Жәй html мысалы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/38
Дата25.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#6101
түріПрограмма
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

60
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [14] – с,  [15] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютераралық байланыстың қызметі қандай?
2. Коммуникация  протоколы деген не?
3. Мәліметтер неге пакеттердің көмегімен жіберіледі?
4. Жүйелік топологияның негізгі түрлерін сипаттаңыздар.
5.  Локальды  жүйелер  қай  облыстарда  және  қандай  мақсаттарда
қолданылады?
6. Интернет жүйесінің негізгі қызмет көрсетуін (сервисін) атап беріңіздер.
 
5.2  Локальды  жүйенің  негізгі  технологиясы,  протоколдары  мен
стандарттары. Жүйені  басқарудың  бағдарламалық  компонентері. Интернет.
Электронды почта.
Дәріс конспектілері:
Жүйеге  біріктірілген  компьютерлер  әрқашан  басқарудың  арнайы
бағдарламаларының  басшылығымен  жұмыс  істейді. (екі  жеке  компьютерді
біріктіру  жағдайында  бұндай  бағдарламаларды  жеке  компьютерлердің  өзара
әрекеттерін басқару бағдарламасы деп атау дәлірек). Жүйелерді басқарудың әр
алуан  бағдарламасы – жүйелік  бағдарламалар  бар. Байқауымызша, ең  кең
тараған жүйелік бағдарламалар Novel (Novell Netware бағдарламасы), Mіcrosoft
(Wіndows NT-сервер, Mіcrosoft жүйелері), Lantastіc фирмаларының
бағдарламалары.
Жеке  компьютерлерді  қосу  тәсілі  және  жүйелерді  басқаруда  қолданылған
бағдарламалар  жүйенің  түрін, пайдаланушыға  берілген  мүмкіндіктер  мен
жүйедегі жұмыстың технологиясын анықтайды.
Бірнеше  компьютердің  біріктірілуі  пайдаланушыға  жүйедегі  бір
компьютерден  екіншісіндегі  ресурстарға  кіру  мүмкіндігін  әрқашан  беру
мақсатында  жасалады. Бір  компьютердің  ресурсы  екіншісіне  ашық  болады,
бұны  бөлінетін  немесе  жүйелік  ресурс  деп  атайды. Ресурстарын  пайдалануға
беретін  жүйе  компьютері – сервер (хост), ал  пайдаланушы – клиент. Осыған
сәйкес жүйені басқару бағдарламасы екі бөліктен:
-  Серверде  қондырылған  және  оның  жұмысымен  барлық  жүйені
басқаратын жүйелі операциялық системадан;
- Клиент  компьютерде  орналасқан  және  сервермен  бірлескен  әрекетті
қамтамасыз ететін клиенттік бөліктен (клиент бағдарламасынан) тұрады.
Серверден  және  клиенттегі  бағдарламалар  жүйенің  түріне  байланысты
бірдей де және әр алуан болуы да мүмкін. Негізінде жеке-компьютер-клиентте
пайдаланушыға  әр  түрлі  мүмкіндіктер  туғызатын  бірнеше  түрлі  клиент-
бағдарламалар  орналасуы  мүмкін, алайда  уақыттың  әр  кезеңінде  олардың  тек
біреуі ғана жұмыс істеуі мүмкін.
Жүйемен  жұмыс  істеу  үшін  берілген  протоколға  сәйкес  мәліметтер
жіберуді  қамтамасыз  ететін  арнайы  жүйелік  бағдарламаның  болуы


61
қажет.коммуникация  протоколдары  жіберілген  барлық  мәліметтердің  көмегін
белгіленген  мөлшердегі  пакеттер  мен  жеке  блоктарға  бөлуді  бұйырады.
Соңынан  пакеттерді  дұрыс  реттеп  жинап  алу  үшін  пакеттер  номерленеді.
Пакеттегі мәліметтерге қосымша мынадай үлгідегі ақпарат қосылады:
Алушының
(қабылдаушының
) мекен-жайы
Жіберушінің
мекен-жайы
Ұзындығы
Мәліметтер
(не бар
екендігі)
Бақылаушы
жиынтық
алаңы (шеті)
Пакеттің  бақылаушы  жиынтығы  қателерді  бақылайтын  ақпараттардан
тұрады. Бірінші  рет  ол  қатені  компьютердің  жіберуімен  есепке  алады. Пакет
жеткізілген (табыс  етілген) соң  бақылаушы  жиынтық қабылдаушы компьютер
арқылы  есепке  алады. Мазмұны  сәйкес  келмесе, онда  жіберілген  пакеттегі
мәліметтер  жөнелткен  кезде  зақымданған  дегенді  білдіреді. Бұндай  пакет
лақтырылып тасталады да қайтадан пакетті жіберуге автоматты түрде сұраныс
жасалады. Қондырғылар байланыс орнату кезінде коммуникациялық каналдар,
протоколдармен  келісімге  келу  үшін  ескертпелермен  алмасады. Бұл  процесс
байланыстың растығын дәлелдегені. (англ. HandShake — рукопожатие).
Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың
жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі – тілек
білдірушіні  кез-келген  ақпаратпен  үнемі  қамтамасыз  ету. Интернет  шексіз
ақпараттық  ресурстар  пайдалы  мағлұмат, оқу, ойын  ұсынады  білетін
адамдармен 
араласуға 
мүмкіндік 
туғызады, қашықтықтағы 
қызмет
көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық
ресурстарды  ұсынады. Интернет  дүние  жүзіндегі  адамдарды  бір-бірімен
араласуы үшін жаңа, ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.
Жүйенің  арқасында (тегін  немесе  орынды  ақы  төлеу  арқылы) орасан  көп
ақпараттар  алуға  болады. Сонымен, пайдаланушы  кез-келген  мемлекеттегі
өзінің  қызығушылығымен  бөлісетін  адаммен  интернет  арқылы  байланыса
алады немесе электронды кітапханадан құнды мәліметтер ала алады, тіпті егер
олар әлемнің басқа шетінде болса да.
Қажетті  ақпарат  спутник, мұхит  түбі, таулар  мен  теңіздер, кабельдер  мен
радио  арқылы, аралық  компьютердің  ұзын  тізбек  жолдарынан  өтіп  санаулы
секундта оның компьютерінде болады.
Интернет  өкіметтер, ғылыми  және  ағарту  мекемелері, коммерциялық
құрылымдар  мен  әлемнің  барлық  бөлігіндегі  миллиондаған  жеке  адамдар
есебінен қаржыландырылады, бірақ оның анық иесі болып ешкім есептелмейді.
Жүйені шақырылған ерікті адамдардан құралған “Интернет архитектурасының
Кеңесі” басқарады.
Жүйе 1984 жылы  құрылған, қазір  оны  мөлшермен  алғанда  қырық
миллиондай адам пайдаланады. Интернет уақыт сайын өзгеріп отырады, себебі
өздері үшін бағдарлама жазып, одан кейін оны тілек білдірушілерге тарататын
маман қолданушылары көп.


62
Жаңа серверлер үнемі пайда болады, ал бұрынғылары өз “репертуарларын”
жаңартады. Ақпараттар легі үздіксіз өсуде.
Интернетпен байлансыудың ең кең тараған және арзан тәсілі – модем және
телефон  жүйесі  арқылы  байланысу. Осыған  байланысты  Интернетке  қосудың
қызмет  көрсету  көлемдері  мен  бағасы  жағынан  бір-бірінен  өзгешеленетін  үш
түрі бар:
1. почталық — кез-келген Интернетті қолданушымен тек электронды почта
арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі;
2. on-lіne тәртібінде
 сеанстік
 (“тікелей байланыста”) — диалогтік тәртіптегі
жұмыс — жүйесінің барлық мүмкіндігі сеанс уақытында;
3. тура (жеке), ең  қымбат  тұратын — барлық  мүмкіншілігі  кез-келген
уақытта.
Сеанс 
тәртібіндегі 
жұмыс 
кезінде 
Интернетке 
кіру 
көбінесе
провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат  беру, қамтамасыз  ету), Интернеттің
кейбір  бөліктеріне  кіруге  және  оның  пайдаланушыларына  алуан  түрлі
қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады.
Интернеттің  кейбір  маршрутизаторлардың  көмегімен  өзара  байланысатын
учаскелерді  әр  түрлі  архитектурадағы  жүйелерді  ұсынады. Жіберілетін
мәліметтер, пакеттер  деп  аталатын  кішігірім  тиісті  бөліктерге  бөлінеді. Әрбір
басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады.
Интернеттегі  жүйелер  бір-бірімен  шексіз  байланыста  болады, себебі
мәлімет  беруге  қатысатын  барлық  компьютерлер TCP/ІP комуникациясының
біркелкі протоколын пайдаланады.
Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі  мәліметтерді  жіберудің  әр
түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол.
·
TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді
автоматты  түрде  қайтадан  жіберетін, мәліметтерді  жіберетін  басқару
протоколы; бұл  протокол  жіберілген  ақпараттарды  пакеттерге  бөлу,
қабылдаушы  пакеттеріндегі  ақпараттардың  дұрыс  қалпына  келтіруі  үшін
жауапты;
·
ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық  өзара  әрекеттердің
протоколы. Ол  пакетті  адресіне  жіберу  және  қажет  пунктіне  беру  жолында
тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.
TCP/ІP протоколы  бойынша  ақпараттарды  жіберу  схемасы  мынадай: ТСР
протоколы  ақпаратты  пакеттерге  бөліп, оларды  нөмірлейді; одан  соң  ІP
протоколының  көмегімен  барлық  пакеттер  қабылдаушыға  тапсырылады, сол
жерде  барлық  пакеттердің  қабылданғаны  жайында  ТСР  протоколының
көмегімен тексеріледі; барлық паекттер қабылданып болған соң ТСР протоколы
оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.
Әрбір  Интернетке  қосылған  компьютерлердің  бағалары  бірдей, өте  сирек
кездесетін  екі  мекен-жайы: сандық  ІP-мекен-жай (цифровой  ІP-адрес) және
символды домналық мекен-жайы (символический доменный адрес) бар. Мекен-
жайды (адрестерді) тағайындау  мынадай  схема  бойынша  жүргізіледі: Жүйелі
ақпараттық  Орталық  халықаралық  ұйымы  локальды  жүйелердің  қожалары


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау