Ұзақ қашықтыққа жүгіру техникасын түсіндіру.
1. Жоғарғы сөреге тұру және шығу.
1.(Сөреге!) Сөре сызығына өзіне ыңғайлы аяғын
алға қойып келесі команданы күтеді.
2.(Жүгіруге дайындал!) Алға еңкейе,алдыңғы
аяқты бүгіп,алда тұрған аяққа қарама-қарсы
қолды бүге жүгіруге дайындалады.
3.(Алға!) Алға қарай екпінмен серпіле жүгіру
жолын бастайды.Сөреден шыққаннан кейін адымды кең ашып,жылдамдықты бірте-бірте арттырған жөн.Шапшаңдықты ұзақ сақтаудың бірден-бір кепілі-денені бос тастап еркін жүгіру.
2. Жүгіру жолы.
- Жүгірушілердің негізгі білуге тиістілерінің бірі жүгіру жолын дұрыс пайдалана білуі.Жүгіру жолы айналма болған жағдайда(мысалға 500 м) жүгіру жолы 500 метрге есептелінген.Егер әр жүгірушіге арналған жол болмаса алғашқы сызықтан қашық жүгіруге болмайды. Себебі: алғашқы сызықтан қашықтаған сайын
жүгіру жолы ұзара түседі.
|