Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет24/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

52

математикалық білімді  пайдалану;  биологиялық эксперименттерге өлшеулер

жүргізу және математикалық талдау жасау.

«Тарихпен»: тарихтың бірінші  кезеңінің мәдениетін  оқып  білу.  Ашылған

ұлы географиялық жаңалықтарды білу.



«Физикалық географиямен»: географиялық аймақтылықты  ескере  отырып

жер бетінде органикалық дүниенің таралу ерекшеліктерін оқып білу барысында

географиялық білімге сүйену; орта факторларының адам организмінің жағдайы

мен қасиеттеріне және жалпы органикалық табиғатқа әсерін білу; континенттер

тарихының білімін пайдалану.

«Экономиялық географиямен»: бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;

әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.



«Бейнелеу өнерімен»: зертханалық, практикалық және  шығармашылық

жұмыстарды кестелермен, суреттермен және сызбанұсқалармен безендіру.



«Химиямен»:

бейорганикалық

химия.  Д.И.Менделеевтің

периодтық

жүйесінің элементтері,  олардың негізгі қасиеттері.  Органикалық химия.  Тірі

жүйенің  құрамына  кіретін  негізгі  химиялық  қосылыстар; - жасушаның

химиялық  құрылымын  оқып  білу;  органикалық ортада  жүретін  биохимиялық

процестерді  (-зат  және  энергия  алмасу-бұл  органикалық заттардың биосинтезі

және ыдырауы) оқып білу.

«Физика»:

биологиялық

жүйелердегі

өзгерістердің

динамикасы;

экологиялық жүйелердің жағдайы  мен қасиеттеріне  атмосфералық  қысым

ауытқуының әсері.

«Музыка»:

«Адам 


генетикасы» 

тақырыбын 

оқытуда 

музыкалық

шығармаларды  пайдалану;  «Адамның шығу  тегі»  сабағын  оқыту  барысында

музыкалық шығармаларды пайдалану.



«Информатикамен»:

жалпы 


биологияның

тақырыптары 

бойынша

электрондық



көрсетілім

құрастыру; 

жұмыс 

барысында 



электрондық

материалдарды пайдалану.

Бейінді  оқыту  жағдайында

жалпы  биология  курсында  кез  келген

тақырыпты  оқып-үйрену негізгі  биологиялық теориялардың  (жасушалық,

хромосомалық, эволюциялық, ген  теориясы,  экологиялық тұжырымдамалар)

айналасында өрістеуі қажет. Оқушыларды биологиялық теория пайда болғанға

дейін  оқып-үйренетін

нысанға

қатысты


ғалымдардың

көзқарастарымен

таныстыру қажет.  Теорияның шығу  себебін,  негізін  және  мәнін  анықтау,

зерттеу  бағдарламасын  іске  асыру  мен  проблемаларды  шешудің жолдарын

көрсету өте  маңызды  болып  табылады.  Теорияның логикалық  құрылымын,

пайда  болу  механизмдерін  анықтау  және  оның  қалыптасу  мен қолдану

процесіндегі қайшылықтарын  шешу  оқушыларға  фактілерді қалай  жүйелеу

керектігін, ұсынылған  болжамды  дәлелдеу үшін  немесе  теріске  шығару үшін

эксперименттерді қалай  жоспарлап, қою  керектігін  түсіндіруге  мүмкіндік

береді [41, 42].

Сабақтарды  тақырыптық және әр  сабаққа  бөліп  жоспарлау  мазмұндық

және  процессуалдық компоненттердің бөлімдеріне  негізделген төрт блоктан:

теориялық, практикалық, шығармашылық және қосымшадан  тұрады.  Мұндай

бөлім  сабақтардың сан  алуан  түрінен  көрінетін  бейінді  оқытудың принциптері




53

мен  оқытуды ұйымдастырудың ерекше  формасына  байланысты.  Сабақтың сан

алуан 

түрлеріне: 



проблемалық

дәрістер, 

эвристикалық 

әңгімелесудің

элементтерінен  тұратын  лекциялар,  семинарлар,  диспуттар,  «дөңгелек

үстелдер», практикумдар, аралас сабақтар, оқу ойындары жатады.

Биологияны  бейінді  оқытудың мақсатына  жетуде  зерттеу  іс-әрекеттерінің

элементтерінен  тұратын үйдегі  шығармашылық жұмыстар  мен  сыныптан  тыс

жұмыстар  (ғылыми әдебиеттерді  оқу, ғылыми тақырыптық кештер, ғылыми

конференциялар,  биология  бойынша  оқушылардың  ғылыми қоғамы,  табиғатта

экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.

12  жылдық білім  беру  экспериментінің нәтижелері  бойынша  биологияны

бейінді оқытудың дайындалған әдістемесі тиімді болып табылатындығын және

оны  12  жылдық білім  берудің жоғары  сатысында  жаратылыстану-ғылыми

бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығы жөнінде айтуға болады.

Биология  бойынша  оқу  бағдарламаларында  негізгі  жалпы  және  орта

(толық) жалпы білім беру (мақсаттар пәнді оқытудың базалық немесе бейіндік

деңгейіне  байланысты  нақтыланады)  сатысындағы  биологиялық білімнің

мақсаттарының ерекшеліктері  көрсетілген.  Негізгі  және  толық орта  мектепте

(базалық деңгейде)  биологиялық білім  беру  тірі  табиғат  пен  оған  тән

заңдылықтар  жөніндегі  білімдерді  игертуге,  тірі  табиғаттың процестері  мен

құбылыстарын түсіндіруде  биологиялық білімдерін қолдана  білу  біліктілігін

меңгертуге,  алған  білімі  мен  біліктілігін  практикалық іс-әрекетте

және өз


денсаулығын  сақтау үшін,  айнала  ортаны қорғау үшін күнделікті өмірде

пайдалануға,  яғни    экологиялық, генетикалық және  гигиеналық сауаттылыққа

тәрбиелеуге  бағытталған.  Бейіндік  деңгейде  толық орта  мектепте  биологияны

оқыту  оқушыларды  биологиялық білімін  жалғастыру үшін  дайындауға,

олардың ЖОО-ға түсуі үшін қажетті  және  жеткілікті  білім  мен  білікті

меңгеруіне бағдарланған.

Биология  бойынша  оқу  бағдарламалары  биологиялық  ғылымды – тірі

табиғат пен оның атрибуттарын – деңгейлі ұйымдастырылуы мен эволюциясын

оқытудың нысанын жеткілікті түрде толық сипаттайтын бес пән тақырыбынан

тұрады:  Биология ғылым  ретінде.  Биологияның  әдістері.  Тірі  организмдердің

белгілері; тірі табиғаттың жүйесі, көпқырлылығы және эволюциясы; Адам мен

оның денсаулығы;  Организмдердің  өзара  және қоршаған  ортамен  байланысы.

Ғылыми танымның әдістеріне, биологияның әлемнің заманауи жаратылыстану-

ғылыми бейнесін қалыптастырудағы  рөліне  назар  аудару  күшейді.  Талаптар

жалпы  білім  берудің сатылары  мен  оқу  пәндері  бойынша  сабақтастықта

міндетті  минимумдарға  сәйкес  дайындалған.  Талаптар  іс-әрекеттік формада

(оқушылар  биологияны  оқудың нәтижесінде  білімді,  білікті  болып,  оны

практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде қолдана алуы тиіс) қойылады.

Талаптар  негізгі  жалпы  және  орта  (толық)

жалпы  білім  беру  оқу

бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  мекемелерінің

түлектерін

мемлекеттік 

аттестациялауға 

арналған 

бақылау-өлшеу

материалдарын

дайындаудың негізі  болады.  Биология  бойынша  түлектерді  дайындаудың

деңгейіне қойылатын  талаптар үш  айдарға  біріктірілген:  «Білу/түсіну»,  «Істей

білу»,  «Алған  білім  мен  біліктерін  практикалық іс-әрекетте және  күнделікті




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау