Жаратылыстану-математика


Дәрістің мазмұны 1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)



жүктеу 5,09 Mb.
бет8/17
Дата25.11.2017
өлшемі5,09 Mb.
#1690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Дәрістің мазмұны

1.Планетарлық рельефтің негізгі элементтері (материктер, мұхиттық ойпаттар)

2.Материктермен мұхиттардың орналасу заңдылықтары.


3.Материктер мен мұхиттар аудандарының ара қатынас заңдылықтары.

Мақсаты:Планетарлық рельефпен танысу, оның элементтерінің орналасу заңдылығын білу.

Тірек сөздер:материктік, мұхиттық қабық, гипсографиялық қисық сызық, изостазия.

Негізгі сұрақтар:Материктік қабық құрлысы қандай?

Мұхиттық қабықтың құрлысының ерекшелігі қандай?

1.Планетарлық рельеф – Жердің ішкі күштері мен космостық күштердің әсерінен пайда болған планеталық масштабта тараған ең үлкен қыртыстар немесе геотектуралар. Сейсмикалық тереңдік бұрғылау нәтижесінде жер қыртысының материкпен мұхит астында құрлысы әртүрлі екендігі анықталды. Сондықтан жер қыртысын материктік және мұхиттық тип деп екіге бөледі.

Материктік қабық типі өте үлкен қалыңдықпен сипатталады, оның орташа қалыңдығы 35км.,тау астында 70км.. Материктік қабық 3 қабаттан тұрады: беткі қабаты – шөгінді қабат әртүрлі жыныстардан қалыптасқан, оның қалыңдығы 20 км. аралығында болады; оның астында гранит қабаты орналасады, ол қатты кристалданған жыныстардан түзілген, қалыңдығы 30-35 км.; гранит қабатынан мантияға дейін базальт қабаты орналасады, базальттың жыныстық құрамы белгісіз, қалыңдығы 15-20 км..

Мұхиттық қабық материктік қабықтан шұғыл ерекшеленеді, мұхит түбіндегі оның қалыңдығы 5-10 км. аралығында. Құрлысының өзіндік ерекшелігі бар: мұхиттық қабықта гранит қабаты болмайды, шөгінді қабат бірнеше метрден бірнеше километр аралығында; оның астында базальт лавасымен шөгіндіден тұратын ауыспалы қабат орналасады, бұл қабатта сейсмикалық толқындар үлкен жылдамдықпен тарала алады; ауыспалы қабат астында қалыңдығы 4-7 км-ге жететін базальт қабаты орналасады, ол габро, норит, базальт жыныстарынан құралған.

2.Планетарлық рельеф формалары белгілі реттілікпен орналасады: орталық жоталар, мұхит қазан шұңқырлары, терең шұңғымалар, арал доғалар, шеткі теңіздер, материк. Осы рельеф фориаларын 2 топқа бөлеміз: тұрақты және тұрақсыз. Тұрақты формаларға: орталық жоталар, мұхит қазан шұңқырлары, материктер; тұрақсыз формаларға: арал доғалар, терең шұңғымалар, шеткі теңіздер.

3.Жердің планетарлық рельефінде басты геотектуралары материктер мен мұхиттар аудандарының арасында мынадай арақатынас заңдылықтары бар:


  1. Барлық материктердің ауданы 2,43 есе дүние жүзілік мұхит ауданынан кем, ал материктік қабықты құрайтын тау жыныстарының салмағы дүние жүзілік мұхит суларының салмағынан 2,43 есе артық.

  2. Жер жарты шарларға бөлінеді: оңтүстік және батыс жарты шарлар сулы, солтүстік және шығыс жарты шарларда құрлық көп.

  3. Материктердің конфигурациясы және орналасу ерекшелігінде қос-қостан болып келеді (Антарктидадан басқа). Мысалы: Солтүстік және Оңтүстік Америка материгі.

  4. Құрлықтың ауданы солтүстік бөлігіне қарағанда оңтүстік бөлігі азаяды.

  5. Солтүстік поляр облысы – су, оңтүстік поляр облысы – құрлық.

  6. Солтүстікпен салыстырғанда оңтүстік материктер шығысқа қарай ауысқан.

Планетарлық рельеф формаларының материктермен мұхиттардың ауданының арақатынасы олардың материктің биіктік, мұхиттың тереңдік заңдылықтарымен сипатталады. Жер бетінде биіктік пен тереңдіктің таралуын көрсететін тік бұрышты координата гипсографиялық (грек сөзі hipsos –биік, grapho –жазамын) қисық сызық деп аталады. Гипсографиялық қисық сызықтан 2 негізгі жер бетінің гипсометриялық деңгейі анықталады: материктік – 0-ден жоғары; мұхиттық – 0-ден төмен.

Материктердің биіктіктері мен мұхиттардың тереңдігінің және олрадан қалыптасқан жер қабықтың қалыңдығы оның тығыздығына пропорционал. Мұндай арақатынасты изостазиялық (грек сөзі iso-тең, stasis- жағдай) тепе-теңдік дейді. Изостазиялық тепе-теңдікке байланысты жер беті үздіксіз қозғалыста болады. Мысалы: тау үгілгенде оның затын шайып әкетеді де, материктің орташа биіктігі азаяды, ондай материк мантияға отыра бастайды, осының нәтижесінде материк беткейлері үздіксіз қозғалыста болады; немесе Балтық қалқанында материктік мұздың жиналуынан 100 жылда 1 метрге көтерілген, нәтижесінде Финляндияның мұхит түбі арқылы ауданы көбейсе, ал Нидерланд территориясы төмен түскен.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Гипсографиялық қисық сызық дегеніміз не?

Изостазия дегеніміз не?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
4 дәріс

Тақырып: Дүние жүзі мұхит түбі рельефі

Дәрістің мазмұны


1.Мұхит түбінің негізгі геотектурасы,морфоструктурасы.

2.Мұхит түбіндегі эндогенді, экзогенді процестер.



Мақсаты:Мұхит түбі рельефінің құрлысымен және мұхит түбіндегі процестермен танысу.

Тірек сөздер:Материктік қайраң, аралық зона, мұхит арнасы, орталық жота.

Негізгі сұрақтар:Мұхит түбі рельефінің құрлық рельефінен айырмашылығы бар ма?

Мұхит түбінде қандай процестер болады?



  1. Мұхит түбі рельефі эндогенді және экзогенді процестер әсерінен қалыптасады. Мұхит түбі морфоскульптурасы рельеф қалыптасуында тәуелді қызмет атқарады. Мұхит түбінің негізгі геотектурасына: материктің су түбіндегі шеті, аралық зона, мұхит арнасы, орталық жоталар жатады; ал ал морфоструктурасы материктің су түбіндегі шеті: материктік шельф немесе қайраң, материктік беткей, материк табаны; аралық зоналар: шеткі теңіздер, қазан шұңқырлар, арал доғалар, терең шұңғымалар; орталық жоталар мен мұхит арнасын қамтиды.

Материктің су түбіндегі шеті – мұхит ауданының шамамен 20% алады. Ол су басқан материк қабығынан тұрады. Материктің су түбіндегі шетін материктік шельф, материктік беткей және материк табаны деп бөледі. Материктік шельф – құрлықтың платформалық жазығының мұхит астындағы жалғасы. Мұхит ауданының 7,5% алады. Материктік шельеф өте терең емес, геологиялық құрлысымен рельефімен ерекшеленеді. Шельф тереңдігі 200 метр кейде 500 метр. Мысалы:Антарктида жағалауы 650 метр. Материктік беткей – материктік шельфтегідей жер қабығынан тұрады, сондықтан материктің су түбіндегі шетіне жатады. Материктік беткей құрлысы әртүрлі, оның беткейінің тіктігі 7-15º, үсті аздаған шөгінді жыныспен жабылған. Материктік бетке” тік, баспалдақты, жалпақ, түрліше формада да болып келеді. Материктік беткейдің тік шатқал (каньон) тәрізді түрі де кездеседі, олардың тіктігі 30º-50º, тереңдігі 2000 метр. Осындай тік беткейлерде жағадан төмен қарай материалдар тасымалданады, кейбір беткейлерде көшкін пайда болуы мүмкін. Материк табаны – шөгінді жинақталу процесі нәтижесінде қалыптасқан су асты рельеф формасы. Оның негізгі ерекшелігі шөгінді қабаты қалың болып келеді, қалыңдығы 3-4,5км. жетеді. Басқа рельеф формаларынан ерекшелігі жайпақ иілген жазықты болып келеді.

Аралық зона – мұхит түбінің 32 млн.км² ауданын алып жатыр. Құрлысы өте күрделі. Аралық зона шеткі теңізге, арал доғаларға, терең шұңғымаларға жіктеледі. Арал доғалар кейбір жағдайда жас таулармен аралас континент шетінде орналасуы мүмкін (Атакама шұңғымасы), кейде бірнешеуі бірігіп иілген де болады. Терең шұңғымалар арал доғалармен қатар теңіз қасында да ұзындығы бірнеше километрге жететін доға тәрізді орналасады, кейде түзу де (Тонга, Кермадек) болады. Құрлысы терең тар ұзына созылған формалар, көлденең профилі V тәрізді. Орталық жоталар бір бірімен жалғасып, бір мұхиттан екінші мұхитқа ауысып жерді қоршаған үздіксіз тау жүйесін қалыптастырады. Орталық жоталардың жалпы ұзындығы 80 мың км. Орталық жоталар жеткілікті зерттелмеген. Мұхит арнасы 200млн.км² ауданды қамтиды, орташа тереңдігі 4км. Мұхиттық қабық типі тән, өйткені ол жұқа қозғалмалы, базальтты қабат үстінде вулкандық шөгінді жыныстардан түзілген, беті кедір-бұдырлы. Мұхит арнасы міндетті түрде орталық жотаның 2 жағында орналасады. Мұхит арнасының ірі морфоструктурасы болып тереңдегі көтерілулер, оның өзі үйінді және вулканды үйінділерден тұрады. Үйінділі көтерілулер жарықтармен жылжу нәтижесінде қалыптасады. Вулканды үйінділер кең көлемде, жайпақ, ассиметриялы төбелі түрлері жекелеген тау немесе тізбектеліп орналасып, мұхит түбінде кең тараған.

2. Мұхит түбінің морфоструктурасының ерекшелігі – жер қабықтың құрлысына яғни қалыңдығының аз болуы, гранит қабатының жоқтығы, тығыздығы, қаттылығына байланысты айқындалады.



Эндогенді процестер мұхит түбінде пайда болады да, жарықтар, ығысулар т.б. қалыптастырады. Вулкан лавалар жарықтар арқылы ағып шығып кең ауданды қамтиды. Жерсілкінулер мұхит түбінің жоғары және төмен түсуіне әкеліп соқтырады, қазан шұңқырлар, валдың түзілуіне әсер етеді. Мұхит түбінің тағы бір рекшелігі мантия жынысының үнемі жарық арқылы бетіне көтерілуіне байланысты жаңарып, көбейіп отырады.

Экзогенді процестер мұхит түбі морфоскульптурасын қалыптастырады. Морфоскульптураны қалыптастыруда басты рольді су массасы және оны айқындайтын судың физикалық-химиялық қасиеттері атқарады. Бұдан басқа мұхит суы қозғалыстарына толқу, ағыстың да рельеф түзуші маңыздылығы бар.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Материктік қайраң құрлысы қандай?

Аралық зона неден тұрады?

Мұхит арнасымен орталық жота қандай процесс нәтижесінде пайда болған?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.

5 дәріс



Тақырып: Құрлық рельефі

жүктеу 5,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау