§8. Термодинамикалық ықтималдық.
Статистикалық теңбе- теңдік күйге тұйық жүйе өздігінен өтеді. Бұл процесс жүйе микробөлшектерінің қозғалысы және өзара әсері нәтижесінде болады. Бұл процесс энергиялары бірдей, бірақ басқа параметрлері әртүрлі болатын теңбе-теңсіз микроскопиялық күйлерден біртіндеп өтуі арқылы іске асады деп есептеуге болады. (Айталық көлемі ішінде тығыздығы немесе температурасы не басқа параметрлері өзгерген кезде) Тұйық жүйенің теңбе – тең күйден ауытқу шамасын сипаттайтын және жүйедегі процесстердің бағытын сипаттайтын шаманы табу қажет.
Ең алдымен макрокүйлер дегеніміз не? Газды алар болсақ, берілген энергия, температура және тағы басқа параметрлермен сипатталатын күйлер жиыны- макрокүй деп аталады. Бұндай макрокүйге сәйкес келетін газдар жүйесінің күйлері көп. Олардың әрқайсысын микрокүй деп атайды. Олардың энергиялары, қысымдары, температуралары, көлемдері бірдей болғанмен, олар бірдей емес, бір- бірінен айырмашылығы молекулалардың орналасуының, жылдамдықтарының әртүрлілігінде. Айталық, газ ыдыстың бір жартысын толтыратын макроскопиялық күйді қарастырсақ, онда оған жарасымды микрокүйлер ішінде бірде – бірінде екінші жартысында молекула бар деп есептемеу керек. Ойша сондай микрокүйлер санын есептеу мүмкін делік. Бұл сан өте үлкен сан болуы керек. Ал газ ыдысты толық толтыратын макроскопиялық күйді қарастырсақ, онда оған сәйкес келетін микрокүйлер саны жарты ыдыс толтыратын микрокүйлер санынан әлдеқайда жоғары болатыны анық. Демек осы макрокүйлердің ықтималдығы микрокүйлер санына байланысты болуы керек. Осындай шаманы макрокүйлердің ықтималдығының сипаттамасы ретінде енгізуге болады. Берілген макрокүйге сәйкес келетін микрокүйлер саны макрокүйдің термодинамикалық ықтималдығы деп аталады.
(8.1)
Сонымен бірге макрокүйдің статистикалық салмағы деп аталады.
Бұл шама өте үлкен. Оның статистикалық ықтималдықтардан айырмашылығы: барлық макрокүйлердің термодинамикалық ықтималдықтарының қосындысы бірге тең емес. Термодинамикалық ықтималдық статистикалық ықтималдыққа кері шама. Барлық микрокүйлердің ықтималдықтары тең болғандықтан, жүйенің берілген макрокүйінің ықтималдығы осы макрокүйге үйлесімді микрокүйлердің санына пропорционал.
Достарыңызбен бөлісу: |