«Жасыл» стандарттар «Қазақстанға арналған жасыл қаржы жүйесі»


A.6.3 «Жасыл» стандарттар



жүктеу 351,86 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата16.02.2018
өлшемі351,86 Kb.
#9961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

A.6.3 «Жасыл» стандарттар 

Ақпарат 


Түпкілікті есеп 

27.03.2017 ж. 

 

10 / 26 

кеңестің (IIRC)

17

 

жүйесімен келісілуіне шолу жасалған. Осылайша Арнайы жұмыс тобының ұсынбалары 



негізгі қаржылық есептіліктің климаттық тәуекелдер туралы ақпаратты ашуды ілгері апару мақсатында 

есептілікті ұсынудың маңызды бастамаларымен қалай тоғысатыны жөніндегі нұсқаулық болып 

табылады. 

2.2 

ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін басқару рәсімдері 

ЕҚДБ негізгі мандаттарының біріне тұрақты даму аясында несиелеу және инвестициялық іс-әрекет 

арқылы қолдау көрсету жатады. Осы мандаттың бір бөлігі ретінде ЕҚДБ өзінің қаржылық делдалдарынан 

экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізуді талап етеді. ЕҚДБ экологиялық 

және әлеуметтік тәуекелдерді басқару рәсімдері қаржы делдалдарына арналған экологиялық және 

әлеуметтік тәуекелдерді қалай бағалауға және қаржы операцияларындағы экологиялық мүмкіндіктерді 

қалай анықтауға болатындығы жөніндегі нұсқаулық болып табылады. ЕҚДБ сонымен қатар серіктес 

банктері үшін олардың мекемелерінде инвестициялық және қаржылық іс-әрекет саласындағы 

экологиялық және әлеуметтік бағалауларды қалай жүргізуге болатыны жөніндегі кеңестері мен 

ұсынбаларын ортаға салып отырады. ЕҚДБ өзінің қаржы делдалдарына, мысалы, банк несиелері 

арқылы, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеу арқылы, қорларды басқару және акционерлік 

қапиталға инвестициялар салу арқылы қаржыландыруды ұсынады. Экологиялық және әлеуметтік 

тәуекелдерді басқару рәсімдері қаржыландыру түрлеріне қарай бейімделген. 

ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару рәсімдері қаржы саласындағы делдал 

әріптестерге қойылатын тиімділік талаптарын айқындайды. Бұл тиімділік талаптарын делдалдар 

есептілік әзірлеу кезінде стандарт ретінде негізге алулары тиіс. Осының үрдісінде банк бірқатар қаржы 

операцияларын жүзеге асыру кезінде экологиялық және әлеуметтік мәселелерді бағалау және есептілік 

саласындағы халықаралық озық тәжірибені алға тарта алады. Корпоративтік, шағын және орта бизнеске 

арналған, сондай-ақ шағын несиелеу, акционерлік капиталға пассивті және активті инвестициялар құю, 

лизинг, қарызды өндіру құқығын өзгеге беру, ипотекалық несиелеу, сақтандыру және саудалық 

қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықтар ұсынылды. Тәуекелдерді басқару рәсімдері әртүрлі қаржы 

өнімдері бойынша тәуекелдерді бастапқы талдау, тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді бақылау және 

тәуекелдерге мониторинг жүргізу шараларын қамтиды. Банк тәуекелдерді бастапқы талдау құралдарын, 

17 түрлі сектор үшін санаттары бойынша тәуекелдерді бөлу туралы нұсқаулықты ұсынады, оларды 

қаржы делдалдары белгілі бір секторға тән экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау үшін 

қолдана алады. Сонымен қатар жел қуаты, гидроэнергетикалық, күн, геотермалды қуат және энергетика 

саласындағы биомассаны пайдалану жөніндегі жобалар үшін бөлек техникалық біліктілік критерийлері 

қарастырылған. 

Тәуекелдерді басқару рәсімдері сонымен қатар ЕҚДБ есептілігіне қойылатын талаптарды орындау, 

кешенді экологиялық сараптама рәсімдерін басқару және енгізу жөніндегі нұсқаулық болып табылады. 

Сонымен бірге экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау жөніндегі нұсқаулық келесілерден 

тұрады: 


 

Парник газдарының шығарындыларын бағалау 



 

Биологиялық алуантүрлілік саласындағы тиімді тәжірибе жөніндегі басшылық нұсқаулар 



 

Гидроэнергетикалық жобаларға арналған экологиялық және әлеуметтік нұсқаулық 



 

Биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу және тірі табиғат ресурстарын тұрақты басқару 



 

Әлеуметтік нұсқаулық (отбасы мүддесіне жұмыс істеу, гендерлік теңдік, көшіп-қону жөніндегі 



нұсқаулық, жұмыс орнындағы жағдайлар және еңбек жағдайлары). 

ЕҚДБ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару рәсімдері «жасыл» стандарттың мысалы 

болып табылады, ол ақпарат ашуды ғана емес, сонымен қатар ЕҚДБ әзірлеген көпшілікке арналған 

нұсқаулықтар мен анықтамалық құжаттардың кең шеңберін пайдалана отырып, бағалауды қамтиды. 

                                                             

17

 http://integratedreporting.org/



 


 

A.6.3 «Жасыл» стандарттар 

Ақпарат 


Түпкілікті есеп 

27.03.2017 ж. 

 

11 / 26 

2.3 

Климат өзгерістері туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес 

Климат өзгерістері туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес (CDSB) ұсынылатын 

экологиялық ақпаратты стандартты корпоративтік есептілікпен келісімдеу және экологиялық деректердің 

инвесторлар үшін маңыздылығы мен өзектілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Климат өзгерістері туралы 

ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес (CDSB) іскер және экологиялық ҮЕҰ құрған экологиялық 

ақпаратты ұсынуға арналған базалық жүйені пайдалануды ұсынады. Экологиялық ақпаратты ұсынуға 

арналған базалық жүйе бөлек стандарт ретінде ұйымдастырылмаған, алайда оның орнына онда көпшілік 

қабылдаған бастамалар пайдаланылады. 

Климат өзгерістері туралы есептілік жүйесінде (КӨЕЖ)

18

 



климат өзгерістері туралы маңызды ақпараттың 

негізгі корпоративтік есептер аясында қаржылық іс-әрекетке қалай кіріктірілетіні туралы толық ұсынбалар 

бар. Бұл жүйенің мақсаты инвесторлар ретінде шешім қабылдау кезінде ұсыну үшін де, акционерлік 

капиталдың әлеуетті инвесторлары, несиелік мекемелер мен басқа да несие берушілер үшін де 

пайдалы болатын мекеменің есептілігі туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Бұл осы жүйенің 

негізінен қаржы есептеріндегі ақпаратты бағалау сияқты инвесторлардың пайдалануына арналғанын 

білдіреді. Бұл Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес және  Климат 

өзгерістері туралы есептілік жүйесін (КӨЕЖ) пайдаланатын ұйымдар белгілеген қағидаттарымен және 

міндеттерімен келісіледі және, біздің күткеніміздей, онда негізгі қаржылық ақпаратты ашу 

жағдайындағыдай ақпарат ұсынудағы құлшыныс пен жауапкершілік деңгейі пайдаланылатын болады. 

Бұл жүйе инвесторларға климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерге қатысты терең көзқарас ұсынатын 

компаниялар үшін пайдалы. Үкімет үшін бұл базалық жүйе ПГ бойынша есептілік сызбаларында 

қолданылатын әдіс болып табылады. 

Климат өзгерістері туралы есептілік жүйесі (КӨЕЖ) екі бөліктен тұрады: стратегиялық талдау, 

тәуекелдерді талдау және басқару, сондай-ақ парник газдарының шығарындылары туралы деректер. 

Бірінші бөлігінде басшылықтан ұйымның стратегиясы мен операциялық іс-әрекетінің климат өзгерістеріне 

қатысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерге ықпалы туралы, сондай-ақ бұл ұйымның осы мәселелерді қалай 

шешетіні туралы есептерді дайындау талап етіледі. Екінші бөлігі инвесторларға осындай 

шығарындылармен байланысты тәуекелдерді бағалау мен талдау жүргізуге мүмкіндік беру үшін ПГ 

шығарындылары туралы жоғары сапалы сандық деректерді ұсынуға бағытталған. Айта кететін маңызды 

жайт, Климат өзгерістері туралы есептілік жүйесі (КӨЕЖ) парник газдары шығарындыларын есепке 

алудың өзіндік стандарты болмағанымен, алайда ISO 140644

19

 

және Парник газдары шығарындыларын 



бағалау хаттамасы 

20

немесе парник газдарының шығарындыларын есепке алудың ұлттық немесе 



аймақтық бағдарламалары сияқты қолданыстағы халықаралық стандарттарға сүйенеді. 

Климат өзгерістері туралы мәселе бойынша жүргізілетін жұмыстарды кеңейту аясында Климат 

өзгерістері туралы ақпаратты ашу стандарттары жөніндегі кеңес (CDSB) 2015 жылы Экологиялық ақпарат 

және табиғи капитал жөніндегі есептілікке арналған жүйені жасақтап шығарды.

21

 

Бұл есептілік жүйесінде 



экология және табиғи капиталға қатысты ақпарат немесе бағыттардың кең ауқымы бойынша есептілікке 

қойылатын талаптар мен қағидаттары баяндалады, соның ішінде: 

 

парник газдарының шығарындылары; 



 

Жаңғыртылатын/ жаңғыртылмайтын қуат көздерінің көмегімен қуат өндіру, пайдалану және 



тұтыну; 

 



Жер пайдалану мен орман шаруашылығындағы өзгерістер (LULUCF); 

 



Парник газдарының атмосфераға, топыраққа және суға түсуімен байланысты емес 

шығарындылар, мысалы, шу, иіс, лай, ластауыш заттар, т.б.; 

                                                             

18

 



Келесі сайттан қол жеткізуге болады: http://www.cdsb.net/what-we-do/reporting-frameworks/climate-change 

19

 http://www.iso.org/iso/home/news_index/news_archive/news.htm?refid=Ref994 



20

 www.ghgprotocol.org 

21

 http://www.cdsb.net/what-we-do/reporting-frameworks/environmental-information-natural-capital



 


жүктеу 351,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау