Жаратылыстану-математика факультеті деканы



жүктеу 1,14 Mb.
бет12/16
Дата08.02.2018
өлшемі1,14 Mb.
#9085
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Дәрістің мазмұны


1.Рельеф және тау жасалу процесімен байланысты болатын қатерлер.

2.Туристердің қате қимылдарынан болатын қауіптер.



Мақсаты: Тау туризмі ерекшелігімен танысу

Тірек сөздер: туристік құрал жабдық, тамақтану, тынығу, сақтану ерекшелігі

Негізгі сұрақтар: Тау туризмінің басқа туризмнен ерекшелігі қандай?

1. Тау туризмі туризмнің басқа түрлерінен ерекше, оған дайындалу процесі де үлкен жауапкершілікті, тиянақтылықты, жігерлікті, күшті талап етеді. Тау туризмімен шұғылдану биік таулы аудандарда, қыратты, таулы үстіртті рельеф формалары дамыған территорияларда және климаттық өзгеріс: ауа райы мен ауа температурасының өзгерісіне, мұздыққа байланысты дамиды. Тау туризмі көбінесе альпинизммен байланысты айтылады. Тау туризміне арналған құрал жабдықтар топқа және жеке адамға маршрут қашықтығына, қиындық категориясына байланысты беріледі. Тауға жорыққа шығар алдында маршрут жасақталады: карта-схема, жолдың кейбір жерлерінің көлденең қимасы, сипаттамасы, басқа да жолдар қарастырылады. Міндетті түрде жаттығу өткізіліп, таулы аудан климатына акклиматизацияланады.


15 дәріс

Тақырып:Мектеп өлкетану процесінде жергілікті жерді оқыту жоспары.

Дәрістің мазмұны

1.Өз өлкесін оқыту формасы.


2.Мектептік өлкетану мұражайы.

Мақсаты: Өз өлкесін оқыту формасының әдістерімен танысу, мұражай бөлімдерімен танысу

Тірек сөздер: анкеталық, картографиялық, статистикалық, сипаттау

Негізгі сұрақтар: Өз өлкесін оқытудың қандай түрлерін білесің?


1.Г.Ю.Грюнберг жергілікті жердің радиусы 5-7 км аспайтын, орталығында мектеп немесе ауыл орналасқан территорияның шекарасын ұсынды. Ал облыстың әкімшілік территориясы өлкетану негізіне жатады және оған арнайы сағат бөлініп, мектепте оқытылады. Географияны оқытуда өлкетану принципін жүзеге асырылуда, туған жер туралы мәліметтерді жинақтау, территорияны жоспарлы зерттеу, оларды ғылыми өңдеу және жүйелеу арқылы жүргізіледі. Туған өлкені оқытудың 2 негізгі әдісі бар: жалпы оқыту және маңыздылығы бар учаскені оқыту.

2. Мектептегі өлкетану принципіндегі мұражай жергілікті жердің географиялық материалдарын жинақтауынан, оны жүйелеу барысында оқу-тәрбие жұмысында пайдалану негізінде құралады. Мектептегі өлкетану мұражайында өлкенің табиғаты, тарихы, экономика, мәдениеті туралы жинақталады: 1.жинақталған материалдар мазмұны жергілікті жер туралы дәл ақпарат беруі тиіс; 2.мектеп мұражай жәдігері (экспонаты) сабақ өткізуге көмектесуі керек; 3.Мектептегі өлкетану мұражайының қалыптасуы мектеп ішіндегі өлкетану жұмысының өлкетану принципі мен әдісін көрсетіу керек. Өлкетану мұражайының міндеті- жергілікті жердің тіршілігін жан-жақты көрнекті етіп көрсету. Табиғм жәдігер, карта, иллюстрациялық материалдар, құжаттар көшірмесі, кітаптар және т.б. жекелеген бөлімдерге қойылады. Мектептегі өлкетану мұражайы бөлімдері: 1.жергілікті жерді зерттеу 2.Біздің мектеп 3.Туған өлке табиғаты 4.Туған өлкетану тарихы 5.Туған халқы 6. Туған өлке шаруашылығы 7.Туған өлке мәдениеті.



6.ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ.



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұыны

апта

әдебиет

1

2

3


4
5

6


7

8

9


10

11


12

13


14

15



Өлкетану бойынша әдебиет библиографиясын құру.
Өлкетану үйірмелерін ұйымдастыру.
Геоморфологиялық үйірме жұмысы.

Климатология үйірмесі.


Гидрологиялық үйірме жұмысымен танысу.
Топырақтану үйірмесі жұмысымен танысу.

Геоботаника үйірме жұмысымен танысу.


Зоогеографиялық үйірме жұмысымен танысу.

Физикалық-география секциясы.

Экономикалық география секциясы.

Туристік жорықтарды ұйымдастыру.

Туристік шатыр.

Жергілікті жерді бағдарлау.


Туристік жарыс техникасы.

Экскурсияны өткізудің әдістемелік жоспары.


1-тапсырма: Өлкетану бойынша әдебиет библиографиясын картотека негізінде құр.


1-тапсырма:Геологиялық үйірме жұмысымен танысып, далалық геологиялық зерттеу әдістерімен танысу.

2-тапсырма:Жергілікті жердің пайдалы қазба байлықтарын анықтау.

1-тапсырма:Рельеф формаларымен танысып. Олардың қалыптасуын түсіну.


2-тапсырма:.Жергілікті жерде рельеф формаларына далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.

1-тапсырма:Метеорологиялық бақылау жүргізу жұмысымен танысу.


2-тапсырма:Метеорологиялық зерттеу жүргізу құралдарымен танысу.

1-тапсырма:Жергілікті жер беткі суларын далалық зерттеу әдістерімен танысу.

1-тапсырма:Карта арқылы жергілікті жер топырағын анықтау және далалық зерттеу әдістерімен танысу.

1-тапсырма:Жергілікті жер өсімдік типімен танысып, гербарий дайындау әдісімен танысу.


2-тапсырма:Өсімдіктердің түрін анықтап, оларды картада бейнелеу әдісімен танысу.

1-тапсырма:Жергілікті жер жануарлар дүниесімен танысып, оларды далалық жағдайда ұстау тәсілдерімен танысу.

1.Жергілікті жер табиғатының жеке компоненттерінің өзара байланысын анықтау.


1.1.Рельефпен топырақ-өсімдік жамылғысының байланысын

1.2.Атмосфералық жауын шашынмен жергілікті жер суларының байланысын

1.3. атмосфералық жауын-шашынмен рельеф, ағын сулардың эрозиялық шаю әрекетін

1.4.Ауа райымен өсімдіктер мен жануарларлардың фенологиялық кезеңі арасындағы байланысын

1-тапсырма:Елді мекен, халқы, халық шаруашылығы және жергілікті жерге экономикалық географиялық сипаттама беру.

1-тапсырма:Туристік құрал жабдықтармен танысу.


2-тапсырма:Рюкзакты жабдықтау ережесімен танысу.

1-тапсырма:Туристік шатыр орнату ережесімен және техникасымен танысу.


1-тапсырма:Жергілікті жерді бағдарлау әдістерімен танысу.

2-тапсырма:Туристік жорықтарда бағдар беру.

1-тапсырма:Туристік жарыс техникасына қысқаша сипаттама беру.


2-тапсырма:Конкурс түрлерімен танысу.

1-тапсырма:Оқу экскурсияларын ұйымдастырумен өткізудің жоспарын жасау.

2-тапсырма:Тарихи, архитектура, экономикалық өндірістік объектілерге арналған экскурсия мазмұнын дайындау.


1

2

3


4
5

6


7

8

9


10

11


12

13


14

15





6,11

4

4


4
4

4


4

4

4


4

5


1,5


1,10

1,5


11,12,13


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау