Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ тарау, 60-75 беттер.
Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005, ІХ тарау, 60-75 беттер.
Дәріс № 12
Тақырыбы: Химия тілі – химияны оқытуда таным құралы.
Дәрітіңс Химия тілі, оның құрамдас үш бөлігімен, атқаратын қызметімен
таныстыру.
Дәрістің мазмұны: 1. Химия тілі және оның маңызы.
2. Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі орны және атқаратын
қызметі.
3. Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негізі.
Тірек сөздер: химия тілі, ғылыми терминология, терминдер, химиялық номенклатура, химиялық символика.
Химияның ғылыми тілі дегеніміз кәдімгі ұлттық немесе табиғи тілге қатынасы қандай ?-деген заңды сұрақ туады. Таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылатын табиғи тіл көп құрылымды болып келеді,атқаратын қызметі де сан алуан. Кез келген хабарламаны жеткізуде табиғи тілдің мүмкіндігі зор болғанымен әр ғылым өзінің бір құрылымды ғылыми тілін жасауға тырысады. Оларды жасанды тіл деп атайды, химияның тілі де арнайы қызмет атқаратын жасанды тілдердің бірі.
Кейде химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, оны тіркеп, заттандыратын таңбалар жүйесі болады.
Білім сананың қызметі , ол бақыланатын , зерттелетін объектіге айналдыру үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен,химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
Табиғи тіл де таңбалар жүйесі. Ғылыми тіл табиғи тілдің негізінде жасалады, онымен бірге қолданылады. Бірақ ғылыми тілдің құрамында табиғи тілден оқшау тұратын өзіне ғана тиесілі тілдік құралдары-таңбалары болады.
Химия тілінің үш бөлігі бар.
Химиялық тілдің бірінші бөлігі-ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер –ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалаптасты. Мәселен , затпен байланысты заттың «қасиеттері», «құрамы», «құрылысы», «жіктелуі», «алынуы» және басқа толып жатқан терминдер қалыптасты. Әдетте бір ұғым бір ғана терминмен беріледі, мағынасы шектеулі келеді, теориялық тұжырымдамаларға тәуелді түрде өзгереді.
Химия тілдің екінші бөлігі – химиялық номенклатура , заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелік , ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі.
Химиялық тілдің үшінші бөлігі-химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады. Оқулықтарда, кейбір методикалық әдебиеттерде химиялық тілге символика ғана жатқызылып келді. Химиляқ символика-халықаралық шартты тіл. Жүйелік номенклатура және химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді.
Химиялық терминология, номенклатура, символика және оларды сөйлемге,текске біріктіретін ұлттық тілдің сөздері арқылы оқушыларға білім беріледі. Ол жаңа материалды дәріс түрінде айту үшін, әңгімелеу үшін пайдаланылады, зертханалық тәжірибелер жасау, тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсету кезінде оқушылардың бақылауын, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың нәтижесін қортындылауға негіз болады. Сондықтан болу керек химиялық тіл химияны оқыту әдісіне жатқызылады. Химиялық тіл арқылы оқушылардың алған білімі бір жүйеге келтіріледі,қорытындыланады, есепке алынады және бағаланады.
Химиялық тіл- оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу,тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады. Химияның қоғам өміріндегі маңызын,экологиялық мәнін түсінеге мүмкіндік береді.
Химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар береді, олар заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін және реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік береді., оқушылардың ақыл ойын дамытады.
Химиялық тілдің оқыту құралдары жүйесіндегі орны және атқаратын қызметі. Химияның бағдарламалары,оқулықтары, оқу құралдары, мұғалімдер мен оқушыларға арналған басқа кітаптар ғылыми тіл арқылы жазылған. Химияның өзіндік тілімен қолданыстағы тілін ажыратып, айырмасын түсіне білген жөн.
Көрнекі құралдардың , мәселен кестелердің , диаграммалардың, суреттердің т.б. түсініктемелері ғылымның тілі арқылы жазылады. Олардың әрқайсысынан алынатын ғылыми ақпарат тілдік құралдар арқылы жүйеге келтіріледі. Галогендерге фтор, хлор,бром және иод химиялық элементтер жатады. Бұлардың атомдық массалары 19-дан 127 дейін артады. Молекулалры екі атомнан тұратын жай заттар түзеді. Қайнау температуралары артады,тығыздығы артады.
Химиялық эксперимент өзінің оқу-тәрбиелік міндеттерін сөзбен ұшырастыру арқылы ғана ойдағыдай атқарады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді қойғанда берілетін нұсқау-тапсырма;1. тәжірибенің мақсаты; 2. тәжірибеге қандай заттар алынды; 3. құралдың құрылысы мен және жеке бөліктерінің қызметі; 4. ескерілетін сақтық шаралары; 5. байқалатын құбылыстар; олардың мәндері;6. байқалған құбылыстарды түсіндіру 7. реакция теңдеуін жазу және қорытынды жасау ғылыми тіл арқылы жүзеге асады.
Зертханалық тәжірибелерде ауызша немесе жазба түрде берілетін нұсқаулар арқылы жасалады. Кейінгі кезде мектеп сарамандығында тірек хабарлары деп аталатын құралдар жиі қолданыла бастады. Олар тілдік құралдарды, суреттерді , әр түрлі басқа таңбаларды материалдың мазмұнына сәйкес жүйемен орналастыру арқылы жасалады. Ол үшін оқу материалының тақырыбы жан-жақты талданады. Негізгі ұғымдары іріктелік, арасындағы байланыс блок-сызбанұсқа түрінде көрсетіледі. Әр ұғым,зат, аспап арнайы символ сурет немесе әріп арқылы шартты түрде белгіленеді, олардың орналасуы ұғымдар арасындағы байланыс пен тәуелділікті нақтылай көрсететін болуы керек. Сонымен бірге әр блоктың көлеміне, пішініне және түсіне көңіл аударылады. Бір тақырып бойынша жасалған жеке блок сызбанұсқалар қорытындылау кезінде біріктіріліп, бір тұтас білім жүйесінің қалыптасуына жәрдемдеседі.
Әдетте терминнің мағынасы шектеулі, ол ғылыми анықтама арқылы ізделеді деген пікір қалыптасқан. Дегенмен ғылымның теориясы ауысқанда терминге берілетін анықтама да өзгереді, бұған химияның тарихынан мысалдар келтіріп, көз жеткізу қиын емес. А.Лавуазье қышқылдардың оттектік теориясын ұсынып, қышқылдық қасиетті тудырушы оттегі деген пікір айтты. Келесі ғасырда кейбір қышқылдар құрамынан оттегі табылмаған соң қышқыл термині сутегі арқылы анықталды. Тәжірибе құрамында сутегі бар заттардың бәрі қышқылдық қасиет білдірмейтіні белгілі болды. Осыдан барып, арренус теориясы бойынша, қышқыл терминіне сутегі катиондарын бөліп шығаратын электролит деген анықтама берілді. Химияның одан әрі дамуы барысында қышқыл термині сольваттық,электрондық, жатымды-жатымсыздық теориялары тұрғысынан шектеледі. Әр анықтаманың мазмұнына сәйкес қышқылдар класының құрамына кіретін заттар саны, яғни ұғымының көлемі үздіксіз өзгеріп отырды.
Химияның орта мектепте арналған бағдарламасының мазмұнын анықтағанда осы өзгерістер, яғни тарихи негіз ескеріледі. Қазіргі жаңа бағдарламада қышқылдар мен негіздерді анықтаудың үш теориясы: сутектік, электролиттік диссоциациялану және электрондық теориясы көрініс тапты.
Мектептегі химия курсының теориялық деңгейі көтерілген кезде терминдердің химиялық символикасының мағынасы тереңдейді, заттарды атаудың негіздері дамиды.
Химиялық тілдің оқыту барысындағы мәні педагогикалық және методикалық жағынан әлі де негіздей түсуді қажет етеді. Химиялық тіл оқыту барысында қолданылмайтын сала жоқ десе де болады. Жоғарыда келтірілген химияны оқыту барысының сызбанұсқасына қарасақ, оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны тіл арқылы мемлекеттік құжаттарда тіркеледі және баяндалады. Химиялық тіл оқыту құралдарына жатады, өзінен басқа оқу құралдарын жасауға пайдаланылады. Оқыту әдістері де тілді қолдануға негізделген. Оқытудың ұйымдастыру формалары және нәтижесін шығару да тіл арқылы жүзеге асады.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:
Химиялық тілдің оқу- танымдық қызметі қандай және оның негізіне нелер жатады?
Химиялық тілді меңгеруде көрнекіліктердің қандай түрлері қолданылады?
Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері қандай?
Мектеп курсында тілдік білімнің көлемі мен мазмұны және ұғымдар қалыптастырудағы рөлі қандай?
Химиялық тілді меңгеруді қорытындылаудың жолдары қандай?
Химиялық тілді қалыптастырудың қандай кезеңдерін білесіз?
Химиялық тілді меңгерудің қандай кезеңдері бар?
Химиялық тілді саналы меңгерудің жолдары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |