«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
259
– ақпараттық қоғамда табысты өмір сүру үшін тұлғаны дайындау, өйткені проблемаларды шешуге
оқыту әртүрлі жағдайларда қолданылатын қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруді көздейді.
Сондықтан ситуациялық тапсырмалармен жұмыс істеу кезінде шешу үшін әртүрлі оқу пәндерін оқу
кезінде алған білім мен іскерлікті пайдалану ұсынылады.
Ситуациялық тапсырмалар тек қана әртүрлі
пәндерді біріктіруге ғана емес, сонымен қатар «оқудағы» және «оқудан тыс» білімді біріктіруге
бағытталады.
Сабақтан тыс уақыттағы қосымша білім беруге өздігінен білім алуды, практикалық іс-
әрекет процесінде алынған білімді (іскерлікті) жатқызуға болады. Барлық жағдайларда ситуациялық
тапсырмаларды шешу белгілі бір пән шеңберінен шығатын және әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті
білім беру нәтижелеріне жетуге бағытталады.
Ситуациялық тапсырмалар кез келген түрдегі оқу
пәндерінде қолданылады, бұл ретте олар шешілуі қажет проблемалар сипатымен ерекшеленеді.
Жалпы жағдайда ситуациялық тапсырма ақпараттық блоктан және оған негізделген практикалық
тапсырмалардан тұрады.
Ақпараттық блок мәтін түрінде (ақпарат анық немесе анық емес түрде
берілген қарапайым мәтіндер; әртүрлі жанрлардағы күрделі мәтіндер: көркем шығармалардан,
өмірбаяндардан үзінділер, ойын-сауық сипаттағы мәтіндер, құжаттар, газет пен журналдардан
мақалалар, іскерлік нұсқаулықтар, жарнамалық хабарландырулар, тауарлық жапсырмалар,
географиялық карталар), шартты белгілер, кестелер, диаграммалар, графиктер, сурет, схемалар,
бейнеақпараттар және олардың үйлесімі түрінде ұсынылады.
Сұрақтар: 1) нақты білімдерді; 2)
іскерлік және дағды топтарын (оның ішінде қаралып отырған жағдайды өзінің өмірлік (зерттеу)
тәжірибесімен салыстыра білуді; 3) субъектінің тапсырма мен оны шешу тәсіліне қатынасын
анықтауға және бағалауға бағытталған. Білім берудің бір сатысынан екіншісіне ауысқан кезде
шешілетін міндеттер шеңбері өзгереді, оларды шешу үшін қажетті әрекет тәсілдері күрделенеді.
Белгілі бір ақпаратты меңгеру негізінде ситуациялық тапсырмаларды шешу процесінде оқушының өзі
өзгереді, өзінің социуммен қарым-қатынасын өзгертеді және сол арқылы өмірлік қиын міндеттерді
шешуге қабілетті болады. Ситуациялық тапсырмалар жеке және топта орындалады.
Ситуациялық
тапсырмалардың ерекшелігі оларды сарапшылар (оқытушылар, жоғары сынып оқушылары)
бағалайды.
Осылайша, бағалау процесі қоғамдық сипатқа ие болады, бұл функционалдық
сауаттылықты анықтаған кезде де, құзыреттілікті анықтаған кезде де өте маңызды, өйткені олар ең
алдымен тұлғаның әлеуметтік ортасымен бағаланады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының құрамдас бөлігі басқа адамдармен өзара іс-
қимыл жасай білу (жұмыс нәтижелерін көпшілік алдында көрсету, өзгелер үшін өз пікірлерінің
мағынасын түсінікті ету, өзін көрсете білу, сұрақ қою, пікірталас және т.б. жүргізу), демек,
оқушының білім міндеттерін шешуде талап етілетін білім деңгейі ретіндегі функционалдық
сауаттылық сипаттамаларының бірі ретінде диалогті, пікірталасты жүргізуге дайындықты атап өтуге
болады.
Диалог аясындағы проблемаларды талқылауға қабілеттілікті бағалаудың неғұрлым барабар
нысаны – мәселені әртүрлі ұстанымдардан бағалауға мүмкіндік беретін пікірталастар, қарым-
қатынастың диалогтік және полилогтік жағдайлары, сөйлеу байланысын орнату, тіл арқылы
ұжымының басқа мүшелерімен ақпарат алмасу, сөйлеушінің коммуникативтік ниеттеріне және
қарым-қатынас жағдайына сәйкес әртүрлі тақырыптарға байланысты монологтік пікірлерді бейнелеу.
Мұғалімнің бағалау қызметі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа формаларын
(ситуациялық тапсырмалар, портфолио, жобалар) пайдалану кезінде тек қанша және қандай білімнің
игерілгендігін анықтау үшін ғана жинақталмайды, жұмысқа дайындығы анықталып, есепке алынады,
атап айтқанда: 1) тест тапсырмаларын шеше білу, яғни нақты жағдайда қаншалықты білім
қолданылатынын анықтау; 2) міндеттерді шешу кезінде көрсетілген жеке қасиеттері; 3) міндеттерді
шешу кезінде атқаратын рөлі (орындаушы, сарапшы); 4) іс-әрекет сипаты (іскерліктің жалпылануы).
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін портфолионы пайдалану әртүрлі оқу жетістіктері
туралы көп өлшемді түсінік алуға, оқушының ойлау қызметін бағалауға, оның пәнаралық біліктерін,
стандартты емес есептерді шешуге қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы». Астана, 2010.
2. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе. – М.:
Просвещение, 2009. 7-б.
3. Перминова Л.М. Опыт введения регионального компонента в содержание образования
Педагогика. – 2018. – № 4.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
260
Ертай Самал
5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д. Қ.А.Аймағамбетова
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫНЫҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Аннотация. В этой статье рассматриваются научные и практические подходы к формированию
самостоятельной работы учащихся начальных классов на основе предмета «Естествознание».
Abstract. This article discusses the scientific and practical approaches to the formation of independent work of
primary school students on the basis of the subject «natural Science».
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
білуге тиіс.[1, 15 б.] Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен
ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер
қойған болатын. Осы міндеттердің шешімі ретінде биылғы жылы барлық 1-сыныптар оқытудың
жаңартылған білім беру жүйесіне көшті. Жаңартылған бағдарламаның мәні - баланың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін
өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс»
ұғымына құрылған. [2,56 б.] Бұл жаңа жүйе бойынша бағдарлама әзірленіп, жаңа оқулықтар
қолданысқа түсіп отыр. Бастауышта зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін
әлем туралы жаңа «Жаратылыстану» пәні енгізілді.
«Жартатылыстану» пәні бастауыш мектепке бірнеше себептерге байланысты енгізіліп отыр.
Атап айтқанда:
- пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап
айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
- пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу
жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу
нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған.
- бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына
үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады,
ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады.
«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану
ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте,
табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының
дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім
ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу,
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге,
сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту
[3, 216 б.]. Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау
мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым
терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің
басшылығымен жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол
себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете
алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға
болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын
бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.
Сабақтарда оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге
жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып