Дәрістің мазмұны
1.Туристің жеке гигиенасы.Медициналық қаралудың мәні.
2.Алғашқы көмек көрсетудің маңызы.
Мақсаты: Турист гигиенасының маңыздылығымен танысу
Тірек сөздер:жарақат, күю, сыну, созылу, қан кету, массаж
Негізгі сұрақтар: Турист гигиенасы не үшін қажет? 1.Туристің жеке басы гигиенасы - әртүрлі аурулардың алдын алу, сергектікті және көтеріңкі көңіл күйді сақтайтын маңызды нәрсе. Туристік жорықтарда турист міндетті түрде аяқ тазалығын сақтаған жөн, демалған кезде аяқ терісін қарап, терінің зақымданған жері жері болса йодпен немесе зеленкамен сүрту керек. Ертесіне сол жерді қайтадан өңдеп, лейкопластырь жапсырады. Егер мүмкіндігі болса демалған кезде ботинканы, шұлықты шешіп, аяқтың демалуына жағдай жасайды. Қайта киер алдында арнайы аяқты терлетпейтін сұйықтық, мазь және т.б. дәрі дәрмекті пайдаланған жөн. Күндізгі жорық аяқталғаннан кейін аяқты сабынмен жуып, таза шұлық кию керек. Міндетті түрде аяқ және қол тырнақтарын алып тұру керек, тырнақ астында кірдің жинақталуы әртүрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Ірінді ауруларды алдын алу үшін кешкі демалыста денені сабынмен жуып, таза іш киім киіледі. Жорықтан кейін сыртқы киімдердің шаңын қағып, аяқ киімнің бүтіндігін тексеру керек, аяқ киімді от жанындакептіруге тиым салынады, себебі аяқ киімөзінің жұмсақтығын жойып, қатайып кетуі мүмкін. Бет, мойын, құлақ терісін күтуде күнге, аязға, желге қарсы қолданатын кремдерді пайдаланады. Жазда киетін бас киімнің жиегі үлкен болуы керек, себебі күннен мойын, құлақтың күюін сақтайды. Туристік жорықтарда көбінесе шаршағанды басатын өзіндік массаж жасалу керек. Оның мынадай түрлері бар: сипау (поглаживание) қан айналымын реттейді, ысу (растирание), сығу (выжимание), босату (разминание), қағу (потряхивание).
2. Жаяу жорық түрінде көбінесе аяқ жарақаттанады, көбіне қажалып немесе буын (тізе, қол, тобық) аурады. Жорық кезінде қолдың жарақаттануы – жырып алу, теріні сыдырып алу, жарық, буынның созылуы т.б. болады. Кейбір жағдайда арқаның терлеуі, арқа бұлшықеттерінің созылуы болады. Суға бату – асфиксия болуы да мүмкін. Қысқы жорықтарда көбінесе құлау кезінде буынның зақымдануы, саусақтардың, құлақ, беттің үсуі болады. Отпен, ыстық тағамммен күю сирек болады. Таулы аудандардағы жорықта алатынжарақаттар: терінің қажалуы, алақанның күюі, арқа бұлшық еттері, бас сүйегінің, ішкі органдарының зақымдануы, сүйектің сынуы, көз аурулары (күнге байланысты) кездеседі. Велосипедті жорықтарда жамбас сүйектері, қол сүйектері, буын созылуы, көздің шаңмен толуы т.б. байқалады. Туристерге күйген кезде, асқазан ішек аурулары, жарақат, тыныс алу жолдары қабынған кезде, қан тоқтату кезіндегі алғашқы көмек көрсету және құтқару жұмыстары жүргізіледі.
№10 дәріс
Тақырып:Туристің құрал-жабдығы.
Дәрістің мазмұны
1.Құрал жабдықтарға қойылатын талаптар.
2.Жеке адамға, топқа арналған арнайы құрал жабдықтар.
Мақсаты: Туристтің құрал-жабдықтарымен танысу, пайдалана білуге үйрету
Тірек сөздер: шатыр, рюкзак, карабин, компас т.б.
Негізгі сұрақтар:Туристің құрал жабдығы дегенді қалай түсінесің?
1.Туристік құрал жабдықтармен сапалы түрде топтың немесе жеке туристің толық қамтамасыз етілуі туристік жорықтың өз дәрежесінде өтілуіне мүмкіндік береді. Туристік құрал-жабдықтар жеке туристке және топқа арналып беріледі. Туристік жорыққа дайындалу барысында жорық жетекшісі құрал-жабдықтардың түгел және нормаға сәйкестілігін анықтап, оның топ мүшерінің барлығының қамтамасыз етілуіне көз жеткізуі қажет. Туристік құрал жабдықтармен қатар кацеляр және шаруашылыққа қажетті жуғыш заттар, күрек, балта, балға т.б. заттардың алынуын қадағаланады. Туристік құрал жабдықтарға: туристік шатыр, асханаға қажетті ыдыстар, оларды ұстаттын түрлі бекіткіштер, техникалық құралдар (жіптер, карабиндер, сақтандырғыш жүйелер, топографиялық карта, компас, брезент қолғап т.б), фотоаппарат, гитара алады.
2.Жеке адамға қажетті құрал жабдықтар.
1.Рюкзак полиэтилен қабымен бірге
|
1 дана
|
2.Спальный мешок
|
1 дана
|
3.Кілемше
|
1 дана
|
4.Жеке заттарға арналған пакеттер
|
3-5 дана
|
5.Жаңбырға жамылатын бүркеме
|
1 дана
|
6. Қатты желге қарсы киетін костюм
|
1 дана
|
7. Жылы костюм
|
1 дана
|
8. Жылы күрте
|
1 дана
|
9. Ауыстыратын ішкі киім
|
3-4 комп
|
10. Көйлек
|
2 дана
|
11.Шорты, су шомылатын киім
|
|
12.Жүннен тоқылған жылы шұлық
|
2 дана
|
13.Мақтадан тоқылған шұлық
|
3-4 дана
|
14.Бас киім (малақай немесе фуражка)
|
1 дана
|
15.Күнге қарсы киетін көзілдірік
|
1 дана
|
16.Туристік ботинка
|
1 дана
|
17.Кроссовки, кеды
|
|
18. Жуынуға қажетті құралдар
|
1набор
|
19.Денеге және аяққа арналған сүлгі
|
1данадан
|
20. Кружка, қасық
|
|
21.Жеке пакет
|
1 дана
|
22.Сақтандырғыш жүйе
|
1 дана
|
23.Муфтасы бар карабин
|
2 дана
|
24.Репшнур диаметрі 6мм, ұзындығы 3м.
|
1 дана
|
25.Репшнур сақинасы диаметрі 6мм
|
2 дана
|
26.Компас
|
1 дана
|
27.Блокнот, қалам, қарындаш, сызғыш
|
|
28. Брезент қолғап
|
1 дана
|
Топқа арналған туристік құрал жабдықтар.
1. Негізіг жіп диаметрі 10-12 мм, ұзындығы 40см
|
2 дана
|
2.Қосымша жіп диамтері 6-8 мм, ұзындығы 60м
|
1 дана
|
3.Медициналық аптечка
|
1 набор
|
4.Ремнабор
|
1 набор
|
5. Сағат
|
2 дана
|
6. Муфтасы бар карабин
|
5 дана
|
7.Қадасы бар шатыр
|
|
8.Полиэтилен тентер, шатыр астына төселетін төсем
|
|
9.Отқа қажетті құралдар
|
1 комплект
|
10.Асхана үшін тент
|
1 дана
|
11.Тамаққа араналған ыдыс аяқ
|
1 комплект
|
12.Үккіш (Терка металлическая)
|
1 дана
|
13. Асханалық дастархан
|
1 дана
|
14.Балта
|
1 дана
|
15.Ара
|
1 дана
|
16.Қолшам (фонарь)
|
|
17.Фотоаппарат
|
1 дана
|
18.Бидон
|
2 дана
|
19.Су өткізбейтін қапқа салынған сіріңке
|
|
№11 дәріс
Тақырып:Тамақтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |