Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет20/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39

42

4-сурет


Мысалы,  «Мәліметтер  және  олардың типтері. Өрнектер»  тақырыбын

өткенде, оқушыларды программалауды орындау барысында өндеудің объектісі

болатын  мәліметтер ұғымына  назарларын  аударса.  «Шама»,  «тұрақты  шама»,

«айнымалы  шама»,  «тип»,  «аты»,  «шама  мәні»,  «жай  шама»,  «құрылымды

шама»  деген ұғымдарға  жеке  тоқталу қажет.  Мысал  арқылы  шамада  бір  аты

және  бірнеше  мән  болатының көрсету  керек. Одан  кейін  мысал  арқылы

мәліметтер туралы «жиын», «жазу», «файл», «кезек (очередь)», «жол» және т.б.

ұғымдарын енгізу  керек.    Мәліметтер  типтерін  төрт  стандартты  типтер үшін

қарастырған дұрыс,  олар:  integer-бүтін  сандар; real-нақты  сандар; вoolean-

логикалық немесе булева сандары; char-символдық. Аталған стандартты типтер

қандай шамаларға ие болатынын мысал ретінде айтып өткен дұрыс.

Қоғамның қарқынды ақпараттандыру дәуірінде адамның жан-жақты дамуы

үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің

және  жаңа  ақпараттық

технологияларды

қолданудың

маңызды  роль

атқаратындығы  көпшілікке  түсінікті  болып  келе  жатыр.  Осы  орайда, алдымен,

«Информатика»  пәнің оқытудың алатын  орны  ерекше.  Соңғы  он  шақты  жыл

ішінде  информатика  негіздері  мен  есептеу  техникасы,  программалау

курсттарын  оқу үдерісіне  енгізудің алғашқы қадамдарынан  бастап  оқытуды

ұйымдастырудың әр түрлі  мәселелеріне  дейін  шешілуде,  оларға  байланысты

ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда [39].

Әсіресе,  информатика  курсының жалпы  білімдік  функцияларына,  оқыту

мен  тәрбиелеудің басты  міндеттерін  атқару  барысындағы  потенциалдық

мүмкіндіктеріне өзгеше назар аударулыда. Осыған байланысты оқыту үдерісіне

білімгердің білімпаздық дағдыларын,  білгендерін өз  беттерінше  жүйелеп  және

ақпараттық кеңістікте қажетті  бағытты  анықтап үйренуін,  шығармашылық

тұрғыда ойлана білуін қалыптастыруға, дамытуға тікелей ықпал ететін жобалық

әдістің рөлі артып отыр.

1-шартты

тексеру


1-шартты

тексеру


2-әрекетті орындау

1-әрекетті орындау

жоқ

жоқ


иә

иә



43

Информатика  сабағында әр  оқушы  немесе  топ  шығармашылық жоба

әзірлейді.  Оқу  жобалары  жергілікті  желі  мәселелерін  шешуге  арналған

рефераттардан бастап емтихандық жобаларға дейін әртүрлі болады. Оқушылар

төмендегі жобалау кезеңдерін ескере отырып, жобаны әзірлеу қажет (5-сурет).

5-сурет – Жобаны әзірлеу схемасы

Жекелеген бөлімдер мен тақырыптар бойынша оқу жобаларын қолданудың

алғы  шарттары  мен  оған қойылатын  талаптарды  айқындап  алу  міндеті

туындайды.  Осы  мақсатты  «Алгоритмдеу»,  «Программалау  элементтері»,

«Математикалық модельдеу» сияқты тақырыптар бойынша қолданылуы мүмкін

оқу жобаларын қарастырайық.

Мысалы,  «Программалау  элементтері»  бөлімі  бойынша  оқу  жобалары

негізгі  алгоритмдік құрылымдарды,  графиктік  кескіндерді  және  графиктік

режимдердегі  «мәтінді  терезелерді»  программалауды  зерттеуге  мүмкіндік

береді.  «Алгоритмдеу» бөліміне  сәйкес  жобаларды  орындау  барысында

программа құру  және  оны  іске  асыру үшін  таңдалған  «тілдің» программалау

ортасында  жұмыс  жасау  мүмкіндігі  меңгеріледі,  программалық  үзілістер  мен

кездейсоқ сандарды  алу  мүмкіндіктерін  меңгеру қажеттілігі  туындайды.  Бұл

жобаларды  жүзеге  асырылуы үшін қажетті  алғы  шарттар  ретінде  алгоритмдеу

негіздерін  білуді  және  тілдік  орта  пакетінің транслятор, өңдегіш  жүктегіш

сияқты программаларымен жұмыс жасай білуін атауға болады.

«ЭЕМ 


көмегімен 

есептер 


шығару 

кезеңдері» 

бөлімі 

бойынша


қолданылатын жобалар есептің шешу жолдарын, алгоритмдеу ретін, қандай да

бір  программалау  элементтерінен  хабардар  болуды  және  программаны өңдеу

жөнінен тәжірибелік машығы болуын талап етеді.

«Математикалық модельдеу»  бөлімі  бойынша ұсынылатын  жобаларды

орындауға  кіріспес  бұрын  «модельдегі»  шарттылықты,  яғни  нақты үдерісті

немесе құбылысты  сипаттау үшін қолданылатын  кез  келген  модельдің

«жуықтаушылық» ролін  айқындап  көрсету қажет. Қоршаған  ортадағы қандай

Жобаның


тақырыбын таңдау

Жоба алдында зерттеу

жұмыстары және талдау

Нұсқалар әзірлеу.

Базалық нұсқа

таңдау


Дайындалған

жобаның талдауы

Жобаның базалық

нұсқасын орындау

Программалық

қамтамасыз етуді

таңдау

Жобаның бағасын



санау

Түсініктеме хатты

дайындау

Жобаны қорғау




44

да бір нақты құбылысты  дәл формулалар  көмегімен жуықтау  барысында  орын

алатын  дәлсіздіктер  туралы  программалауды  меңгеруші  оқушыларға  көрсету

және түсініктемелерді оқушылардың тәжірибелік деңгейін дәрежесінде жеткізе

беру өте маңызды.

Мұның  өзі  программалау  технологиясын ұғыныңқы  етіп  көрсетуге негіз

болады. Әрине,  мәселенің шешілуі  көптеген  алғы  шарттардың орындалуын

талап  етеді.  Ең алдымен,  мәселені қойып  және  оны  сәтті  шешу үшін  оқушы

тиісті  білім  деңгейін, үдеріс  барысында қандай  жаңа ұғымдар,  түсініктерді

қабылдап меңгеру қажеттігін  және  бұрынғы  білім-машықтарын  пысықтауға

қаншалықты мүмкіндіктер ашылатынын ескеру қажет.

Оқу  жобасын  таңдау  немесе құру  барысында  оқушылардың атқаратын

жұмыс  деңгейін  (оны  орындауға қажетті  білімнің жеткіліктілігін)  ескерумен

қатар жобаның техникалық және  ақпараттық  қамтамасыз  етілуін  және

тақырыбының оқушыны қаншалықты қызықтыруы мүмкіндігі талдап алынғаны

дұрыс.  Себебі  жобаны  орындау  барысында  оқушылардың білім  деңгейі

ескерілмеген қиындық кездессе нәтижесінде жоба аяқсыз қалады.

Оқу жобасы негізінен біртіндеп рет-ретімен орындалатын тапсырмалардан

тұрады.  Олар,  жаңа  материалды  меңгерту,  бұған  дейін  алған  біліктілігін,

машықтарын жинақтап қолдану, шығармашылық ізденістер жүргізу, теориялық

білімдерін бекіту және т.б. тапсырмалары түрінде анықталуы мүмкін.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 

информатиканы 

оқыту

әдістемесінде алгоритмдеу  және  программалау  мәселелері  терең, жан-жақты



зерттелуде,  ал  модель,  модельдеу үдерісіне  аса  назар  аударылмай  отыр.  Шын

мәнінде, 

оқушылардың

бойында 


жүйелік-ақпараттық

тәсілдерді

қалыптастыруға негізделген  модельдеу үдерісі-ғылыми таным әдісі  ретінде

қарастырылып,  формальдандыру қағидасы  мен  компьютерлік  модельдеу

құрылымын меңгерудің сенімді құралы  болып  табылады.  Модель – жасанды

құрылған объект.  Ол  схема,  сызба,  математикалық таңбалар,  физикалық

формулалар  және  т.б.  түрде  беріледі. Қазіргі  кезде  неғұрлым  кең таралған

қарапайым модельдерге:  графикалық модель  (объектіні  сурет,  кескін,  схема,

т.б.  түрінде  бейнелеу);  сөздік  бейнелеу  (объектіні  сөзбен,  ауызша  сипаттау);

математикалық

модель 

(объектінің



заңдылықтарын,

әсерін,


қасиетін

математикалық заңдылықтар бойынша бейнелеу); ақпараттық модель (ауызша,

сөзбен  берілген  мәліметі  формальды  тілде  бейнелеу);  аналитикалық модель

(үдерістерді бастапқы және шекаралық шарттар үшін нақты сандық түрде және

ізделінді  мәнді  айқын  түрде  сипаттауды қамтамасыз  ету);  стохастикалық

модель  (белгілі  бір  уақыт  мезетінде  объектіні  сипаттау);  көрнекі  модель

(зерттелетін  объектіні  схемалар,  диаграммалар,  графиктер  және  т.б.  түрінде

сипаттау), т.с.с.

Модель құру үдерісі модельдеу  деп  аталады.  Модельдеу – зерттелетін

объектінің  қасиеттерін, өзара  байланысын  және  арақатынасын  аналогиялық

түрде сипаттау. Қазіргі кезде модельдеудің көптеген түрі белгілі.

Жалпы  жағдайда  модельдеу  нақты  және  абстракты  болып  екіге  бөлінеді.

«Абстрактылы  модельдеу» ұғымы әдістемелік әдебиеттерге  «ақпараттық

модельдеу» ұғымына  балама  түрде қолданылады.  Ақпараттық модельдеу




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау