§ 94. ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Сөйлемде етістік кимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге сол кимылдың, іс-әрекеттің, жай-күйдін өтуі, бір жағынан, айтушының я сөйлеушінің пкірімен екінші жағынан, ол пікірдің ақикат шындыққа қатысын білдірумен байланысты болып отырады. Мысалы: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең, қыска кес, ұзартуың онай (мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді (Қ. Б.).
Бұл мысалдағы кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазбау, құшақтау кимылын, іс-
94
әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге сол қимыл, іс әрекеттің орындалу шартын (кессең), орындалуын талап етуін (кес), белгілі бір мезгілде, шақта іске асуын, орындалуын хабарлауды (жазбаймын), орындалу ниетін, жүзеге асуда ықыласын (кұшақтағым келеді) білдіріп, сөйлеушінің шындыққа, болмысқа деген пікірін, көзқарасын айқындап тұр. Бұл мағыналар белгілі грамматикалық тұлғалар аркылы берілген. Мысалдағы кессең де-гендегі шарттылық — се жұрнағы арқылы, кес дегендегі талап ету, бұйрық мәні 2-жақ бұйрықтық тұлға (формасыз тұлға немесе нольдік форма) арқылы, жазбаймын дегеңдегі қимылдың белгілі шақта орындалуы көсемшенің -й жұрнағы арқылы, құшақтағым келеді дегендегі қимылдың болу ниеті, ықыласы етістік түбіріне -ғы жұрнағы және одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған.
Сөйтіп, сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа катысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.
Етістіктің райлары кимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және калау рай.
1) Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нольдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың 3-жағы (мен келсе-м, ол келсе-), бұйрық райдың 2-жағы (сен кел-,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен бала-мын, келді-м, келген-мін 2-ж. сен бала-сың, келді-ң, келген-сің, 3-ж. ол бала-, келді-, келген-,) III жақта жалғанған жалғау жоқ, сен кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз (жалғаусыз) сырттай етістік түбірімен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр. Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтык мағына болмайды: келген, келіпті дегенде түбірі — кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ.
§ 96. АШЫҚ РАЙ.
Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.
Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.).
95
Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ).
Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.
§ 96. БҰЙРЫҚ РАЙ.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (П-жақ) я бөгде біреуге (3-жақ) немесе өзіне (І-жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж. Ж.). Ғылым таппай мақтанба (А). Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда (И. Б.). Мен жазайын сізге хат, Оқып көрсін ол шындап (А.).
Мысалдағы тыңда, мақтанба, қызсын, қайнасын, жазайын, көрсін деген етістіктер белгілі бір жаққа қаратыла бұйыра, талап етіле айтылып тұр: (сен) тыңда, мақтанба (2-жақ), (ол) қызсын, қайнасын, көрсін (3-жак), (мен) жазайын (І-жақ).
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.
Етістіктін бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге талап, тілек ету, ниет мағыналарын да білдіреді. Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы II және III жақтарда анық көрінеді де, I жақта ол көбіне ниет ету мәнінде келеді.
Етістіктің басқа рай түрлеріне қарағанда, бұйрык райдың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең басты ерекшелік бұйрык райдың жасалуынан көрінеді. Егер басқа рай түрлері етістік түбірлеріне белгілі жұрнақтар жалғануы арқылы жасалып, одан кейін жіктеліп келсе, бұйрық рай түрі жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлердің ерекше жіктелуі арқылы, яғни жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Ол жіктік жалғаулары етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына бірдей жалғана береді.
Екінші ерекшелік — бұйрық райдың II жақ анайы түрінің арнайы қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістіктің негізгі және туынды түбір тұлгасымен, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді. Мысалы: (сен) кел, ойла, барғызба, сөйлетпе. Ал екінші жақ анайы көпше түрінде -ық, -іқ, -ң, жалғауының үстіне -дар, -дер, кептік жалғауы үстеледі. Мысалы: (сендер) кел-ің-дер, бар-ың-дар, сөйле-ң-дер.
Бұйрық райдың екінші жак сыпайы түрі етістік түбіріне -ңыз, -ңіз, -ықыз, -іңіз жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (сіз) кел-іңіз, бар-ыңыз, сөйле-ңіз. Екінші жақ сыпайы түрінің
96
көпшесі осы жекеше түрінде -дар, -дер көптік жалғауы жалғану аркылы жасалады. Мысалы: (сіздер) кел-ңіз-дер, бар-ыңыз-дар, сөйле-ңіздер.
Бұйрық райдың 3-жағы (жекешесі де, көпшесі де) етістік түбіріне -сын, -сін жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: (ол) кел-сін, бар-сын, сөйле-сін.
Бұйрық райдың I жағы етістік түбіріне (жекеше) -айын, -ейін, -йын, -йін көпше -айық, -ейік, -йық, -йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (мен) кел-ейін, бар-айын, (біз) кел-ейік, сөйле-йік, бар-айық.
Бұйрық райдың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
/.
|
барайын, келейін,
санайын, көрмейін
|
барайық, келейік, санайық, көрмейік
|
//.
|
бар-, кел-, сана-,
көрме-,
барыңыз, келіңіз
санаңыз, көрмеңіз
|
барыңдар, келіңдер, санаңдар,
көрмеңдер
барыңыздар, келіңіздер,санаңыздар,
көрмеңіздер
|
///.
|
барсын, келсін,
санасын, көрмесін
|
барсын, келсін, санасын, көрмесін
|
Ескерту: Етістіктің бұйрық рай түріне кейде -шы, -ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын — алайыншы, (сен) ал — алшы, (сіз) алыңыз — алыңызшы, (ол) алсын — алсын-шы. Сондай-ақ шартты райдың -са, -се тұлғасының II жағынан кейін жалғанған -шы, -ші жұрнағы да бұйрық, тілек, өтініш мағынасын білдіреді. Мысалы: (сен) барсаңшы, (сіз) барсаңызшы, (сендер) барсаңдаршы, (сіздер) барсаңыздаршы.
§ 98. ШАРТТЫ РАЙ.
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.
Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бірақ шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты райдағы етістік жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап, аяқтап тура алмайды: басқа бір етістікпен кейде көмекші етістікпен іліктесіп, тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады. Мысалы: ...Жарқырап бір көрінсек дейміз (Ғ. Мұст).
97
Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа (мақал). Бірінші мысалда көрінсек деген шартты райлы етістік дейміз көмекші етістігімен тіркесіп келуі арқылы ғана сөйлемді аяқтап, тиянақтап, ойдың шартын білдіріп тұрса екінші мысалда жанассақ деген шартты райлы етістік II жақта жұмсалып бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде қолданылған, басыңқы сөйлемнің шартын білдіреді, бірақ өзі сөйлемді тиянақты ете алмай тұр.
Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.
Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: I жақта жекеше -м, көпше -қ, -к, II жақта анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ндер, сыпайы жекеше -ңыз, -ңіз, көпше -қыздар, -қіздер жалғаулары жалғанады да, III жақтың арнайы жалғауы болмайды.
Шартгы райдың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I.
|
барсам, көрмесем, оқытсам
|
барсақ, көрмесек, оқытсақ
|
II.
|
барсаң, көрмесем, оқытсаң
|
барсаңдар, көрмесеңдер, оқытсаңдар
|
|
барсаңыз,көрмесеңіз,
оқытсаңыз
|
барсаңыздар, көрмесеңіздер, оқытсаңыздар
|
III.
|
барса-, көрмесе-, оқытса-
|
барса-, көрмесе-, оқытса-,
|
Ескерту: 1. Шартты рай жұрнағы -са, -се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс-әрекеттің болу шартын білдіре де бермейді. Мысалы: Мен болсам ауылда калдым. Оның окуы бітсе керек еді ғой. Бұл мысалдағы болсам, бітсе деген етістіктер шартты рай тұлғасында жіктеліп (I және III жақ) тұрса да, ол іс-әрекеттің ешбір болу шартын білдіріп тұрған жок.
2. Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы кызметінде келіп, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылаумен тіркесіп, қарсылықты мағынаны білдіреді. Мысалы: Мен келсем, сен кетіп қалыпсың. Сен айтпасаң да, мен оны біліп отырмын. Берілген мысалдағы келсем, айтпасаң да деген шартты рай тұлғалы етістіктер өздері бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы болып, келесі басыңқы сөйлемнің мезгілін және оған қарсы мағынаны білдіріп тұр.
3. Шартты райлы етістік I жақ жіктік жалғауында тұрып, оған -шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Мысалы: Оның атын сұрасамшы. Оның осында келетінін білсемші. Ауылға барғанша, кұрылысқа қалсаңшы.
98
§ 98. ҚАЛАУ РАЙ.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.
2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.
3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.
Қалау райдың бұл жасалу жолы сирек кездеседі.
Қалау райдың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
-ғы, -гі, -кы, -кі, -кел
|
-са, -се, - игі еді
|
-ғай, -гей, -қай, -кей
|
1.
|
баргым келді (-еді..)
|
барсам игі еді
|
барғаймын, барғай едім
|
11.
|
барғың келді(-еді.ң)
|
барсаң игі еді
|
барғайсың, барғай
|
|
барғыңыз келді(-еді)
|
барсаңыз игі еді
|
барғайсыз барғай едіңіз
|
111.
|
барғысы келді(-еді..)
|
барса игі еді
|
барғай, барғай еді
|
/.
|
барғымыз келді(-еді..)
|
барсақ игі еді
|
барғаймыз, баргай едік
|
//.
|
барғыларың келді(-еді)
|
барсаңдар игі еді
|
барғайсыңдар.
|
|
|
|
барғай едіңдер
|
|
барғыларыңыз
келді (-еді..)
|
барсаңыздар игі еді,
|
барғайсыздар,
барғай едіңіздер
|
///.
|
барғылары келді (-еді..)
|
барса игі еді,
|
барғай, барғай еді
|
|
|
|
|
|
Етістіктің райларын пысықтау үшін сұрақтар.
1. Етістіктің райлары дегеніміз не? 2. Етістіктің райлары мен шақтары арасында қандай байланыс, ұксастық және өзгешелік бар? 3. Етістік райларының кандай түрлері бар? 4. Формасыз тұлға немесе нольдік форма дегеніміз не? 5. Ашық рай нені білдіреді және калай жасалады? 6. Бұйрык райдың мағыналары мен ерекшеліктері қандай және калай жасалады? 7. Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай? 8. Шартты райдың мағыналары қандай және қалай жасалады? Шартты райлы етістіктердің сөйлемде қолданылу ерекшеліктері қандай? 10. Шартты райдың жіктелу ерекшеліктері қандай? 11. Қалау рай дегеніміз не? 12. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар? 13. Қалау райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
§ 99. ЕТІСТІКТІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Кел, балалар, оқылық (Ы. А.). Жартаска бардым, күнде айғай салдым (А).
Тұйық етістік жатыс септігінде немесе басқа тұлғаларсыз-ақ та сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қонақтар көрмені көруде. Класс міндеттемесінің негізгі бір мәселесі — сабақ үлгірімін жақсарту.
2. Етістік көсемше тұлғасында келіп, қимылдың амалын, әр түрлі қасиетін (себебін, мақсатын т. б.) білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ақырындап атты алтын таң (Қ. А.). Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре-түра тексермедім (А).
Түйық етістік септеліп (барыс, шығыс, жатыс, көмектес), кейбір шылаулармен тіркесіп келіп сөйлемде пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған (Ы. А.). Оқу ушін осында келді.
3. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында атау септікте келіп заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көрмес— түйені де көрмес (мақал). Жақсы оқу — әр оқушының міндеті. Іздеген жетер мұратқа.
100
4. Етістік есімше тұлғасында немесе ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімдермен тіркесіп, анықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал). Білудің шегі жоқ. Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен (мақал).
5. Етістік есімше не түйық етістік тұлғаларында септеліп келіп, атау мен іліктен басқа септіктерде толықтауыш қызметін де аткарады. Мысалы: Ұстаздық қылган жалықпас үйретуден балаға (А). Білгенге маржан, білмеске арзан (А).— Сіз қандай жауды құлатқаныңызды білесіз бе? (Ә. Н.) Енді оған сөйлеуді қойдым.
Етістікті морфологиялық жағынан талдаудың тәртібі.
1. Етістіктің түбір тұлғасы (негізгі я туынды түбір) мен құрамы (дара я күрделі етістік) және әрқайсысының ерекшеліктері мен белгілері (туыңды түбір болса, қандай сөз табынан және қалай жасалған: күрделі етістік болса, негізгі етістігі мен көмекші етістігін көрсету).
2. Білдіріп тұрған мағынасы (қимылды, әс-әрекетті білдіру немесе қимылдың амалын, себебін, мақсатын білдіру) және сұраққа жауап беруі арқылы сөйлемде атқарып тұрған қызметі (қандай сөйлем мүшесі болып тұрғаны).
3. Етістіктің грамматикалық тұлғалары немесе морфологиялық құрамы: 1) етіс тұлғалары; 2) болымсыз етістік тұлғасы, 3) рай немесе есімше я көсамше түлғалары және шак көрсеткіші; 4) жақ (жіктік) жалғауы я септік, көптік, тәуелдік жалғаулары.
Үлгі: Туғанда дуние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең (А).
туғанда 1) дара етістік, 2) ашу қимылының мезгілін білдіріп, қашан (ашады?) деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш кызметін атқарып тұр, 3) түбірі -ту, -ған,— өткен шақ есімше жұрнағы, -да — жатыс септік жалғауы, ашады — 1) дара етістік; 2) ашу қимылын білдіріп, (өлең) не істейді? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұр. 3) түбірі -аш, -а көсемше жұрнағы, ауыспалы осы (келер) шақ мағынасын біддіріп тұр, -ды,— III жақ жіктік жалғау; кірер — 1) дара етістік; 2) кіру қимылын білдіріп, (денең) не істер? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұр: 3) түбірі -кір, -ер — есімше жұрнағы, болжалды келер шақ мағынасын білдіреді, ІІІ жақта қолданылған (формасыз тұлға я нольдік форма).
ҮСТЕУ
§ 100. ҮСТЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т. б. сипаттарын
101
білдіретін сөздер бар. Осы топтағы сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Ескі Еділ ерді көрген бұрын талай (И. Б.). Бастауымен Лениннің көшті ілгері керуен (Ж. Ж.). Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды (Ы. А.). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сыпылдап (А). Ішім өлген, құр денем сау, Босқа үрейім жүр менің Жарамайды бекер алдау, Теңің емес мен сенің (А).
Берілген мысалдардағы бұрын, талай, ілгері, жылдам, жоғары-төмен, босқа, бекер деген сөздердің мағынасына, тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударып қарайық. Бұрын сөзі көру іс-әрекеттің болған мерзімін, іске асу мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап беріп тұр (қашан көрген?). Талай сөзі көру іс-әрекетінің мөлшерін білдіріп, қанша? (немесе қалай?) деген сұраққа жауап беріп тұр (қанша көрген?). Ілгері сөзі көшу қимылының мекенін (бағытын, орнын) білдіріп, қайда? деген сұраққа жауап беріп тұр (қайда көшті?), Жылдам сөзі алғызу қимылынын амалын, сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай хабар алғызды?). Жоғары-төмен кос сөзі ұшып тұру қимылының әрі амалын, бейнесін, әрі мекенін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (калай ұшып тұрса?). Босқа сөзі жүру кимылының себеп-мақсатын, амалын білдіріп, қалай? немесе қайтіп? не себепті? деген сұрақка жауап беріп тұр (қайтіп... жүр?). Бекер сөзі алдау іс-әрекстінің себебін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай алдау?).
Сөйтіп, бұл сөздердің қолданылуында мынадай ерекшеліктер байқалады. Біріншіден, мысалдардағы талданған сөздер қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздермен, яғни етістіктермен тіркесіп жұмсалған. Екіншіден, олар етістіктің, яғни қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздердің әр түрлі белгісін, қасиетін (мекенін, мезгілін, амалын т. б.) білдіреді. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылған, сөздің бәрі бірдей әрдайым үстеу бола да бермейді. Мысалы: Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға (А). Еділ үшін етестік (М). Аспандап ұшқан қызғыш құс (М). Құсалыкпен өтті ғой Махамбеттің көп күні! (М).
Бұл сөйлемдегі қан сонарда (қашан?) шығу қимылының мезгілін, тастан (қайдан?) табылу іс-әрекетінің мекенін, Еділ үшін (не үшін?) егесу қимылының мақсатын, аспандап (қалай?) ұшу қимылының амалын білдіріп тұр. Сөйте тұрса да бұлар үстеу бола алмайды.
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге келмейтін, грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздерді үстеу деп атайды.
§ 101. ҮСТЕУДІҢ ҚҰРАМДЫҚ ТҮРЛЕРІ.
Үстеулер құрамына қарай негізгі түбір үстеулер, туынды түбір
үстеулер және күрделі түбір үстеулер болып үшке бөлінеді.
1. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде кұрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы:
102
жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен,қазір т. б.
Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының -рақ, -рек, -ырақ. -ірек, және -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам — жылдамырақ, жылдамдау (жүр), тез-тезірек, тездеу (бер), ілгері-ілгерірек, ілгерілеу (отыр), кеш-кешірек, кештеу (кел) т. б.
2. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірге сіңісіп, кенеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар.
1) -ша, -ше: адамша (сөйлейді), балаша (күлді), бұлбұлша (сайрады), көзінше (айтты), ескіше (оқыған) т. б.
2) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикілей (әкелді), қыстай (дайындалды), осылай (жаз), ақшалай (берді) т. б.
3) -дайын, -дейін, -тайын, -тейін: (бұл -дай, -дей, -тай, -тей және -ын, -ін қосымшаларынан құралған құранды жұрнақ): тотыдайын (таранған), сұңқардайын (сыланған), бұлақтайын (саркылдап), жорғадайын (шайқалып) т. б.
4) -шама, -шеме (-ша+ма, ше+ме) және -шалық, -шелік (ша+лық, ше+лік) құранды жұрнақтар: осыншама (сөйледі), соншалық (қуанды), осыншалық (жүру) т. б.
5) -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше құранды жұрнақтар: айтпайынша (келмейді), оқымайынша (білмейді), тыңдамайынша (түсінбейді) т. б.
Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар:
1) барыс септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: бірге (жүр), кешке (қайт), босқа (жүрме), зорға (көтерді), текке (ұрысты) т. б.
2) жатыс септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: баяғыда (болыпты), аңдаусызда (сөйлеп қалды), қапыда (қалды) т. б.
3) шығыс септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: шалқасынан (құлады), кеңінен (әңгімелесті), шетінен (біледі), тосыннан (сөйледі) т. б.
4) көмектес септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: -жөнімен (айт), кезекпен (бар), шынымен (ойлады), ретімен
(жүрді).
3. Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің я сөздің бірігуінен, қосарлануынан, тіркесіп тұрақтануынан жасалады.
1) сөздің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер: жаздыгуні (жаз-дың+күні), таңертең (таң+ертең), ендігәрі (ендігіден+әрі), биыл (бұл+йыл), бугін (бұл+күн) т. б.
2) Сөздердің қосарлануы мен кайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: жоғары-төмен, анда-санда, жата-жастана, енді-енді, әрең-әрең, қолма-қол, бет-бетімен, қолды-қолына т. б.
103
3) сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеулер: күні бугін, ала жаздай, ертеден қара кешке, қаннен қаперсіз, күн ілгері, күн ұзаққа т. б.
§ 102. ҮСТЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.
Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрге бөлінеді: 1. Мезгіл үстеуі. 2. Мекен үстеуі. 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі. 4. Мөлшер үстеуі. 5. Күшейту (күшейткіш) үстеуі. 6. Мақсат үстеуі. 7. Себеп-салдар үстеуі.
1. Мезгіл үстеуі.
Мезгіл үстеуі қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б.
Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
2. Мекен үстеуі.
Мекен үстеуі, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай, қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-кимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т. б.
Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбіп немесе күрделі түбір бола береді.
4. Мөлшер үстеуі.
Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама?
104
қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мелшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? не қанша? деген сұраққа жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.
Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.
5. Күшейткіш үстеу.
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
6. Мақсат үстеуі.
Мақсат үстеу кимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т. б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі, келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді т. б.
7. Себеп-салдар үстеуі.
Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрактарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т. б.
105
Үстеудің мағыналық түріне қарай бөлінуінің кестесі.
§ 103. ҮСТЕУДІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, кейін, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай т. б.
2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым т. б. сөздер осылай айтылуынша жазылады. Бұлар: бұл + күн, бұл + йыл, қыстың + куні, жаздың + куні, ендігіден + әрі, ана + құрылым деген сөздерден біріккен.
Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бірғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сынарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.
106
3. Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-туні (істеді) т. б.
4. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сынары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т. б.
§ 104. ҮСТЕУДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әртүрлі сын-сипатын яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін. (М. Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ. Мұст).
Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), ерте (қашан көктемейтін?), бише (калай отырман?), жоғары (қайда кетерілу?) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (көпше III жақ), сонда (III жақ) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Кейде үстеу атау септікте тұрып заттанып келіп бастауыш қызметінде де жұмсалады: Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (макал). Бугін — мереке.
Күшейткіш үстеулер сапалык сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды (А). Мәжіліске ең қадірлі, ең шаңдаулы адамдар келмек.
Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдермен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.
Үстеуді талдау.
Үстеудің сөз түрлендіретін тұлғалары жоқ. Сондықтан әдетте сөйлем ішінде үстеуді тапқаннан кейін, біріншіден, мағыналық түрін (мезгіл, мекен сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, ссбеп-салдар), екіншіден, құрамын (негізгі я туынды түбір, күрделі біріккен, қосарланган, тіркескен түбір) ажыратамыз.
Пысықтау үшін сүрақтар:
1. Үстеудің мағыналық сипаты қандай? 2. Яғни үстеу нені білдіреді? 3. Үстеудің ерекшеліктері неде? 4. Үстеу қаңдай сөз
107
табымен тіркесіп қолданылады? 5. Үстеудің құрамдық түрлері қандай? 6. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды атап мысал келтір. 7. Үстеу тудыруда кейбір септік жалғауларының қандай мәні бар? 8. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып, мысал келтір. 9. Үстеудің мағыналық түрлері мен әрқайсысының ерекшеліктері қандай? 10. Үстеудің сөйлемдегі қызметі қандай?
ЕЛІКТЕУ СӨЗ.
§ 105. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: тырс (етті), сарт (етті), жалт (берді), саңқ (етті), былш (етті), шорт (сынды), гүрс (етті), тарс (айрылды), шіңк (етті), дұңк (етті), сырт (ете қалды), дыз (ете түсті), қолп (ете қалды), жалт-жұлт, қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, қаңғыр-күңгір, ыржың-ыржың т. б. Мысалдан анық көрінетіндей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарына есту арқылы және көру арқылы әр түрлі қимылдарына еліктеуден тұған. Мысалы: сарт (етті), саңқ (етті), гүрс (етті), қорс (етті), сарт-сұрт, бұрқ-сарқ, қаңғыр-күңгір, шарт (сынды), тасыр-тұсыр т. б. дыбысқа еліктеу білдірсе, жылт (етті), қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, далақ-дұлақ т. б. әр түрлі қимыл, іс-әрекетке, құбылысқа еліктеуді көрсетеді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе кайталанып келіп қолданылады.
Еліктеу сөздер айналадағы құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастарды бейнелі түрде дәл жеткізудің бір құралы болып табылады. Сондықтан да еліктеу сөздер көбіне көркем әдебиетте жиі қолданылады.
§ 106. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ.
Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбыска және жеке қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.
1. Еліктеуіш сөздер.
Табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз.
108
Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз, күрең, жирен, ала, шұбар, Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап (Ж. Ж.). Ырғалып қарга қарқ етті, ірімшік жерге салп еттіт (А). Еліктеуіш сөздер қөмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңк, етпеді, топ ете түсті, қор ете қалды, гүрс ете түсті, саңқ етті т. б. Еліктеуіш сөздер қайталанып, косарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір кызметте немесе жеке тұрып кимылдың амалын білдіреді. Мысалы: тарс-тұрс етті, дүңк-дүңк етті, ырс-ырс етеді, сарт-сұрт болды, шаң-шұң болды, арс-арс етеді, қорс-қорс етеді және қарш-қарш шайнайды, гүрс-гүрс шығады, бырт-бырт шайнайды, шарт-шұрт сынды, пыр-пыр ұйыктайды т. б.
2. Бейнелеуіш сөздер.
Бейнелеуіш сөздер — табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды (М. Ә.). Кенеттен шықкан дауысқа Ботагөз "е" деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (С. М.). Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды дау іші. (Ж. Ж.).
Берілген мысалдағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі рет сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бірден, тез тоқтатуды, жалт шапшаң бұрылып карауды, селк сөзі бейғам даланың (тау ішінің) бірден шоши козғалуын білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет комекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: Жалп ете түсті, жалп қарады, қалт етті, ербең етті т. б. Бейнелеуіш сөздер кайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, жалт-жұлт етті, жылт-жылт етті, жарқ-жұрқ етті, далаң-далаң жүгірді, бүгжең-бүгжең жүрді, қызараң-қызараң, етті, қиқаң-қиқаң етті, ербең-ербең етті т. б.
§ 107. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ТУЫНДЫ ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР.
Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды және күрделі түбір болып келеді.
1. Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен кимыл, іс-әрекетке тікелей еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тырс, күрс, дік, жылт, жалт, топ, шіңк, морт, қарс, ырс, борт, қыңқ, ірк, шаңқ т. б.
2. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден -аң, -ең, -ың, -ң жұрнағы жалғану аркылы жасалады.
109
а) негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер -арс-аң, борт-аң, болп-аң, елп-ең, жылт-ың, жалт-аң, томп-аң, быж-ың, кілт-ің, жымп-ың, сымп-ың т. б.
ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, жайқа-ң, иір-еқ, қызар-аң, сыла-ң т. б.
б) осы жұрнақ арқылы жасалған кейбір туыңды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтьш өлі түбірге айналып кеткен. Олардың түбірін түбірлес басқа сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арб-аң (арби), ерб-ең (ерби), жарб-аң (жарби), кірб-ең (кірби), адыр-аң (адырай, адырақ), ажыр-аң (ажырай), майм-аң (майми, маймақ), кірж-ің (кіржи, кіржік), қайқ-аң (қайқы, қайқи), күрж-ің (күржи), қылм-ың (қылми қылымси), соп-аң (сопи, сопай), сид-аң (сиди, сида) т. б.
3. Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туыңды еліктеу сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалады. Мысалы: борт-борт, гүрс-гурс, гүр-гүр, дүр-дүр, дір-дір, зырқ-зырқ, бүрсең-бүрсең, жалбаң-жалбаң, қожаң-қожаң, тарс-тұрс, арс-ұрс, баж-бұж, шоп-шұп, арбаң-ербең, адыраң-едірең, тапыр-тұпыр т. б.
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары (негізінен зат есім мен етістік) да жасалады. Мысалы: тарс-ыл, тұрс-ыл, сыр-ыл, ыңқ-ыл, бұлт-ақ, бүлк-ек, даң-ғыр, қаң-ғыр, дүң-гір т. б. еліктеу сөздерден -ыл, -іл, -л, -ақ, -ек, -ғыр, -гір жұрнақтары арқылы зат есімдер жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, қалб-ыра, күрк-іре, дүрк-іре, арбаң-да, ербең-де, бұраң-да, күбір-ле, қоқаң-да т. б. еліктеу сөздерден -ыра, -іре, және -ла, -ле, -да, -де жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған.
§ 109. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
Еліктеу сөздер негізгі я туынды түбір күйінде де, қосарланып я кайталанып күрделенген күйінде де көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады.
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп колданғанда, көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп басқа да қызмет атқарады. Мысалы: Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді (Ғ. Мұст). Жаппамыз теңселіп тұрғандай, астымыз дір-дір етеді (Ғ. М.). Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ыр етіп барып бас салды (М. Ә.). Қалт еткенді аңдып отыр. Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
Берілген мысалдағы көмекші етістікпен тіркескен мыңқ етпеді, дір-дір етеді деген еліктеу сөздер (Боқай қайтпеді? астымыз қайтеді?) күрделі баяндауыш болса, ыр етіп барып (қалай бас салады?) пысықтауыш, қалт еткенді (нені аңдып отыр?)— толықтауыш, елең еткен (қандай адам?)— анықтауыш қызметін атқарып тұр.
Еліктеу сөздер қайталанып, я қосарланып келіп негізгі етістікке тіркесіп, қимылдың амалын, бейнесін, білдіріп пысықтауыш қызметін аткарады. Мысалы: Колхоздың қара сабалары күмп-күмп пісілді. (Ғ. М.). Ардақ томп-томп желеді, екі ұрты
110
бүлк-бүлк қозғалады (Ғ. М.). Бұл мысалда еліктеу сөздер қимылын пысықтауыш болып тұр: Қалай пісілді?— күмп-күмп, қалай желеді?— томп-томп, қалай қозғалады?— бүлк-бүлк.
ШЫЛАУ.
§ 109. ШЫЛАУ СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Тілімізде толық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін (А). Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр (Ғ. Мұст.). Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын (М. Ә.). Бұл мысалдағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және (ертегіні) термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра (сабактастыра) байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салаластыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңгай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар:
1. Шылаудың толық мағынасы болмайды.
2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
4. Шылаулар түрленбейді және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Шылаулар — лексикалык мағынасынан айырылу нәтижесінде туған көмекші сөздер.
Шылау сөздер білдіретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулык, шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.
§ 110. СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР.
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Бұл тұрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсайды. Септеулік шылаулар мьшалар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін,
111
шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.
Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі- қызмет атқарады Біріншісі — түбір я белгілі септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. мысалы: Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті (Ғ. М.). Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (А). Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Ә.). Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы. (Ғ. Мұст.). Мысалдагы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста, сайын септеулігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік катынаста, кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байла-ныстырып, сөз тіркестерін құрап тұр.
Екіншісі — септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келеді де, сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемді мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынаста байланыстырып тұрады. Мысалы: Қорғана жүрерлік күнәсі болмаған соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр. (Ғ. М.). Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті. (С. М.) Мысалдағы соң, сайын септеуліктері мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып тұр. Септеуліктер орыс тіліндегі "предлогтар" деп аталатын көмекші сөздерге жақын.
Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жұмсалып тұрған сөзге косымша мән үстейді әрі оны екінші бір сөзбен сабақтастыра байланыстырып, сөз тіркесін құрайды немесе екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.
Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердін шылауында айтылады. 1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге.
Достарыңызбен бөлісу: |