Жарияланған хабарландыру мазмұнына персоналды басқару қызметі жауапты



жүктеу 67,5 Kb.
Дата30.12.2019
өлшемі67,5 Kb.
#25574
түріКонкурс

Жарияланған хабарландыру мазмұнына

персоналды басқару қызметі жауапты
21.10.2019 жыл
Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары



Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

тенгеден бастап

тенгеге деін

1

E-3

102466

138214

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты, 080600, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 үй, кабинет №36, анықтама үшін телефондар, код: 8(72642) 2-44-87, 2-49-42, факс 2-44-87, электрондық пошта: moinkum_akimat@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:


  1. Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы, 1 бірлік, санаты Е-3 (кадрлық коды №01-01-01).


Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің өкім, шешімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының және жоғарғы орган актілерінің ауыл және ауылдық округтері мен аудан әкімдігінің бөлімдерінде орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды. Бақылауға алынған құжаттардың (бағдарламалар, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларының, өкім-шешімдерінің) орындалуына мониторинг жүргізіп, аудан әкімі аппараты басшысының қарауына ұсынады. Аудан әкімі аппараты басшысына қажетті мәліметтерді жинақтайды. Аудан әкімінің баяндамасының мәтінін дайындап, өткізілетін жиындардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді. Аудандық аппараттық кеңеске, аудан әкімдігінің мәжілісіне, қатысушыларды шақыруды жүзеге асырады. Аудан әкімінің аудан тұрғындарымен, аудандық мәслихат депутаттары алдыңда есеп беру жиындарын ұйымдастырып, есептік кездесулерде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың іс-шараларын жасап, орындалуын қамтамасыз етеді. Орындалу барысы туралы аудан әкіміне, аудандық мәслихатқа хабарлама дайындайды. Аудан әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмысына басшылық жасайды және үйлестіреді. Аудан әкімінің ресми сайтына бөлімшеге қатысты атқарылған жұмыстардың, тиісті мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді және аудан әкімінің ресми сайтының қалыпты жұмыс істеуіне, тиісті бөлімшелердің мәліметтерді жариялануына жалпы басшылық жасайды. Аудан әкімі аппаратының басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.

Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.


Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;


2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 мекен жайда орналасқан Мойынқұм ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 67,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау