Құжат атауы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата10.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

19 
 
қамтамасыздандыру  орнатылған  және  интернет  желісіне  қосылған 
компьютерлер.  Желіге  қосыла алатын  пайдаланушылар,  бұл  ақпаратты 
программ  клиенттер  көмегімен  алады,  оларды  WWW-  құжаттарын  көру 
программалары  деп  аталады.  Осы  кезде  көру  программасы 
компьютерлік  желі  арқылы  қажетті  құжаты  бар  файлды  сақтайтын 
серверге  сұраныс  жібереді.  Сервер  сұранысқа  жауап  ретінде  көру 
(байқау) программасына осы қажетті файлды жібереді немесе файл қол 
жеткіліксіз болса, келіспеу хабарламасын жібереді. Клиент-сервер өзара 
қатынасы хаттама бойынша орындалады.  
WWW-
да  қабылданған  хаттама,  HyperText  Transfer  Protocol  (HTTP)  
деп аталады. 
Гипермәтін  және  гипермедиа.  WWW–дағы  ақпарат  құжат  түрінде 
көрсетеді,  олардың  әрқайсысы  ішкі  сілтемелерді  және  де  осы  немесе 
басқа серверде сақталынатын құжаттарға сілтемелерді қамтиды. 
Веб-бет-кішігірім  мәтін  не  үлкен  мәтіннің  бір  бөлігі.  Веб-беттерге 
сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа да веб-бетте жазылған сөз 
не  сөз  тіркестері  арнайы  команда  бойынша  белгіленіп  қойылады.  Оны 
гиперсілтеме  деп,  сілтеме  енгіздірілген  мәтінді  гипермәтін  деп 
атайды.  Гиперсілтеме  үшін  мәтін  үзіндісінің  қысқаша  мазмұнын, 
тақырыбын  не  суретті  белгілеу  де  мүмкін.  Экранда  көрінген  веб-бетте 
гиперсілтеме  басқа  түске  боялады,  асты  сызылып  көрсетіледі.  Оның 
қарапайым  мәтіннен  айырмашылығы  –  гипермәтінде  кесте,  сурет  және 
басқа  да  элементтер  болады.  Гипермәтіндер  интернет  құрылымының 
негізін құраушы болып есептеледі. Себебі мұндай форматты интернетте 
пайдалану оңай, әрі ыңғайлы.
 
Гипермәтін  сөзіндегі  «гипер»  сөзі  грек  тілінен  «үстінде»
«жоғарыда»  деп  аударылып,  ағылшын  тіліндегі  “super”  cөзінің 
мағынасына  сәйкес  келеді.  «Гипермәтін»  және  «гипермедиа» 
терминдерін  америкалық  әлеуметтанушы,  философ,  АТ  (ақпараттық 
технология)  саласын  алғашқы  зерттеушілердің  бірі  Тед  Нельсон  1963 
жылы  айналымға  енгізді  және  1965  жылы  кең  қолданысқа  ие  болды. 
Автор 1992 жылы шыққан “Literary Machines” кітабында бұл екі терминге 
мынадай  түсініктеме  береді:  «Қазіргі  таңда  «гипермәтін»  сөзі  мәтінді 
тармақтандыру  және  оған  жауап  беру  ретінде  қабылданып, 
сәйкесінше  «гипермедиа»  сөзі  график,  аудио-  бейнелерді  тарату  мен 
хабарласу  жиынтығы  болып  есептеледі.  Бірақ  оның  орнына  ақылға 
қонбайтын «интерактивті мультимедиа» сөзін қолданады, бұл жерде 
төрт буын артық және ол гипермәтін сөзінің кеңейтілген мағынасын 
бере алмайды».   
Гипермәтіннің  даму  тарихына  қысқаша  тоқтала  кетейік.  1963  жылы 
Тед  Нельсон  алғаш  рет  сілтемелері  бар  контентті  енгізу  мен  қолдану 
үшін  «гипермәтін»,  «гипермедиа»  терминдерін  қолданды.  Ол  кейінірек 
1967 жылы Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика 
ғылымының  профессорымен  бірігіп,  мәтін  редакциялаушы  Hypertext 


20 
 
Editing  System 
(аудармасы  «Гипермәтін  Редакциялаушы  Жүйе») 
жобасын жасайды.  
Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы  – Aspen 
Movie Map қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды 
және  оның  көмегімен  қолданушылар  көлікпен  жүрер  жолдарды  таңдай 
алды.   
Мультимедия:  ақпарат  мәтін  түрінде  ғана  емес  екі  және  үш 
өлшемді графика, бейне және дыбысты да кірістіреді.  
3) HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы 
НТТР  –  гипермәтінді  беру  хаттамасы,  веб-браузер  мен  веб-
серверлермен  араласуының  негізі  болып  табылады.  Ол  браузер  мен 
серверді программалық қосу үшін қолданады.  
Веб-браузер  НТТР  арнайы  командасы  түрінде  сервермен  қосылу 
үшін  сұранысты  жібереді.  Егер  сұраныс  қанағаттандырылса,  браузер 
серверде бар файлды сұрайды. Егер ол бар болса, файл жіберіледі, ал 
пайдаланушы онымен не істейтінін өзі біледі. 
НТТР  хаттамасынан  басқа,  файлдарды  тасымалдау  хаттамасы 
(FTP),  электрондық  пошталы  хабарламаларын  алмастыру  хаттамасы 
және  (POP, SMTP) т.б. 
4) 
Ақпапраттық ресурстар көрсеткіші (URL) 
Көптеген  Интернет  қызметтеріне  ену  -  адрес  схемасы  көмегімен 
жүзеге асады,сол арқылы қызықтыратын құжатты тез табуға болады.Әр 
қызмет типінің адрес форматы болады. 
Көптеген Веб-беттерді іздеп табу үшін немесе іздеуге арналған Веб-
сервер терезесін экранға шығару үшін IE(INT.EX-R) терезесінде олардың 
адрестерін  енгізу  жеткілікті.Түрлі  желілер  мен  іздеу  құраладарының 
адрестері  көп,  оларды  URL  адрестері  деп  атайды.(Uniform  Resource 
locator-
ресурстардың стандартты адресі). 
URL келесі түрде жазылады: 
                 
Хаттама ://Интернет_адресі/жол/файл_атауы. 
Немесе 
                
Хаттама : Интернет_адресі. 
Мысалы:  http://www.microsft.com/windows/index.html  мұнда  URL 
форматына 
сәйкес, 
http://-
протокол, 
Microsoft.com 

Microsoft 
компаниясының  веб-сервер  адресі;  index.html-  windows  бумасындағы, 
ізделінді файл атауы. 
        URL-
дің екі жетістігі бар: 
1. 
Олар  Интернет-ресурстың  типін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Мысалы,  URL  http-дан  басталса,  жұмыс  сол  хаттама  бойынша 
жүргізіледі. 
2.  URL-
дегі адрестеу жүйесі интернеттегі әрбір құжатты, программаны 
немесе файлды идентификациялауға мүмкіндік береді. 
Кесте-1. URL-де қолданылатын хаттамалар 
хаттама 
......қол жету  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау