Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет2/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

5

қамтамасыз ету саналады.

Осыған  орай  12  жылдық мектептің жалпы  орта  білім  беру  деңгейіндегі

жаратылыстану-математикалық

бағытта  бағдарлы  оқытудың  әдістемелік

ерекшеліктерін анықтау өзекті мәселе болып табылады.

Қойылып отырған  мәселенің шешімдерінің бірі  ретінде,  яғни  12  жылдық

жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтауға арналған әдістемелік

құралын ұсынылады.

Әдістемелік құралда жаратылыстану-математикалық бағытта  бейіндік-

бағдарлы білім берудің әдіснамалық негіздері,  оқытуды бейіндендіруді есепке

ала отырып жасалынған жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда

пәндерді оқытудың әдістемесі берілді.

Әдістемелік құрал екі бөлімнен, әр бөлім ішкі тақырыптардан тұрады.

Бірінші 

бөлімде, 

орта 

мектепте 



бейіндік-бағдарлы 

білім 


беруді

ұйымдастыру жөніндегі шетелдік және отандық тәжірибелер, жаратылыстану-

математикалық

бағытта 


бейіндік-бағдарлы 

білім 


беруді 

дамытудың

тұжырымдамалық

негіздері, 

жаратылыстану-математикалық

бағыттағы

бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар сипатталады.

Екінші бөлімде, «Математика және информатика» және «Жаратылыстану»

білім  саласы  пәндерін  оқытудың  әдістемелік  ерекшеліктері,  бейіндік-бағдарлы

оқытуды  жүзеге  асырудағы қолданбалы  курстарды өткізу  және ұйымдастыру

жолдары ұсынылады.



6

1 Жаратылыстану-математикалық бағытта  бейіндік-бағдарлы  білім

берудің әдіснамалық негіздері

1.1  Орта  мектепте  бейіндік-бағдарлы  білім  беруді ұйымдастыру

жөніндегі шетелдік және отандық тәжірибелер

Алдыңғы


қатарлы  дамыған  елдердің

білім  беру  жүйесін

зерттеу

барысында  соңғы  он  жылдың ішінде  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінің



құрылымында және оқыту  мазмұнында: білім  беру  философиясы  мен

әдіснамасының жаңаруы; білім  беру  жүйесінде  жетілдірілген  модельдердің

жасалуы; білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; оқыту-

тәрбиелеу үдерісіне  жаңа  технологиялардың енгізілуі; оқытудың дәстүрлі

әдіс-тәсілдерін  ығыстырып,  оқушылардың танымдық белсенділігі  мен өзіндік

ойлауын қамтамасыз  ететін  білім  беру  моделіне  көшу; терең және  белсенді

кәсіби  бағдар  берудің ерте  жастан  басталуы;  оқушы  жастарға  азаматтық-

патриоттық, рухани-адамгершілік,  көпмәдениеттілік,  денсаулық сақтау  және

экологиялық тәрбие  беру  рөлінің күшейтілуі; білім ұйымдарының оқушыны

әлеуметтендірудегі рөлінің артуы үрдістері жүзеге асырылуда [14, 15, 16].

12  жылдық оқыту  моделін дүниежүзінің елдері,  атап  айтсақ, АҚШ,

Англия,  Швейцария,  Канада, Германия, Жапония,  Швеция,  Франция,  Италия

(жалпы  білім  беру ұзақтығы  12  не  13  жыл) жедел  дамушы  және өзгермелі

заман талаптарына сай жастарға сапалы білім беру жүйесі ретінде танып отыр.

Бейінді  оқытуды  жүзеге  асыру әр  түрлі  мемлекеттерде әр  түрлі  жолдармен

жүргізіледі,  бірақ  қызмет  ететін  формалардың барлығы  да  негізгі  екі  жолға

келіп тіреледі:

Бірінші  жол  бөлімдермен,  секциямен  көрсетілген (Франция,  Италия,

Испания, Дания, Нидерланд). Сабақтар оқытудың нақты бейіні үшін жасалған

жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізіледі.

Екінші  жол  оқушылардың өздігінен таңдаған элективті  курстары  арқылы

жүзеге  асырылады  және  олар  кейбір  міндетті  пәндерге қосымша болып

саналады (АҚШ). Бірақ негізгі технологиялық форма ретінде сабақ өз орнында

қалады.

12 жылдық беру жүйесі бойынша әлемдік тәжірибені зерттеу және талдау



барысында мынадай бағыттар айқындалды:

– білім мазмұны  оқушылардың  қазіргі  заманғы  білім  алу қажеттіліктерін

толығымен қанағаттандыруға бағытталған;

– білім  берудің стандарттары  мен  оқу  бағдарламалары өмірлік  маңызды

дағдыларды  дамытуға,  оқушының

жеке  басының  қызығушылығы  мен

талғамдарын  ескеруге,  дамытуға,  олардың бойында  жалпы  оқу  іскерліктерін

қалыптастыруға,  сондай-ақ  әрбір  оқушының және қоғамның мүддесі  мен

қажеттіліктерін  ескеруге,  жеке  тұлғаны  жоғары  сапамен  оқытуға,  тәрбиелеуге

және дамытуға бағытталған [17];

– оқушының  қабілетін  отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына,

жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан барынша дамыту




7

көзделген;

жастардың

күнделікті

қоғамдық  өмірдегі  болып  отыратын

өзгерістерге тез бейімделуіне жағдай жасалған;

– білімнің нәтижелері,  ақпараттарды өздігінен  табу  мен өңдеу  біліктілігін

қалыптастыру,  ақпараттық технологияларды  тиімді  пайдалану, өздігінен  даму

және

өзін-өзі


бағалау  дағдыларын

қалыптастыру  оқушылардың

жеке

мақсаттарымен байланыстырылған.



Бейіндік  оқытуды ұйымдастыру бойынша  шетелдік тәжірибеге  сүйенсек,

негізгі  мектептегі  білім  беру  мазмұнын  жоғары  мектепте  оның жіктелуін

үйлестіру; оқу  пәндерінің  (курстар)  (6-7 пәндер)  санын  шақтау үрдістері

жүзеге асырылып, жаратылыстану ғылымдары, шетел тілдері, математика, ана

тілі,  дене  шынықтыру; бағыттың санын  азайту:  2-ден  4-ке  дейін міндетті

болып табылады (1-кесте).

1-кесте – Бейіндік оқытуды ұйымдастыру бойынша шетелдік тәжірибелер

Мемлекет


Ерекшеліктері

Америка


Құрама

Штаты


Жалпы  орта  білімнің  құрылымы – 6+3+3  немесе  8+4  (мектептің  қай  штатта

орналасуына  байланысты). Жоғары  орта  мектептің  10-12  сыныптарында

міндетті  түрде  5  оқу  пәні  және  тәжірибелік,  академиялық бағыттағы  бейіндік

пәндер оқытылады. Әрбір оқушыға арнайы оқу жоспары құрылып, одан кейін

оқушылар топтарға бөлінеді (әр түрлі бағыттарға байланысты): филологиялық,

қоғамдық,  математикалық, жаратылыстану,  ақпараттық. Академиялық емес

бағыттағы  оқушылар  міндетті  пәндерді  және  тәжірибелік  курстарды  оқиды.

Барлық оқушылар үшін міндетті пәндер және таңдау пәндері бекітілген. Оқыту

бағыты  бойынша  саралау  (дифференциация),  яғни  білім  беру қызметінің

вариативтілігі әртүрлі  таңдау  пәндері  бойынша  оқу  пәндерінің аймағын

кеңейту  арқылы  жүзеге  асырылады. Барлық штаттарда  ағылшын  тілі  (оқу),

математика,  жаратылыстану ғылымдары  және ғылыми әдістер,  АҚШ  тарихы,

бейнелеу өнері,  музыка,  денсаулық және  тамақтану,  тәжірибелік өнерлер

(дизайн),  дене  тәрбиесі  және  шетел  тілдері  оқытылады. Орта  білім  беру

жүйесінде  2  жыл  математика,  2  жыл  жаратылыстану ғылымдары,  4  жыл

ағылшын тілі және 3 жыл әлеуметтік пәндер оқытылады.

Англия

Орта  білім  жүйесінің  құрылымы  (бастауыш  мектеп  +  негізгі  +  толықсыз  орта



мектеп + толық орта мектеп): 6+5+2. Академиялық бөлімде оқитын оқушылар

тереңдетілген  бағдарламалар  бойынша  оқып,  11-ші  жылдың соңында  толық

орта  мектепке  түсу

үшін  емтихандар  тапсырады.  Міндетті  мектепті

бітірушілердің кейбіреулері  жұмыс  істеуге  немесе  кәсіби  мектептерде  оқуға

барады.  Англияның орта  мектептерінде  жоғары  оқу  орындарына  түсуге

бағытталған  тек  академиялық оқыту  жүзеге  асырылады.  Мұнда ғылыми-

жаратылыстану  немесе  гуманитарлық бағыттар; әрбір  оқушы үшін  жеке  оқу

жоспары

құрылады. 



Академиялық

бағыт 


негізгі 

және 


мектептің

мүмкіндіктеріне  байланысты  пәндерді қамтиды.  Негізгі  пәндер  (ағылшын  тілі

және әдебиет,  тарих,  география,  математика,  физика,  химия,  биология, өнер,

шетел  тілдері)  жеке  курстармен  берілген.  Олардың ішіндегі  3  пән  (ағылшын

тілі,  математика,  жаратылыстану)  орта  білім үшін  негізгі  болып  саналады.

Қалған жеті  пән  базалық болып  табылады:  технология  (дизайн  және

технология және ақпараттық технология), тарих, география, музыка, бейнелеу

өнері, дене тәрбиесі, қазіргі заманғы шетел тілдері.




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау