«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет6/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

13 



        Рахымжан  Отарбаевтың  әрбір  шығармасының  өзіндік  орны  бар.  Жарық  көріп,  жазылғанына  он 

жыл болған, республикалық конкурста екінші орын алса да, ешбір театр қоюға тәуекел етпеген «Бас» 

деген  пьесасы  Махамбетке  Өтемісұлының  рухына    арналған.  Режиссерлердің  өзі  оқып  көріп, 

магиялық күшке ие деп есептейтін бұл шығарма, расында, ерекше. Осы аттас Рахымжан Отарбаевтың 

романы  да  бар.  Оның  ішінде  Махамбет  жайлы  сөз  қозғалмайды,  айқай  соғыс  та  жоқ,  тек  бүгінгі 

күннің  пенделік  тірлігі  суреттеледі.  Онда  оқиға  былайша  бастау  алады:  Махамбеттің  сүйегін 

Қаройдан  кезінде  антрополог  Ноэль  Шаяхметов  қазып  алған.  Бас  сүйегіне  қарап  мүсінін  жасаған. 

Сосын  Мәскеуге  көшетін  болып,  «Махамбеттің  бас  сүйегін  алып  қалыңдар»  деп  талай  құзырлы 

мекемелерді жағалаған. Алайда, бәрі де ат-тонын ала қашып, қарсылық білдірген. Сөйтіп батырдың 

басы иесіз жоғалып кетеді де,  дене сүйегі бөлек, бас сүйегі бөлек он төрт жылдан соң жертөледен 

табылған [3, 129 б.].  

Жазушының  мұндағы  негізгі  жеткізбек  ойы  ұлылардың    рухына  деген  құрметтің 

жеткіліксіздігі. Ол осы еңбегінде «Қазақтың арасында өмір сүруге болады, алайда өлуге болмайды» 

деп қынжылады. «Қазаққа Махамбеттің ақындығы, атақ-даңқы керек, күйі керек. Ал, бас сүйегі қажет 

емес. Жай адам түгіл  ұлы тұлғалардың рухына деген сый-құрмет осындай болса, бұдан кейін өлудің 

өзі қасірет» деп санаған.   

Рахымжан атамызда  Абай мен Махамбет тілінің мәдениеті бар еді. Ол тірі сөз жазды, ірі сөз 

жазды.  Жазуын  былай  қойғанда,  сөйлеп  бір  кетсе  төгіп-төгіп  жіберетін  ақ  жауындай  еді.  Ол  өзге 

ақын, жазушылардай  шабыт  күтпейтін, керісінше  көңіл  күйі жоқ  сәтте  ләзаттанып жазатын  ерекше 

жан болды. 

Рахымжан Отарбаевтың жазылған дүниелерінде қоғамның ащы шындығы жазылғанымен, ол 

еш  мәртебесін  жоғалтқан  емес.  Ол  бір  сұхбатында  қазақтың  кемшіл  тұстарын  ашып,  айтқанын 

ұнатпай  оны  «халық  жауы»  деп  те  атағанын  айтады.  Ал  жазушының  бар  мақсаты  қазақ  халқының 

озық,  еш  кемшіліксіз  ұлт  болуын  қалаған,  қазақилықтың  кемшіл  тұстарын  айтып,  жәймен  кекетіп, 

мұқату арқылы көзін ашу керек деп есептеген. Рахымжан Отарбаевтың бар еңбегі елі үшін жасалғаны 

айғақ.  Бір  шығармасы  шетел  асып,  шетелдіктердің  назарына  ұсынылса,  «қазағымның  аты  шетелде 

айтылды  ғой»  деп,  өзі  үшін  емес,  елі  үшін  қуанатын,  қазақтың  бұрынғы  баба,  би  тілінің  құнарын 

сақтап қалған  жазушының  бірі  де  бірегейі    болған  Рахымжан  Отарбаевтың  бұл  дүниедегі  жұлдызы 

сөнсе  де,  артына    қалдырған  мол  мұрасы  әрбір  оқырманның  жүрегінде  жарық  сәуле  болып  қала 

бермек.  

Алайда  қазіргі  уақытта  осы  тұлғаның  мұрасы  халық  арсында  таралып,  жұртшылыққа 

спектакльдері  ұсынылып  жатса  да,  біздің  бұл  тұлғаға  деген  құрметіміз  қаншалықты  екені  сылдыр 

сөзден ғана көрініс тауып жатқаны өкінішті. Дарын иесінің келбеті оның жан жүрегін салып жазған 

шығармаларынан-ақ көрінеді. Әр адам жеке тұлға дейді емес пе? Ал тұлғалар өзге тұлғаларға ұқсаса 

да  қайталанбайды.  Сол  сияқты,  шындықты  айтамын  деп  жұрттың  наразылығына  ұшырап,  сол 

айтқанын  уайым  қылып,  іштей  жел  мүжіген  таулардай  құлазып,  қазағының  күйінішіне  күйініп, 

сүйінішіне  сүйіне  білетін  бұл  жанға  нағыз жастардың  басын  біріктіріп,  өзге  ұлт  өкілдері де  көптеп 

тұрақтаған  Алматымыздан  бір  ескерткіш  орнатылса  несі  айып?!  Одан  қалса,  оқысаңда  танымайтын 

өзге елдің ғалым, ақындарының құрметіне қойылған көше атаулары қатарынан қазағына қаламымен 

рух  дарытқан    өз  қазақ  жазушымыздың  есімін  көрмеу  біз  үшін    үлкен  сын  деп  есептеймін. 

Шындығында, елі үшін еміреніп, ой ойлайтын азаматтар некен-саяқ. Олардың атағын әлемге таныту 

үшін, алдымен өз Қазақстанымызда оларға деген дұрыс, тура, лайықты құрмет көрсетілуі қажет.  

 

 

Әдебиеттер: 



1.  «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр» Анықтамалық.  – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 

2004 – 392бет. 

2. 

https://www.youtube.com/watch?v=xr2-s8ZmoMM



 

(Рахымжан  Отарбаевтың  Қазақстан 

ұлттық арнасында, «Таңшолпан» бағадарламасында берген сұхбатынан) 

3.  Отарбаев Р. «Айна-ғұмыр». Пьесалар, Астана:Фолиант, 2013. – 512  

 

 

 



 

 

 

 


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

14 



Анарбек Сандугаш 

5В011800-Русский язык и литература 

Научный рукводитль: Г.А.Орынханова  

 

ПРОТИВОСТОЯНИЕ ЛИЧНОГО КАЗЕННОМУ В ПОВЕСТИ «ТАМАНЬ» 

М.Ю.ЛЕРМОНТОВА 

 

Түйіндеме.  Мақала  "Тамань"  повесіндегі  Печорин  бейнесін  қарастыруға  арналған.  Ресми  түрде 



қазыналық әлемге, яғни регламент, иерархия, заңға тиесілі Печорин түнгі қарақшылардың заңсыз еркін өміріне 

енуге тырысады. Осылайша, мақалада әлемге екі көзқарас салыстырылады. Қандай да бір жауапкершіліктің 

болмауына  әкелетін  толық  еркіндік  (Янко,  ундина  –  кемпір,  соқыр)  немесе  борыш  пен  қызмет  (Печорин). 

Қазына әлемінде еркін болу жалпы мүмкін емес. 

Abstract. The article is devoted to the image of Pechorin in the novel "Taman". Pechorin, formally belonging 

to the state world, that is, regulations, hierarchy, law, trying to enter into the lawless free life of night robbers. Thus, 

the article compares two views of the world. Or complete freedom, leading to the absence of any responsibility to others 

(Yanko, Ondine – an old woman, blind), or the desire to be free in the state world of duty and service (Pechorin), which 

is impossible by definition. 

  

В  русской  литературе  и  раньше  делались  попытки  создать  тип  героя-интеллектуала, 



ощутившего  зло  социальной  среды    (Чацкий,  Онегин).    По  мнению  автора,  трагедия  печоринской 

эпохи  не  только  в  том,  что  «люди  терпеливо  страдают»,  а  в  том,  что  «большинство  страдает,  не 

замечая  этого».  В  сложном  образе  Печорина  отображен  исторический  процесс  развития 

общественного  сознания  со  всеми  его  срывами  и  открытиями,  взлетами  и  падениями, 

интеллектуальной энергией и неспособностью прямого общественного действия. 

Печорин – интеллигент николаевской эпохи, ее продукт, герой и жертва, чья душа испорчена 

светом, разорвана на две половинки,  «лучшая из  которых высохла, испарилась, умерла… тогда как 

другая…  жила  к  услугам  каждого»  [1,с.21].  Но  есть  в  нем  и  нечто  большее,  что  делает  его 

представителем  не  только  данной  эпохи,  но  и  человеческого  рода  вообще.  Он  сознает  себя,  умеет 

анализировать  поступки  и  признавать  ошибки,  задавать  вопросы  о  предназначении  и  не  играть 

навязанную  социальную  роль.  Эта  способность  к  самоанализу  есть  рефлексия,  благодаря  ей  герой 

строит личность, ведь «душа, страдая и наслаждаясь, дает во всем себе строгий отчет» [1,с.9]. 

Неукротимая  деятельность  Печорина  важная  для  автора.  Человек  достигает  вершин  в 

свободном  энергичном  поступке,  исходя  из  своих  потребностей  действовать,  а  не  выполнять 

предназначенное.  Движущее  начало  поступков  Печорина  –  интеллектуальная  воля,  а  не  страсти: 

«Сам  я  больше  не  способен  безумствовать  под  влиянием  страсти;  честолюбие  у  меня  подавлено 

обстоятельствами… а первое мое удовольствие – подчинять моей воле все, что меня окружает» [1, с. 

7].   


Образ  Печорина  раскрывается  постепенно.  Герой  помещается  в  различные  этнические  и 

социальные  группы,  благодаря  чему  его  личность  освещается  с  самых  разных  сторон  (Печорин  и 

горцы; Печорин и контрабандисты; Печорин и «водяное общество»). 

«Тамань» – первая из повестей, написанная от лица Печорина. Мы уже знаем, что он умер по 

дороге  из  Персии,  и  потому  особенно  внимательный  к  его  признаниям  и  размышлениям  о  судьбе, 

случайности, женской породе и «казенной надобности». Именно противостояние личного казенному 

станет  центральным  в  повести.  Печорин  едет  служить  на  Кавказ  и  останавливается  в  приморском 

скверном  городишке  Тамань.  Сразу  сообщается:  герой  здесь  чуть  не  умер  с  голоду,  его  хотели 

утопить.  Это  интрига,  требующая  объяснения.  Первое  впечатления  от  городка  связано  с  часовым, 

урядником,    десятником,  «казенной  надобностью»,  по  которой  герой  едет  в  действующую  армию. 

Перед  нами  военное  укрепление,  граница  неподалеку  обыденной  скучный  мир  с  регламентацией 

жизни и военной иерархией. Десятник обязан найти квартиру офицеру действующей армии. 

  Очутившись  в  хате  на  крутом  морском  берегу,  Печорин  мгновенно  замечает  лунный  свет,  и 

обрывистый берег, и беспокойную морскую стихию, и два корабля на рейде. Он не спал три ночи, но 

полон  внимания  ко  всему  незнакомому.  Встреча  со  слепым  мальчиком  рождает  у  Печорина 

признания  о  предубеждении      «противу  всех  слепых,  кривых,  глухих,  немых,  безногих,  безруких, 

горбатых...»  [1,  с.  15].  Психологическая  зоркость  не  подведет  его:  слепой  лишен  не  только 

возможности  видеть,  но  и  элементарных  нравственных  понятий  (он  украдет  у  Печорина  ценные 

вещи).  Вместе  с  героем  мы  разглядываем  дом  и  видим,  что  в  нем  нет    образов  –  «дурной  знак!». 

Обещанное  «нечистое»  начинает  сбываться:  обитатели  дома  ведут  ночной  образ  жизни.  Герой 




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау