қатты-сұйық-бу.
Фазаның тепе-теңдік қисығының қиылысу нүктесі
-үштік нүкте деп аталады.
Теңбе-тең қисығының теңдеуі Клайперон-Клаузиус теңдеуімен сипатталады
Бұл теңдеу фазалық өту жылдамдығының шамасын анықтауға көмектеседі.
Екінші текті фазалық өтулер.
Екінші текті фазалық өтулерді Ландау 1937 жылы симметрияның өзгеру нүктелері деп қарастыруды ұсынды. Өту нүктесінен жоғары облысты жүйенің симметриясы жоғарырақ. Екінші текті фазалық өтуі кезінде зат тығыздығы және құраушылар концентрациясы біртіндеп өзгереді, бірақ жылу сыйымдылық , жылулық ұлғаю коэффициенті , сығылғыштық -секірмелі өзгереді.
Мысалы: 1) қалыпты күйдегі гелийді 2,18К температураға дейін суытқанда қайнауы лезде тоқтап, сұйық тынышталады, асқын аққыштық қасиет пайда болады. Ал гелий 2 буланады. Бұл облыс нүкте деп аталады.
2) Заттың кристалдық торының симметриясының өзгеруі.
Негізгі қасиеттері
А) жасырын жылу алмасу жоқ
Б) фазалардың тығыздығы бірдей
С) бұрынғы фаза жаңағыға біртіндеп өтеді
Д) барлық нүктеде температура мен қысым бірдей болса,
Зат тұтасымен тек бір фазада болады
г) фазалар теңбе теңдігі болатын күйлер болмайды.
Е) метастабильді күйлер жоқ, яғни бір фазаға сәйкес келетін температурада және қысымда біраз уақыт орнықсыз фазаның болуы мүмкін емес.
Мысалы: парамагнит, ферромагнит, металдар мен қоспалардың асқын өткізгіш күйге өтуі. пен -тің асқын аққыштыққа өтуі.
Теңбе-тең күйдегі жүйе параметрлері.
Қандайда жүйе екі бөліктен құралса, екеуі бір-бірімен энергия және бөлшектер алмаса алатын болуы тиіс. Онда олардың параметрлерінің өзгеруі термодинамиканың негізгі ережесі 1- бастама және 2 бастама арқылы анықталады.
Жүйе изоляцияланған болса,
Осыдан
a ) T1 = T2 , b) P1 = P2 c ) μ1 = μ2
(а) теңдіктен жылу алмасу жоқ- термиялық теңбе-теңдік
(б) –механикалық теңбе-теңдік
(в) –диффузиялық теңбе-теңдік
Бір сортты бөлшектерден құралған жүйелер үшін химиялық потенциалдар тек қысым мен температураның функциялары болып табылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Фаза дегеніміз не?
Фазалық теңбе-теңдік дегеніміз не?
Фазалық өту дегеніміз не?
4. Термиялық теңбе-тең деп нені айтады ?
5. Механикалық теңбе-теңдік нені айтады?
6. Диффузиялық теңбе-теңдік нені айтады?
7. Бірінші текті фазалық ауысуға (өтуге) анықтама бер?
8. Екінші текті фазалық өтуге түсініктеме бер?
9. Клапейрон- Менделеев теңдеуін жаз, түсіндір?
Достарыңызбен бөлісу: |