Жаратылыстану-математика факультеті деканы



жүктеу 1,14 Mb.
бет8/16
Дата08.02.2018
өлшемі1,14 Mb.
#9085
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Дәрістің мазмұны


1.Дүние жүзілік туристік ұйым. ҚР-ның туризм және спорт Агенттігі.

2.Туристік секциялар мен үйірмелер, олардың құрлымы мен жұмыс мазмұны.



Мақсаты: Дүние жүзілік туристік ұйымдар құрлымымен танысу

Тірек сөздер: ДТҰ, БҰҰ,

Негізгі сұрақтар:Туристік ұйымдардың құрылуының басты себебі не?

1-2.Туристтік байланыстар халықаралық экономикалық қатынастарының бөлінбейтін бір бөлшегі, сондықтан халықаралық ұйымдардың назарының объектісіне айналды. Халықаралық туризмнің көптеген мәселелері қазіргі кезде мемлекетаралық деңгейде шешіледі және сол себепті халықаралық туристтік ұйымдардың пайда болуын қажет етті, соның ішінде үкіметтер аралық деңгейде. Оны барлық елдерге тән ( туристтік құжатнама мәселелері, туризм дамуына кедергі келтіріп тұрған саяси-экономикалық шаралар және т.б.) туризмнің жалпы саясатын халықаралық-құқықтың қадағалау мәселелері талап етеді. Халықаралық туризмді құқықтық қадағалау көпшілік жақты негізі ең алдымен БҰҰ қабырғасында жасалады, оның басты міндеті халықаралық қатынасты ретке келтіру және ұлттар арасындағы достық қатынасты дамыту болып саналады. БҰҰ халықаралық туризмді құқықтық қадағалауы сұрақтары бойынша негізгі халықаралық конвенцияларды жасап, қабылдады. БҰҰ туризм саласы үшін мамандар сұрақтары бойынша, халықаралық туризм саласындағы статистикалық есеп әдістемелерін жасау бойынша халықаралық семинарлар және коллоквиумдар ұйымдастырды.

Әр түрлі елдердің туристтік және көліктік ұйымдары арасындағы келісім экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстардың дамуына байланысты қажет болуы 20-шы жылдардың басында байқала бастады. Соған байланысты 1925 жылы Туризмді насихаттаудың ресми ассоциациясының халықаралық конгрессі пайда болды, содан соң 1927 жылы Ресми туристтік ұйымдардың Халықаралық Конгрессі құрылады, ал 1930 жылы туризмді насихаттау және ресми ұйымдардың Халықаралық Одағы пайда болады.

Туризм сааласындағы халықаралық қатынастың әр – түрлі болуы оның әрмен қарай дамуының үлкен тежегіші болып саналды. Соған байланысты 1947 жылы жоғарыда көрсетілген үш ұйым таратылып, олардың орнына Парижде Ресми туристтік ұйымдардың Халықаралық Одағы құрылды. Бұл арнайы жасалған ұйымның мүшелері болып үкімет ұйымдары, сонымен қатар үкімет емес те ұйымдар да саналады. Барлығы 116 мемлекет кіреді.

1969 жылы БҰҰ Генералды Ассамблеясының резолюциясы бойынша Ресми туристтік ұйымдардың Халықаралық Одағы таратылып Дүниежүзілік туристтік ұйым (ДТҰ) құрылды. Бұл резолюцияны іске асыру мақсатында 1970 жылдың 28 қыркүйек күні ДТҰ Ережесінің жобасы қабылданды, ол іске 1975 жылдың 2 қаңтарында қосылды. Сондықтан ДТҰ пайда болуының ресми күні 1975 жылы 2 қаңтар. Қазіргі кезде ДТҰ 100-ден астам нақты мүшесі және 150 асоциациялық және соңынан қосылған мүшелер бар. Соңғылары болып турагенствалар және ұйымдар, әуекомпаниялар, ғылыми орталықтар және туризм орталықтары, қонақ үй шебі және тамақтандыру корпорациялары, кәсіби дайындық орталықтар және т.б.

Ұлттық туристтік ұйымдардың құрылымы оның міндеттеріне байланысты. ДТҰ-ның ұсыныстары бойынша олардың міндеттері келесі:



  • халықаралық масштабта туризм бойынша үкіметтің көз-қарасын елге жеткізу; қатысушы елдер арасында туристтік ағындарды көбейту жөнінде көп жақты және екіжақты келісімшарртар жасау; туристтік нарықты зерттеу үшін маркетинг зарттеулерін ұйымдастыру; техникалық және қаржылық байланысқа тарту; кедендік бақылауды жеңілдету; полициялық және ақшалық қадағалау;

  • ұлттық және халықаралық масштабта туристтік қызметті ұйымдастыру;

  • туризмді жоспарлау және дамыту ( туризмді дамыту жөнінде жоспар құру);

  • туризмға хабары бар кәсіпорындардың қадағалау (қонақ үй және ресторандардың классификациясы, инспекция және іс-әрекеткедеген лицензия және т.б.);

  • туристтік өнімді басқа елдерде тарату (ақпараттық мәлімет беру үшін шетелде туристтік агенствалар ашу; анықтамалар, брошюралар т.б. мәліметтер басып шығару);

  • статистиканы, нарықты зерттеу нәтижелерін басып шығару;

  • шетел туристтік орталықтарын елде ұсыну (прессада, радиода т.б. жерлерде кампания жасау);

  • кедендік және шекаралық бақылауды жеңілдету;

  • туризмде кәсіби дайындықты қамтамасыз ету;

  • туристтік ресурстарды және елдің ерекше мұрасын сақтау және қорғау, мәдениет және өнерді сақтау кампаниясы;

  • қоршаған ортаны қорғау (қоршаған ортаны, демалыс бақтарын, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі кампаниялар);

Осы міндеттерді орындау үшін ДТҰ туризмнің дамуын қадағалау үшін төрт үкіметтік міндет анықтаған: маркетинг, туристтік іс-әрекетті қадағалау және дамыту, жоспарлау, құқық сұрақтары және қаржыландыру.
6 дәріс

Тақырып:Жорықтарды дайындау және ұйымдастыру.

Дәрістің мазмұны


1.Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау.

2.Демалыс күнгі жорыққа арнайы дайындық.



Мақсаты: жорыққа дайындала және ұйымдастыра білу

Тірек сөздер: демалыс күнгі жорық

Негізгі сұрақтар: Жорықтың қандай түрлерін білесің?

1.Халықтың барлық жастық тобын қамтитын және ең қолайлы туризмнің түріне туристік жорық жатады. Жорықты дайындауда алдымен оның мақсаты анықталып, маршрут жасақталады. Жорыққа дайындалу бір апталық қарқынды дайындықты талап етеді. Жорық маршрутын жасақтаған кезде оқушының жасы, физикалық дайындығы, қызығушылығына көңіл бөлінеді. Жорықты алғаш ұйымдастыруда оның қашықтығы үлкен роль атқарады, егерде ұзақ уақытқа, қашықтыққа есептелген жорық болатын болса, ол оқушыны шаршатады және қызығушылығын жояды. Егер де мүмкіндік болса, жорықтан қайтар кезде автотранспортпен қайтқан жөн, бұл уақыттың тиімділігін арттырады. Жорықтың өтілу бағдарламасына жергілікті жерде түрлі ойын түрлерін, туристік жарыстар, спорттық, музыкалық қойылым конкурстар, от басында тамақ дайындау сияқты жарыстар енгізіледі. Маршруттың жалпы ұзындығына жорыққа шыққаннан бастап, қайтар жолды да есепке алады.

2. Демалыс күнгі жорыққа дайындық туристк-өлкетану дайындығынан өткен оқушылар мен инструктор басшылығымен жүреді. Жорыққа арнайы дайындық топтың құрал жабдықтарымен, киім кешекпен, құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Топтың құрал жабдықтарына жорыққа шығатын аудан картасы, компас, аптечка, сіреңке, фотоаппарат, от жағуға қажетті құралдар, қазан, темір ілгіштер, туристік жарысқа қажетті құралдар (жіп, карабин, брезент қолғап, т.б.) кіреді. Топтың киімі жыл мезгіліне және ауа райына байланысты қолайлы болуы тиіс. Жалпы киімдерден: тренивкалық костюм, бас киім, спорттық аяқ киім, жылы шұлық алынады. Мүмкіндік болса синтетикалық киімдер алмау керек. Топтың құжатына жорықты растайтын үлгімен жазылған маршрут қағазы, план-график, маршруттың схемасы кіреді. Жорыққа шығуға рұқсатты мектеп директоры береді. Жорықтан келгенде маршрут құжатына мектепке келгендігі жөнінде белгі қойылады. Жорықтың өтілу туралы жорық жетекшісі қысқаша есеп беріп, ол мектеп ішілік құжатта сақталады. Жиналған материалдар бойынша фотомонтаж жасалады.
7 дәріс

Тақырып:Маршруттық құжаттарды толтыру.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау