- Симптоматикалық ем жүргізу негізінен ағзалар мен жүйелердің (тыныстық жүйенің, жүрек-қантамыр, нерв жүйелерінің, асқазан-ішек жолдарының) уыттық зардапталу симптомдарын басуға, қышқылдық-сілтілік жəне су-электролиттік балансын қалпына келтіруге бағытталады: - ацетилсалицил қышқылынан уланғанда Н2-блокаторлар: ранитидин, омепразол; антацидтер: смектит тағайындалады; - психомоторлық қозу, еліру білінген жағдайда седативті (тыныштандыратын жұбатқы) препараттар тағайындалады: диазепам 5-10 мг/венаға, ГОМҚ (гаммаокси май қышқылы); - тамырішілік шашыранды ұю (ТШҰ) синдромы дамыған жағдайда, даму сатысына байланысты гемостатиктер (қантоқтатқылар), антиагреганттар, антикоагулянттар тағайындалады, қан препараттарын (жаңа тоңазытылған плазма, криопреципитат) тамырға құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |