Жарияланған хабарландыру мазмұнына
персоналды басқару қызметі жауапты
18.07.2019 жыл
Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-3 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
Е-R-2 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
№
|
Санаты
|
Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
|
тенгеден бастап
|
тенгеге деін
|
1
|
E-3
|
102466
|
138214
|
2
|
E-R-2
|
127418
|
172369
|
3
|
Е-G-3
|
69957
|
94108
|
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты, 080600, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 үй, кабинет №36, анықтама үшін телефондар, код: 8(72642) 2-44-87, 2-49-42, факс 2-44-87, электрондық пошта: moinkum_akimat@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы, 1 бірлік, санаты Е-3 (кадрлық коды №01-05-01).
Функционалдық міндеттері: Техникалық қызметкерлер мен автокөлік жүргізушілердің жұмысқа қабылдау және босату жөнінде актілердің жобасын дайындайды. Аппарат қызметкерлерінің табель кестесін, іс-сапар бұйрықтарын, куәліктерін дайындайды. Әкімдік ғимаратында өтетін жиындарға байланысты мәжіліс залын дайындау. Аппаратуралардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қалааралық байланысты, жанар-жағар майды бекітілген лимит мөлшерін пайдалануға, аударылатын қаржы құжаттарының талапқа сай рәсімделуіне бақылау жасау. Тауарларды мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес ұйымдастыру мен оны өткізу және бюджеттік қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік өтінім, бухгалтерлік құжаттар және басқа да тиесілі құжаттарға байланысты келісім-шарттарды әзірлейді. Аппарат қызметкерлері, техникалық персоналдың айлық жалақыларының уақтылы төленуін қадағалап, қаралған қаржының тиімді әрі сапалы игерілуін қамтамасыз етеді. Аппарат қызметкерлерін оргтехника мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар орнату, ақпараттық коммуникациялық және стратегиялық инфроқұрылымдардың қорғалуын қадағалайды. Аппарат басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды орындайды. Әкімдік ғимаратын қалыпты жағдайда ұстауда қызмет көрсету персоналдарының жұмысына басшылық жасайды. Әкімдік ғимараты мен ауласының ішкі, сыртқы тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына бақылау жасайды. Әкімдік ауласының, шаруашылық ғимараттарының қалыпты жұмыс істеуін, санитарлық талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде науқандық кезеңде және аудан әкімі аппаратында кезекшілікті ұйымдастырады. Бөлімшенің жұмысын бақылайды және ұйымдастырады. Аудан әкімінің ресми сайтына бөлімшеге қатысты атқарылған жұмыстардың, тиісті мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.
Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін, 1 бірлік, санаты E-R-2,
кадрлық коды №01-04-02).
Функционалдық міндеттері: Аудан, облыс әкімінің өкім, шешімдерін және қаулыларының, жоғарғы орган актілерінің орындалуын қамтамасыз етіп, бақылайды. Семей ядролық сынақ аймағында тұрған азаматтарға, соғыс жылдары тылда еңбеке еткен азаматтарға өтемақы тағайындауға қажетті құжаттарды дайындау, жалпы бөлім бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын ұйымдастырады. Азаматтардың жазбаша келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде орындалуын және «Айқын» бағдаламасына уақтылы енгізілуін қадағалайды. Барлық субъектілерде жекеменшік түріне қарамастан еңбек қатынастарының заңдылық пен нормативтік актілерін сақтау мен орындауға мемлекеттік қадағалау мен бақылауды ұйымдастырады. Бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына бақылау жүргізеді. Бөлім бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Бөлімнің техникалық қызметкерлерінің жұмыстарын қадағалайды. Бөлім бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Әлеуметтік төлемдердің дұрыс тағайындалуын қадағалайды, тексереді. Облыстық басқарма мен аудан әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдеріне тағайындалып төленген әлеуметтік төлемдер жөнінде және бөлімнің айлық, тоқсандық жұмыстарының хабарламаларын беріп отырады. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды және орындалуын бақылайды. Бөлімнің іс-номенклатураларын жасайды, мұрағатқа өтетін, жойылатын іс-қағаздарды жүргізеді. Бөлімнің стратегиялық жоспарын сектор меңгерушілерімен бірлесе отырып жүргізеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес іс-шаралардың орындалуын және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» талаптарының, ішкі еңбек тәртібінің қызметшілер тарапынан сақталуына бақылау жасайды. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді, бақылайды және бөлім басшысы тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.
Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін, 1 бірлік, санаты Е-G-3, кадрлық коды №02-15-03).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Азаматтардан түскен арыз шағымдарды тіркейді, «Айқын» бағдарламасы бойынша тоқсандық статистикалық есебін жүргізеді. Электронды үкімет бағдарламасының жұмысын үйлестіреді. Діни экстремизм және төтенше жағдайларды алдын алу шараларын ұйымдастырады. Округ көлемінде округ әкімінің тұрғындармен және мекеме ұжымдарымен ұйымдастырушылық-ақпараттық байланысын ұйымдастырып, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс – шараларды ұйымдастырады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: жалпы.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Дін туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Шығанақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер бала күту демалысынан шыққанға дейін, 1 бірлік, санаты Е-G-3, кадрлық коды №02-15-05).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан және округ әкімдерінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылайды. Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Округтің шаруашылық кітап есептерін жүргізеді. Округтегі шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. Мерекелік іс шаралардың орындалуын қадағалайды. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру жөніндегі округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, іс-шараларды ұйымдастырады. Мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады. Бөлімнің кадр жұмысын және «Е-қызмет» бағдарламасының жұмысын жүргізеді. Тұжырымдамалық құжаттар, бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің өкім-шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысады. Округ әкімі аппаратындағы қызметкерлердің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және округ әкімі тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Округ әкімі жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: жалпы.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы», «Әскери қызмет туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 мекен жайда орналасқан Мойынқұм ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |