Жасау бойынша



жүктеу 1,75 Mb.
Pdf просмотр
бет3/28
Дата13.11.2018
өлшемі1,75 Mb.
#19163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

8

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Осыған байланысты, NEET санатындағы жастармен жұмыс үшін арнайы 

нұсқаулық қажет. Аталған нұсқаулық құжат түрінде ұсынылған. Кешенді 

әлеуметтік зерттеулердің негізінде алғашқы рет NEET санатындағы жастар 

өкілдерінің «әлеуметтік порттері» әзірленген, аталған жастардың қосалқы 

топтары анықталған және Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы 

жастармен жұмыс жасаудың ұсынылатын әдістері ұсынылған.

Осы нұсқаулықты әзірлеудің негізгі себептері:

– қазақстандық NEET санатындағы жастардың сипаттамасын беру;

– NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық 

тәжірибесімен таныстыру;

– NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың

және зерттеулердің механизмдері мен зерттеу әдістемесін ұсыну.

Бұл Нұсқаулық кімге арналған?

Ұсынылған NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқа-

улық жастармен жұмыс жасайтын мамандарға, бастауыш, орта және жоға-

ры кәсіби білім беру саласындағы мұғалімдерге, мемлекеттік қызметкерлер-

ге, еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы сарапшыларға 

арналған. Зерттеу нәтижелері мақсатты аудиторияға NEET санатындағы 

жастарды кәсіби дамыту мен жұмыспен қамту бойынша өз қызметін айтар-

лықтай тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады. 



Бұл Нұсқаулықта не мазмұндалған?

Нұсқаулықта Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастар-

дың ерекшеліктері, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың стратеги-

ясына және халықаралық тәжірибесіне шолу, NEET санатындағы жастармен 

жұмыс жасау мен зерттеу механизмдері ұсынылған. 

Осы нұсқаулықтың сипаттамасына алғашқы рет Қазақстанда NEET сана-

тындағы жастарды зерттеу бойынша кешенді жұмысты жүргізуді жатқызуға 

болады, мұндай зерттеу NEET санатындағы жастардың қосалқы топтарымен 

жұмыстың ұсынылатын әдістерін ұсынуға мүмкіндік берді. 

Қарастырылатын тақырып бойынша ғылыми әдебиетті талдау барысында 



дерек көздің төрт санаты пайдаланылды:

1. NEET санатындағы жастармен халықаралық жұмыс тәжірибесі туралы

ақпарат беретін ағылшын тілді дерек көздері, осал жастармен жұмысқа

тоғысталған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың мета талдаудын

қамтитын Дүниежүзілік банктің мақалалары, сонымен бірге осал жастар

мәселесін зерттеу нәтижелерін жан-жақты ашатын дерек көздер; 




9

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

2. еңбек, жастар саясаты салаларындағы Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік бағдарламалары;

3. Қазақстандағы NEET санатындағы жастар мәселелерін зерттеу 

бойынша материалдар түріндегі ғылыми дерек көздер;

4. зерттелетін мәселелердің жиынтығы бойынша түрлі дерек көздерінен

алынатын статистикалық деректер (халықаралық дерек көздердің 

деректері, Қазақстан бойынша шетелдік зерттеулердің, отандық 

статистикалық қызметтерінің деректері).



10

NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер?



NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

1-БӨЛІМ. NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР 

ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР?

Әдетте, жұмыс күшіндегі халықтың қатысуын және еңбек нарығындағы 

жағдайды сипаттау үшін Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша 

өлшенетін жұмыспен қамту, жұмыссыздық, экономикалық белсенділік/әре-

кетсіздіктің көрсеткіштері пайдаланылады. Не жұмыспен қамту, не білім алу 

саласына кірмеген жастарға назарды 1980 жылдардың соңында ағылшын зерт-

теушілері аударған. Мұндай жастарды «ZerO тобы» терминімен атаған. Бірне-

ше жылдан кейін бұл термин («Not in Employment, Education or Training») [1] 

терминімен алмастырылды. 

1999 жылы NEET термині алғаш рет ресми құжаттарда 16–18 жас ара-

лығындағы жастардың мәселелеріне қатысты Ұлыбритания Үкіметінің баян-

дамасында пайдаланылған. 2000 жылдардың соңында NEET ұғымы кеңінен 

жастардың әлеуметтік-экономикалық ережесінің сипатамасына және тал-

дауына арналған түрлі халықаралық ұйымдардың (ЕО, ЭЫДҰ, ХЕҰ) ана-

литикалық және бағдарламалық құжаттарында пайдаланылады. Осылайша, 

«Жастар қозғалыста» бағдарламасының негізінде әзірленген «Еуропалық 

стратегия 2020» бағдарламасында жұмыспен қамту және жастарға білім беру 

мәселелерін шешу қажеттілігіне үлкен назар аударылған, ал NEET деңгейі 

жұмыссыздық деңгейімен бірге жастар жағдайын сипаттайтын екі негізгі көр-

сеткіштердің бірі ретінде қабылданды. 

ЭЫДҰ мүше елдеріндегі NEET санатындағы жастарды талдау миллион-

даған жастардың ешқайда оқымайтындығын және жұмыс істемейтіндігін көр-

сетті. Халықтың мұндай тобының негізгі қауіп-қатері мемлекеттің көмегінсіз 

экономикалық белсенді емес жастар жұмыс үшін маңызды машықтарды ал-

майтындығын білдіреді, ал ол өз кезегінде жастарға экономикаға интегралда-

уға мүмкіндік бермейді және тиісінше әлеуметтік қауырттылықтың әлеуетті 

дерек көзін қалыптастырады. 

Тағы бір мәселеге жастардың көп бөлігі оқу орындарынан қажетті 

машықтарды алмай тастап кетуі салдарынан жұмысқа орналасуымен байла-

нысты қиындықтарға ұшырайтындығын жатқызуға болады.  



«Білім барлығына» бақылау бойынша бүкіл әлемдік баяндаманы әзірлеу 

бойынша топ есептеулері табысы төмен мемлекеттердегі барлық білім 

алушылар мектепті оқу секілді негізгі машықпен тәмамдаса, шамамен 

 

171 млн. адам кедейшіліктен шыға алатындығын көрсетеді, ал бұл өз ке-

зегінде әлем бойынша кедейшілікті 12% төмендетуге мүмкіндік беретін  

еді. Білім алу адамдарға жұмыс істейтін кедей қалпынан құтылуға көмек-

тесе алады. Жалпы алғанда, бір мектеп жылы табысты 10% арттырады. 

Білім алу адамдарға жұмыс істейтін кедей қалпынан құтылуға көмектесе 

алады.


жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау