелетін дұрыс емес сәтсіз
мінездеме. Басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік жүйенің бұзылуынан жүйеде
керек емес жағдайлар орындалады.
Қорыта келгенде, компьютерлік жүйеге шабуыл жасау - сол немесе басқа
бұзылу орындалғанда және ізделгенде жаман ойлаушының атқаратын қызметі.
Сондықтан шабуыл дегеніміз қауіпт төндіруді орындау.
Шабуылды қарастыру - қауіп элементін кездейсоқ анықтауды болдырмау,
яғни тәжірибеден білеміз кездейсоқ немесе алдын ала жасалған қауіптерді білу
мүмкін емес, бұған қорғаушы жүйе тез жұмыс істеуі қолайлы.
Зерттеушілер қауіпсіздену қалпының үш негізгі түрін анықтаған – бұл
қауіпті ашу толықтыру немесе қызмет көрсетуден бас тарту.
Қауіпті ашу дегеніміз керек емес адамға ақпараттың жетуі. Компьютерлік
қауіпсіздік қалпын ашу термині есептеу жүйесінде сақталған немесе бір
жүйеден басқа бір жүйеге берілетін кейбір конфиденциальдық ақпаратқа қол
жеткізуіндегі әрқашан да өз орны болады. Кейде “Ашу” сөзінің орнына “Ұрлау
” немесе “Тесік” терминдары қолданылады.
Қауіп бүтіндігі кез келген әдейі есептеу жүйесінде немесе бір жүйеден бір
жүйеге көшіргенде немесе сақтағанда болатын деректерді өзгерту (өшіру).
Қызмет көрсетуден бас тарту қалпы есептеу жүйесінің кейбір ресурстарына
қол жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда пайда болады.
Вирустар жұмыс амалдарына байланысты екі типті болады: резидентсіз
және резидентті. Резидентсіз вирус бұзылған программа қосылғанда жұмыс
атқарады. Вирус – программасы программа жұмыс істеп отырған уақытта
қауіпті.
75
Егер программа өшсе вируста жұмысын аяқтайды. Резидентті вирустар
бұданда қауіпті мұндай вирустар бұзылған программа қосылғанда іске асады
бірақ бұл вирус компьютер жадысында өзінің резиденттік бөлігін қалдырады.
Компьютер жадысында қалған вирус операциялық жүйенің және басқа
программалардың ішіне енеді. Резиденттік вирустар жедел жадыда жүйе
тоқтағанға шейін жұмыс атқарады.
Операциялық
жүйенің
стандартты
құрылғылары
немесе BIOS
құрылғыларын қолдана отырып бұл вирустар әртүрлі орындалатын
файлдардың және жедел жадының ішіне еніп алады.
Әдетте бұндай вирустар бұрынан бар тақырыптың көшірмесе ретінде
немесе нәтиже негізінде көп қызмет атқарады. Осы вирустар «студенттер
тапқан» вирустар қатарына саналады. Бұндай вирустарды компьютерлік
жүйенің нашар жұмыс істеу кезінде табуға болады.
Компьютерлік вирустан қорғайтын үш аралықты қарап кетуге болады:
. вирустің келуін тоқтату;
. егер вирус жол тауып компьютерге енсе, онда вирустық шабуылдарды
тоқтату;
. егер шабуыл болса, онда одан кейін болатын қатерлерден сақтау.
Қорғау әдістерін таратудың үш түрі бар:
. программалық қорғау әдістері;
. аппараттық қорғау әдістері;
. ұйымдастырылған қорғау әдістері.
Вирусқа қарсы қорғау құралдары
Компьютерлік вирустардан қорғау үшін қолдануға болады:
- ақпаратты қорғаудың жалпы құралдарды;
- вируспен бұзылудың жағдайларын азайтатын профилактикалық
шараларды;
- вирустан қорғауға арналған арнайы программалар.
Компьютерлік вирустан және вирустан ақпаратты қорғау құралдарының
түрлері:
ақпаратты көшіру – дискінің жүйелік аймақтарын және файл
көшірмесін құру;
сұранысқа
тосқауыл – ақпаратты
санкцияланбаған
қолданудан
тосқауылдау, яғни дұрыс жұмыс істемейтін программалар мен
пайдаланушылардың қате қимылдарынан деректер мен программаға өзгерістер
енгізуге тосқауыл қою.
Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар
1.
Детекторлар программалары
(McAfee Associates-тен Scan, Norton
Antivirus және “Диалог-МГУ”-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін
қолданылады.
2.
Флаги немесе доктор
(Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан
AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды),
76
бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды
вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді.
3.
Ревизор
(тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt)
– бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы
ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра
отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол
туралы пайдаланушыға хабарлайды.
4.
Ревизор
(тексеруші) докторлар – ревизорлар мен докторлардың
қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай,
сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар
жағдай жасайды.
5.
Фильтр программалары
(-D, FlueShot Plus) резидентті түрде
компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін
вирустар
қолданатын операциялық
жүйеге
түсетін
хабарламаларды
жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.
6. Вакцина – программалары (немесе иммунизаторлар), дискілерді немесе
программаларды
оның
жұмыс
нәтижесінде
көрінбейтіндей
етіп
модификациялайды, бірақ вирус оны, яғни вакцинацияланған программаны
вирусталған екен деп түсінеді.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [22] – с, [23] – c.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2. Программалық вирус дегеніміз не?
3. Жүктемеленетін вирустың программалық вирустан айырмашылығы
неде?
4. Компьютерлік вирустардың негізгі типтері?
5. Вирусқа қарсы негізгі қорғау құралдары.
6. Вирустан қорғауға арналған арнайы программаларды білесің?
2.3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№ 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: WINDOWS операциялық жүйесiмен жұмыс
Windows - тiң негiзгi объектерi
Жұмыстың мақсаты: Windows–тiң негiзгi тәсiлдерiн мазмұндау, Windows
ортасында бағдарлауды үйрену, ұғымдар кiргiзу:
Жұмыс столы
Тапсырмалар панелi
Бас меню
«Тышқан » түрi бар манипулятор
Менiң компьютерiм
Достарыңызбен бөлісу: |