«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
9
4. Егер сабаққа
керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің жақсы өтуіне септігін тигізеді.
5. Оқушылардың өздеріне деген сенімі арттып, шығармашылықпен жұмыс жасаулары артады.
SMART технологиясының мүмкіншіліктерімен қатар қиыншылықтары да кездеседі.
1. Мектептегі материалдық техникалық базасының толық болмауы (планшеттер).
2. Интернет желісінің жылдамдығының аздығы т.б.
Білім беру үрдісіндегі Smart технологияның артықшылықтары:
1. IT-ортада «негізгі білімдердің» көлемі ұлғаяды;
2. Білім алушылар қажетті ақпаратты мобильді түрде алады;
3. Smart білім беруді енгізуде инновациялық технологияларды пайдалану деңгейі артады;
4. Әр түрлі оқу орындарының арасындағы байланыстың дамуына мүмкіндік туады [39].
Смарт білім беру оқытушылар алдында жаңа талаптар қояды. Сонымен бірге педагогтар үшін
жаңа мүмкіндіктерді аша түседі, соның ішінде тәжірибе алмасуға, ғылымға ден қоюға, уақытын
үнемдеуде орасан әсер етеді. Smart-технологиясы концепциясына сәйкес білімнің сапалы болуына
және білім алушының мотивациясына ықпалы зор. Педагогтің кәсіби дамуына ықпал ететін басты
фактордың бірі – кәсіби тәжірибенің жинақталу нәтижесінде және әлеуметтену кезінде туындаған
кәсіби дұрыс бағыттың анықталуы.
SMART-педагогтың бейнесі.
- Self-directed: білім берудің тұлғаға бағытталуын қамтамасыз ететін педагог:
- Motivated: ынталандырушы
педагог;
- Adaptive: бейімделген педагог;
- Resource free: ресурсқа еркін қол жеткізе алатын педагог;
- Technology embedded: технологияларды белсенді пайдаланатын педагог.
Өз кезегінде Smart білім берудің мақсаты оқыту үрдісін электронды ортаға айналдыра
отырып, білім берудің тиімділігін неғұрлым арттыра түсу. Жаңа әдістерді пайдалана отырып оқыту –
бүгінгі күннің басты талабы. Жаңаша форматта оқыту, жаңартылған технологиялар жас ұрпақтың
танымдық, білімділік дағдыларын арттыруға бағыталған. Осындай озық технологияларды меңгеру
оқытушының зияткерлік, кәсіби құзіреттілігінің, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі
әсер ететіні сөзсіз.
SMART технологиялары арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- оқытушының
бағыттауымен оқушылардың өз бетімен білімді игеру, кейбір практикалық іскерліктерін
қалыптастырады. Осы орайда шетел тілін оқытудағы шетел ғалымдары Е. В.Волгова мен И.М.
Бурдина жаңаша SMART-технологияларды (вебинарлар, блогтер, твиттерлер, видео и аудио
подкасттар) дәстүрлі сабақтарды мейлінше жаңаша он-лайн режимде өтуге септігін тигізеді деп
анықтаған [2, 19 с]. Келесі ғалым Хижнякова Л. SMART NOTEBOOK технологиясын ұсынады.
SMART NOTEBOOK қолданысы арқылы төмендегі кешенді әдістер мен технологиялар қолданысын
сұрыптап ұсынған:
- проблемалық шығарма әдістері; презентациялар пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл
әдісі; сын тұрғысынан ойлау әдісі;
викториналар; зерттеулер; іскерлік ойындар; рөлдік ойындар;
инсерт әдісі және т.б [3, 12-13 с].
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт – бағдар беруші – оқытушылар.
Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен
бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену үшін ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін
ұмытпауымыз керек.
Қорытындылай келе, смарт технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін игере отырып, жалпы
оқыту үрдісінің функцияларын одан әрі жетілдіру әр оқытушының алдындағы бірден-бір міндеті
болып табылады. Соған сәйкес, заман ағымымен бірге ақпаратты мәдениетті қалыптастыру арқылы
интеллектуалды, шығармашыл және коммуникативті істерін дамыта алатын шеттілдік тұлғаны
тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.
Әдебиеттер:
1.
Ахметова И.Ф. Использование интерактивной доски на уроках иностранного языка в средней
школе. Английский язык в школе, 2014г. №1.
2. Алексеева Л.Н. Инновационные технологии как ресурс эксперимента. Учитель.–2014 г. №3.
3. Хижнякова Л. О применении интерактивной доски SMART NOTEBOOK в процессе преподавания
английского языка. Ростов на Дону, 2015.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
10
Алиева Турсуной
5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі
Ғылыми жетекші: аға оқытушы А. Халел
ҚазМемҚызПУ
СӨЗДІК АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ТҮРІК ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация. В статье рассматривается роль и проблема использование словарей при обучении
студентов по спец. «Международные отношения» профессиональному языку. Автором статьи
рассматриваются пути формирование умений и навыков словарной работы при пререводе дипломати членых
терминов с использованием различных словарных заданий.
Abstract. The role and problem of dictionary usage in teaching professional language for students of
International Department is given full attention.The author of the article discusses the ways of improving vocabulary
skills for translating deplomatic terms with the help of different dictionary exprcises and activities.
Кәсіби лексиканы дамыту мәселесінде, яғни сөздік қорды байыту – өте маңызды мәселе. Ал
өзге ұлт өкілдеріне кәсіби түрік тілін оқытуда ол басты бағыттардың бірі болып саналады.
Студенттер үйренетін тілдің сөз байлығын игермей, сол тілдің қоғамдағы сөйлеу мәдениеті мен
қарым қатынас жасауға қажетті дағдыларды меңгере алмайды. Студенттердің тіл байлығы қандай
дәрежеде екендігі олардың өз ойын дұрыс айтуы арқылы байқалады. Демек, студенттердің түрікше
сөйлеуі –түрікше білетіндігінің көрсеткіші.
Әдістеме ілімінде «сөздік қорды байыту» мәселесі жаңа тақырып болмаса да, қазақ тілін
студенттердің болашақ мамандықтарына сәйкес үйретуде ерекше маңызды. Өйткені ол мемлекеттік
тілмен қатар шет тілді терең меңгерген білікті мамандарды даярлауда өзекті әлеуметтік міндеттерді
шешуге көмектеседі. Осы тұрғыдан оның практикалық маңыздылығы да байқалады. [1,45б]
Жоғары оқу орындарында тілді оқыту сабақтарында мәтінді оқу негізгі жұмыс түрі болып
отыр. Алайда мұндай тәсіл арқылы студенттер толық мәтінді түсініп оқуды да үйрене алмайды.
Себебі тілдік дағдының бір-бірімен тығыз байланыс және бір-бірін толықтырып отырады. Осы оқу
үрдерісінде кешенді түрде мынадай әдістерді біз зерттеу жұмысымызда пайдалануды жөн санаймыз:
терминмен жұмыс әдісі;
аударма әдісі;
қатысымдық әдіс
Ал кәсіби лексиканы оқыту әдісіне мына кешенді жұмыстар жүйесін қосу оқытудың
тиімділігін арттыра түсері сөзсіз:
-екі тілдік сөздігін пайдалана отырып халықаралық мамандықтарына қатысты сөйлемдер
құрастыру;
-екі тілдік сөздігін пайдалана отырып халықаралық мамандықтарына қажет диалог
құрастыру;
-екі сөздігін пайдалана отырып халықаралық мамандықтарына қажет мәтін құрастыру;
-екі тілдік сөздігін пайдалана отырып, сұхбаттасу. [2,118б ]
Сөздікпен жұмыс жасау әдісі екінші тілді меңгертуде ең маңызды әдіс болып есептеледі,
себебі, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы болмаған студент керекті сөздің түсінігін, мағынасын
сөздіксіз анықтай алмайды. Ал біздің зерттеуімізде бұл әдістің өте маңызы зор.
Осыған байланысты арналғантөмендегі тапсырмаларды ұсынып отырмыз
1-тапсырма. «Қазіргі халықаралық қатынас түрікше -қазақша түсіндірме сөздік-
анықтамалықты» пайдалана отырып, төменде берілген дипломатиялық терминдердің
мағыналарын анықтаңыз: келісім шарт, мәжіліс отырыс, халықаралық қатынас.
Мақсаты: қазақ бөлімінде оқитын студенттердің екі тілдік дипломатиялық сөздікпен жұмыс
жасау дағдысын қалыптастыру.
Тиімділігі: дипломатиялық терминдердің мағынасын білу, екі тілдік сөздіктермен жұмыс жасау
студенттердің сөздік қорын молайтады, түрікше сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Аударма әдісі. Бұл әдіс басқа тәсілдермен салыстырғанда гөрі студенттерге сөздің
мағынасын түрік тілінде нақты етіп жеткізетіндігімен ерекшеленеді.Сондықтан оны осы
мақсатта қолдану тиімді болып саналады. Сол арқылы, сөздің мағынасын тез әрі дұрыс түсінуді