Ескерту Оқиғаны өндеуші – бұл оқиға суреттелетін және пайда
болу нәтижесінде кейбір әрекет орындалатын, мысалы, орындалуға
JavaScript функциясы енгізілетін, код үзіндісі.
2.4.2. Date объектісі.
Аргументтер жоқ кезінде Date( ) әдісі Date объектісін құрады, оның
мәні ағымды күнмен уақыт болып табылады. Date() әдісінің аргументі
ретінде жаңа объект үшін күн және уақыт беріледі. Date объектісі
JavaScript-
ке және HTML-ге кірістірілген. Мысалы,
D=new Date ( ) //бүгінгі күн мен уақытты алу. Мысал-1. БатырмағаОnClick оқиғасын қолдану.
Уақыты:
Күні: тегіне алынғанonLoad оқиғасымен өңделіп
шақырылады. бөлімінде мәтінді енгізу үшін форманың екі
элементі бар. Clock() функциясы осы екі элементке уақыт пен күнді
жазады. Ол үшін timeStr және dateStr екі жолы қолданылады.
Минуттың саны timeStr жолына енгізіледі. Егер бізде 10 минуттан аз
болса, онда оның алдына 0 жазу керек:
if (minutes < 10) timeStr+= ":0" + minutes else timeStr+= ":" + minutes;. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. JavaScript
тілінің қандай оқиғалары мен объектілерін білесіз? 2.
ОnLoad оқиғасың қызметі қандай?
3.
onClick оқиғасың қызметі қандай?
4.
Date объектісі не үшін арналған?
173
3. MICROSOFT FRONTPAGE БАҒДАРЛАМАСЫ Практикалық жұмыс №3.1 MS FrontPage бағдарламасында қарапайым web-бетті құру. Жұмыстың мақсаты:MS FrontPage бағдарламасында қарапайым web- беттерді құруды, мәтінді форматтауды, жүгіртпе жолды, өзгермелі батырмаларды құруды, суретті кірістіруді үйрену. Қысқаша теориялық мағлұматтар: 3.1.1. MS FrontPage бағдарламасының интерфейсі. Microsoft FrontPage Microsoft Office қолданбалы бағдарламалар
пакетінің құрамындағы Web-беттерді құрушы бағдарлама.
FrontPage бағдарламасында әр түрлі тақырыптағы Web-беттерді
құруға көмектесетін арнаулы шаблондар мен шеберлер жинақталған.
Мәтінді форматтау үшін арнаулы динамикалық әсерлерді қолдануға
болады. Бағдарламада кестелермен жұмыс, суреттерді, бейнелерді,
дыбыстар мен бейнеларды кірістіру жолдары да қарастырылған.
Бағдарламаны іске қосу үшін: Пуск
Все программы
Microsoft Office
Microsoft Office FrontРage 2003.
Microsoft компаниясының өнімі болғандықтан жалпы көрінісі мәтіндік
Word редакторына ұқсас.
Сурет-3.1.1. MS FrontPage 2003 бағдарламасы. Бағдарламада Web-беттердің құрылымын көруге мүмкіндік беретін 6
тәсілі бар, олар дәрісте берілген.
3.1.2. MS FrontPage бағдарламасында Жаңа Web-бетті құру. Жаңа Web-бетті FrontPage бағдарламасында мына жолдардың бірі
арқылы құруға болады:
1) «Стандартты» құрал саймандар тақтасындағы «Новая страница» батырмасын шерту арқылы;
174
2)
«Файл - Создать - Страница немесе Web-узел» командасы
көмегімен;
3) Ctrl+N пернелер комбинациясын басу арқылы.
Сурет-3.1.2.
MS FrontPage бағдарламасында арнаулы шаблондар көмегімен сайт
ұйымдастыруға болады. Ол үшін Создание тақтасындағы бөлімнен
«Другие шаблоны Web-узлов...» командасын таңдау керек. Сонда MS
FrontPage бағдарламасы Сізге жаңа құжатты арнаулы шаблон көмегімен
құруды ұсынады. Ол үшін 3.1.2-суреттегідей сұхбаттық терезеден
қажеттісін таңдау керек.
Сурет-3.1.3.
«Другие шаблоны Web-узлов...» командасы .
Тапсырма-1. «Паскаль бағдарламалау тілі» тақырыбына веб-торап құру керек. Бұл торапты байланыстыратын 3 қарапайым веб- беттерді құру керек. 1)
MS FrontPage (Пуск – Программы - Microsoft Office - Microsoft Office
FrontPage) бағдарламасын іске қосыңыз.
2)
Файл – Создать командасын таңдап, оң жақта пайда болған
тақтадан «Другие шаблоны Web-узлов» командасын таңдаңыз.
3)
Пайда болған сұхбаттық терезеден «Пустой веб-узел» шаблонын
таңдау керек.