- Клиникалық əйгіленістер уланудың ағымы бойынша 2 типке бөлінеді: - тыныс орталығы функциясының тежелуі басым болып білінетін улану; - экзоуыттық шокқа ұласатын қантамырлық коллапс басым болып білінетін улану. 1-ші тип 2-ші типке ауысып кетуі де мүмкін. Клиникалық əйгіліністерінде енжарлық, адинамия, ұйқышылдық, жүрісі бұзылу байқалады. Бұлшықет тонусы нашар. Бара-бара ұзақ ұйқы басады. Қарашықтары үлкейген, кейде кішірейіп кетуі мүмкін. Денесі (терісі) жəне сілемейқабықтары құрғақ. Орташа дəрежелі улану кезінде нерв жүйесінің функциясы əлсіреу фонында антихолинэргиялық синдром белгілері пайда болады. Желке тұсы бұлшықеттерінің сіресуінен, қарысып қалуынан мəжбүрлі тыжырыну, мойны қисаю, қол-аяқ тартылу т.б. арқылы əйгіленетін бұлшықеттік дистония белгілері болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |