«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
275
жалпыланған мазасыздық, 32%-де депрессивті бұзылыс байқалған. Мазасыдық ЭКҰ алдында да және
ЭКҰ кезінде де болады. Пациенттер өте сезімтал, өзіне сенбейтін, ренжігіш болып келеді екен.
Оларда психологиылық дезадаптация байқалады. Бұл ЭКҰ нәтижесіне кері әсер етеді [4, 69б.].
Бедеуліктің психологиялық факторларының ең көп көрініс беруі – бедеуліктің ұзақ мерзімді
емі. Ұзақ немесе созылмалы емдеу туралы айтатын уақытша шеңберлер қандай? Бастапқыда
жұбайлар баланы табиғи жолмен көтергісі келеді, бұған 6 айдан 2 жылға дейін уақыт кетеді. Содан
кейін, әдетте, әйел дәрігерге жүгінеді, енді жүкті бола алмаудың ұзақ мерзімді себептерін іздеу
басталады. Әйелдер мен еркектердің екеуі де тексеріліп, оларға гормоналды терапияны қоса алғанда,
ұзақ мерзімді терапия тағайындалады. Бұған тағы 2-3 жыл кетеді. Осылайша, олар шамамен 3-4 жыл
бойына жүкті болу үшін көп уақыт, ақша жұмсайды, ең бастысы - күш пен нервтерін құртады.
Жұптық қатынастар да кейбір өзгерістерге ұшырайды. Содан кейін жұбайлар ЭКҰ процедурасын
қолдануды шешеді. Дегенмен, бірінші, екінші және тіпті оныншы әрекеті де жүктілікке әкелмейді.
Бұл бедеуліктің психологиялық факторларының тағы бір себебі, яғни ЭКҰ-ның көп мәрте
нәтижесіз аяқталуы. Имплантация жоқ (эмбрион қосылмайды - жүктілік болмайды) немесе қайта
қайта түсік тастау. Яғни, дәрігерлер ең жаңа технологияларды қолдана отырып, мүмкіндігінше
қолдан келгенін істейді, бірақ нәтиже жоқ. Әдетте, әйел дәрігерді немесе клиниканы өзгертеді.
Осылайша, уақыты мен ресурсын жоғалтады.
Сонымен, бедеуліктің психологиялық факторы деп, көптен күткен жүктіліктің болмауының
психологиялық себептерін айтамыз. Осы жерде психологиялдық факторлар негізінен бейсаналық
қалаулар, мотивтер мәселесімен байланысты.
Негізгі психологиялық факторларға мыналар жатады:
* Балалы болу мотиві азайған. Бұл мотив әйелдің баланы жеке адам ретінде тәрбиелеу, сүйеу болу,
құшақтау, сүю және қамқорлық жасауымен байланысты. Бұл баламен болашақ қарым-қатынасты
көрсетеді.
* Басқа бәсекелес себептері басым. Басқа бәсекелес себептер мыналарды қамтуы мүмкін:
* мансаптық өсу, кәсіби өзін-өзі дамыту, жқмысынан айырылып қаламын деген қорқыныш;
* әлеуметтік жағдайын жақсарту;
* күйеуіне бағытталған мотив – күйеуін жоғалтудан қорқу, кек алу немесе қызғану;
* өзінің жастығын, сұлулығын сақтап қалу мотиві, әйелдің белгілі бір кезеңінде маңызды болуы
мүмкін басқа да себептер.
* Жүктілік мақсат ретінде. Бұл әсіресе ұзақ мерзімді емдеуге тән. Бұл кезде жүктілік болуы
мүмкін, бірақ әр түрлі уақытта үзілуі мүмкін.
* Қорқыныш Балаға тәуелділік қорқынышы, жақын қарым-қатынастан қорқу, жүктілік пен босану
кезіндегі денсаулығынан қорқу, жаман ата-ана болудан қорқу, жеке басының бостандығынан
айырылу және жұбайына тәуелділікке көшуден қорқу, ЭКҰ-дан қорқу және басқа қорқыныштар [5,
89 б.].
Осылардың кем дегенде біреуінің болуы, әйелдің күмәнмен қарауы, таңдау жасай алмауы,
оның стрессті күйде екенін көрсетеді. Бұл жағдайда, организм әйелдің жүкті болмауы үшін барлық
нәрсені «жасайды», тіпті, әйел жоспарласа да, бәрін бастан аяқ қамтамасыз етсе де, жүктілік
болмайды. Қарапайым механизм - өзін-өзі сақтау - кез келген жоспардан да күшті екенін білу
болашақ ана үшін маңызды.
Әдебиеттер:
1. Иванова А.Р. Медико-психологические особенности женщин во время лечения бесплодия:
автореф. дис. ... канд. мед. наук. М., 2010. 24 с.
2. Менделеевич В.Д. Клиничекая и медицинская психология: практическое руководсто. М. :
МЕДпресс, 2001. 592 с.
3. Федина Л.П. Психологические особенности семей в программе ЭКО // Актуальные
вопросы современной психологии: материалы междунар. науч. конф. Челябинск: Два Комсомольца,
2011. С. 111-115.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
276
Күзембек Адиля
5В050300-Психология
4 курс студенті
КазГосЖенПУ
Ғылыми жетекшісі: әл.ғ.м., аға оқытушы Бапаева С.Т.
СТРЕССТІҢ ТҰЛҒАНЫҢ ИНДИВИДУАЛДЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ЫҚПАЛЫ
Аннотация. В статье дан теоретический анализ понятию стресса. Вместе с тем рассмотрены
реакции людей на стресс в зависимости от индивидуальных особенносте.
Abstract. The article provides a theoretical analysis of the concept of stress. At the same time, the reactions of
people to stress are considered depending on their individual characteristics.
Емтихан – стрестік жағдай. Студент мотивациясының өзгеруін- күйзеліске төтеп беруінен,
стрестік жағдайдағы мінез-құлықтық өзгерістен, күрделі ситуацияда өзін ұстауынан біле аламыз.
Стрестік ситуациядағы тұлғаның мінез-құлқы, типі, интенсивтілігі, оның формасы және
онымен эффективті күресу жолдары көпті қызықтыратын сұрақтардың бірі. Ішкі жай күйінің
эмоциялық сыртқы көрінісін спецификалық бақылау мен қоса, субъектінің психологиялық
ерекшелігін анықтау аса маңызды. Р.Лазарус кез-келген талпыныс индивиттің стрестік ситуация
кезінде қандай күйде болатындығына байланысты және оның психологиялық конституцияналды
тұлғалық ерекшелігіне байланысты екендігін нақты дәлелдеген.[1, 78 б.]
Бірдей стрестік ситуацияны әр тұлға әрқилы қабылдайды. Бұны біз тұлғалардың ситуацияны
әр түрлі қабылдауңынан, сол ситуациядағы бақылаушылардың эффективті әсер ете білуінен де көре
аламыз. Тұлғаның жеке ерекшеліктеріне байланысты сол ситуацияға жауабы, әрекеттің
бағыттылығы әртүрлі болады. Осы ситуациядағы «А» типіндегі тұлғаның стрестік ситауциядағы
негізгі рөлі ситуацияны өршітуші болып саналады. Себебі бұл тип мазасыздықты тудырушы,
тұлғалық және ситуациялық мәселені өршітуші ретінде қарастырылады. Тұлғаның экстроверттік
және интроверттік жай күйлері, когнитивті стилі, локустық бақылауы т.б жағынан басқа тұлғалардан
ерекшеленетіндігнін осыған байланысты ескеруіміз керек.
Психологиялық факторларды зерттеу арқылы, қандайда бір бағдарлаушы функцияны
қалыптастыруға болады. Бұл ситуацияны реттеушілер деп интроверсия мен экстроверсия, және
нейротизм типтерін айтсақ болады. Бірақ көп еңбектерде интроверсия мен экстроверсияларды тек
біріне бірі қарама-қарсы қасиет ретінде көрсетумен шектеледі.
В.С.Васильев зерттеулеріне сүйенсек экстроверттер интроверттерге қарағанда көп жағдайда
күшін көп жұмсауымен, көп күш жұмсалып оны толық толықтыра алмаған себепті шаршаңқылықтың
анық байқалуымен ерекшеленеді. Интроверттерге қарағанда экстроверттер стрестік ситуацияда
тежеліп, одан кейін ғана сауығып немесе толық қалыпты жағдайға келе алады, бірақ ол ұзақ уақытты
талап етеді.
Осы қарама-қарсы көзқарастарды ескере отырып Л.А.Китаев-Смык тұлғаларды инро-
экстроверсияға бөлу тұлғаның стрестік жай күйін толық анықтауға жеткіліксіз екендігін атап өтті.
А.М.Боковиков әдебиеттерінің қортындысы бойынша инро-экстроверсияға бөлуден байланыс жоқ
екендігін, бірақ нейротизіммен кері байланыстың бар екендігін көрсетеді.
Л.Г.Диная нейротизмді эмоциялық тұлғалық және оның төменгі деңгейі ретінде көрскетеді.
Оптимист студенттерде, оқуға белсенді қатысатын, шынайы қабылдайтын студенттерге қарағанда
C.А.Гапановы зерттеулеріне сүйенсек дизфункционалды студенттерде нейротизм жоғары екендігін
анықтады.
А.В.Махнач, В.Русинов зерттеулерінде эмоцияналды тұрақты студенттерде нейротизм
деңгейі төмен, эмоцияналды тұрақсыз студенттерде керсінше жоғары екендігі анықталды [2, 15 б.].
Стреске төтеп беруші негізгі факторлардың бірі мазасыздық. Ол көп жағдайда нейротизімнен
бірге қарастырылады.
Қорқынышты немесе жайсыз ситуацияда өзінің мазасыздығын көрсететін адамдарға
қарағанда көп жағдайда тұлғалық мазасыздығы мінезінде бар адамдар эмоцияналды стреске бейім
болады. Бұлай абсолютті бөлу дұрыс емес, себебі өмірлік тәжірибеге және қалыптасқан ситуацияға
байланысты түрлі өзгермелі жағдаяттар көрініс беруі мүмкін.