Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет8/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

22

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

сарапшылар испандық еңбек нарығында тұрақты емес негізде жұмыс істейтін 

жастардың көп екендігімен түсіндіреді.  

Бұған қоса, жұмыссыздықпен байланысты жағдай Жұмыспен қамту орта-

лықтарының тиімсіздігімен байланысты. Көптеген орталықтар жұмыссыздар-

ды жұмысқа орналастыру механизмдерін іздеу үшін емес, құжаттарды өңдеу, 

жәрдемақыларды беру мақсатында ғана жұмыс істейді. Екіншіден, испан-

дықтар жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны және тұрғын үйді жалға алу 

бойынша жастар жәрдемақыларды, мүгедектік туралы жәрдемақыны, бір асы-

раушысы бар отбасыларға арналған жәрдемақыны және т.с.с. алады. Нәтиже-

сінде, мемлекеттік материалдық көмек алу себебінен көптеген жастар жұмыс 

іздеуді тіптен тоқтатты.

Испанияның әлеуметтік саясатына жасалған талдау ел Үкіметінің жастар 

арасындағы жұмыссыздықпен күресуге бағытталған бірқатар шаралар атқа-

ру үстінде екендігін көрсетіп отыр. 2014 жылы жас буын арасындағы жұ-

мыссыздықпен күресудің басты амалдарының бірі мемлекеттік «Жастардың 

жұмыспен қамтылу кепілдігі» бағдарламасы болды. Келісім-шарт арқылы 

тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір мекемеге міндетті әлеуметтік сақтанды-

ру бойынша ай сайын 300 еуро жеңілдік жасалды. Жеңілдік жарты жыл бойы 

жарамды. Басқа сөзбен айтар болсақ, испандық компаниялар үшін (сонымен 

қатар, жеке кәсіпкерлер үшін) әр жаңа жұмыскер 1800 еуроға арзан тұрады. 

Ал мемлекет тарапынан жасалатын мұндай ынталандыру жұмысқа қысқар-

тылған кесте бойынша қабылданатындар үшін де беріледі: жас жұмыскердің 

жарты күн атқаратын жұмысы үшін ай сайын берілетін сақтандыру төлемі 

кәсіпорын үшін 150 еуроға дейін қысқартылады, ал жұмыс уақытының үштен 

бір бөлігі үшін – сәйкесінше, 225 еуро болады.

«Жастардың жұмыспен қамтылу кепілдігі» тізіліміне ену үшін және осы 

бағдарламаның талаптары бойынша жұмысқа қабылдану үшін жасы 16–25 

аралығындағы қыздар немесе жігіттер (30 жасқа дейін-егер мүмкіндіктері 33% 

дейін шектеулі жандар туралы айтылатын болса) Испанияның немесе Швей-

царияның, болмаса Еуропа Одағына мүше елдердің бірінің азаматы болуы ке-

рек, Испания қалаларының бірінде тұрғылықты жерінің тіркелуі керек, соңғы 

30 күн ішінде жұмыс жасамаған немесе соңғы үш ай ішінде ешқандай жерде 

оқуда болмаған болуы керек, сонымен қатар, жұмыс жасауға рұқсатының бо-

луы керек. 

Испанияда мемлекеттен бөлек, халыққа, атап айтқанда халықтың әлеумет-

тік осал бөлігіне көмекті жеке коммерциялық банктер де көрсетеді. Испани-

ялық банктер халықтың әлеуметтік осал топтарына жәрдем көрсетуге бағыт-

талған әр түрлі бағдарламалар ұсынады, кепілдік мүлікті минималды бағамен 

тапсырып, әрі қарай баспананы жалға алушыға бөліп төлеу шартымен сатады. 




23

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

2015 жылдың қыркүйек айында Caixabank жаңа әлеуметтік бағдарлама-

ның басталғандығы туралы хабарлама жасады, оның төңірегінде қаржыгерлер 

жасы кәмелетке толмаған испандықтарды қаржылық сауаттылыққа үйретті. 

Барлық сабақтар барынша тәжірибе түрінде өткізілді. Банк осындай шара 

нәтижесінде азаматтарды өз қаражаттарын тиімді басқаруға, дұрыс үнемдеу 

мен пайдалануға үйретуді көздейтіндігін айтты. Сонымен қатар, банк маман-

дары арнайы сайт әзірлеп, материалдарын балаларға ғана емес, оқытушыларға 

да пайдалы болатындай етіп оңтайландырды, оны қаржы және экономика бой-

ынша дәріс беретін мамандар да пайдалана алады.

Испандықтардың белгілі топтамасына арналған тағы да бір бонус Испания 

Үкіметі бекіткен Баспана бағдарламасы болды, ол 2018 жылдың 1 қаңтарынан 

басталады. Бұл бағдарлама аясында халықтың белгілі топтамасының баспа-

на жалдау, сатып алу немесе жөндеу мүмкіндіктерінің арттырылуы қарасты-

рылған. Мұндай топтардың бірі жасы 35 дейінгі жастар. 



24

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесіне талдау

2.5 Италия

Италияның ұлттық статистика институты (ISTAT) 2014 жылы жастар ара-

сындағы жұмыссыздықтың едәуір деңгейін, яғни 43,9% құрайтыны анықтаған. 

Университеттерді бітіргеннен кейін көптеген мамандар жұмыс табуға тыры-

сады. Көптеген айдан кейін олар басқа мемлекеттерден жұмыс тауып, басқа 

елдерге ауысады. Жұмыс берушілер жастарды күтпейді деген пікірді ұстанып, 

көптеген жастар кері қайтуды тіптен жоспарламайды.

Мәдени дәстүрлердің, отбасылық құндылықтар мен ұлттық ерекшелік-

тердің нәтижесінде, жас итальяндықтар үйден басқа дамыған елдердегі 

жастарға қарағанда ерте кетеді.  Бір жағынан, түрлі буындағы өкілдер арасын-

дағы отбасы байланысы айтарлықтай қатты, сондықтан, болар ересек балалар 

ата-аналарымен, ал немерелер әжелерімен және аталарымен тұрады және бұл 

ақылға қонымды болып танылады. Алайда, екінші жағынан, еңбек нарығын-

дағы жағымсыз жағдай мен тұрақсыз экономикалық жағдай жастарға өз ата-а-

наларынан бөлініп, бөлек тұруға мүмкіндік бермейді. Сарапшылардың пікірі 

бойынша, әлемдік экономикалық дағдарыс жас италиялықтар мен олардың 

жұмыс табу қабілетіне қатты әсер етеді. Жастар елдегі және, жалпы алғанда, 

әлемдегі экономиканың салдарынан айтарлықтай осал бола бастады. 

Италияның еңбек нарығындағы негізгі мәселе жалпы жұмыспен қамту 

қалпына келуде, алайда, ол негізінен 50–64 жас аралығында кеңінен байқала-

ды. Сондықтан, мұндай өсу жүргізілетін зейнеткерлік реформаның әсерімен 

түсіндіріледі. Бұған қоса, дәстүрлі тұрақты жұмыс орындарын уақытша жұ-

мыспен алмастыру үдерісі байқалуда. Тіпті жоғары білім жастарды айтар-

лықтай қорғамайды және 30–34 жас аралығындағы бітірушілерді жұмыспен 

қамту деңгейі 2005 жылғы 79,5% көрсеткішпен салыстырғанда қазіргі кезде 

73,7% дейін төмендеген.  

NEET санатындағы итальяндық жастардың зерттеу нәтижелері көрсеткен-

дей, егер ата-ананың білім деңгейі жоғары болса, жастардың NEET санатына 

түсу қауіп-қатері төмендейді. Зерттеуде білім деңгейі төмен ата-аналардың 

өмірлік тәжірибесі төмен болғандықтан, олар балаларына оқу орнын таңда-

уға қатысты кеңесін бере алмайды.   Бұған қоса, ата-аналардың білім деңгейін 

әлеуметтік-экономикалық мәртебесінің көрсеткіші деп санауға болады. Білім, 

оның ішінде жоғары білім елеулі экономикалық инвестицияларды талап етеді. 

Бұл оқуды жалғастыру үшін ата-аналарының көмегіне сене алмайтын жастар 

әдетте, мектепті уақытынан бұрын тастап кетеді және осылайша жалақысы 

15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздардың деңгейі 

12,2% құрайды.  NEET санатындағы жастардың үлесі 2008 жылы 19,3% 

көрсеткішінен 2016 жылы 25,7% дейін артқан.



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау