«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет220/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

430 



Талдыбаева Айнур 

«Ұлттық өнер» факультеті, 

Магистр, аға оқытушы 

Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА  



 

 

ЕЖЕЛГІ САҚ СТИЛІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ 

 

Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  искусство  сакского  стиля  и  ее  роль  в 

формировании эстетической культуры молодежи. 

Abstract.  In  this  article  art  of  saksky  style  and  its  role  in  formation  of  esthetic  culture  of  youth  is 

considered. 

 

Сақ  өнері  мен  мәдениеті  жайында  археолог  өкілдерінің  ортақ    пікір  жоқ.  Б.з.д  І  мың  жыл 

бұрын Еуразияның көптеген халқын өнерімен таң қалдырған  «скифтік-сібірлік жануарлар стилі» мен 

сақ мәдениетінің даму кезеңдері ғылымда ең негізгі өзекті мәселенің бірі.  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Жарлығымен  «Жібек  жолының  тарихи  орталықтарын  қайта 

өркендеу,  түркі  тілдес  мемлекеттердің  мәдени  мұрасын  сақтау  және  сабақтастыра  дамыту, 

туризым  инфрақұрылымын  жасау»  атты  бағдарламасы  бекітіліп,  жүзеге  асырыла  бастағаны 

баршаға аян  [1,4 б.]. Ежелгі кезеңнен   келе жатқан  сақ өнерінің өзіне тән ежелгі әдет-ғұрпы, 

наным-сенімі,  мәдени  мұралары  өзінің  ішкі  дүниесімен  сақталып,  бүгінгі  күнге  дейін 

ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр.М. И. Ростовцевтің  «Аң-скиф стилінің  қалыптасуы» атты еңбегінде 

Орталық Азиядан табылған сақ стиліндегі өнер, Сібір мен Солтүстік Қара теңіз бойынан  келген деп 

болжамдайды.  

Ал  Г.И.  Боровканың  пікірі  бойынша,  бұл  өнердегі  сақ  стилінің  Отаны  Сібір.  Сақ  стилінің 

түпкі  негізі,  Сібір  халқының  орман  аңшылары  өнерінен  қарастырады.  Сақ  тайпалары  мал 

шаруашылығының  үш  түрімен  айналысты:  көшпелі,  жартылай  көшпелі,  отырықшы  мал 

шаруашылығы.  Бірақ  мал  шаруашылығымен  қатар  олар  аңшылықпен  қатар  айналысты.  Олар  үнемі 

көшіп-қонып  жүргендіктен,  басты  өнер  туындылары  тек  қарулары  мен  ат  әбзелдерінің 

әшекейлерінде,  сырмақ  пен  тұрмысқа  қажетті  барлық  заттарында  аңның  бейнесін  ерекше  зейінмен 

және шеберлікпен бейнелеген. 

Сақтардың  қолдабалы  өнері  «скифтік-сібірлік  аң  стилі»  атауымен  белгілі.  Яғни  өнер 

туындыларында  кездесетін  –  жолбарыс,  арыстан,  барыс,  т.б.  аңдардың  тұтас  бейнелері,  жабайы 

жануарлардан  – бұғы, таутеке, бұлан, қабан, үй жануарларынан  – ат пен түйелерді бейнелеген. Бұл 

аңдардың  бейнелері  белгілі  бір  діни  наным-сенімге  байланысты  ұғымды  білдірген.  Жыртқыш 

жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде 

қолданылған.  Бұл  бейнелер  киелі  рәміздік  мағынаға  ие  болды.  Мысалы,  Геродот  былай  деп  жазып 

қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған, жай металдан істелген бөлшектері, 

оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтынмен көмкерілген. 

Сондай-ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы басқа 

бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да 

қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массагеттардің барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің 

өзіне тән үлгісі барын айтады [2,17 б.]. Ерте кезден бастап тайпалардың еңбек құралдарын, қарулар, 

сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату 

техникасын, заттарға өрнек сала білуді, кескіндеу өнерін жақсы меңгергенін көреміз.  

Сақ  стилі  кескіндеуден  шығады.  Кескіндеу  өнердің  ежелгі  түрлерінің  бірі  болып  табылады. 

Қазіргі  түсінікте  ол  жазудың  бір  түрі  ретінде  қарастырылады.  Өзінің  не  істегенін  жазуға  талпыну, 

графикалық  түрде  көрсетуге  ұмтылу  адамға  әуел  бастан-ақ  тән.  Алғашқы  қауымдық  адамның 

жартасқа салған суреттері осыны дәлелдейді. Кескіндеу өнерін өз ерекшелігінде ұғыну үшін, біз оның 

ең  маңызды  элемент  -  түсті  назарға  аламыз.  Ол  түсті  жазу  немесе  түстің  синтезі  болып  табылады. 

Кескіндеудің  толық  анықтамасын  алу  үшін  түс  пен  жазуға  сызық  желілерін  қосуымыз  керек: 

кескіндеме-сызық  –  желілі  түсті  жазу.  Осылайша  жазу,  түс  және  сызу  жинақталып,  кескіндеу 

өнерінің мәнін құрайды [3,183 б.]. 

Ұлтымыздың біртуар азаматтарының бірі А. Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқыш» атты 

еңбегінде  «Өнер  түрлі-түрлі  болады.  Тіршілік  үшін  жұмсалатын  тірнек  өнері,  көркемшілік  көрнек 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

431 



өнері  болады»,  -  деп  көрнек  өнерін  бес  түрге  жіктейді:  сәулет  өнері  (архитектура),  сымбат  өнері 

(скульптура),  кескін  өнері  (живопись),  әуез  өнері  (музыка),  сөз  өнері  (әдебиет).  Иә,  бұл  өнер 

түрлерінің қайсысының болмасын адамның ішкі жан-дүниесін тәрбиелеудегі орны ерекше. Өнер – ол 

бізді әсемдік әлеміне жетелейтін ғаламат күш [4, 20 б.] . 

Г.В.Плехановтың айтуынша: «Өнер–адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының бірі» 

– дейді [5,19 б.]. Өнерде үйлесімділік, кемелділік бейне, адамның әмбебаптылығы ашылады. Осының 

нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар 

әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне әсер етеді.  

Біздің  заманымыздың  мақсаты  –  адамды  жан-жақты  тәрбиелеу  және  үйлесімділігін  дамыту. 

Мұнда  бірінші  этика  –  эстетикаға  тәрбиелеу.  Эстетикалық  тәрбие,  адамның  ақыл-ойын  дамытуда 

үлкен  роль  атқарады  және  қазіргі  кездегі  үлкен  үрдіс.  Эстетикалық  тәрбие  еңбек,  табиғат  және 

көркем шығарма болып саналады. 

Қазіргі  таңда  республикамызда  талантты  суретшілер,  мүсіншілер,  сәулеткерлер  аз  емес, 

өнердегі  сақ  стилінің  бейнелері  стильдік  бағыттармен  дами  бастады.  Олардың  нәр  алатын  бір 

қайнары  —  көне  архетиптік  көркем  мәдениет.  Әсіресе  реалистік  бағытта  тарихи  тұлғалардың 

бейнесін  жасауда  еңбек сіңірген  Ағымсалы  Дүзелхановтың  туындыларында  ерекше  көрініс  табады. 

Қазақстанның  көркем  тарихын  қалыптастыру  жолында  сомдалған  туындылары:  «Томирис», 

«Сақтар»,  «Оғыз  хан»,  «Абылай  хан»,  «Әбілқайыр»,  «Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билер»  сериялық 

шығармалары – ұлттық  мұралық қорымызды байытуға қосқан үлесі зор.  

А. Дүйзелханов шығармашылығы егеменді еліміздің өнерін өрбітуде өзіндік сипат алуда. Ол – 

Қазақстан  Республикасының  ұлттық  валютасы  –  «теңгені»  көркемдеген  авторлардың  көшбасшысы. 

Оның  еңбектері  этнодизайнның  қалыптасуына  елеулі  үлес  қосып,  өзіндік  қолтаңбасымен 

ерекшеленеді.  Оның  қылқаламынан  туған  ұлттық  мазмұндағы  көркем  туындылар,  әсіресе  портрет 

жазуда  хандар  мен  билер  бейнесінде,  басты  кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесін  ашып,  келбетті  пішінін 

шынайы  шеберлігімен  сомдайды.  Жаңа  буын  суретшілері  өнердегі  сақ  стилін  бүгінгі  күнмен 

сабақтастыра  дамытып  өзіндік  көзқарастарын  қалыптастыруда  еркін  ойлау,  түйсіну,  сезіну  арқылы 

өзіндік  көркем  туындыларын  жасауда.  Атап  айтсақ,    Т.  Сыдыхановтың  «Таңбалы  кескіндеме»  атты  

туындысында  көне  таңбаларды  қолдану  арқылы  қазақ  тұрмысының  әр  түрлілігін,  әр  қилылығын 

кескіндейді.  Суретші  түрлі  рулар  мен  тайпалардың  ел  таңбасы  іспеттес  таңбаларына  зер  салып, 

таңбалар арқылы дүниені пластикалық түрде бейнелеуге ұмтылады.  

Қазақстанның  қазіргі  өнердегі  «сақ  стилі»  ұлттық  сипаттағы  символикалық  дәстүр  жаңаша 

көзқарасқа  ие.  Бейнелеу  өнеріндегі  «сақ  стилі»  символизм  мен  концептуализм  кейбір  суретшілер 

шығармаларында таңба немесе сызықтар арқылы визуалды – көркем түпнұсқаға айналды. Сақ өнері 

мен мәдениетін оқу барысында қазіргі қоғам жастарына эстетикалық тәрбие береді, өйткені өнердегі 

«сақ  стилі»  адамның  туған  жеріне,  табиғатқа,  өз  Отанының  мәдениетіне  сүйіспеншілігін  арттыруға 

ролі  зор.  Сақ  өнері  жастардың  сана-сезімін  қалыптастыруға,  шығармашылық  бейнелеу  өнеріне 

қызығушылығын арттырып, өз алдына жеке тұлға болуына көмектеседі. 

Жаңа  буын  жастары  өнердегі  сақ  стиліне  ерекше  көзқараспен  қарап,  ежелгі  дәуірден 

қалыптасып келе жатқан өз халқының өнері мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосуы керек. Ол 

үшін әрине өзіміздің көшпенді халықтардан мирас болып келе жатқан сақ өнерін оқу үрдісінде 

пайдаланып,  болашақ  бейнелеу  өнері  мамандарын  дайындап,  бүгінгі  күнмен  сабақтастырып, 

оларды  салт-дәстүрін,  мұрасын,  әдет-ғұрпын,  дін  мен  ділімізді,  мәдениетімізді 

шығармашылық  ойлау  қабілеті  жағынан  жоғары,  өз  бетімен  білімін  практикада  қолдана 

алатын,  әр  істе  белсенді  әрекет  жасай  алатын  болашақ  мамандардың  кәсіби  шеберлігін 

дамыту керек.  

 

Әдебиеттер 



1.  Исаев Б. Күлтегін ескерткішін көтереміз //Түркістан.-2017.-17 қаңтар (№6) 

2.  Балкенов  Ж.  Халық  мұрасындағы  ұлттық  өрнек  және  рең.  Ғылыми  әдістемелік 

монография. –Қарағанды: КарГУ, 2006. – 198 б. 

3.  Ергалиева  Р.  Этнокультура  и  тардиции  в  современном  искусстве  Казахстана. 

Алматы: Ғылым, 2002. – 183б. 

 

 



 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау