Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет29/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39

62

өзара қарым-қатынасы,  адамның ғаламдағы  және  планетадағы  орны, өмірлік

мәні бар мәселелер және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үлкен маңызы

бар лабораториялық және практикалық жұмыстар кең орын алады [44].

Физикалық  құбылыстарды,  тарихи-ғылыми және  тарихи-өмірбаяндық

материалдарды  зерделеуде  пәндік  дағдылармен қарулану  және  пәнді  жақсы

түсіну  математикамен,  химиямен,  биологиямен  және  географиямен  пәнаралық

байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.

11-12 сыныптарға арналған «Физика»  оқу  пәнінің бағдарламасы  ана  тілі

және әдебиетпен,  математикамен,  химиямен,  биологиямен,  географиямен,

информатикамен және технологиямен пәнаралық байланысты ескереді:

Ана  тілі  және әдебиетпен: тіл  лексикасы; ауызша  және  жазбаша

коммуникация (әңгіме,  эссе,  шығарма,  реферат,  шығармашылық жоба);

коммуникативті мәдениет.

Алгебрамен:

квадраттық

теңдеулер 

мен 


теңсіздіктер;

дәрежелік,

көрсеткіштік, 

логаримфмдік, 

тригонометриялық

функциялар; 

негізгі

тригонометриялық формулалар.



Геометриямен: кеңістіктегі  векторлар; көпжақтар; денелердің көлемдері;

кеңістіктегі координаталар әдісі; кеңістіктегі симметрия.



Химиямен: Менделеев  элементтерінің периодтық жүйесі;  молекула  және

атом ұғымдары,  атомдық-молекулалық ілім; изотоптар  және  атом  ядросының

құрамы; массаның сақталу  заңы; спектрлік  анализ; химиялық элементтердің

радиоактивті изотоптарын алу; трансурандық элементтер.



Биологиямен: мутагендік  факторлар, иондаушы  сәулелердің мутагендік

әрекеті;  биосферадағы  зат  айналымы  және  энергияның түрленуі; рентген

сәулелерін қолдану; ультракүлгін  және  инфрақызыл  сәулелердің тірі  ағзалар

мен өсімдіктерге әсері.



Географиямен: гидроэнергетикалық  қорлар  туралы  мәліметтер және

оларды  елдің  әр  түрлі өңірлерінде  пайдалану; жергілікті  және  ауқымды

экологиялық проблемалар.

Информатикамен: ақпараттық процестер; компьютердің аппараттық және

программалық  құралдары;  графиктік  редактор  және  электрондық кестелер

көмегімен  модельдеу; берілген  тапсырманы  орындаудың алгоритмін құру;

«Интернет»  желісіндегі  жұмыс:  браузердің және  іздеу  программаларының

көмегімен ақпаратты іздеу және оны қарау.

Технологиямен: материалдардың серпімділігі; металл кескіштің және басқа

құралдар мен тетіктер бөлшектерінің жылдамдығы мен қозғалысы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  сыныптарды  бейімдеп  оқыту

үшін оқу  пәнiнiң жалпы  мақсаттарын  және  оқушылардың  қабiлеттiлiгiнен,

қызығушылығынан және  кәсiптiк  мүддесiнен  туындайтын  арнайы  мақсатын

ескереді.

Қазiргi заманғы ғылыми дүниетаным тұрғысынан бейіндік-бағдарлы білім

беруде  физикалық теориялардың негiзiн – Ньютон  механикасы  мен релятивтiк

механиканы, 

молекулалық-кинетикалық

теория 

мен 


термодинамиканы,

электродинамика  мен  электрондық теорияны,  толқындық, геометриялық және




63

кванттық оптиканы,  кванттық механиканы,  атом,  атом  ядросы,  элементар

бөлшектер физикасын зерделеудi ескередi.

Физиканың теориялық мәндiлiгi  мен  практикалық бағытталуы  көп

жағдайда  зерттеушiлiк  сипатта  болып  келетiн  лабораториялық жұмыстар

жүйесiнде де көрiнiс табады.

Физиканы 

зерделеуге 

саналы

қатынас 


шығармашылық

тұлғаның


қалыптасуына ықпал  етеді,  яғни  бұл  пән  оқушылардың ой-өрісінің қарқынды

дамуына  маңызды үлес қосады,  сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты,

әдемілікті,  адам  ойының күштілігін  және  оның  қоршаған  ортаны  тану

қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту олардың берік те

терең білімдерін, өз  бетінше  жұмыс  істеу  икемділіктерін  жөне  дағдыларын,

танымдық  қызығушылығын,  алдына қойылған  мәселелерді  шешуде  бастама

көтеруін,  мақсатқа ұмтылуын,  табандылығын  дамыту  мен қалыптастыру -

мұғалімнің негізгі  міндеттерінің бірі.  Шығармашылық адамның белсенділігі

мен өз бетінше әрекет етуінің ең жоғарғы деңгейі.

Бейіндік-бағдарлы  білім  беруде  жұмыстың креативті  тәсілдеріне  және

формасына  ерекше орын  бөлінеді, проблемалық мәселелерді  талқылау  арқылы

ұжымдық жұмыс жүргізу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа және

топта  бірігіп  және  жеке  жасайтын қызықты  тапсырмаларға  бағыттайтын

дамытушы 

сипаттағы 

шығармашылық

тапсырмаларды 

орындау 

және


практикалық есептерді шығару ұсынылады.

«Физика» пәні  бойынша  бейіндік-бағдарлы  білім  беру  кезінде  мұғалім

оқушылардың 

өз 


бетінше 

танымдық


іс-әрекетін

көрсететін 

оқыту

технологияларын  пайдалана  отырып,  оқу  процесін ұйымдастыруына  бағыт-



бағдар береді.

Оқушылардың оқу-іс-әрекетін басқару  оқыту  технологияларын  іріктеуге

негізделген. 

Іс-әрекеттік-компетенттік 

тәсіл 

аясында 


оқу 

процесін


ұйымдастыруда оқушылардың өз бетінше танымдық әрекетін көрсететін оқыту

технологияларын қолдану  неғұрлым  тиімді.  Физиканы  оқыту  технологиялары:

білім 

берудегі 



маңыздылығы;

қолданбалылығы;

ұлттық-аймақтық

ерекшеліктерге  сәйкестігі; жүйелілігі,  тиімділігі; пәннің ерекшелігін  ескеру;

оқушының жеке  тұлғалық даму  дәрежесіне  сәйкестігі; оқушылардың жас

ерекшеліктеріне сәйкестігі сияқты критерийлер негізінде іріктеледі.

Осы  критерийлерге  сүйене  келе,  физиканы  оқытуда:  дидактикалық

бірліктерді  ірілендіру,  дамыта  оқыту,  модульдік  оқыту,  саралап  деңгейлеп

оқыту,  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту,  кіріктіре  оқыту  және  т.б.

технологияларды қолдануға  болады.  Осы  аталған  технологияларды қолдануда

неғұрлым  тиімдірегі  интерактивті,  проблемалық-іздену,  коммуникативті

әдістер,  ал өзін-өзі дамыту,  белсенділік,  оқушының зияттылығы,  оның пәнге

деген қызығушылығы оқушылардың пәндік  және  түйінді  компетенттіліктерін

қалыптастырады.  Сондықтан  оқыту  технологияларын  таңдауда  алдымен

мұғалім мен оқушының қызметі ескерілуі керек.

Жоғары  сыныптарда  физика  пәнінен  бейіндік-бағдарлы  білім  берудің оқу

материалдарын  игеру ақпараттық-компьютерлік  технологияларды қолдану



жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау