4
3. MICROSOFT
FRONTPAGE БАҒДАРЛАМАСЫ.......................... 173
3.1. Практикалық жұмыс №3.1. MS FrontPage бағдарламасында
қарапайым web-бетті құру................................................................
173
3.2. Практикалық жұмыс №3.2. MS FrontPage бағдарламасында
қарапайым web-торап
құру...............................................................
181
4.
ADOBE
DREAMWEAVER БАҒДАРЛАМАСЫ............................ 190
4
.1. Практикалық жұмыс №4.1. Қарапайым HTML-бетті құру........ 190
4
.2.Практикалық
жұмыс
№4.2.
Dreamweaver
бағдарламасындағы гиперсілтемелер, кестелер, суреттер..........
194
4.3.Практикалық
жұмыс
№4.3.
Adobe
Dreamweaver
бағдарламасы көмегімен қарапайым сайт жасау...........................
201
5. РНР ТІЛІ......................................................................................... 216
5.1.
Практикалық жұмыс №5.1. PHP тілімен танысу...................... 216
5.2.
Практикалық жұмыс №5.2. PHP тіліндегі айнымалылар мен
операторлар......................................................................................
223
5.3.
Практикалық
жұмыс
№5.3.
PHP
тілінің
басқару
конструкциялары...............................................................................
228
Глоссарий.......................................................................................... 234
Қорытынды........................................................................................ 236
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................ 237
5
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға
аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық
бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің
дамуы келешекте барлық оқу орындарында білім беру қандай бағытта
өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады. Адамзат өркениетінің даму
қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі уақытта индустриалдықтан
ақпараттық қоғамға өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа
ақпараттық технологияларды оқыту саласында, бизнесте, өндірісте,
ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың
жаңа деңгейін жасайды.
Web-
дизайн – визуалды электронды веб-беттерді, сайттарды
дайындау тәсілі. Web-дизайн негіздері – студенттердің бастапқы веб-
беттерді құру жұмыстарын үйренуге, яғни HTML гипермәтіндік тілімен,
Javascript тілінің негіздерімен, MS FrontPage, Adobe Dreamweaver
бағдарламаларымен, PHP тілімен жұмыс істеп үйренуге бағытталған
курс болып табылады.
Бұл курсты оқу нәтижесінде студенттер келесі біліктер мен
білімдерді алу керек:
- web-дизайн түсінігі, тарихы және даму бағыты туралы жалпы
көрсетілімін білу;
- веб-беттерді құрылымымен танысу;
- веб-беттерді құру тәсілдерін білу;
- HTML гипермәтіндік тілімен жұмыс істеп үйрену;
- динамикалық HTML-құжаттарын құрастырудық заман талаптарына
сай әдістері мен құралдарын білу;
- HTML
және
JavaScript
тілдеріндегі
бағдарламалар
мен
алгоритмдерді жасау туралы түсінікке ие болу;
- HTML, JavaScript, PHP тілдерінің және MS FrontPage, Adobe
Dreamweaver
бағдарламаларының мүмкіндіктерін білу;
- HTML, JavaScript, PHP тілдерінің және MS FrontPage, Adobe
Dreamweaver
бағдарламаларының құралдарының қызметтерін білуге;
- сайтты құру тәсілдерін меңгеру;
- MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламалары көмегімен
Web-
сайттар құру;
- Web-сайттар жасау мен оларды Internet-тің Web-серверлерінде
орналастыру мен түзетуге қатысты практикалық дағдыларды меңгеру.
«Web-дизайн негіздері» оқу құралында теориялық және практикалық
сабақтарға арналған материалдар қамтылған, әр тақырып соңында
бақылау сұрақтары мен өзіндік тапсырмалар берілген.
«Web-дизайн негіздері» курсы бойынша практикалық жұмыстың
әдістемесі - әрбір тақырып бойынша үйренген теориялық білімді
6
практикалық тапсырмалар арқылы толықтыруға арналған оқу-
әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Мұндағы жұмыстар «Web-дизайн негіздері» курсын оқытудың жалпы
тақырыптық жоспарына, яғни оқу пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес
жазылған. Студенттер өткен материалды тәжірибе жүзінде пайдаланып,
өз білімдерін тексере алады.
7
Теориялық сабақтар
Тақырып №1
ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІ.
Жоспары:
1.
Дизайн тарихы және түсініктемесі.
2.
Композиция және оның негізгі ережелері.
1) Дизайн тарихы және түсініктемесі.
Дизайнның нақты пайда болу мерзімін айту қиын. Қазіргі түрдегі
дизайн XX ғасырдың басында, өнеркәсіп өндірісі дамығанда пайда
болған. Өнеркәсіптік дизайн (немесе дизайн) ұғымы бүкіл әлемде 1959
жылы қолданыс тапқан.
«Классикалық» дизайнда екі негізгі бағытты атап өтуге болады:
неміс (Баухаус) және Ресейлік (ВХУТЕМас). «Баухаус» құрылыс және
мәдениет құрылымының жоғарғы мектебі Германияда 1919 жылдан 1933
жыл аралығында болған, бірақ оның идеяларының ықпалы қазіргі
дизайнда сақталып келеді. Мәскеу мемлекеттік жоғарғы мәдениеттік-
техникалық шеберханалары (қысқаша ВХУТЕМас, (қаз. ММЖМТШ)) 1920
жылы құрылған.
Дизайн әлеміндегі толық төңкеріс компьютерлердің пайда болуына
ықпал жасады. Бірінші графикалық бағдарламалар «Амигте» болған
(Мыс, Graficraft), бірақ олардың аспаптары шектеулі болатын. Одан кейін
басқа да күрделі графикалық пакеттер пайда бола бастады.
Компьютерлік графиканың дамуына Ulead компаниясы үлкен үлес қосты.
90-
шы жылдардың басында ДК үшін Photostyler бағдарламасы алғашқы
болды, бірақ оны бірнеше жылдан кейін Photoshop бағдарламасы
алмастырды.
Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық
пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрі.
Дизайн дегеніміз - форманы мазмұнынан нақты объектілерді
формальді (немесе абстракты) объектілермен алмастырып бөлу.
Дизайнның 3 түрі бар:
1.
графикалық дизайн;
2.
өндірістік дизайн;
3.
архитектуралық ортаның дизайны.
Графикалық
дизайнның
жобалау
объектілері
қаріптер,
пиктограммалар, фирмалық стильдер, түрлі визуалды коммуникациялар
және т.б. болып табылады.
Өндірістік дизайнның жобалау объектілері машиналар, құрылғылар,
жиһаз, ыдыс, киім болып табылады.
Архитектуралық ортаның дизайнын жобалау объектілері интерьер
дизайнымен қоса, үй салу және олардың комплекстері болып табылады.
Футородизайн дегеніміз - қазіргі таңда қандайда бір себепті
қолданыла алмайтын болашақтық жобалардың дизайны.
Достарыңызбен бөлісу: |