Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы



жүктеу 2,05 Mb.
бет1/9
Дата05.03.2018
өлшемі2,05 Mb.
#11525
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бекітемін Жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы

А. Медешова



________________

____________2010ж.

Жаратылыстану – математикалық факультет

Химия кафедрасы

050606 «Химия»
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған



« Зерттеудің физикалық әдістері»

пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен

Курс – 3

Семестр – 6

Кредит саны - 3

Дәрістер – 30 сағат

Лабораториялық сабақтар – 15сағат

СОӨЖ – 45 сағат

СӨЖ – 45сағат

Емтихан – 6 семестр

Барлығы – 135 сағат
Орал – 2010
Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

050606-«Химия» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары, Алматы 2007негізінде құрастырылған.

Құрастырған : Химия кафедрасының аға оқытушысы Амангосова М.Г.
Химия кафедрасының отырысында қарастырылды
__2__кыркүйек 2010 ж. № 1__ хаттама

Кафедра меңгерушісі:: ______ Мендалиева Д.К _____________________

(аты-жөні) (қолы )

_____________ факультет оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды
__ _________ 200 ж. № хаттама
_________________факультет оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы

Терещенко Т.А.

(аты-жөні) (қолы )



1. Пәннің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

050606-«Химия» мамандығы бойынша пәндердің типтік бағдарламалары, Алматы 2007негізінде құрастырылған.


2.«Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері» курсының бағдарламасы – SYLLABUS

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Химия кафедрасының аға оқытушысы Амангосова Мира Ганибаевна

Офис: химия кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Достық пр., 121. 17 аудитория

Жұмыс телефоны: 50-35-49

Е-mail:

Пән туралы мәлімет

Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 3 кредит сағат. Олар- байланыс сағаттар: 1дәріс. 1 лабораториялық сабақтар және үш сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Кредиттің атпаға бөліну кестесі:


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(2 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(Лаб.сабақ)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 6 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Лаб.сабақ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3

6

3

30

15

45

45

135

емтихан



Кіріспе. Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері пәнінде ультракүлгін (УК) және инфрақызыл ядролық магниттік резонаныс (ЯМР), парамагниттік резонанс (ЭПР), қызыл спектроскопия масс- спектроскопия, рефрактометрия және т.б. маңызды анализдің спектральдық әдістерімен танысады. Олар қосылыстың молекулалық құрылымдары туралы мағұлмат алуға мүмкіндік береді.

Студенттер дәрістің бірінші бөлімінде анализдің инструменттік әдістері жайында мағұлмат алады ( потенциометрия, кондуктометрия, электрофорез, дипольдік момент әдісі, оптикалық активтілік және оптикалық айналу), содан соң спектроскопияның жалпы мәселелері, негізгі ұғымдар, физикалық шамаларын анықтау және өлшем біріліктері беріледі. Екінші бөлімде, негізгі спектральдық анализ әдістерінің теориялық негізі, аспаптардың құрылымы және олардың жұмыс істеу принциптері, қолдану аймағы, спектральдық өлшеулерде қолданылатын ерітінділер мен басқа териалдар, оптикалық материалдар жайында мағұлматтар алады.



Курстың мақсаты:

Орта мектеп бағдарламасындағы химия пәнін жоғары деңгейде , теориялық негізін түсіндіре алатын зерттеудің физикалық әдістерін жоғары дәрежеде меңгерген болашақ мұғалімді дайындау.



Курстың міндеті:

Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері оқығаннан кейін студенттер төмендегі теориялық білімдерді алып, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру тиісті:

- анализдің физикалық әдістерінің теориялық негізі, аспаптардың құрылымы және олардың жұмыс істеу принциптері, қолдану аймағы, спектральдық өлшеулерде қолданылатын ерітінділер мен басқа териалдар, оптикалық материалдар жайында мағұлматтар беру

- аспаптармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

- практикалық сандық жұмыстарды және олардан алынған нәтижелерді өңдеу, бірнеше физикалық әдістерді пайдаланып есептер шығыра білуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар.

Жалпы және бейорганикалық химия, физика, математика, техника, технологиялық процестер.

Химиярың негізгі заңдары. Ерітінділер,комплексті қосылыстар. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Химиялық байланыстар. Элементтер химиясы.

Физикалық шамалар, өлшем бірліктері. Электрохимия. Оптиканың , термодинамика, кинетиканың теориялық негіздері. Матиматикалық статистика. Алгебралық функцияларды есептеу, логарифмдеу.

Пререквизиттер: Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері жетік меңгеру үшін жалпы және анорганикалық, аналитикалық химияның негіздерін, физиканың, жоғарғы математиканың ( дифференциалдық, интегралдық есептеулер,логарифмдеу т. б.) негіздерін білу қажет.

Постреквизиттер: Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері курсын оқуда алған білімдерді келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

- коллоидты химия,

- химиялық технология

- заттар құрылысы


Сабақ мазмұны мен кестесі



1 апта

Кредит сағат 1,2,3

1 дәріс



Тақырып: Кіріспе

Дәрістің мазмұны: Қазіргі кездегі инструменттік әдістердің түрлері және оларды қолдану аймағы. Физикалық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.

Физикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі:Потенциометрия,кондуктометрия,электрофорез,дипольдік момент әдісі,оптикалық активтілік және оптикалық айналу,масс-спектроскопия,рефрактометрия.Молекулалық спектроскопия әдістері:УК,ИҚ,ЯМР.

2 дәріс

Тақырып:Физикалық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамалары

Атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттері. Физикалық қасиеттерді анықтау әдістері. Әдістің физикалық теориясы. Тура және кері есептер. Есептің қорректілігі жөнінде түсінік.

Әдістердің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі. Сәуленің затпен әрекеттесуі. Жұту, шығару, шашырату. Спектрокопиялық және дифракциялық әдістер. Әртүрлі әдістердіңэнергетикалық сипаттамалары. Сезімталдық және ажырату қабілеті. Әдістің сипаттаушы уақыты.

Дифракциялық әдістердегі шашырату амплитудалардың қатынасы.Рентгенография, электронография, нейтронография әдістерін қолдану.

Бұл әдіспен алынған нәтижелердің басқа әдістермен алынған нәтижелерден тәуелділігі. Әдістердің мүмкіндіктері мен қолдану шектері. Әдістерді біріктіріп қолдану.
Әдебиет: [1] 5-14., [2 ] 5-18

ОЖСӨЖ № 1,2,3

Мазмұны:


  • Әдістің физикалық теориясы. Тура және кері есептер. Есептің қорректілігі жөнінде түсінік.

  • Зерттеудің спектроскопиялық және дифракциялық әдістері

  • Физикалық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасын (Сезімталдық және ажырату қабілеті. Әдістің сипаттаушы уақыты.) талдау.

СӨЖ 1,2,3

Тапсырма мен сұрақтар:

  • рентгенография, электронография, нейтронография әдістерін қолдану. Аймақтарын көрсетіңіздер. Рентгенография әдісін газдар мен пленкаларды зерттеу үшін тиімді ме?

  • Сипаттамалық уақыты қалай анықтауға болады?

  • Физикалық әдістердің химиядағы ролі қандай?

  • Физикалық әдістердің қазіргі деңгейі мен перспективалары (конспектілеу).

  • Жеке тапсырма 1 .

Әдебиет: [1] 5-14., [2 ] 5-18
1 лабораториякалық сабақ(семинар)

Тақырып: Физикалық зерттеу әдістері

сабақ мазмұны:


1. Физикалық зертеу әдістеріне жалпы сипаттама

2. Аспаптық әдістердің артықшылығы.

3. Әдістің физикалық теориясы. Тура және кері есептер. Есептің қорректілігі

4. Спектроскопия әдістері

5. Дифракциялық әдістер(рентгенография, электронография, нейтронография)

6. Рентгенография, электронография, нейтронография әдістерін қолдану.

[1] 5-14., [2 ] 5-18

2 апта

Кредит сағат 4,5,6

3- дәріс

Оптикалық спектроскопия. Эмиссиялық спектроскопия

Дәрістің мазмұны: Эмиссиялық спектроскопияның теориялық негіздері.


Энергия деңгейлерінің негізгі сипаттамалары. Спекторлардағы интенсивтілік пен ауысу ықтималдылығы. Спекторлардағы интенсивтілік пен ауысу ықтималдылығы. Негізгі элементтердің сипаттамалары. Химиялық элементтерді анықтау.

4 дәріс



Комбинациялық шашыратудың айналмалы спектрлері

Тәжірибенің сызбасы. Лазерді пайдалану. Спектрді алу шарттары. таңдап алу ережелері. Комбинациялық шашыратудың айналмалы спектрінің жиіліктері үшін теңдеулер. сызықтық молекулалар жағдайы. Полюссіз молекулалардың геометриялық параметрлерін анықтау. Әдістің шектері.


Әдебиет:


[1] 14-26., [10 ] 5-1 ; [11 ] 5-18
ОЖСӨЖ 4,5,6

Мазмұны:

  • Эмиссиялық спектроскопия әдісінің қысқаша теориясы

  • Спекторлардағы интенсивтілік пен ауысу ықтималдылығы. Спекторлардағы интенсивтілік пен ауысу ықтималдылығы.

  • Комбинациялық шашыратудың айналмалы спектрінің жиіліктері үшін теңдеулер. сызықтық молекулалар жағдайы.

  • Эмиссиялық спектроскопия әдісінін практикалық қолдану.

  • ЖКШ лазерлі техникасы

  • 11-әдебиетің 50- ші бетіндегі бақылау сұрақтарына талдау жасау

  • Жеке тапсырма -1 тапсы

Әдебиет: [1] 14-26., [10 ] 2- тарау, 2,1-2,6.; [11 ] 10-50 б. 7.1.1.-7.1.3.

СӨЖ 4,5

Мазмұны:

  • Электромагниттік сәулелердің негізгі сипаттамалары ( толқындық және кванттық).

  • Толқын ұзындықтарына сәйкес спектр аймақтары. Электромагниттік сәулелер энериясы. (конспектілеу).

  • Спектрлік аспаптардың негізгі түйіндері :қоздырушы көзі ( жалын, доға, ұшқын), дисперстеуші злемент(призма, дифракциялық тор, интерферентік құрылғы), жарық қабылдағыш (фотопластинка және фотоэлемент).

  • Аспаптың принциптік оптикалық сызбасын салу Әдебиет: [1] 19 б. 3-сурет., .; [11 ] 31 б.Рис.2.10.

  • КШ спектрлері бойынша сапалық және сандық анализ ( әдебиет [11 ] 130-131 б.)

Әдебиет: [1] 14-26., [10 ] 2- тарау, 2,1-2,6.; [11 ] 10-50 б.,127-132б

2 лабораториялық сабақ



Тақырып: Анализдің визуалдық атомно-эмиссиялық әдісі

Мазмұны:


Лабораториялық жұмыс. Темірдің доғалық және ұшқындық спекрлерін зертту.
Әдебиет: Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под редакцией Ю.А.Золотова.-М.:Высшая школа,2003.-463с. Практикалық жұмыс.1-4. бет. 364-372
3 апта

Кредит сағат 7,8,9

5-6 дәріс



Тақырып: Адсорбциялық спектроскопия

Дәрістің мазмұны:

Электрондық спектрлер теориясының негізі.Спектрдің ультракүлгін және көрінетін Ламберт-Бугер-Бер заңы. Жарық сіңірудің негізгі заңынан ауытқуы. Сіңіру спектрлары. Сіңіру спектрлерінің пайда болуы. Айналмалы спектрлар. Электрондық ауысудың жіктелуі. Электрондық ауысудың интенсивтігі .Электрондық спектрлерге молекулалық өзара әсердің әсері. Электрондық спектрлердегі кеңістік эффектілері.Спектральдық аспаптың принциптік сызбасы.Спектральдық өлшеулердегі қолданылатын ерітінділер,оптикалық және басқа материалдар.Электрондық спектрлер алу әдісі.Электрондық спектрлерді талдау әдістері.

Әдебиет:


[1] 14-26., [10 ] 1-бөлім 1- тарау 1.1-1.5.; [11 ] 3.1.-3.2.2. 50-56 б. 7.1-7.2.

Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под редакцией Ю.А.Золотова.-М.:Высшая школа,2003.-463с. 7.4.1.с.396-400.



ОЖСӨЖ 7,8,9

Мазмұны:

  • Жарық сіңірудің негізгі заңы

  • СӨЖ сұрақтарын талдау

  • Жеке тапсырмалар-2

Әдебиет: [1] 14-26., [10 ] 1-бөлім 1- тарау 1.1-1.5.; [11 ] 3.1.-3.2.2. 50-56 б.
СӨЖ 7,8,9

Ммазмұны: Жалынды фотометрия

  • Үлгідегі элементтің концентрациясын градуирлеуші қисық арқылы анықтау.

  • Үлгідегі элементтің концентрациясын шектеуші ерітінділер әдісі арқылы анықтау.

  • Үлгідегі элементтің концентрациясын үстемелеу әдісі арқылы анықтау. ( конспектілеу ).

  • Талдау приборлары мен тәсілдері КФК-2 оптикалық сызба схемасын сызу ([10 ] 1-бөлім 1- тарау 1. 8. ; 1.10. 1.4. -сурет салу).

Әдебиет: [10 ] 1-бөлім 1- тарау 1. 8. ; 1.10.

3 Лабораториялық сабақ



Тақырып: Жарық сіңірудуің негізгі заңы

Практикалық жұмыс: Ламберт-Бер-Бугер заңын қолдану аумағын анықтау.

Литература:


1. М.И. Гельфман, Практикумпо физической химии. ЛАНЬ-2004 с. Жұмыс 1 с. 197.

2. Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под редакцией Ю.А.Золотова.-М.:Высшая школа,2003.-463с. 7.4.1.с.396-400.



4 апта

Кредит сағат 10,11,12

7-8 дәріс



Тақырып: Инфрақызыл спектроскопия. Тербелмелі спектроскопия.

Дәрістің мазмұны:


Тербелмелі спектроскопияның теориялық негіздері.

Көп атомды молекулалардың тербелу спектрлерін квантты –механикалық бейнелеу әдісі.

Энергия деңгейлері, олардың жіктелуі. Фундаменталдық, обертондық және құрама жиіліктер, «ыстық» жолақтар. Тербелу спектрлері жолақтарының интенсивтігі. Таңдап алу ережелері және ИҚ-жұту мен КШ –спектрлерінің интенсивтіктері.

Қалыпты тербелістердің формасы мен симметриясы бойынша жіктелуі.Спектрохимиялық есептерді шешу үшін инфрақызыл спектроскопияың негізгі қолданлу аймағы.Қосылыстарды салыстыру мен құрылымдық-топтық анализ.



Малекулалар және нормальды тербелістер симметриясы. Молекуланың тербелісі және молекуланың инфрақызыл тербеліс спектрлері.Екі атомды молекула тербелісі.Гормоникалы және ангормоникалы осцилляторлар спектрі.Екі атомды молекулалардың тербеліс-айналу спектрлері.Көп атомды молекулалар тербелісі.Қалыпты тербелістер туралы түсінік. Инфрақызыл жолақтардың интенсивтігі.

Молекулалардың симметриясын есепке алу. Молекуланың нормальды тербелістерін тәжірибелік мәліметтер бойынша анализдеу. ИҚ және КШ –спектрлерді салыстыру және молекуланың симметриясы жөнінде қорытынды жасау.

ИҚ –спектроскопияның техникасы мен әдістемесі. ИҚ –спектроскопияның аппаратурасы, мөлдір материалдар. Қосымша ыңғайлататын аспаптар, үлгілерді дайындау. НПВО материалдар. Алыс ИҚ –облысы техникасының ерекшеліктері. КШ –спектроскопияның аппаратурасы, лазердік қоздырғыштардың артықшылықтары. ИҚ және КШ –спектроскопия әдістерін салыстыру, олардың құндылықтары мен кемшіліктері.

Әдебиет: [1] 14-26., [10 ] 1-бөлім 1- тарау 1.1-1.5.; [11 ] 3.1.-3.2.2. 50-56 б.

ОЖСӨЖ 10,11,12

Мазмұны:


  • ИҚ-спектрлерді интерпретациялау. ИҚ спектрлерді кескіндеу әдістері

  • СӨЖ 10,11,12 сұрақтарын талдау

  • ИҚ –спектроскопияның техникасы мен әдістемесі талдау

Әдебиет: [1] 14-26., [10 ] 1-бөлім 1- тарау 1.1-1.5.; [11 ] 3.1.-3.2.2. 50-56 б.
СӨЖ 10,11,12

Мазмұны: ИҚ –спектроскопия

  • Алифатты көмірсутектер туындыларындағы функционалдық топтарды анықтау.

  • Бір немесе бірнеше қос байланысы бар заттарды функционалдық анализдеу. Заттың формуласын анықтау.

  • Орын басқан бензолдар мысалында құрылымдық талдау жүргізу. Анализделетін заттың құрылымдық формуласын анықтау.

  • ИҚ –спектроскопияның техникасы мен әдістемесі Әдебиет [2] 310 беттегі 35-40 сұрақтарға жауап беру.

Әдебиет: [1] 14-26., [10 ] 1-бөлім 1- тарау 1.1-1.5.; [11 ] 3.1.-3.2.2. 50-56 б.
4 Лабораториялық сабақ

Тақырып: Тербелмелі спектроскопия

Мазмұны:

  1. Молекуланың тербелісі және молекуланың инфрақызыл тербеліс спектрлері

2.Екі атомды молекула тербелісі.

3.Гормоникалы және ангормоникалы осцилляторлар спектрі

4.Екі атомды молекулалардың тербеліс-айналу спектрлері.

5.Көп атомды молекулалар тербелісі



Практикалық жұмыс. Определение меди и цинка в природной воде.

Әдебиет: Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под редакцией Ю.А.Золотова.-М.:Высшая школа,2003.-463с. Жұмыс 14 с. 388-390.



5 апта

Кредит сағат 13,14,15

9 -10 дәріс



Тақырып: Электрондық спектроскопия әдістері

УК -спектроскопия

Дәрістің мазмұны:

Эмиссиялық УК –спектроскопия әдісін екі атомдық молекулаларды зерттеуде қолдану. Электрондық –тербелмелі –айналмалы күйлердің арасындағы ауысулардың ықтималдықтары.

Көп атомды молекулалардың электрондық спектрлерін зерттеуде көрінетін және УК –облыстардағы абсорбциялық спектроскопияны қолдану. Электрондық ауысулардың жіктелуі және оларды жекелеу. Хромофорлар концепциясы. Әртүрлі ауысу жолақтарының интенсивтіктері. таңдап алу ережелері және тыйым салудың бұзылуы.

Әдебиет: [1] 42-48, [2] 311-342, [3] 38-53.,

ОЖСӨЖ 13,14,15

Мазмұны: УК –спектроскопия


  • Заттың сипаттаушы жұту жолақтарын анықтау. Оптикалық тығыздықты өлшеу.

  • Оптикалық тығыздықтың концентрацияға тәуелділігі. Орынбасарлардың заттың жұту спектріне ықпалы.

  • Еріткіштердің заттың жұту спектріне ықпалы. Мольдік жұту коэффициентін анықтау.

Әдебиеттер:

[1] 42-48, [2] 311-342, [3] 38-53.,



СӨЖ 13,14,15

Мазмұны:

  • Жаңа буын ИК-спектрлері.

  • Сіңірудің электрондық спектрлерін интерпретациялау

Әдебиеттер:

[1] 42-48, [2] 342-349, [3] 50-66.,


5лабораториялық сабақ

Тақырып: Жұтылудың электрондық молекулалық спектрлері

  1. Электрондық спекторлар

  2. Жұтылудың интенсивтілігі.

  3. Абсорбциялық спектор аспаптарының негізгі бөліктері

Әдебиеттер:

[1] 42-48, [2] 342-349, [3] 50-66.,


6 апта

Кредит сағат 16,17,18

11-12 дәріс



Тақырыбы: УК -спектроскопия

Мазмұны: Электрондық жұту спектрлерін қолдану. Органикалық қосылыстар, бейорганикалықжәне комплексті қосылыстар. Электрондық жұту спектрлерін сапалық, құрылымдық және сандық анализде қолдану. Электрондық жұту спектрлеріндегі қосарланған жүйелердің спектрлері және кеңістіктік эффектілері.

Көрінетін және УК –облыстарда қолданылатын абсорбциялық спектроскопияның техникасы мен әдістемесі. Электрондық спектроскопия әдісін қамтитын жиілік облысының бөліктері және оның аппаратурасы. Зерттелетін үлгілер. Әдістің сезімталдығы, оның құндылықтары мен кемшіліктері.



Әдебиеттер:

[1] 42-50, [2] 342-349, [3] 66-76.,


ОЖСӨЖ 16,17,18

Мазмұны: УФ әдісінің теориялық негізі,оптикалық спектроскопия аспаптарының құрылысы (спектрометр СФ,ФК).УФ-спектрлердің кескіндеу

Әдебиеттер: [1] 42-50, [2] 342-349, [3] 66-76.,

СӨЖ 16,17,18

Мазмұны:

  • Аспап құрылысының принципі мен талдау әдістері

  • Сұоақтарға жауап беру

Әдебиеттер: [1] 42-50, [2] 342-349, [3] 66-76.,
6 лабораториялық сабақтың

Тақырып: Электрондық жұту спектрлерін қолдану

Сабақ мазмұны:

  • Органикалық қосылыстар, бейорганикалықжәне комплексті қосылыстар.

Әдебиеттер: [1] 42-50, [2] 342-349, [3] 66-76.,
7 апта

Кредит сағат 19,20,21

13-14 дәріс



Тақырыбы: Магнит резонансты әдістер.

Дәрістің мазмұны:

Электрондық парамагниттік (спиндік) резонанс және ядролық магниттік резонанс құбылыстарының физикалық негіздері. ЭПР жағдайлары. Ядролар мен электрондардың спиндері мен магниттік моменттері. g –фактор және оның мәні. g –фактордың анизотропиясы. Спинь –орбиталь байланысы. Спиндік күйлерді тұрақты магниттік өрісте азғындықтан босату. ЭПР шарты. Энергия деңгейлерінің электрондармен толықтырылуы, қанығуы, релаксациялық процестер және сигналдық ені. Сызықтың түрі.



Әдебиеттер:

[1] 50-71, [2] 469-479, [3] 129-136.,


ОЖСӨЖ 19,20,21

Мазмұны:

  • ЭПР –спектрін алу. g –факторды есептеу. Тәжірибе шарттарының өзгеруінің спектрдің түріне ықпалы.

  • ЭПР сызығының енінің заттағы парамагниттік орталықтардың концентрациясына тәуелділігі. Спин алмасу жылдамдығы тұрақты тәжірибелік мәліметтер бойынша есептеу.

  • СӨЖ сұрақтарын талдау.

Әдебиеттер:

[1] 50-71, [2] 469-479, [3] 129-136.,


СӨЖ 19,20,21

ЭПР спектроскопиясын химияда қолдану



  • АЖҚ тұрақтысын өлшеу. Сутек атомдарының концентрациясын анықтау.

  • Жеке тапсырма -2 Бақылау сұрақтарына жауап (жазбаша) Әдебиет [3] 6 бөлім, 142 б.

Әдебиеттер:

[1] 50-71, [2] 469-479, [3] 129-136.,

7лабораториялық сабақтың

Тақырып: Электрондық парамагниттік резонанстық спектроскопия

Дәрістің мазмұны:

1.Релаксация.

2.ЭПР сигналының ені мен түрі.

3.Электрондық парамагниттік резонанстық спектроскопия әдістері (ЭПР).

4.Бор магнитоны.Спин,спиндік әрекеттесу.



Әдебиеттер:

[1] 50-71, [2] 469-479, [3] 129-136,



Микроэкзамен-1

8 апта

Кредит сағат 22,23,24

15-16 дәріс



Тақырыбы: ЭПР спектроскопиясы

Мазмұны:

ЭПР сигналының электрон бір немесе бірнеше ядромен әрекеттескендегі аса нәзік бөлінуі (АЖҚ). Мультиплет компоненттерінің саны, интенсивтіктерінің таралуы. АЖҚ тұрақтылары. ЭПР –спектрометрдің блок –сызбасы, тәжірибенің ерекшеліктері, әдістің құндылықтары мен шектері. ЭПР әдісін химияда пайдалану. Химиялық реакциялардың механизмдерін зерттеу. Электрондардың химиялық поляризациясы. Бос радикалдарды және басқа парамагнитті орталықтарды анықтау. Спиндік белгілерді пайдалану.

ЭПР құбылысының физикалық негіздері. g – фактор және оның қасиеттері

ЭПР спетроскопиясы әртүрлі химиялық мәселелерді шешуде кең қолдану.


Осы әдістің негізгі құндылығы – жұптаспаған электрондары бар бөлшектердің өте кіші

концентрацияларын байқау, өлшеу және олардың энергиялық күйлері мен локализациясын сипаттауына мүмкіндік беретінімен байланысты. ЭПР құбылысын Ресей ғалымы Е.К.Завойский 1944 жылы ашқан.

Жұптаспаған электрондары бар бөлшектерге кейбір атомдар,иондар, бос радикалдар, триплетті күйдегі молекулалар жатады. Оларды екі топқа бөлуге болады:


  1. жұптаспаған электроны бар атоммен байланысты: ( Н,О,галоген атомдары, Fen+, Con+, Nin+ ауыспалы элементтердің иондары, жартылай өткізгіштер);

  2. жұптаспаған электрон бүтіндей молекуламен немесе оның үлкенірек бөлігімен байланысты (бос радикалдар, ион-радикалдар, триплетті-қоздырылғын молекулулур), оның орбиталі бір жерде жинақталмаған.


Әдебиеттер:

[1] 71-74, [2] 479-500, [3] 136-143,



ОЖСӨЖ 22,23,24

Мазмұны:

  • ЭПР спектроскопиясын химияда қолдану

  • СӨЖ бақылау сұрақтарын талдау


Әдебиеттер: [1] 71-74, [2] 479-500, [3] 136-143,

СӨЖ 22,23,24

Мазмұны:

Химиялық қосылыстардың ЭПР спектрлерін кескіндеу әдістері және сызу.

ЭПР спектроскопиясын химияда қолдану:


  • Реакция кинетикасын зерттеу

  • Термодинамикалық функцияларды бағалау (конспектілеу)

  • Бақылау сұрақтарға жауап беру. Әдебиет [2] 20 бөлім, 504 б.

Әдебиет:

[1] 73-75, [2] 20.2.2.-20.3.2.( 490-500), [3] 136-143,


8 лабораториялық сабақ

Тақырып: ЭПР спектрлері .

Мазмұны:

  • ЭПР спектрлерін нақты заттардың мысалында түсіну.

  • ЭПР-ді органикалық радикалдарды және парамагниті металдардың комплекс иондарын зерттеуде қолдану.

жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау