ҚАЛТАЛЫ ҚЫНАЛАР - ASCOLICHENES КЛАСЫ
Қалталы қыналар класына барлық белгілі қыналардың 90%-тейі жатады. Олардың басты ерекшелігі - спораларының қалта ішіңде дамуы. Жемісті денелері апотеций, перитеций жене гастеротеций. Бұл класс эволюциялық дамуы жағынан базидиальды қыналарға қарағанда ерте пайда болған жөне қарапайым құрамды сапрофитгі тіршілік ететін қалталы саңырауқүлақтардан шығуы тиіс. Қалталы қыналар класы жеміс денесінің құрамына карай пиренокарпалар жене гименокарпальшар болып екі класс тармағына бөлінеді.
ПИРЕНОКАРПАЛЫЛАР - PYRENOCARPEAE КЛАСС TAPMAҒЫ
Бұл класс тармағына жататын қыналардың жемісті денелері-тецийлі болып келеді. Басым көпшілігі қаспақты, сирек жапырақты, бұталы. Қынаны құрайтын фикобионтке жіптесінді жасыл, көбінесе трентеполия, сиректеу жасыл-сары, қоңыр балдырлар жатады. Пиренокарпалылар класс тармағына аскогимениальды және асколокулярлы 70 шақты туыстас қына жатады. Олар Жер шарының барлық бөліктеріне таралған Pyrenocarpales қатарынан, 15 тұқымдастан тұрады. Әрбір тұқымдас бір-бірінен сырт пішіні фикобионттарына, перитецийлерінің орналасуына, парафиздерінің болу-болмауына байланысты айрылады. Споралары әр түрлі пішінді, түссіз, бір клеткалы бір не бірнеше көлденең перделерінің болуы арқылы айрылады. Қалталары битуникатты, сирекунитуникатгы.
Дерматокарпон — Dermatocarpon туысының қабаты жапырақ-қабыршақ пішінді, тасқа резиналары арқылы бекініп жатады. Фикобионты плеврококкус, қалтасы битуникатты, онда 2-8 дейін спорасы болады.
Бақылау сұрақтары:
Қыналарға тән қандай негізгі белгілерді білесіз?
Неліктен қыналарды «бұғы мүгі» және «Исландия мүктері» деп атап мүктермен шатыстырады?
Қалталы қыналардың басты ерекшелігі неде?
Пиренокарпалылар мен гименокарпалыларды салыстыр. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
Қолданылған әдебиеттер:
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.
П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.
Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.
П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.
М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.
Дәріс №9
ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР.
Қарастырылатын сұрақтар:
Құрлықта ауа тіршілік ортасында өмір сүретін жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
Негізгі органдары, жыныс органдары
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері
Дәрістің мазмұны: Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің биосфералық маңызы. Риниофиттер бөлімінің тіршілік еткен уақыты мен экологиялық мүмкіндігі. Риниофитттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайымдыларының ең көлемді тобы. Плаунтәрізділер бөліміне жалпы сипаттама. Плаунтәрізді жапырақтардың шығу тегі (микрофилия). Плаундар бөлімі екі кластан тұрады: плаундар класы және полушниктер класы. Плаундар класының морфологиялық белгілері. Полушниктер класының ерекшелігі өсімдіктер эволюциясында үлкен рөл атқарады. Қырықбуынтәрізіділердің құрылысы және классификациясы.
Дәрістің мақсаты: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасын студенттерге түсіндіру. Түрлерінің жалпы саны қанша екенін айту.
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР – CORMOBIONTA
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға – тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофитті (2п) мен гаметофитінің (п) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра тәрізді болып келеді. Ол екі бөліктен – кеңейген түп жағында жұмыртқа клеткасы жетілді, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық тәрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де архегонийлері да редукцияға ұшыраған. Жыныстық көбею органдары құрылысына (структурасына) қарай жоғарғы сатыдағы өмісдіктер архегониялы (Archegoniata) және пестикті (Gynooeciatae) болып екі топқа бөлінеді. Архегониялылар жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің алғашқы 7 бөлімін қамтиды, ал пестиктілерге тек бір ғана жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің зиготасынан ұрық пайда болады. Ол дегеніміз спорофиттің бастамасы болып табылады. Архегониялы өсімдіктерде ұрық гаметофиттің (п) есебінен, ал пестикті өсімдіктерде спорофиттің қор жинайтын ұлпасы – эндоспермнің (3n) есебінен жетілді.
Бақылау сұрақтары:
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жіктелуі
Негізгі органдары қандай
Архегониймен антеридийдің құрылысы қандай?
Қолданылған әдебиеттер:
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.
П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.
Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.
П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.
М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.
Дәріс № 10
Тақырыбы: Нағыз мүктер класы
Қарастырылатын сұрақтар:
Нағыз мүктердің даму циклдерінің өзгешеліктері
Нағыз мүктердің эволюциясы
Маршанциялар, жапырақсабақты мүктер
Дәріс мазмұны: Жапырақсабақты мүктердің дамуымен құрылысының ерекшеліктері. Жапырағы мен сабағының болуы, олардың редукцияға ұшырауы және спорофиттік мамандануы. Сфагнум, көкек зығыры, андреев мүгі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді жапырақсабақты мүктердің экологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен, табиғатта таралуымен және практикалық маңызымен таныстыру.
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ – BRYOPHYTA
Түрлерінің жалпы саны 35 мыңдай.
Құрылысы. Мүк тәрізділердің өмірлік циклінде, басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей екі фазасының – спорофиті мен гаметофитінің алмасуы байқалады. Алайда бұлардың гаметофиті басым болып келеді, ал қалған жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығының спорофиті басмы болады. Осы ерекшелігіне байланысты мүк тәрізділерді өсімдіктердің эволюциясында дербес бүйірлік бұтақ ретінде қарастырады.
Гаметофит дегеніміз жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік. Тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтары атқарады. Ал ризоидтар дегеніміз өсімдіктердің сыртқы клеткаларынан пайда болатын өсінділер болып табылады. Жыныстық көбею органдары көпклеткалы. Мүк тәрізділердің спорофиті спорогон деп аталынады, ол гаметофитке бағынышты. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда спорофит жоғарғы ұшы шар тәрізді, эллипс тәрізді немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа ұқсас аяқшасы бар орган. Қорапшаның ішінде спорангилері мен споралары жетіледі. Спорогон гаметофитпен тығыз байланыста болады, өйткені одан суды және қажетті қоректік заттарды алады. Мүк тәрізділедің ең үлкенінің вегетативтік денесінің мөлшері (размері) гаметофиті мен спорогонын қосып есептегенде 60 см. аспайды.
Мүк тәрізділер сырт құрылысы және экологиясы жағынан балдырларға жақын. Балдырлар секілді, олардың да сосудтары мен тамырлары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдерінің вегетативтік денесі жерге төселіп өсетін дихотомиялы бұтақтанған балдырлардың талломына ұқсас талломнан тұрады. Ұрықтануы сумен тікелей байланысты. Балдырлар секілді мүк тәрізділердің ішінде де, ағаштанған формалары болмайды.
Таралуы. Мүк тәрізділер дүние жүзінің барлық құрлықтарында кездеседі, бірақ таралуы біркелкі емес. Аздаған түрлері ылғалы жеткіліксіз жерлерде, мысалы шөлейт аймақтарда кездеседі. Кейбір түрлері ағаштардың қабығында эпифит ретінде немесе суда өмір сүреді. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының ылғалы мол жерлдерінде өседі. Мүк тәрізділедің тундраның, батпақты жерлердің және орманның өсімдіктер жабынының қалыптасуында алатын орны ерекше.
Классификациясы. Мүктәрізділер үш класқа бөлінеді: антроцероттылар класы (антроцеротовые или антроцеротосиды - Anthoccerotopsida), бауыр мүктер класы (печеночники, или печеночные мхи - Marschantiopsida, или Heraticopsida), нағыз мүктер класы (Bryopsida, или Musci). Ең маңыздылары соңғы екі кластың өкілдері.
БАУЫР МҮКТЕР КЛАСЫ – Heraticopsida
Түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай болады. Барлық жерлерде кездеседі. Бауыр мүктерінің вегетивті денесінің құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғандығын көрсетеді.
Бауыр мүктер класы екі кластармағынан тұрады: маршанциялар кластармағы (Magchantiidae), юнгерманиялар кластармағы (Jungermanniidae). Маршанциялар кластармағы екі қатардан тұрады: сферокарпалар қатары (Sphaerocarpales) және маршанциялар қатары (Marchantiales), ал юнгерманиялар кластармағы үш қатардан тұрады: метцгериялар қатары (Metzgeriales), гапломитриялар қатары (Haplomitriales) және юнгерманиялар қатары (Jungermanniales).
Кластың негізгі өкілі кәдімгі маршанция (Marchantiapolymorpha). Ол гаметофитінің ұзындығы 10-12 см. болатын, дихотомиялы бұтақталған, пластинка тәрізді талломнан тұрады. Таллом екі жағынан бірдей эпидермиспен қапталған. Жоғарғы эпидермистің ауа келіп тұратын тесігі-устьицесі болады. Бұл төрт қатар болып орналасқан, арнайы клеткалармен қоршалған, үлкен клетка аралық қуыстар. Устьицелердің астында ауа қуыстары болады. Төменгі эпидермистен бір клеткалы ризоидтар мен қызғыштау немесе көкшілдеу түсті қабықшалар кетеді. Оларды кейде редукцияға ұшыраған жапырақтарға жатқызады. Жоғарғы эпидермистің астында ассимиляциялық ұлпа орналасады. Ол бір ядролы, хлоропластары бар, вертикаль орналасқан, бағаналы паренхимиялық клеткалардың қатарынан тұрады. Оның астында клетка қабықшалары жұқа, хлорофилдері жоқ паренхималық клеткалардың қабаты жатады. Яғни маршанциялардың талломының құрылысы дорсивентральды болып келеді.
Талломының үстіңгі жағында ерекше бұтақшалар-тіректер (подставки) пайда болады, ал олардың жоғарғы жағында жыныс органдары жетіледі. Маршанция екі үйлі өсімдік. Бір өсімдіктерде тірек тоғыз сәулелі жұлдызша формалы болып келеді. Осы сәулелердің арасында, оның астыңғы жағынан аналық жыныс органы архегонийлері орналасады. Екінші бір өсімдіктерде тірек сегіз бұрышты қалқанша формалы болып келеді. Қалқаншаның жоғарғы жағындағы антеридиальды қуыстың ішіне антеридийлері еніп жатады. Архегонияның құрсақ жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі. Жұмыртқа клеткасы мен сперматозоид қосылғаннан соң, зиготадан спорогон жетіледі. Ол қысқа сағақты (тірсекті) қорапшадан тұрады және гаусториялары арқылы гаметофитке бекініп тұрады. Қорапшаның ішінде спора түзетін клеткадан мейоздың нәтижесінде гаплоидты споралар мен элатералар пайда болады. Элатералар дегеніміз қабырғалары спиарль тәрізді қалыңдаған, ұзынша келген өлі клеткалар. Олар споралардың массасының (үйіндісінің) ыдырауын және қорапшадан сыртқа шашылуын қамтамасыз етеді. Қолайлы жағдайда спорадан протонема (өскінше) жетіледі. Оның үстіңгі клеткаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.
Вегетативті көбеюі, линза формалы, үсті жасыл болып келетін өнім бүршіктері (выводковые почки) арқылы жүзеге асады. Олар талломның үстінде болатын ерекше кәрзенкелердің ішінде, олардың түбенде төселіп жататын клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.
Маршанциялардың түрлері табиғатта кең таралған. Оларды көп жағдайда ылғалы мол жерлерден: көлдер мен өзендердің жағасынан, жыралардан, ормандардағы төменгі ярусты түзетін шөптесін өсімдіктердің арасында кездестіруге болады.
НАҒЫЗ МҮКТЕР КЛАСЫ - Bryopsida, или Musci
Түрлерінің жалпы саны 25 мыңдай болады. Көптеген түрлері солтүстік ендіктің поляр шеңберіне жақын орналасқан елдерінде өседі. Тундраның үлкен кеңістігінде, батпақты және орманды жерлердің өсімдіктер жабынында олар басым болып келеді.
Гаметофиті тік сабақтық өстен (каулидий) тұрады. Оның сыртын жапырақ тәрізді өсінділер (филлидий) жауып тұрады. Оларды шартты түрде жапырақ және сабақ деп айтуға болады. Сабақтың төменгі жағынан көптеген ризоидтары пайда болады. Бүйірінен бұтақтанады. Өстің ұзындыққа өсуі үстіңгі пирамидальды клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Өсуі монопиальды немесе симподиальды болуы мүмкін. Соған байланысты жыныстық көбею органдары және спороганы гаметофиттің жоғарғы жағында немесе бүйірлік бұтақшаларында орналасады.
Нағыз мүктер класы үш кластармағынан тұрады: андреев мүктері (андреевые, или андреиды - Andreaeidae), шымтезек мүктері кластармағы (соагновые, или сфагниды Spagnidae), жасыл мүктер кластармағы (бриевые, или брииды – Bryidae). Соңғы екі кластармағының өкілдерінің маңызы үлкен.
Шымтезек мүктер кластармағы - Spagnidae
Бұл кластармағы бір қатардан (Spagnales), бір тұқымдастан (Spagnaceae) тұрады. Оған жалғыз сфагнум (Spagnum) туысы жатады. Туысқа 300-ден астам түр жатады, оның 42-сі бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) территориясында кездеседі.
Шымтезек мүктердің құрылысы біртектес болып келеді, сондықтанда оларды анықтау қиынға түседі. Олардың гаметофиттері, әсіресе жоғарғы жағынан қатты тарамдалған өсімдіктер. Тарамдалған бұтақтарын жапырақтары қалың болып жауып тұрады.
Шымтезек мүктері ылғалдығы өте жоғары болып келетін ортада өмір сүреді. Соған байланысты олардың резоидтары болмайды және су тікелей сабағынаөтеді, ал соңғысы біртіндеп ескіре келе түп жағынан өле бастайды. Сабағының құрылысы күрделі болмайды. Оның ортасын өткізгіштік және артық қор заттарын жинау қызметін атқаратын өзек алып жатады. Өзектің клеткаларының қабықшасы жұқа болып келеді. Өзекті екі қабаттан тұратын қабық қаптап тұрады. Оның бірі арқаулық (механикалық) қызмет атқаратын склеродермалар, ал екіншісі бойына су жинау қызметін атқаратын гиалодермалар. Гиалодермалардың клеткалары үлкен, өлі клеткалар, олардың қабықшаларының дөңгелек тесіктері болады, солардың көмегімен іргелес жатқан клеткаларының қуыстары бір-бірімен және сыртқы ортамен қарым-қатынаста болады. Кейде бұл клеткалар спираль тәрізді қалыңдапжуандаған жолақтар түзеді. Жапырағы құрылысы және атқаратын қызметі жағынан бір-бірінен айқын айырмасы болатын бірқатар клеткалардан тұрады. олардың біреулері тірі, хлорофилл дәндері болатын клеткалар, ал екіншілері - өлі, біршама ірі, үлкен клеткалар. Соңғыларының клетка қабықшалары спираль тәрізді жуандап қалыңдап, көптеген тесіктері бар, құрылысы жағынан гиаладерманың су жинайтын клеткаларына ұқсас болып келеді. оларды гиалинді (гиалиновые) клеткалар деп атайды.
Гиалинді клеткалар өз бойына көп мөлшерде, тіпті өсімдіктің өз салмағынан 30-40 есе артық суды жинап және оны ұзақ уақыттар бойы ұстап тұра алады.
Гаметофиттері қосжынысты да және даражынысты да болып келеді. Антеридийлері сабақтың бұтақтанған жеріндегі жапырақтардың қолтығында пайда болады. Олардың қасындағы жапырақтар қызғыштау түске боялған болып келеді. Архегонилері қысқарған сабақтардың бұтақшаларында орналасады.
Сперматозоид пен жұмыртқа клеткасының қосылуының нәтижесінде зигота түзіледі, ол диплоидты фаза – спорогонның бастамасы болып табылады. Спорогон яақшадан (көтермеден) және қорапшадан тұрады. Аяқша өте қатты қысқарған, формасы бадана (луковица) тәрізді болып келеді. Бірақ ол споралар пісіп жетілер алдында гаметофиттің сабағының жоғарғы ұшының қатты ұзарып өсуінің нәтижесінде қорапшаны жоғары көтеріп шығады (жалған аяқша). Қорапшаның ортасында дөңгелек бағана (колонка) орналасады, ал оның үстінде күмбез тәрізді спорангилері мен спора түзетін ұлпалары жетілді. Қорапшалардың қабырғалары берік, көпөабатты болып келеді. Оның сыртқы хлорофилл түзетін қабатында көптеген толық жетілмеген устьицалары болады. Қорапшаның спора пісіп жетілген кезде ашылатын қақпақшасы болады, сол арқылы споралары сыртқы шашылады. Элатерасы болмайды. Осылайша жерге түскен споралардан алдымен жасыл түсті табақша (пластинка) тәрізді өскіншелер (протонемалар) пайда болады. Содан соң әрбір протонемада көптеген бүршіктер пайда болады, олардан келешегінде ересек гаметофиттер жетіледі. Гаметофит осы өсімдіктің өмірлік циклында үнемі басым болып келеді (доминирует).
Шымтезек мүгінің (сфагнумның) құрылысы өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді: протонемасы табақша тәрізді, өткізгіш шоғы мен ризоидтары болмайды, қорапшасы нашар дифференцияланған.
Шымтезек мүктерінің табиғаттағы маңызы өте зор. Олар өз бойына көп мөлшерде су жинап, қалың шым түзіп көптеген жерлерді алып жатады. Сөйтіп олар тундра зонасына дейін жететін көптеген кеңістікті батпаққа айналдырады. Батпақты құрғату үшін арнайы агромелиоративтік шаралар қолданылады. Екіншіден ескі батпақтардың, шымтезектің кені (залежь) ретінде шауруашылықта маңызы үлкен болады. Шымтезек қабаттарының (пласты) қалыңдауы ең қолайлы жағдайлардың өзінде өте баяу жүреді. Қалыңдығы 1 см болатын шымтезек қабатының түзілуіне шамамен 10 жылдай уақыт керек.
БОР-да шымтезектің қоры шамамен 160 млрд. т жетеді, ол дүние жүзінің қорының 60,8% түзеді деген сөз.
Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи - Bryidae)
Түрлерінің жалпы саны 24,6 мыңдай болады. Шымтезек мүктеріне қарағанда біршама көп тараған. Тундрадан және орманды тундрадан бастап шөлейт және шөлді аймақтарға дейінгі әртүрлі экологиялық жағдайларда өседі. Жасыл мүктердің ең негізгі өсетін жерлері немесе біртұтас өсімдіктер жабынын түзетін жерлері тундра. Жасыл мүктер шымтезек мүктеріне қарағанда құрылысы алуан түрлі болып келеді. Жыныстық көбею органдары бір түрлерінде негізгі өскінде, ал екіншілерінде – бүйірлік бұтақтарында пайда болады. Кейбір түрлерінде бұтақтану айқын бапйқалмайды.
Жасыл мүктердің ең көп таралған өкілдерінің бірі көкек зығыры (политрих обыкновенный – Polytrichum commune) жатады. Ол орманда, орманның ашық жерлерінде және батпақты жерлерінің шеттерінде өседі.
Гаметофитінің сабағы тік, бұтақталмаған, биіктігі 15 см, кейде одан да биіктеу болып келеді. Сабағын жапырақтары қалың болып жауып тұрады. Гаметофитінің жер асты бөлігі горизонталь бағытта төселіп жатады, онда ризоидтары пайда болады. Сабақтың ортасында флоэма мен ксилемаға сәйкес келетін, ұзынша клеткалардан тұратын өткізгіш шоқтары болады. Ол склеродермасы мен гиалодермасы бар қабық қабатымен қоршалған болады. Жапырақтары сабаққа спиральдың бойымен орналасады. Олар ұштары үшкір болып тілімделген таспа тәрізді жапырақ тақтасынан және жарғақ тәрізді қынаптан (влагалищеден) тұрады.
Гаметофиттері дара жынысты. Архегонилері аналық гаметофиттің, ал антеридилері аналық гаметофиттің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтанғаннан соң зиготадан спорогон пайда болады. Ол ұзын аяқшадан және қорапшадан тұрады. Қорапша тік тұрады немесе аздап көлбей орналасады. Ол призма тәрізді, төрт-бес қырлы, түсі тат секілді болып келетін киіз тәрізді қалпақшамен жабылған. Қалпақша архегонидің қабырғаларының жыртылуының нәтижесінде пайда болады. Қорапша сауытшадан (урночки) және қақпақшадан тұрады. Оның төменгі бөлігі мойынға жіңішкерген. Сауытшаның қабырғаларында устьице болады, ішкі жағында бағанасы (колонка) жетіледі. Бағана қақпақшаның астында ұлғайып эпифрагманы түзеді. Ал эпифрагма дегеніміз қабырғалары жұқа болып келетін көлденең перде. Бағананың айналасында спорангилері орналасады. Олар ерекше жіп тәрізді өскіншелері арқылы бір жағынан бағананың қабырғаларына, ал екінші жағынан спорангилерге бекініп тұратын цилиндр тәрізді қапшықшалар. Қорапшаның спораның шашылуын қамтамасыз ететін ерекше перистом деп аталынатын тетігі (приспособление) болады. Ол сауытшаның (урночканың) шетінде орналасқан таға тәрізді клеткалардан тұратын тістердің қатары. Гигроскопиялық қозғалысқа қабілетті тістерімен эпифрагманың арасында тесіктері болады, солар арқылы ауа райы құрғақ уақытта споралары сыртқа шашылады.
Спорадан жасыл түсті тарамдалған жіпшелер секілді өскінше (протонема) жетіледі. Онда бүршіктер пайда болады, келешегінде осы бүршіктерден үлкен гаметофиттер түзіледі. Ал гаметофит дегеніміз бұл жерде сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік.
Бақылау сұрақтары:
Мүк тәрізділерге қандай белгі тән?
Маршанцияның талломының құрылысы.
Маршанцияның ұрпақ алмасу.
Шилоспифустың талломының құрылысы.
Жапырақсабақты мүктің айырмашылығы.
Көкек зығырының ұрпақ алмасуы.
Маршанция мен көкек зығырының спора таралуының айырмашылығы.
Сфагнум мен көкек зығырының сыртқы құрылысы мен өсу ерекшеліктері.
Мүктәрізділердің таралуы мен маңызы.
Қолданылған әдебиеттер:
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.
П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.
Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.
П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.
М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.
Дәріс № 11
Дәріс тақырыбы: Плаун тәрізділер
ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ӨРКЕНДІ АРХЕГОНИЯЛЫЛАР ТАРМАҒЫ – CORMOBIONTA ARCHEGONIANAE
ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ – LYCOPODIOPHYTA
Қарастырылатын сұрақтар:
Тең споралы плаундар
Әр түрлі селагенелалар
Жойылып кеткен полушниктер
Дәріс мақсаты: Дамуындағы спорофитті сызығы. Плаундардың морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Спорофитінің дамуы және гаметофитінің редукцияға ұшырауы. Макрофильді және микрофильді даму сызығы. Псилофиттәрізді, псилоттәрізді, плаунтәрізділерге сипаттама беру. Дамуындағы ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді плаун тәрізділердің экологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен, табиғатта таралуымен және практикалық маңызымен таныстыру.
Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақ жапырақтылар линиясын түзеді. Қаіргі кездегі өкілдері көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштарыда болған.
Құрылысы. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тәрізді жапырақтары (микропиллия) қаптап жауып тұрады. Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамдалмаған жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы (придаточные) тамырлары кетеді. Жерасты және жербеті өстері жоғарғы ұштары арқылы бұтақтанады. өстің жоғарғы ұшында спорангилері жиналып масақ түзеді, сиректеу олар сабаққа спора жетілетін арна түзеді. Спорангилерді жекелей алып қарар болсақ, олар жапырақтардың (спорофиллдердің) үстіңгі жағында орналасады. Споралардың мөлшері (размері) бірдей немесе әрқилы болып келеді.
Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2-20 мм-ден аспайды, сапротрофты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.
Классификациясы. Бұл бөлім екі кластан тұрады: плаундар класы (Lycopodiopsida) полушниктер класы (Isoetopsida).
ПЛАУНДАР КЛАСЫ – Lycopodiopsida
Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: астероксилондар қатары (Asteroxylales), плаундар қатары (Lycopodiales), протолепидодендрондар қатары (Protolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан (Drepanophycaceae) және осы кластың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан (Lycopodiaceae) тұрады.
Плаундардың спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырларының камбиі болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қосжынысты, 1-15 жылдың арасында пісіп жетілдеі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кездегі флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі және кең таралғаны плаун (Lycopodium). Плаундардың шарушылықтағы маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дәрі алынады. Плаундардың спорасы ертеде медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді (тоңбайды). Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі көрсету мақсатында пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |