Диагностика критерийлері - Бензодиазепиндерден улану Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйықтағысы келе беру (ұйқы басу), бас ауыру, тəлтіректеп жүру. Токсикологиялық анамнезіндегі мəліметтер. Клиникалық əйгіленістер: тілі күрмеліп баяу сөйлеу, атаксия (тəлтіректеу), уланудың бастапқы кезінде миоз (қарашық кішірейіп кету), есеңгіреу, есінен тану, рефлекстері əлсіреп кету. Ауыр жағдайларда: тыныс алуы тежелу, брадикардия, шок дамуына ұласқан гипотензия, гипотермия, мидың гипоксиялық зақымдануынан туындаған мидриаз. Нейролептиктерден улану (фенотиазин туындылары; тиоксантен туындылары, бутирофенон туындылары) Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйқысы келе беру, бас айналу, енжарлық, жүрек айну, құсу, асқазан тұсын ауыр сезіну.
Достарыңызбен бөлісу: |