21
Ftps://
File://
ftp://
sopher://
news://
news:
mailto:
telnet
Кейбір шифрі бар HTTP (веб)-серверлерге,
Сіздің қатты дискіңіздегі HTML-құжаттарына,
FTP-
серверлеріне және файлдарына,
Gopher-
мәзірлері және құжаттарына,
Usenet жаңалықтар тобының серверлеріне,
---
Электронды поштаның анықтамасын адресіне
Ескерту: mailto, news, telnet хаттамалары URL синтаксисіне әртүрлі
талаптар береді. mailto-дан кейін e-mail-дің кәдімгі адресі; news-тан соң
жаңалықтар тобының атауы; telnet-тен соң сервер адресі жазылады.
5) FTP-
файлдарды тасымалдау хаттамасы
Файлдарды тасымалдау хаттамасы интернет серверінде файлдар
түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін
FTP атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (File Transler Protocol -
файлды тасымалдау хаттамасы).
Файлдар барлық компьютер серверінде сақтала бермейді. Оларды
сақтап FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер
(файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлері деп
атайды.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес
өрісіне файл серверінің адресін, мыс, FTP://ftp.relcom/ru/ сияқты адресті
енгізу керек.
Бақылау сұрақтары:
1.
Веб сайт дегенде қалай түсінесіз?
2.
WWW, гипермәтін, гиперсілтеме деген не?
3.
Интернетте қолданылатын қандай хаттамаларды білесіз?
4.
Файлдарды тасымалдау хаттамасының қызметі?
Тақырып №5
HTML ГИПЕРМӘТІНДІК ТІЛІ КӨМЕГІМЕН ВЕБ-БЕТТЕРДІ ҚҰРУ.
Жоспары:
1.
HTML тіліне кіріспе. Тілдің атқаратын қызметі, командалары.
2.
HTML құжатының құрылымы.
3.
Қаріп стильдерін басқару. Физикалық және логикалық стильдер.
4.
Құжаттағы түстерді анықтау.
1)HTML
–ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын
қызметі, командалары.
Белгілеу тілі туралы түсінік. Белгілеу тілі – бағдарламалау
тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі –
символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен
синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған
22
мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген
сөздер немесе тақырыптардан құралады.
«Белгілеу» (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі
«marking up» сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді
білдіреді. «Белгілеу» сөзі сонау дәстүрлі баспахана тәжірибесінде
қолданылып, баспаға жібермес бұрын арнайы шартты белгілер мен
таңбалар арқылы қолжазбаға түзетулер енгізуді білдірген. Осылай
«белгілеушілер» (markup men) мәтіннің әрбір бөлігіне шрифтердің
гарнитурасын, стилін, өлшемін көрсетіп отырған. Ал қазіргі кезде бұл
қызметті редакторлар, корректорлар, графикалық дизайнерлер, сондай-
ақ авторлардың өздері атқарады. Белгілеу тілін компьютерлік мәтіндерді
өңдеуде қолдануды алғаш рет 1967 жылғы Конференцияда Уильям
Танниклифф ұсынды. Ол өз жаңалығын «әмбебап кодтау» (ағылшынша
«generic coding») деп атады. Форматталған мәтінге қатысты барлық
қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері қолданылады: типографияда
(SGML,
TeX,
PostScript,
PDF),
компьютердің
қолданушы
интерфейстерінде (Microsoft Word, OpenOffice), әлемдік желіде (HTML,
XHTML, XML, WML, VML, PGML, SVG, XBRL).
HTML тілі жайлы. Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup
Language - HTML)
– веб браузерде веб-беттерді және басқа да
ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып
есептеледі.
Қазіргі кезде Web–парақты құру үшін HTML тілі (Hypertext Markup
language
– гипермәтінді бөлу тілі) қолданылады, яғни құжатқа қойылатын
тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды,
құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW
айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты,
адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу
жабдығының бар болуы болып табылады .
HTML гипермәтіндік тілін 1989 жылы World Wide Web гипермәтіндік
жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде
Тим Бернерс – Ли ұсынғаны белгілі. Гипермәтінді бөлу негізіне құжаттың
әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде
көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған.
Өзінің мәні бойынша тегтер бағдарламалау тілдеріндегі «BEGIN/END»
жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML
атауларының арасындағы амалдардың облысын білдіреді, құжаттағы
мәтіндік элементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды
және т.б.
HTML-
дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацтар
белгілеу, гипермәтінде арнайы белгілер орнату.
HTML форматында орындалатын бөлек құжат HTML – құжаты
немесе Web – құжаты немесе Web – бет деп аталады.
23
Бір авторға немесе бір басылымға жататын және ортақ
гиперсілтемелер мен өзара байланысқан web-беттер тобы web-түйін
және web-сайт деп аталатын құрылымды құрады.
HTML тілінің атқаратын қызметі.
Web-
парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен,
HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір
тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайданалады. Сол себепті жаңа ғана
зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей
алатын браузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS
жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің
көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі
болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web-парақтарының
мәтіндері зағиптарға арналған Браиль қаріптері арқылы берілсе, оның
нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр
онда HTML түрлі браузер программалармен көретіндіктерін ескерсек,
HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған
тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын
қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын
құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, коды оны
тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды
алынған соң, оны браузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны
үлкейтіп ірі әріптерімен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының
ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат
мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып
қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс
жасалуы да мүмкін.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету
керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны
безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.
Мысалы, HTML тілінің соңғы [4.0] нұсқасында мәтінді пішімдеу
командаларын пайдалану ұсынылмаған.
2) HTML құжатының құрылымы.
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу
тегтерінен тұрады да, қарапайым символдар жиыны болып табылады.
Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редактордың бірін, мысалы
Windows ортасындағы Блокнотты, пайдалана беруге болады.
Web-
бет ... тегтерінде орналасып, екі бөліктен
тұрады: атауы және браузерде бейнеленетін мазмұны.
Парақ тақырыбы ... тегтерінде орналасады.
Тақырып құрамына ... тегтерінде орналасатын және
браузер терезесінің жоғарғы жолында бейнеленетін беттің тақырыбы
кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |