Жаратылыстану-математика


Дәрістің мазмұны 1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы



жүктеу 5,09 Mb.
бет10/17
Дата25.11.2017
өлшемі5,09 Mb.
#1690
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Дәрістің мазмұны

1.Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясы.


2.Ағынды сулардың эрозиялық, тасымалдаушы және аккумулятивті әрекеті.

Мақсаты: Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша құрлықтың морфоскультура классификациясымен танысу. Ағынды сулардың эрозиялық, тасымалдаушы және аккумулятивті әрекетімен танысу.

Тірек сөздер:флювиальды, карст, суффозия, көшкін, гляциальды, нивальды, тоң, эол, жағалық, эрозия, аккумуляция, тасылдаушы.

Негізгі сұрақтар:экзогенді процестер нәтижесінде қандай рельеф формалары қалыптасады деп ойлайсыңдар?

Ағын сулары қандай рельеф формаларын қалыптастырады?

Эрозия, аккумуляция, тасылдаушы әрекеттерін қалай түсінесің?

1.Морфоскультралар экзогендік рельеф түзуші факторлар процесі әсерінен қалыптасады. Экзогендік процестер бірнеше қатар өтетін сыртқы факторлардың нәтижесінде пайда болады. Рельефке әсер ететін бірнеше фактордың арасында рельеф түзуші басты фактор болады. Басты экзогендік рельеф түзуші процесс бойынша морфоскультуралар бірнеше түрге классификацияланады.



1.Флювиальды - су ағыны әсерінен пайда болады.

2.Карстты – суға езілетін жыныстар тараған жерлерге тән рельеф.

3. Суффозды - судың вертикальды қозғалысына байланысты.

4.Көшкін - немесе жылжымалар- жер массасының төмен қарай сырғанауына байланысты.

5.Гляциальды – мұздың әсерінен пайда болады.

6.Нивальды – қардың әсерінен пайда болады.

7.Тоң – топырақ астында қатқан су әсерінен пайда болады.

8.Эолды – жел әрекетінен пайда болады.

9. Жағалық – толқын әсерінен пайда болады.

2.Құрлық бетіндегі су ағындары жердің рельефін өзгертетін факторлардың бірі. Су ағындары жасақтайтын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювиальды рельеф деп атайды. (fluvius – латын сөзі-су ағыны ) Жер бетінде су ағындары қозғалғанда бірнеше қызмет атқарады: 1.эрозиялық – бұзу немесе шаю, 2. жыныстарды тасымалдау,3. жыныстардың шөгуі салдарынан аккумулятивті рельеф формаларын қалыптастырады.Рельефтің эрозиялық және аккумуляциялық формалары өзара тығыз байланысты және осы процестер үнемі бір – бірін алмастырып отырады. Бірақ жер бетінде бір жерде эрозиялық процесс аз болса, басқа жерде аккумуляциялық процесс басым болады. Жалпы құрлық бетінде эрозиялық рельеф формалары артық. Эрозиялық қызмет су ағының тірі күші әсерінен қалыптасады.

Ағынның эрозиялық жұмысын 2 түрге бөледі.


  1. түпкі эрозия

  2. баурайлық немесе беткейлік эрозия

Түпкі эрозия – арна түбін тереңдету жұмысын атқарады, ал баурайлық – арна баурайын 2 жаққа кеңейту жұмысын атқарады. Арнаны қалыптастыруда 2-уіде бірге қызмет атқарады, бірақ олардың интенсивтілігі арна еңістігіне, территорияның геологиялық құрылысына, даму стадиясы (жасы) т.б. себептерге байланысты.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Су ағынынан қандай рельеф формалары қалыптасады?

Қар және мұздықтан қандай рельеф формалары қалыптасады?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9.
8 дәріс

Тақырып: Флювиальды рельеф

Дәрістің мазмұны


1. Уақытша су тасқыны жасаған рельеф.

2. Тұрақты су тасқыны жасаған рельеф.



Мақсаты: Уақытша су тасқыны жасаған және тұрақты су тасқыны жасаған рельеф формаларымен танысу.

Тірек сөздер:жыра, сай, аңғар,меандр, арна, ескі арна, терраса, жағажай,сарқырама.

Негізгі сұрақтар:Уақытша су ағыны дегенді қалай түсінесің?

Тұрақты су ағыны дегенді қалай түсінесің?

1.Делювий процесі нәтижесінде баурай беті аласарады. Өсімдік жабыны бұзылып, сол жерде баурайлық ағын сызықша ағынға айналады. Сызықша ағын әсерінен уақытша ағындардан жылғалар қалыптасады. Пайда болған рельефтің жаңа формасын эрозионды борозда деп атайды. Бороздалардың тереңдігі 3см-30см. Дейін, ендері тереңдіктеріне тең немесе аздап артық, көлденең қималары жәшік тәрізді және V формасы болады.

Көп уақыт өткен соң бороздалар өздерінен өздері жарылып, ағын су әсерінен баурайы тереңдеп, ені артып эрозионды шұңқырларға айналады. Олардың тереңдігі 1-2 м, ені 2-2,5 м.дейін жетеді. Баурайлары тік, көлденең қимасы көбінесе V тәрізді болып келеді. Осындай шұңқырлардың суы жеткілікті болғанда олар тереңдеп, ені артып, жыра деп аталатын рельеф формасына айналады.

Жыра сайға айналады. Оның ені 30 метр, терңдігі 5- 10 метрге дейін жетеді. Бетіне шөккен материал пролювий деп аталады.

2.Тұрақты су ағындарының үздіксіз ағуы нәтижесінде рельефтің түрлі теріс формаларын қалыптастырады. Өзеннің әрекетінен пайда болған рельефтің теріс формасы - өзен аңғары деп аталады. Олардың тереңдігі жазықта 3-5метрден 50-100метрге, тауларда 100-200—1000-2000 метрге дейін, ені ондаған метрден бірнеше км.-ге дейін жетеді. Аңғардың мынадай морфологиялық элементтері болады: түбі, беткейлері, тальвегі, жайылмасы, террасалары, ескі арналары. (тальвег- арнаның ең терең жерін қосатын сызық)

Аңғар түбі қалыптасып үлгермеген жерлерде, тауларда өзен бір арнамен ағады. Ескі жағалардың кей жері биік әрі тік, ал кей жері аласа көлбеу болып келеді. Аңғарлардың ені су тасқындарының көлеміне байланысты. Тасқын өзен арнасын одан әрі тереңдете алмайтын деңгейді эрозиялық базис деп атайды. Өзен арнасын тереңдету процесі торқтаған соң, жағалық эрозия күшейеді. Осы процесс нәтижесінде өзен бойында тепе- теңдік бойлық аңғарлар қалыптастырады. Бойлық аңғарлар енді келеді және ұзына бойы морфологиялық жағынан біркелкі болады. Тау жотасын жарып өтетін аңғарларды көлденең аңғарлар деп атайды. Көлденең кесіндісінің даму кезеңінде, аңғар өтетін жердің геологиялық құрлысына, экзогендік күштерге т.б. байланысты. Аңғарлардың каньон, шатқал, жәшік (трепеция, астау, трог) тәрізді түрлері болады. Рельеф жасаушы ойыс геологиялық құрылымдарда (грабен, синклиналь) пайда болған аңғарларды тектоникалық аңғарлар деп атайды.Сарқырамалар - өзен арнасындағы су құлап ағатын тік кемер. Биіктен құлап аққан су өзеннің түбін тереңдетіп, шұңқыр етеді. Сарқырамаларды 3 типке бөледі. Өзен арнасы - өзен аңғарының су ағып жататын терең өзегі. Өзеннің төменгі ағысында арнаынң ені 10-ған метрден бірнеше км.-ге дейін жетеді. Өзен суы молайған сайын аонаның тереңдігінен гөрі ені кеңейе бастайды. Тау өзендерінде арнаның түбі тастақ болады, шоңғалды келеді, жағасында ірі малта тастар көп кездеседі. Арнаың түбі мен жағалары су тасқынының эрозиялық әрекетіне байланысты өзгеріп отырады. Арнада су түзу ақпайды, ирек арна жасап ағады, арна үздіксіз бұрылады немесе меандрланады. Меандр немесе айналма деп -- өзен суының циркуляциясы иінін, бұрылысын айтады. Ескі арна – меандрлы өзендер арнасында кездесетін орақ тәріздес, кейде батпақты болып келетін көлдер. Арнаның айналасында өзен аңғарының түбі орналасады. Тасқын кезінде өзендегі сулар арнаға симай, өзен аңғарының түбіне жайылыады. Тасқын кезінде су астына кететін өзен аңғарының түбі – жайылма деп аталады. Жайылма беті аллювийлі жыныстардан тұрады.

Терраса деп - өзен аңғарының беткейіндегі көлдер мен теңіздердің жағасындағы, тау беткейіндегі сатылынып орналасқан горизонталь жер бедерін айтады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар: Жыра, сай қалай пайда болады?

Аңғар, арна, ескі арна, жайылма қалай қалыптасады?

Терраса дегеніміз не?

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
9 дәріс

Тақырып: Карст рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Карст ұғымын анықтау, карст пайда болу және даму жағдайлары.

2.Карст типтері.

а) жер үсті карст формалары.

ә) жерасты карст формалары.

3.Карст рельефінің географиялық таралуы.



Мақсаты:Карст ұғымын, пайда болуын анықтау және карст рельеф формаларымен танысу.

Тірек сөздер:карст, аэрация, карр, понор, карст воронкасы, полья, увала, үңгірлер.

Негізгі сұрақтар:Карст дегенді қалай түсінесіңдер?

Геология пәні бойынша карст воронкасы, карст шахтасы формасын сипаттап бер.

1.Карст термині Югославиядағы (солтүстік-батысындағы) Карст үстіртінің атауымен байланысы бар деп есептеледі. Себебі осы рельеф формасы осы үстіртте классикалық түрде қалыптасқан. Карст терминін халықаралық термин ретінде барлық тілдерге енгізген. Карстық құбылыстар – суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан ізбестастардан, доломиттерден, гипстен, тұздан құралған жердерге тән. Карстарды суға езілетін жыныстарға сай бөледі. Мысалы: гипсті карст, ізбесті карст т.б.

Карст рельефінің дамуы бірнеше себептерге байланысты жүреді.

1.рельефке байланысты – көп жағдайда тегіс жерлерде көп байқалады,

2.суға езілетін жыныс қабатының қалыңдығымен жиілігіне байланысты, мысалы: ізбес қабаты неғұрлым қалың жиі болғандықтан, соғұрлым карст рельефі интенсивті жүреді,

3.жыныстың құрамына байланысты,

4.климатқа байланысты – температуралық режим, жауын-шашын мөлшері, өсімдік жамылғысы, судың химиялық құрамы, т.б. әсері,

5.карстелуші жыныстың жарылғыштығы – судың сіңірілулігі, судың құрамы, тереңдігі т.б.

2.а) Ағын және жерасты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, жер астында бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Карсталатын жыныстар жер бетіне шықса, онда ашық карсты немесе жерорталық карсты қалыптастырады. Карсталатын жыныстардың бетінде езілмейтін жыныстар орналасса жабық карст немесе орта европалық карстыны қалыптастырады. Кеңістік бетімен жаңбыр немесе қар суы аққанда түрлі жарықтардың қабырғасын езіп әкеткен соң, қимасы тарақ тәрізіді рельефтер қалыптастырады. Мұндай микрорельефті карсталалын жыныстарда карр деп атайды немесе шратт. Бороздалар немесе тістер бір – біріне параллель және жақын орналасады. Карлар тараған кеңістікті карр даласы деп тайды. Карр беттерінде өсімдік жамылғысы қалыптасып үлгермейді. Судың вертикальды циркуляциясы интенсивті өткен жағдайда карсталатын жерде түтік қалыптасады, оны понор деп атайды. Понорлар бет жақтан воронка тәрізді тесіктен басталады. Каналдар тармақталып иректеліп, күрделенген жүйені қалыптастырады. Понорлардың бет жақтарының бастапқы тесіктері толық воронка тәрізді күйге айналады. Оны карст воронкасы деп атайды. Беткі карст воронкалары бір-бірімен жалғасып, қосылып күрделі ванналармен қазандарды құрастырады. Оларды увала деп атайды. Уваладан өтпелі, ірі карст ваннаның бірі – полья. Полья өте кең, жалпақ түпті, жарлары тік, ені бірнеше километрге дейін жететін карсты ойыстар. Мысалы: Герцеговинаның батысында Попов польясының ауданы 180 шаршы километр.

2.ә) Аэрация қабатынан жарықтардың бойымен аққан сулар тау жыныстарын езіп, жарықтардың жарларын түтік тәрізді формаларға айналдырады. Мұндай түтіктер бір-біріне жалғасып, нәтижесінде күрделі жүйелер қалыптасады. Осындай терең түтіктерді карст шахталары деп атайды. Олардың тереңдіктері бірнеше ондаған метрден жүздеген метрге дейін болады. Мысалы: Пиреней түбегіндегі Пьер-Сен-Мартеннің тереңдігі 1332 м, Кавказдағы Снежная пропасть 1370 м. Карст шахталары терең болмаса және жалғыз, баурайы тік орналасса, оны қарст құдығы дейді. Тұрақсыз су қабатта судың қозғалысы өте күрделі болуына байланысты жерастында үлкен қуыстар пайда болады, оны үңгірлер деп атайды. Үңгірлердің көлемі, ұзындығы, тереңдігі қалыптасуына байланысты әртүрлі болады. Үңгірдің қарама-қарсы орналасқан екі немесе одан да артық кірер аузы болса, оларды жылы үңгірлер деп атайды, себебі үңгір ішімен үздіксіз ауа алмасады. Жылы үңгірлерде су жоғарыдан төмен қарай тамшылап ағады. Үңгір төбесінен тамшылаған минералды сулардың бағанаға ұқсап, ине немесе шашақ тәрізді болып, жоғарыдан төмен қарай өскен сүңгілерді сталактит деп атайды. Үңгір төбесінен тамшылаған минералды сулардың әсерінен төменнен жоғары қарай біртіндеп биіктеген сүңгілерді сталагмит деп атайды. Бір кездері олар бір- бірімен қосылып, мұз бағаналарды қалыптастырады. Сталактиттер мен сталагмитттердің формасы әртүрлі қызық болуы мүмкін. Мысалы: Мұзды үңгірлердің ішіндегі ең ірілері Швейцариядағы Альпы тауындағы Хёллох, оның ұзындығы 85,2 км; Аппалач тауындағы Мамонтов үңгірі ұзындығы 78 км.

3.Карст рельефі жер бетінде өте кең тараған рельеф формасы болып саналады. Ол 149 млн. км² құрлықтың 50 млн. км² алып жатыр. Карст рельефі тек қана суға езілетін жыныстар тараған жерлер де емес, сонымен бірге жерорта теңізі, тропик, поляр климаты тараған аудандарда да ашық карст рельеф формалары кездеседі. Неміс ғалымы Г.П.Коссак карст рельефінің таралу аймағын бірнеше зонаға бөлді.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Жер үсті карст формаларына нелер жатады?

Жерасты карст формаларына нелер жатады?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8
10 дәріс

Тақырып: Суффозды рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Суффозия ұғымы.

2.Суффоздық рельеф формалары.

Мақсаты:Суффозия ұғымын анықтау жне формаларымен танысу.

Тірек сөздер:суффозия, дала табақшалары, суффозиялық воронка, жыра.

Негізгі сұрақтар:Суффозия ұғымын қалай түсінесің?

Судың вертикальды қозғалысы қандай рельеф формаларын қалыптастырады?

1.Грунт суларының жыныстың ұсақ бөліктерін және еріген заттарды алып шығу процесін суффозия деп атайды (латыннан аударғанда “астынан қазу”). Суффозия процесі жыныстың қайта тығыздалуы нәтижесінде жер бетінде дала табақшалары, дала воронкалары, шұңқырлар пайда болады. Суффозия процесінің дамуы борпылдақ жыныстар тараған жерлерде, олардың ылғалдануы нәтижесінде судың вертикальды циркуляциясы жүруімен сипатталады. Суффозиялық рельеф сазды тегіс далаларда қалыптасады. Ылғалдылық уақытша артық болуына байланысты дала табақшасының түбінде жайлымдық өсімдік өседі, нәтижесінде қоңыр құнарлы топырақ қалыптасады. Осы рельеф классикалық түрде Каспий маңы ойпатында қалыптасқан.

2.Дала табақшалары – жалпақ овальды ойыстар, көбінесе лёсс тараған жазықтарда кездеседі. Тереңдігі 2-3 метр, кейде 7 метрге дейін болады, диаметрі 100 метр. Мұндай рельеф формалары Украина, Батыс Сібір жазықтарына тән.

Суффозиялық воронка – диметрі бірнеше метр, топталып орналасады, бірігуі нәтижесінде опырылмалы рельеф қалыптасады. Көптеген суффозиялық воронкалар және опырылмалы рельеф формаларының кезектесіп таралуы суффозиялық даланы қалыптастырады.

Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Дала табақшасы қалай қалыптасады?

Суффозиялық воронка қалай қалыптасады?



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8
11 дәріс

Тақырып: Көшкін рельеф

Дәрістің мазмұны

1.Көшкін ұғымы.

2.Көшкін морфологиясы мен құрлысы.

3.Көшкін рельеф формалары.



Мақсаты:Көшкін ұғымын анықтау, формаларымен танысу.

Тірек сөздер:көшкін, көшкін маңдайы, террасасы, контрофорс, деляпсий, көшкін циркі.

Негізгі сұрақтар:Көшкін ұғымын қалай түсінесің?

Көшкін қандай жерлерде қалыптасады?

1.Көшкін деп баурайдың бетімен тартылыс күш әрекетінен, тау жыныстардың монолитті блоктардың сырғанап түсуін айтады. Көшкіндердің пайда болуы міндетті түрде гидрогеологиялық себептерге байланысты болады. Ол грунт суларын жібермейтін су тірейтін қабаттармен байланысты. Су тірегіш қабаттар міндетті түрде еңіс орналасуы қажет, еңістігі көбіне 15º тең немесе одан да артық болуы мүмкін. 15º-тан кем су тірегіш қабаттардың беттерінде көшкіндер өте сирек пайда болады. Көшкіндер ашық баурайларда әсіресе өзен, көл, теңіз жағалауларында, таулардың тік жақ беткейлерінде қалыптасады. Су тірейтін қабаттың үстінде суды жақсы өткізетін жыныс қабаты төселіп орналасқан жағдайда көшкін пайда болады. Қосымша су тірейтін қабаттың орналасу еңістігі үстінде орналасқан тау жынысының еңістігімен сәйкес болғаны жақсы. Көшкін сырғанағанда оның денесі майдаланып, структурасыз массаға айналады. Көшкіндердің көлемдері өте өзгергіш, аса ірі көшкіндермен қатар, олардың денелерінде бірнеше 100 –деген м³ жыныс орналасуы мүмкін, ұсақ көлемді денелерде бірнеше 10-ған м³ жыныс кездеседі.

2.Су тірейтін қабаттың беті сулы және сұйық балшық болғандықтан, осы блок баурай бетімен төмен қарай сырғанап түседі, нәтижесінде блок тоқтағаннан кейін көшкіннің артқы жағында үзілген жар пайда болады. Осы жар көшкін денесін қоршайды. Көшкін денесінің алдыңғы бөлігін көшкін маңдайы деп атайды. Жоғарыда артқа еңкейген бетті көшкін террасасы деп атайды. Баурайдың етегінде жинақталған көшкін массаларын деляпсий деп атайды. Деляпсиймен көшкін денесінің екеуінің ортасында қуыс тәрізді ойыс қалыптасады, оған грунт сулары жинақталып, нәтижесінде көшкін денесінің бойында тайыз көл пайда болады. Көшкіннің жалпы пішінін амфитеатр деп атайды. Амфитеатрдың екі жағындағы екі ұшы болады, оларды контрофорс деп атайды. Көшкінді сусыма, жылжыма деп те атайды.

3.Көшкіндер қалыптасқанда міндетті түрде рельеф формаларының комплексі пайда болады. Оларды көшкін циркі, қалқыма көшкін деп жеке түрге бөледі. Көшкін циркі деп – көшкіннің жиынтық бейнесін айтады. Цирктің формасының баурайы тік, өзен, көл, теңізге қарай бағытталады, сырғанап түсу еңістігі, үзілу жарлары доға тәрізді болады. Көшкіндердің ені бірнеше километрге жетеді. Қолайлы жағдайда көшкін циркі тез дамиды. Тереңдеген террасалар ішінде көлдер пайда болады. Көшкіннің алдыңғы маңдайында үзілген жыныстар жинақталып бөгетті қалыптастырады, оларды детрузивті түрге жатқызамыз. Жекелеген көшкіндер бірнеше гектар ауданды, ал бірнешеуі қосылған көшкіндер бірнеше ондаған шаршы километр ауданды алады.

Қалқыма көшкіндерге – ұсақ көшкіндер жатады, 30см-1,5м дейінгі қалыңдықтағы жыныстарды қамтиды. Дамуындағы басты ерекшелігі жер бетінің беткі борпылдақ жынысымен баурай еңістігің 15º және одан жоғары болуы. Сондықтан нәтижесінде баурайдың етегінде төбелі микрорельеф қалыптасады.



Өзін бақылауға арналған сұрақтар:Көшкіннің морфологиялық құрлысын түсіндір.

Көшкін рельеф формаларын ата.



Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,8,9
12 дәріс

Тақырып: Гляциальды – нивальды рельеф

Дәрістің мазмұны

жүктеу 5,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау