58
кәсіби бағыттылық пен политехнизмнің бірлігі және өзара шрттастығы жатады.
Биологияны бейінді оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері
индивидуалдық,
оқу
мен
ізденушілік
танымдық
іс-әрекеттің,
интенсивтендірудің, проблемалық оқытудың, диалогтық оқытудың бірлігі,
оқушылардың ұжымдық және жеке іс-әрекеттерінің, білім алушылардың
шығармашылық белсенділігінің, дербестігінің бірлігі, оқушылардың танымдық
қажеттілігі мен мотивтерін қанағаттандыру болып табылады.
Биологияны бейінді оқытудың
моделі биологияны бейінді оқыту
мақсаттарының интеграциясы негізінде қалыптасқан мақсатты компоненттен
тұрады. Әдістеменің жобалаушы компоненті педагогикалық заңдылықтарға
және зерттеу барысында бекітілген биологияны бейінді оқыту принциптеріне,
білім беруді жаңарту тұжырымдамасына, бейінді оқыту тұжырымдамасына,
мемлекеттік білім беру стандартына сүйенеді. Мазмұндық
компонент
инвариантты және вариативті бөлімдерде көрсетілген. Инвариантты бөлім
тұтастық идеясы мен табиғаттың бірлігінен, табиғаттың жүйелі және көп
деңгейлі құрылысынан, адам мен табиғаттың бірлігінен, білім компоненттері –
биологиялық теория, заңдар, ұғымдар, фактілерден, құндылық компоненті мен
пәндік биологиялық біліктілікті, әдіснамалық және зияткерлік біліктілікті
қамтитын
іс-әрекеттік
компоненттерден
тұрады.
Вариативті
бөлімнің
мазмұнына жаратылыстану-ғылыми, әдіснамалық және биологиялық білімдер,
іс-әрекеттердің түрлері, арнайы тағайындалған және арнайы тағайындалмаған
элективті курстардың мазмұны шеңберіндегі құндылықтар кіреді. Әдістемелік
жүйенің
процессуалдық
компоненті
–
оқушының өзіндік белсенділігін
арттыруға ықпал ететін оқытудың ұйымдастырушылық формалары, әдістері,
тәсілдері және биологияны бейінді оқыту шеңберіндегі тәрбие болып
табылады. Нәтижелі компонент биологияны бейінді оқытудың нәтижелерін
көрсетеді.
Бейінді оқыту жағдайында жалпы биология курсында кез келген
тақырыпты
оқытуды
негізгі
биологиялық
теориялардың
(жасушалық,
хромосомалық, эволюциялық, ген теориясы, экологиялық тұжырымдама)
айналасында өрістету керек. Сабақтарды тақырыптық және әр сабаққа бөліп
жоспарлау мазмұндық және процессуалдық компоненттердің бөлімдеріне
негізделген төрт блоктан тұрады: теориялық, практикалық, шығармашылық
және қосымша. Мұндай бөлім сабақтардың сан алуан түрінен көрінетін бейінді
оқытудың принциптері мен оқытуды ұйымдастырудың ерекше формасына
байланысты. Сабақтың
сан алуан түрлеріне: проблемалық
лекциялар,
эвристикалық әңгімелесудің элементтері бар лекциялар, семинарлар, диспуттар,
«дөңгелек үстелдер», практикумдар, аралас сабақтар, оқу ойындары жатады.
Биологияны бейінді оқытудың мақсатына жетуде зерттеу іс-әрекеттерінің
элементтерінен тұратын үйдегі шығармашылық жұмыстар мен сыныптан тыс
жұмыстар (ғылыми әдебиеттерді оқу, ғылыми тақырыптық кештер, ғылыми
конференциялар, биология бойынша оқушылардың ғылыми қоғамы, табиғатта
экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.
Эксперименттік оқытудың нәтижелері биологияны бейінді оқытудың
әзірленген әдістемесі тиімді екенін және оны жалпы білім беретін мектептерде
59
биологиялық білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында жаратылыстану-
ғылыми бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығын көрсетті.
«Физика» оқу пәні
Физика пәні материяның салыстырмалы түрде қарапайым, сонымен қатар
неғұрлым жалпылама түрлерін (зат, өріс, энергия) және материя қозғалысының
күрделірек түріне енетін қозғалыстың физикалық түрін зерттейді. Материяның
жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын
физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысына
жетті және оның дамыған математикалық және эксперименттік зерттеу
құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі
бүкіл жаратылыстанымдық ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді. Іргелі
физикалық
теориялардың
біртұтас жүйесі ретінде
ұсынылған
әлемнің
физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми-
жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель
болып табылады.
Физика оқу пәні ретінде қоршаған әлемнiң сансыз құбылыстарында орын
тебетiн табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады, оның ғылыми,
техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды
құраушысы болып табылады [43].
Физика ғылымының дидактикалық принциптер негізінде оқу пәніне
трансформациялануы оқу пәнін зерделеудің объектілерін нақтылау арқылы
қоршаған
дүниенің
сан алуан
құбылыстарында орын тебетін табиғат
заңдылықтарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану және техника ғылымдары саласының қарқынды дамуы
елімізде жоғары білікті мамандар даярлауды талап етуде. Жалпы орта білім
беретін мектептерде физика пәнінен бейіндік-бағдарлы білім бермей, бұл
мәселені шешу мүмкін емес.
«Физика» оқу пәнінің бағдарлы деңгейі – белгілі бір бағыт пен оқу
бағдарын таңдап алған оқушылардың игеруі міндетті болып табылатын деңгей.
Мазмұнның
бағдарлы деңгейі жаратылыстану-математикалық
бағыттың
қайсыбір бағдарлары аясындағы оқушылардың физикадан жалпы білімдік
дайындығын кеңейтуді және тереңдетуді, сондай-ақ таңдап алған оқу бағдары
немесе мамандық
саласы бойынша білім берудің
келесі деңгейімен
сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Физика» оқу пәнін бағдарлы
оқыту мақсаты ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, мектеп
оқушыларының зияткерлік қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамыту,
құндылық бағдарларды тәрбиелеу болып табылады.
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:
физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен,
теориясымен таныстыру.
оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыстану-ғылыми
көрінісін қалыптастыру.
жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістемелерін меңгерту.
политехникалық білім беру.