Жарияланған хабарландыру мазмұнына персоналды басқару қызметі жауапты



жүктеу 94,96 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі94,96 Kb.
#1935
түріКонкурс

Жарияланған хабарландыру мазмұнына

персоналды басқару қызметі жауапты
25.10.2017 жыл
Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін: жоғары білім.       

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Е-G-3 санаты үшін: білімі - жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары



Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

тенгеден бастап

тенгеге деін

1

Е-3

102437

138248

2

E-G-3

69957

94108

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты, 080600, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 үй, кабинет №36, анықтама үшін телефондар, код: 8(72642) 2-44-87, 2-49-42, факс 2-44-87, электрондық пошта: moinkum_akimat@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:


  1. Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы, 1 бірлік, санаты Е-3 (кадрлық коды №01-04-01).

Функционалдық міндеттері: Техникалық қызметкерлер мен автокөлік жүргізушілердің жұмысқа қабылдау және босату жөнінде актілердің жобасын дайындайды. Аппарат қызметкерлерінің табель кестесін, іс-сапар бұйрықтарын, куәліктерін дайындайды. Әкімдік ғимаратында өтетін жиындарға байланысты мәжіліс залын дайындау. Аппаратуралардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қалааралық байланысты, жанар-жағар майды бекітілген лимит мөлшерін пайдалануға, аударылатын қаржы құжаттарының талапқа сай рәсімделуіне бақылау жасау. Тауарларды мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес ұйымдастыру мен оны өткізу және бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінім, бухгалтерлік құжаттар және басқа да тиесілі құжаттарға байланысты келісім-шарттарды әзірлейді. Аппарат қызметкерлері, техникалық персоналдың айлық жалақыларының уақтылы төленуін қадағалап, қаралған қаржының тиімді әрі сапалы игерілуін қамтамасыз етеді. Аппарат қызметкерлерін оргтехника мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Аппарат басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды орындайды. Әкімдік ғимаратын қалыпты жағдайда ұстауда қызмет көрсету персоналдарының жұмысына басшылық жасайды. Әкімдік ғимараты мен ауласының ішкі, сыртқы тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына бақылау жасайды. Әкімдік ауласының, шаруашылық ғимараттарының қалыпты жұмыс істеуін, санитарлық талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде науқандық кезеңде және аудан әкімі аппаратында кезекшілікті ұйымдастырады. Бөлімшенің жұмысын бақылайды және ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы – құқықтану немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.



2. Қылышбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-G-3. (кадрлық коды №02-08-02).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс- шараларды жасайды және олардың орындалуын жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын дайындайды. Округ әкімі аппаратындағы іс-қағаздарды, кіріс, шығыс хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді және шаруашылық кітап есептерін жүргізеді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» көпбалалы аналардың және басқада марапатқа ұсынылған азаматтардың құжаттарын жинақтайды және ұсынуға әзірлейді. Азаматтардан түскен арыз- шағымдарды тіркейді, тоқсандық статистикалық есебін, жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі, зейнетақы төлеу орталығының, мемлекеттік қызмет көрсету стандартын, жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы және әскери-есеп столының жұмысын жүргізеді. Округтегі шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. Мерекелік іс шаралардың орындалуын қадағалайды. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын дайындайды. Дін саласына қатысты іс-шараларды жүзеге асырады. Терроризм және экстремизмге қатысты шаралардың орындалуын ұйымдастырып, жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік-құқықтық актілерін білу. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Дін туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.


Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;


2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 мекен жайда орналасқан Мойынқұм ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 94,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау