Құжат тақырыбы



жүктеу 1,55 Mb.
бет19/32
Дата02.06.2022
өлшемі1,55 Mb.
#38828
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
веб технолог


Қызметі қолданымға кеңінен енген мерзім барысында мультимедиа да кеңінен тарай бастайды . Себебі HTML тілі Web парақтарында мультимедиялық обьектілерінің пайда болуына бірден үйлесіп кете алмады . Бейне және дыбыстық файлдар бүгінгі күнге дейін қосымша жалғанған және тіркелген қосылғылар арқылы жарыққа шығарылатын «сыртқы» обьектілер ретінде қарастырылуда . Мультимедияның бейне және дыбыстық файлдары әртүрлі форматтарды қолдана алады . Күнделікті қолданып жүрген форматтар , оны қайта бейнелеу мүмкін болғанға дейін файлдың толық көрініс беруін талап етеді . Бүгінгі күні ағымдық форматтар мәліметтерді жадыдан шығару барысындағы нақты уақыт кезінде дыбыс пен бейне көріністерді жарыққа шығару мүмкіндігін береді.
Интернеттің ағымдық форматтарында радиохабарлар беріледі. Мысалы: Ресейде осындай формат арқылы «күміс жаңбыр» радиостанциясы хабар таратады[26].
Web параққа мультимедиялық объектілерді енгізудің ең қарапайым әдісі бұл «А» гиперсілтеме тегін пайдалану. Осындай сілтемені қалыптастыру ең жеңіл нәрсе . Бұл жағдайда мультимедиялық файл оқырманды HTML құжатындағы басқа мазмұндық мәліметтерден назарын аудартпайды. Кейбір жағдайларда дыбыстық немесе мультимедиялық файлды тікелей Web параққа енгізу талап етіледі. Мысалы: аталмыш файлды автоматты түрде жарыққа шығару үшін қайсыбір аталмыш операцияларды жүзеге асырады. Бүгінгі күні бұл мақсатқа жету үшін HTML стандартына қатаң түрде кірмегеніне қарамастан «EMBED» тегін қолданған ыңғайлырақ. Бұл тегтерді кеңінен тараған екі броузерлер арқылы тану мүмкіндігін аламыз. Олар Internet Explorer , NextCupNavigaition . Алайда мультимедиялық файлды жарыққа шығару мүмкіндігін тек қана қосалқы ретінде жалғанған тиісті қосымшалар арқылы ғана анықтайды.
«EMBED» тегі дара болып табылады. Себебі оған жабылатын тег талап етілмейді. Оның міндетті SRC= атрибуты бар. Оған қоса width , height атрибуттарын да пайдалану мүмкіндіктері бар. Олар мультимедиялық объектіні жарыққа шығару үшін бөлінген, экрандағы тік төртбұрыш аумақтағы өлшемдердің (ені, биіктігі) мәнін анықтайды. Елбасының жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында: Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың 2 тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағытын құру міндеті де алдымызда тұр делінген, сондай-ақ он жетінші бағытының үшінші тармақшасында Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәжірибе үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге , электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағытының бірі, себебі, 21-ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Кез келген бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстың қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау. Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам – Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайтты бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің құпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.21-ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 21 ғасыр- ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Кәсіптік лицейдің ақсаты – оқушының бойындағы қабілеттерін дамытып, рухани күшін нығайтып, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдана білуге баулу. Оқушылардың өз мамандығына қызығушылығын арттыру басты назарда болуға тиіс. Осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы – сабақта оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылғандығы. HTML тілінде Web-парақтар жасау программалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Мәтіндерді байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төменгі іс-шаралардың қолданудың маңызының зор екендігін байқадым:

  • Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қаьылдаужылдамдылығынескерц арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіңдіктерін пайдалану.

  • Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

  • Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдір.

Сабақ материалы PowerPointпрезентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Жұмыста теориялық талддау әдістері, баяндау, салыстыру, сараптау, модельдеу, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау әдістері қолданылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы:



  • Студенттің дара тұлғалық қабілеті мен ойлау дағдыларын қалыптастыру бағытында информатиканы меңгертудің ұтымды амал-тәсілдері анықталды.

  • Коммуникациялық жүйені пайдалана отырып, HTML тілінің көмегімен Web-парақтарды құру әдістемесі ұсынылды;

  • Оқушыларға Web-парақтарды құруға қажет және білім, білік, дағдысын жетілдіретін кешенді жаттығулар, өздік жұмыстар, тестілік тапсырмалар беріліп, оларды игерудің жолдары көрсетілді;

  • Ақпараттық құралдар арқылы іс Web-парақтарды жасау сөйлесім әрекетінің (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім) іске асу тиімділігі анықталды;

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:


-информатиканы оқыту арқылы студенттердің теориялық білімін, біліктері мен дағдысын жетілдіру арнайы іріктелген білім мазмұны мен жаттығулар, тапсырмалар кешені және осы мақсатта ұсынылған оқу әдістемелік жүйе негізінде жүзеге асырылады;
-қашықтан оқыту формалары материалық-техникалық базаны кеңейтуге, кәсіби білім беру мазмұнын электронды жүйеге көшіруге негіз болады. Нәтижесінде мамандарды қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде дайындау мүмкіңдігі артады;
- қашықтан оқытудың түрлі нұсқаларын ұсыну студенттердің ақпараттық құралдармен жұмыс істеу сауаттылығын арттырады;
- қашықтан оқытуда қолданылатын кейс, корреспенденттік, желілік, іскерлік ойындар модельдерді студенттің тілдік-қатысымдық біліктері мен дағдысын жетілдіреді, білімдік пәнаралық, интеллектуалдық, тестілік, тапсырмалар студенттердің өзін-өзі басқаруын, ұжымдық өзара белсенділік әрекеттерін арттыруға, іс жүргізуге қатысты құжаттарды толық игеруге, сауатты толтыруға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде:
-Ұсынымның ерекшелігі – оқушылардың оқытушылармен байланысын қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа ақпараттық құралдар арқылы оқушылармен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың заңды жүзеге асуы. Қашықтан оқыту үрдісі барысында оқушылар арасындағы ақпарат алмасу қарқыны оқушылар мен тьюторлардың(оқытушы-кеңесші) арасындағы байланысқа қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетті;
- HTML тілінің көмегімен Web-парақтарды құру жүйесі жаңа ақпараттық технология құралдары арқылы жүзеге асырылатындықтан, барлық оқу материалдарын, кешенді тапсырмалар, өзіндік жұмыстар жинағын, тағы басқа да қажетті ақпараттарды бір жерде жинақтап, сақтау өте маңызды болып табылады. Себебі, оқушы кез-келген тақырыпқа қатысты деректер іздеген кезде өзіне қажет материалды ақпараттар қорынан тауып алуға тиісті. Қашықтан білім алатын оқушы себепті жағдайлармен іссапарға кетуі, шетелдерге шығуы мүмкін. Сондықтан оған жөнелтілген білім көздері ақпарат қорында сақталуы қажет. Іссапардан келгеннен кейін студент өзіне тиісті тапсырмаларды осы ақпарат қорынан ала алады.
Бардық құжаттар ағымы оқу үрдісі кезінде компьютер арқылы беріледі.қажетті тапсырмалар, толтыруға арналған жаттығулар, басқа да сұрақтар осы жаңа ақпаратты құралдар арқылы (компьютер немесе электронды пошта) жөнелтілетіндіктен, оқушылар жауаптарын кері байланысқа шыға отырып, қайта жаңа ақпаратты құралдар арқылы жіберіп отырады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде мұндай жағдай педагогикалық ұжымды, оқытушыны мақсатын нақты коюға, табысқа қол жеткізу жолында шығармашылық жұмыстарды іздестіруге жетелейді. Қашықтықтан оқыту барысында оқушының ойлау, танымдық қабілеттері айқындалып, жетілдірілгендіктен, оқу үрдісінің формасы, мазмұны мен әдіс-тәсілдері білім алушының жеке психикалық күйімен, оның даму үдерісімен тығыз байланыста болады. Ол оқытушыдан, жанында өзімен бірге оқитындардан көмек күтпей сабаққа деген жауапкершілігін жақсартады. Өзіне деген сенімділігі басым болады. Ал өз-өзіне сенімді адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болатыны түсінікті. Қашықтан оқитын оқушы барлық оқу материалдары мен тапсырмаларды тұратын жерінде, өзі игеріп, орындайды. Бұл оны өзін-өзі толықтай басқарып, барлық іс әрекетіне жан-жақты жауап беруге жетелейді. Қорытындылап айтар болсақ, жоғарыда айтылған міндеттерді, оларды орындауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана информатиканы оқыту барысында компьютерлік оқу құралдарын пайдалану арқылы оқытудың мазмұнын, оқыту әдістемесін анықтау аламыз. Web-құжаттарды командалар арқылы тек қарапайым мәтіндік редакторларда ғана емес, басқа да көптеген HTML-редакторларда дайындауға болады(CorelWebDesinger, Frontpage, Microsoft Word).
Кәсіптік білім беруде күрделі де маңызды бір мәселе оқушыны болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үрдісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үрдісін белсенділендіру- берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үрдісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б.
Қоғамымыздың қазіргі даму қарқыны елімізде барлық салаға түбегейлі өзгерістер енгізуді, техниканы және компьютерлік технологияларды қолдануды қажет етеді, бұл өзгерістер енгізуден маманның кәсіби дайындығының жоғары болуы талап етіледі.





жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау