«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет217/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

424 



Сексенбаева Ардақ 

5В091000-Кітапхана ісі 

                                           Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Г.И.Нұржанова 

ҚазМемҚызПУ 



 

 

ҚОҒАМДАҒЫ КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІ 

 

Аннотация.  В  статье  рассматриваются  различные  аспекты  в  области  чтения  культуры. 

Дается  правила  по  чтению  культуры    многих  специалистов.  Рассматривается  роль  библиотеки  в 

формировании по чтению культуры. 

Abstract.  The  article  discusses  various  aspects  of  reading  culture.  Provides  rules  for  reading  the 

culture of many professionals. The role of the library in the formation of reading culture is considered. 

 

 



«Артық ғылым кітапта,ерінбе оқып көруге» деп дана Абай атамыз айтқандай, кітап адамның 

ақылды досы екені анық. Ал, бүгінде кітап оқудың маңыздылығы қаншалықты? Кітапты айтарлықтай 

жиі оқып жүрміз бе? Бұл сұрақтар бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі.  

 

Әдебиет туралы мыңдаған кітаптар мен мақалалар жазылған, ал оны оқу туралы – кем де 



кем.  Ал  бұл  құбылыстарды  бөліп  жару  мүмкін  емес.  Оқусыз  кітап  –  бұл  қағаз  үйіндісі  ғана. 

Әдебиетсіз  оқу  –  таза  механикалық  құбылыс.  Олар  тек  бірге  ғана  жанданып,  мәдениеттілікке 

айналады.  

Оқу  дегеніміз  –  бұл  кітап  мазмұнымен  танысу,  автордың  кітаптағы  ойын  ұғыну.  Оқу  –  бұл 

графикалық  белгілермен  берілген  басқа  біреудің  ойын  меңгеру.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – 

біздің қанмызда бар қасиет» деп қазақ халқын көрегенділіке бір көтерді емес пе?! Олай болса, бүгінгі 

қоғам кітап оқып, білімге талпынып жүр ме? 

 Дегенмен,    кез  келген  адам,  әсіресе  жастар  арасында  дұрыс  кітап  оқуды  біле  бермейді,  оқу 

мәдениеттілігінің  элементтерімен  таныс  емес.  Оқудың  қарапайым  дағдылары,  әрине,  кез  келген 

сауатты  адамға  тән,  бірақ  бұл  дағдылар  біз  оқу  ретінде  түсінетін  өте  күрделі  шығармашылық 

процестер үшін тек негіз бола алады. Кейбіреулер оқуды тек көңіл аулау деп түсінеді. Оларды әдетте 

сюжет  бойынша  не  болып  жатқаны  немесе  не  болатыны  қызықтырады,  бірақ   оқиғаның  қалай 

суреттелгеніне,  автордың  қандай  ой  қозғағаны,  суреттеушінің  шеберлігіне  көңіл  аудармайды. 

Кейбіреулер ғылыми және техникалық әдебиеттерді оқуды және жұмыс істеуді білмейді.  Кітаппен 

шындап  жұмыс  істей  алмау  біреулердің  кітапқа  деген  сүйіспеншілігін  мұқалтса,  енді  біреулерді 

жүйесіз,  ойланбай  оқуға  әкеліп  соқтырады.  Сондықтан,  басылған  шығарманы  дұрыс  пайдаланып, 

одан неғұрлым көбірек пайда, сабақ алу үшін бір ғана оқудың техникалық  дағдысы жеткіліксіз. Ол 

үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.  

Әр  заманда  «оқу  мәдениеттілігі»  көпмағналы  ұғым  ретінде  әр  түрлі  түсіндіріліп  келді. 

Солардың  кейбіреуін  қарастырайық,.  Н.  Е.  Добрынина  заманауи  әлеуметтік  мәдени  жағдайда  оқу 

мәдениеттілігін үш нәтиженің қосындысынан шыққан қызмет түрі ретінде: «ол туралы басылым көзі 

мен  ақпаратқа  айналдыруды  дәлелдеу  сферасымен  байланысты,  предфаза;  мәтінмен  тікелеу  қарым-

қатынасқа  түсетін  фазалар,  оларды  ұғыну  (қабылдау,  түсіну)  мен  постфаза,  оқу  нәтижесімен 

анықталатын  (тақырыпты  түсінумен,  оқырман  қызығушылығын  жетілдірумен,  оқылған  шығарма 

туралы  өз-ара  пікірлесумен,  қабылданған  ақпаратты  өмірдің  әр  түрлі  саласында  пайдаланумен)» 

түсіндіреді [1]. 

Шебер-оқырман келесі қабілеттерге ие болуға міндетті: танымдық, жобалық, конструктивтік, 

коммуникациялық,  ұйымдастырушылық.  Сондықтан,  оқу  мәдениеттілігі  –  бұл  оқырманның 

шығармаларды  толыққанды  таңдауына,  қабылдауына  және  ұғынуына  мүмкіндік  беретін  білім, 

шеберлік  және  дағдылар.  Оларды  білікті  оқырман  болғысы  келетін  әр  бір  адам  меңгеруі  қажет. 

Тұлғаның  ақпараттық  мәдениет  құрылымында  когнитивті,  аксиологиялық,  технологиялық 

элементтер ерекшеленеді [2].  

«Оқу  мәдениеттілігі  туралы»  (1969)  кітабының  авторы  А.  П.  Примаковский  оқырмандарға 

кітаппен  жұмыс  істеудің  көп  шығын  шығармайтын,  бұл  күнде  өзекті  болып  табылатын  қарапайым 

шараларын,  әдіс-амалдарын  ұсынуға  тырысты.  Өйткені  қарапайым  және  қолайлы  әдістер  жүзеге 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

425 



асыру  барысында  бағалы  да  дұрыс  нәтиже  береді.  Өз  кітабында  ол  оқу  мәдениеттілігіне  мынадай 

түсініктеме береді  – «бұл  техника жетістіктерін және ой еңбегі гигиенасын есепке ала отырып, оқу 

және  кітап  мазмұнына,  оқу   мақсатына,  уақытына  байланысты  кітаппен  жұмыс  істеудің  әртүрлі 

әдістерімен  дұрыс  ұйымдастырылған  оқу.  Одан  әрі  ол  «оқу  мәдениеттілігі  мәтінді  дұрыс  түсінуге 

жоғары  талап  қойылуымен,  оған  қажетті  анықтамалық  әдебиеттерді  (сөздіктер,  энциклопедиялар, 

көрсеткіштер  және  т.б.)  пайдалана  білумен  түсіндірілетіндігін»  ескертеді.  Оқылғанды  түсінуде  - 

оқырманның үнемі ана тілін, сондай-ақ шет тілдерін тереңдетуге тырысуы, өзінің сөздік қорын, ойын 

терминдермен байыту, есімдер мен атаулардың тарихына, шығу тегіне үңілу (ономастика), ұғымдар 

мен белгілердің және т.б. шығу эволюциясы  тәрізді тіл мәдениеті үлкен рөл атқарады [3, 72 б].  

Оқу  мәдениеттілігінің  ерекшелігі  ретінде  оқылған  мәліттерді  түсіну,  ең  негізгісін, 

маңыздысын  және  бағалысын  анықтап  алуды  ескерген  жөн.  Бұл  ретте  логиканы,  заңдарды  және 

дұрыс ойлау формаларын білу, оларды практикада пайдаланып, ойлау қабілетін тәрбиелеуде елеулі 

көмек  көрсетеді  [3,81б].  Сонымен  бірге,  оқырманның  неғұрлым  тиімді  және  үнемді  оқу  үшін 

оқырманға кітаппен жұмыс істеудің техникалық дағдыларын білуі қажет. Мұндай дағдыларға: іштей 

оқу, өте баяу оқымау, оқылғанды жоспарлай білу, үзінділер мен ең қажетті мәліметтерді жазып алу, 

мәтінді  конспектілеу  (аңдату  және  рефераттау  тәсілдерін),  анықтамалықтар,  энциклопедиялар, 

сөздіктер пайдалану жатады.  

Техникалық  дағдылар  оқырманға  кітапты  терең  пысықтауға  және  есінде  жақсы  сақтауға 

көмектеседі. Сондықтан осындай дағдылар қаншалықты көп меңгерілсе, адам соншалықты жылдам 

оқиды және оқығанын жақсы түсініп алады.  

Кітап  оқу  дағдысы  кіші  жастарда  пайда  болса,  әсерлірек,  жақсырақ  және  тұрақты  болады. 

Бұған  ата-ананың  да  көмекші  болуы,  оқығандарын  бірге  талқыға  салуы,  өзі  де  кітап  оқып  үлгі 

болғаны жақсы.Кітап оқу- адам мәдениетін жоғарылатады,таным-түсінігі кеңейеді,сөйлеу мәдениеті 

де  жоғарылайды.  Міне,кітап  оқудың  маңызы  мен  өзектілігі.  Жалпы  қазіргі  адамның  кітап  оқуға 

құлшынысы  қалай  немесе  оған  уақыттары  бар  ма?  Ақын  Иосиф  Бродский:  «Егер  бір  адам  кітап 

оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті», - 

деген екен. 

Сөзімді  қорытындыласам,  кітап  оқу  –  адам  баласын  тәрбиелейді,  мәдениеттке  үйретеді. 

Сондықтан,  кітап  оқып,  таным  -  түсінікті  кеңейтіп,  сауатты,  білімді  қоғам  қалыптастыру  өз 

қолымызда екенін ұмытпаумыз қажет. 

 

     


      Әдебиеттер: 

1.  Добрынина,  Н.  Е.  По  ступеням  культуры  чтения/  Н.  Е.  Добрынина//Библиотековедение.-

2000.-№3.-С.53-57 

2.  Збаровская,  Н.  Информационная  культура  личности/  Н.  Збаровская//Библиотечное  дело.  – 

2005, - №1. - С. 7-8. 

3. Примаковский, А. П. О культуре чтения: методы самостоятельной работы с книгой в свете 

научной  организации  умственного  труда/  А.  П.  Примаковский.  -  М.:  Книга,  1969.  –  158  с. 

 

 



 

 

 



 

   


 

 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау