A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
8 / 26
2.
«Жасыл» стандарттар
2.1
Климат өзгерістерімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі
арнайы жұмыс тобы
G20 тобының сұрауына 2015 жылдың аяғында Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес (ҚТК) Климат
өзгерістерімен байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі арнайы жұмыс тобын ұйымдастырып,
«ақпараттың тиімді және әрекетті түрде ашылуын келісімді түрде бағалауды жүргізу, сондай-ақ
несие берушілер, сақтандырушылар, инвесторлар және басқа қолданушылардың ақпаратты ашуға
қатысты қажеттіліктеріне сай климат өзгерістерімен байланысты тәуекелдерді ерікті түрде
ашуына арналған ұсынбалар жиынтығын жасақтау» мандатын берді. Бұл жұмыстың мақсаты -қаржы
секторындағы мүдделі тараптарға инвестициялық, несиелік және сақтандыру қағаздарын кепілді түрде
орналастыру жөніндегі негізделген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беру, сондай-ақ көміртегі
шығарындылары саласындағы қауіптілігі жоғары және климаттық тәуекелдері жоғары активтердің класс
концентрацияларының секторлар мен жалпы жүйеге ықпалын терең түсіндіру болып табылады. 2016
жылдың желтоқсанында шығарылған өзінің түпкілікті есебінде
10
Арнайы жұмыс тобы басқару
қағидаттарын, тәуекелдерді басқару стратегиясын, сондай-ақ сандық көрсеткіштер мен түрлі секторлар
мен юрисдикцияларға жататын мекемелерге қолданылатын мақсаттық көрсеткіштерді сипаттайтын,
климат өзгерістеріне қатысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі төрт жалпы ұсынбаны жасақтады (3-
суретті қараңыз). Сонымен қатар ақпаратты ашуға, сондай-ақ қаржы секторы мен жекелеген қаржылық
емес секторларға арналған нақты ұсынбалар берілді.
Басқару
басшылық тарапынан
кеңестер+қадағалау және
олардың климаттық
тәуекелдер мен
мүмкіндіктерді бағалау мен
басқарудағы рөлі
Стратегиялық жоспарлау
климат өзгерістеріне
қатысты тәуекелдерді,
сондай-ақ мүмкіндіктерді
стратегиялық және
қаржылық жоспарлауға қосу
Тәуекелдерді басқару
климаттық тәуекелдерді
анықтау, бағалау және
басқару үрдісі және оларды
тәуекелдерді басқару
рәсімдеріне кіріктіру
Сандық көрсеткіштер мен
мақсаттар
ПГ шығарындыларын,
тиімділіктің сандық
көрсеткіштері мен ішкі
көрсеткіштерін тіркеу
хаттамаларын тәуекелдер
мен мүмкіндіктерді бағалау
және басқару үшін
пайдалану
3-
сурет. Климат өзгерістерімен байланысты ақпаратты ашу жөніндегі ұсынбалар
Басқару климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді кеңінен бақылауға, сондай-ақ басшылықтың оларды
басқару мен бағалаудағы рөліне сүйенеді. Ақпаратты стратегиялық ашу мекеменің климат саласындағы
түрлі мақсаттық көрсеткіштер аясындағы стратегиялық және қаржылық жоспарларында климатпен
байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді тәуекелдер мен мүмкіндіктерін қалай
ескеретіндігіне негізделеді. Тәуекелдер туралы ақпаратты ашу климаттық тәуекелдерді сәйкестендіру,
бағалау және басқару үрдісі туралы, сондай-ақ мұндай рәсімдердің тәуекелдерді басқаруға қалайша
кіріктірілетіні туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Сонымен компаниялар ПГ шығарындыларын тіркеу
хаттамасына және ішкі мақсаттық тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес парник газдарының шығарындылары
туралы ақпаратты ашумен, климат өзгерістерімен байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерін бағалау
мен басқаруда қолданылатын өздерінің сандық көрсеткіштері мен мақсаттық көрсеткіштерін жариялауға
10
https://www.fsb-tcfd.org/wp-content/uploads/2016/12/16_1221_TCFD_Report_Letter.pdf
A.6.3 «Жасыл» стандарттар
Ақпарат
Түпкілікті есеп
27.03.2017 ж.
9 / 26
тиісті. Арнайы жұмыс тобы сонымен қатар қаржы секторларына, соның ішінде банктерге (олардың
кейбірлері төмендегі 4-суретте көрсетілген) арналған ерекше нұсқаулық ұсынды.
11
Басқару
• басқа салалардағы
сияқты
Стратегиялық жоспарлау
• көміртегі
шығарындыларымен
байланысты активтерге
арналған несиелік
тәуекелдер
концентрациялары.
• (физикалық және өтпелі)
қаржылық-делдалдық іс-
әрекеттің басқа түрлерін
несиелеу және жүзеге
асыру үрдісіндегі климатқа
қатысты тәуекелдер
Тәуекелдерді басқару
• несиелік тәуекелдер,
нарықтық тәуекелдер,
өтемділікті жоғалту
тәуекелдері және
операциялық тәуекелдер
сияқты банк
секторларының
санаттарындағы климаттық
тәуекелдердің
сипаттамасын анықтау.
• тәуекелдер жіктемесінің
пайдаланылатын базалық
құрылымдарын суреттеу
Сандық көрсеткіштер
мен мақсаттар
• Несиелеу және
делдалдық бизнес
саласындағы климаттық
тәуекелдерді бағалаудың
сандық көрсеткіштері
• Несиелік тәуекелдер
ықпалымен, акционерлік
капитал және қарыз
міндеттемелерінің
ықпалымен, сауда
позицияларының (салалар,
география, несие төлеуге
қабілеттілік, әрекет ету
мерзімдері бойынша)
ықпалымен байланысты
сандық көрсеткіштер
• Көміртегі
шығарындыларына
қатысты активтердің саны
және активтердің жалпы
көлеміндегі үлесі, сондай-
ақ мүмкіндіктермен және
климатпен байланысты
несиелеу және басқалай
қаржыландыру көлемі.
4-
сурет. Қаржы секторына арналған климат өзгерістерімен байланысты ақпаратты ашу жөніндегі
таңдамалы ұсынбалар
Арнайы жұмыс тобы әзірлейтін есептіліктің құрылымы қаржы ұйымдарына арналған есептіліктің «бәрі
қамтылған» құрылымы және "жасыл" есептіліктің базалық құрылымдарын жасауға негіз болатын
стандарт ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы есепті енгізу жөніндегі басшылық нұсқаулықта
12
ақпаратты
ашудың басқа маңызды механизмдерімен, соның ішінде, мысалы, G20 / Экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымы (ЭЫДҰ) корпоративтік басқару қағидаттарымен
13
, Көміртегі шығарындылары туралы
ақпаратты ашу жобасы (CDP) аясындағы климат өзгерістері жөніндегі сауалнамамен (2016 ж.)
14
,
Есептіліктің жаһандық бастамасымен және G4 тұрақты даму саласындағы есептіліктің басшылық
қағидаттарымен
15
, Климат өзгерістері туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңестің Климат
өзгерістері туралы есептілік жүйесімен (КӨЕЖ) және
16
Халықаралық кіріктірілген есептілік жөніндегі
11
https://www.fsb-tcfd.org/wp-content/uploads/2016/12/18_1216_TCFD-Annex-A4.pdf
12
Сол ақпарат көзінен, 14-16 беттер.
13
https://www.oecd.org/corporate/principles-corporate-governance.htm
14
https://www.cdp.net/en/climate
15
https://www.globalreporting.org/information/g4/Pages/default.aspx
16
http://www.cdsb.net/