4. Жастық шақтағы психологиялық ерекшеліктер.Студенттік кезең психологиясы.
5. Өмірлік жоспарлар.Мамандықты меңгеру.
Әдебиеттер:
1. Мухина В.С. Возрастная психология.-М.,2004
2. Крайг Г.,Бокум Д. Психология развития.-СПб.;Питер.,2004
3. Столяренко Л.С. Основы психологии.-Ростов н/Дону.;Феникс.,2003
4. Психология развития./Под.ред.Г.Д.Марцинковской.-М.,2005
5. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004
Мақсаты:Ерте жастық кезеңнің ерекшелігімен және даму мүмкіндіктерімен және осы кезеңдегі басты мәселе мамандық таңдау міндеттерімен таныстыру.Студенттік кезеңге сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау,пікірталас.
№ 13 дәріс
Тақырыбы: Орта жастағы адамдар психологиясы.
Дәрістің мазмұны: 1. Орта жастағы физиологиялық ерекшеліктер.
2 Орта жас кезеңіне тән психологиялық қасиеттер.
3. Орта жас кезеңіндегі қарым-қатынас. Жанұя және достар, тұлғааралық қарым-қатынастар
4. Орта жастағы танымдық іс-әрекет және ақыл-ой ерекшелігі
5. Орта жас кезеңіндегі психоәлеуметтік даму
6. .Орта жастағы міндеттер Әдебиеттер:
1. Психология развития. /Под.ред. Г.Д.Марцинковской.-М.,2005.
2. Ильин Е.А.Психофизиология состояний человека.-СПб:Питер,2005 98-198
3. Морозов А.В. Социальная психология.-М.,2003
4. Бодалев А.А.Психология личности.-М.,1988
5. Эльконин Б.Д. Психология развития.-М.,2001
6. Выготский Л.С.Психология.-М..,2000
7. Реан А.А.Психология личности.-СПб.-2004
8. Крайг Г.,Бокум Д.Психология развития.-СПб.:Питер.,2004 646-716 б.
9. Психология./Под.ред.В.Н.Дружинина.-СПБ.:Питер.,2005, 295-315 б.
10. Психология : учебн.-отв.ред.А.А.Крылов.-2-е изд.,-М.,2007 439-446 б
Мақсаты: Орта жастағы физиологиялық,психологиялық ерекшеліктер,қарым-қатынас түрлері мен негізгі міндеттерін түсіндіру.
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
№ 14 дәріс
Тақырыбы: Қарттық жастағы адамдар психологиясы. Дәрістің мазмұны:
1. Қарттық кезеңдегі адамдарға тән негізгі психологиялық ерекшеліктер.
2. Қарттық кезеңдегі когнитивтік процестердің өзгерістері.
3. Бұл кезеңдегі мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайы.
4. Зейнеткерлікке шығу
5 Қартаю теориялары. Жеке тұлға және қартаю
. 6. Қарттық кезеңдегі аурулар түрлері.
Әдебиеттер:
1. Крайг Г.Бокум Д. Психология развития. СПб., 2002. 720-730, 742-755б.
2. Психология развития./Под.ред. Г.Д.Марцинковской.-М.,2005.
3. Эльконин Б.Д. Психология развития.-М.,2001.
4. Гамезо М.В., Петрова Е.А.Возрастная и педагогическая психология. М., 2003.
5. Столяренко Л.Д.Психология.-Ростов н/Дону,2003004.
6. Морозов А.В.Социальная психология.-М.,2003.
7. Трофимова Н.М. Возрастная психология.-СПб.:Питер.,2005.
Мақсаты: Қарттық кезең психологиясымен таныстыру,қарттық кезеңдегі аурулар түрлерін түсіндіру..
Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау
№ 15 дәріс
Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясына қарай адам дамуы заңдылықтары.
Дәріс мазмұны:
1. Адам дамуындағы өмірлік циклдар:
1.1 Жүйке жүйесінің дамуы.
1.2 Денелік дамуы.
1.3 Жыныстық дамуы.
1.4 Когнитивті даму.
1.5 Адамгершілік даму.
2. Тұлғаның дамып қалыптасуы:
2.1. Тұлғаның әлеуметтенуі.
2 2. Әлеуметтік ролдердің дамуы.
2.3. Әлеуметтік статус.Әлеуметтік ролдердің жүйесі.
2.4. Ролдік және ішкі тұлғалық конфликтілер.
2.5. Балалар мен ересек адамдардың әлеуметтенуіндегі айырмашылықтар.
3. Жас ерекшелігіне қарай дағдарыс кезеңдері.
3.1. Нәрестелік кезеңдегі дағдарыс.
3.2. Ерте балалық шақтағы дағдарыс (1-3 жас аралығында).
3. 3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі дағдарыс ( 3-6 жас кезеңінде)
3.4. Мектеп жасындағы дағдарыс (6-11 жас аралығында).
3.5. Ерте жастық шақтағы дағдарыс (11-20 жас аралығында)
3.6. Жас кезеңдегі дағдарыс (20-25 жас аралығы)
3.7. Орта жас немесе кемелденген шақтағы дағдарыс (50 жасқа дейінгі кезең)
3.8. Қарттық кезеңдегі дағдарыс.(50 жастан кейінгі кезең)
4.. Аномалиялық мінез-құлықтың болу себептері.
4.1. Аномалиялық жағдайда адамдардың ақыл-ойының даму деңгейі.
4.2. Балалар аномалиясы. Интеллектуалды даму деңгейінің қалыс қалуының
варианттары. (конституциялық,соматикалық,психикалық,церебралды-органикалық).
4.3 Психологиялық және медициналық көмек беру әдістері.
Әдебиеттер:
1. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Д.,2003, 657-669 б
2 .Ілешева Р. Медициналық психология .-Алматы.,1996
3. Крайг Г.Бокум Д.Психология развития.СПб.,2002
Мақсаты:Адам дамуының өмірлік циклдары, тұлғаның дамып қалыптасуы, жас ерекшелігіне қарай дағдарыс кезеңдері мен аномалиялық мінез-құлық болу себептерін түсіндіру..
Әдістемелік нұсқау: Дәріс мазмұнын баяндау.
ОЖСӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау.
- Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.
“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.
Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.
Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.
Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – баланың өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру - баланың санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл.
Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр.
Дебат. Оқушылардың сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.
Еркін микрофон. Бұл әдісті сыныптан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл оқушыларға даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - әкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.
Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.
Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.
Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
Ойлар нақты және қысқа болуы керек.
Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.
Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін студенттерді мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.
Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:
Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..
Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)
Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.
Жобаның мазмұндық бөлімін құру.
Зерттеу әдістерін қолдану.
Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация
Жобалауды құру:
Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.
Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
Студенттердің өз бетімен жұмысы.
Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.
Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.
Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.
Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:
проблеманың мәнділігі және өзектілігі;
қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;
жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;
қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;
жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;
проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;
шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;
орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;
оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.
Жоба:
Пән:
Топ:
Жобаның сипаты:
Ғылымдар тараулары:
Жобаның типі:
Жобаның мақсаты:
Жобаның міндеттері:
Жоспарланған нәтиже:
Оқу мақсаты:
Материалдар:
Жұмыс уақыты:
Топ типі:
Рольдер:
Жобамен жұмыс:
Оқу-тәрбиелік міндеттер:
Өзара көмек:
Жеке жауапкершілік:
Жетістік көрсеткіші:
Күтілетін іс-әрекет:
Эвристикалық әңгіме Сократ заманынан келе жаткан әдіс.
Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық әңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық әңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш әдіс мәселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл әдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық әңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту әдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл әрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық әңгіме әдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.
Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту әдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді
Дискуссия - әңгіме барысында туындаған әр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік әрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дәлелдермен, көрсеткіштермен дәлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мәселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тәсіл.
Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел әр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.
Дөңгелек үстел әдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- әлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде әркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде әркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру.
Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.
Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.
Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.
Жалпы алғанда іскерлік ойындардың мәні әр түрлі жағдайларда қатысушылардың өздері алдын-ала берілген ережесі бойынша басқару шешімдерін ойын жолымен таңдауға келіп саяды,- дейді іскерлік ойын әдісін тәжрибеден өткізіп, насихаттаушы Е.А.Хруцкий.
Іскерлік ойын бұл жағдайда студенттердің өздеріне өзге маман (мұғалім, оқу ісінің орынбасары, білім беру департаментінің инспекторы) орнына қойып, соларша ойлап, соларша әрекет етіп, солардың атынан талдау жасаумен тиімді. Сондай-ақ, студенттер басқа әдістердегідей емес, өздері көзбен көріп, қолмен қойған әрекеттерге талдау жасады. Бұл олардың мақсаты ойлау дағдысын, ынтасын, байқау, бақылау қабілеттерін ұштайды. Салыстырмалы түрде алғанда ішкі белсенділікті арттыру әдістерінің ішіндегі екінші бір жаңа әдіс-тренинг. Бұл әдіс Батыста психокоррекциялык жұмыстарды ұйымдастыруда кеңінен танымал. Аталмыш әдіс мазмұны жағынан іскерлік ойындарды еске түсіреді. теория шығаруға негізделеді.
Тренинг өткізу де оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді:
1) тренингтің сценарий-жоспарын дайындау.
2) тренинг өтетін тақырып бойынша студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)
3) оқушының өзін-өзі дайындау (мәселені қою, жауаптар мен пікірлерді қабылдау, таласты мәселені драмалық тұрғыдан жандандыру, оқушы жауапбының мәнін ашуға жетекші сауалдар қою, дұрыс емес жауапты бағалау, тренинг барысындағы студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын-ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)
4) қатысушылыр арасында рольдердің бөліп беру. Қатысушының бәріне бірдей роль ұсыну міндет емес. Үштен бір бөлігі бақылаушы, сыншы сияқты қатысуға болады.
Әлеуметтік –психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.
Мұнда әдеттегі студенттің оку тобы әр алуан әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың көрнекі моделіне айналады. Яғни айтқанда, олардың оқып үйренетін және тәжірибе жасайтын зерттеу полигоны оқытушының ауызша қойған шешуі сан қилы көкейтесті сауал емес, өздерінің өзара әрекеттерінен туындаған психологиялық жағдайлар. Міне, сондықтанда әлеуметтік психологиялық тренингтерді әлеуметтік психологияны ақиқат дүниеде, шынайы әрекет негізінде меңгертуге бағытталған теорияның өмірінен үндескен әдістер деп бағалаймыз. Іскерлік ойындардың ғылыми теорияда практакалық әрекетті пайдалануға, ол, тренингтің психология теориясын практикалық ситуацияларда өміріміздегі жағдайлар баламасы ретінде қолдануға үйренетіндігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
|
Позициялар
|
Мазмұны
|
1 кезең. Жеке жұмыс.
|
А Б
В Г
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2 кезең. Жұппен жұмыс
|
А <-> Б
В <-> Г
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)
|
А Б
| |
В Г
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4 кезең. Топтық шешім қабылдау
|
А Б
\ /
/ \
В Г
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді. .
Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.
Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.
Вен диограммасы: сыни түрғыдан оқу технологиясы бойынша студенттер вен диограммасына сол әрекеттің жағымды жағымсыз жақтарын және екеуінің ұқсас жақтарын жазады..
Әдебитетпен жұмыс :Сутденттер белгілі бір проблеема бойынша әдебиеттерге шолу жасап топта талдау жасайды.
Екі жақты күнделік: Берілген тақырып бойынша студенттер кесте толтырады. Ол кестеде проблема және түсініктеме жолдарына деген жолдары бар соған тақырып бойынша талдау жасайды.
1-ОЖСӨЖ мазмұны:
Жас ерекшелігі психологиясы пәні.
Мақсаты: Жас ерекшелігі психологиясының зерттейтін обьектісін тану.
Жас ерекшелігі психологиясының пәні, міндеттері мен салалары.Психикалық даму заңдылықтары
Өткізілу формасы: Ауызша баяндау.
2-ОЖСӨЖ мазмұны:
Адамды зерттеу әдістерінің түрлері, қолданылуы және эксперименталды бағыттары.
Мақсаты:Зерттеу әдістерінің түрлерін талдау, психологиялық зерттеулерді жүргізуге үйрету.
Өткізілу формасы: Кеңес беру, талдау,диагностика жүргізу.
Әдебиеттер:
1. Гамезо М.В.,Петрова Е.А. Возрастная и педагогическая психология.-М.,2003
2. Мухина В.С. Возрастная психология.-М.,2004
3. Психология развития /Под.ред.Г.Д.Марцинковской.-М.,2005
4 .Бурлачук Л.Ф. Психодиагностика.-СПб.:Питер.,2003
3-ОЖСӨЖ мазмұны:
. Қазақстанда жас ерекшелік психологиясының дамуына үлес қосқан ғалымдар.
Мақсаты:Қазақстанда жас ерекшелігі психологиясы мәселелерімен айналысқан ғалымдар еңбектерімен танысу және әдебиеттермен интернетпен жұмыстануға дағдыландыру.
Өткізілу формасы:конспект жазу.
Әдебиеттер:
1. Мухина В.С. Возрастная психология.-М.,2004
2. Психология развития.;Под. ред.Г.Д.Ммарцинковской.-М.,2005
3. Обухова Л.Ф.Возрастная психология.-М.,2004
4. Эльконин Б.Д. Психология развития.-М.,2001
5. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,1985
4-ОЖСӨЖ мазмұны:
Психикалық дамудың шарттары .Адам дамуына ортаның әсері.
Мақсаты: психиканың пайда болу тарихына үңілу.Адам дамуына әсер етуші факторларды жүйелеу,талдау.
Өткізілу формасы: Дөңгелек үстел. (талдау,пікірталас).
Әдебиеттер:
1. Крайг Г. Бокум Д.Психология развития. СПб., 2002. 119, 121 б.
2. Выготский Л.С.Психология развития ребенка.-М.,2003
3. Мухина В.С. Возрастная психология.-М.,2004 6-39 б.
4. Гамезо М.В.,. Петрова Е А Возрастная и педагогическая психология. М., 2003.
5. Хьелл Л.,Зиглер Д. Теории личности.-3-е изд.-СПб.:Питер.,2005.
5-ОЖСӨЖ мазмұны:
Жас ұғымы туралы түсініктер.Жас кезеңдерге топтастыру теориялары мен зерттеулер.
Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай кезеңдерге бөлу түрлерімен,заңдылықтарымен,зерттеу теорияларымен таныстыру.
Өткізілу формасы:Әдебиетпен жұмыс,кестелер толтыру.
Әдебиеттер:
1. КрайкГ. Бокум Д. Психология развития. СПб., 2002. 119, 121 б.
2. Мухина.В.С. Возрастная психология. М., 2004. 9-36
3. Психология развития. /Под.ред.Г.Д.Марцинковской.-М.,2005
4 Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Д.-2003
5. Эльконин Б.Д. Психология развития М., 2001.
6. Психология:Адамзат ақыл-ойының қазынасы.10 томдық.4-том.-Алматы.,2005.
7. Морозов А.В. Социальная психология.-М.,2003
6-ОЖСӨЖ мазмұны:
Нәрестелік шақтағы қимыл- қозғалыстар дамуы мен қоршаған ортаға бағдарлануы.Тілді меңгерудің алғы шарттары.
Мақсаты: Нәрестенің алғашқы қимылдарымен танысу.
1.Нәрестелік шақтағы қозғалыстар мен қимылдың дамуы
2.Қоршаған ортаға бағдарлануының дамуы
Өткізілу формасы: Мозайка.
Достарыңызбен бөлісу: |